Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 13:56, доклад
Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзат-тық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден-саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.
1. Кіріспе.
2 Тәрбиенің қазіргі жағдайы: Аналитикалық шолу.
3. Тәрбие құндылықтары.
4. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.
5. Тәрбие үдерісін ұйымдастыру ұстанымдары және методологиялық негізі
6. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны.
7. Тұжырымдаманы іске асыру шарттары.
8. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер.
9. Сөздік.
● Еңбек және экономикалық тәрбие балалардың, жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді. Жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру.
●Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, ұжымдық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.
● Интеллектуальді мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, негізгі құндылықтарды және осы заманғы ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту.
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ ШАРТТАРЫ
Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі шарттары төмендегідей болып табылады:
Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі ресурстары:
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету тәрбие үдерісі Қазақстан Республика-сының білім беру саласының нормативтік-құқықтық құжаттарына толық сәйкес келуі және онда туындайтын проблемаларды шешу мақсатында қайтарымды байланыс қамтылады.
Ақпараттық қамтамасыз ету – заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану, мектеп және жоғары оқу орындары ішілік БАҚ-тар, тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін пайдалану және т.б.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ғылыми-әдістемелік кешендерді жасау, вариативті бағдарламалар, тәрбиелік және ақпараттық технологияларды енгізу, педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін көтеру және қайта даярлау жұмыстары жүзеге асырылады. Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың таңдаулы тәжірибелерін кең тарату, зерттеу және анықтау; тәрбие жұмысында және оларды ұйымдастыруда да жаңа технологияларды игеру; адамның рухани әлемінің қалыптасуын қамтамасыз етуге қызмет көрсететін тәрбиенің мәдени сәйкестілігіне бірізді бағдар алу қамтылады.
Ұйымдастырушылық-
Матриалдық-техникалық қамтамасыз ету тәрбие жұмысына қажетті материалдық, техникалық жағдай жасау, тәрбие жұмысын респуб-ликалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру, тәрбие үдерісіне қатысушыларды икемді ынталандыру жүйесін тиімді пайдалану қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау психикалық-педагогикалық түзетуді дамытуды қажетсінетін әртүрлі категорияларға қатысты балалар мен жастармен жүргізілетін жұмыстарды арттыруды (дарынды, тәуекелшіл топтардың өкілдері, шектелген мүмкіндіктегі балалар мен жастар) қамтиды.
Кадрлық қамтамасыз ету «әлеуметтік педагог», «қосымша білім беру педагогі», «балалар бос уақытын ұйымдастырушы менеджер» мамандықтарын классификаторға енгізуді; тәрбие жұмысымен шұғылданатын барлық категориядағы педагогикалық қызметкерлердің мамандықтарын көтеру және қайта даярлауды қамтамасыз етуді; сынып жетекшілерінің, кураторлардың, мектеп психологтары-ның, әлеуметтік педагогтардің («қиын» балалармен жұмыс жөніндегі, және т.б.) қызметтік міндеттерін нақты бөлуді; педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік техникалық оқу орындарында «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» кафедраларын жандандыру және педагогикалық колледждер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің жазғы демалыстарын ұйымдастыруда педагогикалық практикадан өтуін қайта жаңғыртуды мөлшерлейді.
Барлық білім беру ұйымдарында (мектептерде, кәсіптік колледждер мен жоғары оқу орындарында) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі проректор, топ кураторлары, сынып жетекшілер қызметтік міндет ендіріліп және олардың іс-әрекетін балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының жұмысымен өзара іс-әрекет қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ОРЫНДАУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Қазақстан Респубикасында тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге асыру:
Информация о работе Мектепке дейінгі балаларды мүсіндеу өнеріне баулу