Мемлекеттік жастар саясатының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 13:50, лекция

Краткое описание

Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иеленумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып.docx

— 17.05 Кб (Скачать документ)

   Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иеленумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады. 
      Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді. 
      Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 
    Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізеді. Дөстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. 
   Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады. 

Балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсету және оларды қолдау жүйесі қиын, даулы жағдайға тап болған жастардың әлеуметтік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудан, оларды әлеуметтік жағынан сауықтыру мен толыққанды тіршілік жасауына жағдай жасаудан тұрады. 
 
   Мемлекет жастар арасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету жөнінде, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке, қоғамға қарсы және ауытқу құбылыстарымен күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады. 
 
   Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде заң-құқық туралы білім беру және мәселенің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары негізінде жедел жастар отрядтарын құру, орта мектептерде 9-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін құқықтық тәрбие жөнінде факультативтік сабақтар, дәрістер енгізу ұсынылады. 
 
Қоғам мен мемлекет тарапынан жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарына айрықша көңіл бөлінуге тиіс. 
 
   Жастарға әлеуметтік көмек көрсету, жастарға жұмысқа тұру, денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында, мектепте, ұжымда бір-бірімен қарым-қатынас проблемаларын шешу, өмірлік жолын таңдау және қоғамға бейімделу мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуында жәрдем беретін мекемелер жүйесі ретіндегі жастарға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық көмек көрсетуге, жас мүгедектерге, уақытын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан, токсикоманиядан, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған. 
 
   Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер арнаулы қызметтер кешенін, оның ішінде: жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру орталықтарын, жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын құруды кеңейтеді.   

 Жастардың төл мәдениеттен  нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға - Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.


Информация о работе Мемлекеттік жастар саясатының