Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 16:58, реферат

Краткое описание

Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.
Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.

Содержание

1.Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi
2.Халыққа медициналық көмек ұйымдастыру
3.Қазақстан тұрғындарының денсаулық жағдайы
4. Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі.docx

— 25.25 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың жоғары көрсеткiштерi сақталуда. Психикалық және наркологиялық аурулар, қант диабеті, өңеш-өкпе аурулары, жүрек-қан  тамыры патологиясы, туберкулез, жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалы аурулар, қатерлi iсiктер елеулi проблема болып  табылады. Өкiнiшке қарай, бүгiнгi таңда денсаулық сақтау аурулардың алдын алуға емес, емдеу сипатындағы шараларға көбірек бағдарланған, ал халықтың өзі денсаулығын сақтауға жеткiлiктi дәрежеде бағдарланбаған. Бұл туралы, атап айтқанда, асқынған нысандағы iсiк аурулары анықталуының өсуi, сондай-ақ халықтың жүрек-қан тамыры ауруларынан қайтыс болуының жоғары көрсеткiшi айғақтайды. ДДҰ деректерi бойынша туберкулез ауруының көрсеткiшi бойынша Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында жетекшi орын алып отыр: 1999 жылы 100 мың халыққа шаққанда — 141,0, ал 2009 жылы — 160,4.

АҚТҚ/ЖҚТБ-ның (ВИЧ/СПИД) пандемиясына байланысты Қазақстанда, соның iшiнде  пенитенциарлық мекемелер жүйесiнде  таралуы өрши түсуде. Осыған байланысты, республикада ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама қабылданып, iске асырылуда. Алайда, қабылданған шаралар әзiрше iндеттiң қарқынын бәсеңдетуге ғана мүмкiндiк бердi.

Тұтастай алғанда қазақстандықтардың денсаулығы жай-күйiнiң қанағаттанғысыз  болуына денсаулық сақтау жүйесiнiң  алдын алудағы белсендiлiгiнiң  әлсiздiгi, халық тарапынан өзiнiң  денсаулығына жауапкершiлiктiң жеткiлiксiздiгi, денсаулық сақтау мәселелерiнде  сектораралық өзара iс-қимылды тиiмсiз  жүргiзу, сондай-ақ өтпелi кезеңнiң әлеуметтiк-экономикалық проблемалары себеп болды.

 

Қорытынды

 

Бүгiнгi таңда саланы дамытып  отырған негiзгi бағдарламалық құжаттар оларды әзiрлеу сәтiндегi талаптарына  барабар болған, алайда қазiргi уақытта  олар экономикадағы, сол сияқты басқа  да секторлардағы өзгерiстер қарқынынан кейiн қалып отыр. Осы құжаттарда белгiленген жекелеген iс-шаралар түпкілiктi нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның iшiнде қаржыландыру жүйесiн өзгерту үнемi дәйектi сипатқа  ие бола бермейдi. Бүгiнгi күнi денсаулық  сақтау жүйесiнiң жай-күйi қоғамды, мемлекеттi және саланың өзiн толық қанағаттандырады деп тұжырымдауға болмайды.

Жинақталған проблемалар  денсаулық сақтау саласын басқару  қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды  талап етедi. Мемлекет басшысының 2005 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесiн, денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек берудi ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілiктi оңтайландыруды жетiлдiруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану мен сатып алуды міндеттi түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерiстер жүргiзу қажеттiгi көрсетiлген.

Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған осы мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейiнгi Даму стратегиясын, Президенттiң «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында әзiрленген.

Бағдарламада Қазақстан  Республикасында қолжетімді, сапалы, әлеуметтiк бағдар ұстанған және экономикалық тиiмдi денсаулық сақтау жүйесiн дамытуға бағытталған қажеттi экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдастырушылық және басқа  да шаралардың жиынтығы белгiленген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы


Информация о работе Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі