Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 16:38, реферат
Социологияда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі.
Социологияда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын динамикалық білім ретінде қарастырылады