Маркс Карл (1818—1883)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 07:40, реферат

Краткое описание

Маркс Карл (1818—1883) — немістің әлеуметтік ойшылы, саяси, экономикалық, философияық, әлеуметтанулық мәселелердің теоретикалық негіздемесін жасаған. Ол Бонн және Берлин универсиеттерінде құқықты оқыды, ерекше қызығушылығы тарихқа ауды. Маркс бірінші кезекте — экономист («Капитал», 1867. Т. 1), әлеуметтанушы, тарихшы. 1818 жылы Трир қаласында (Германия) адвокаттың отбасында дүниеге келген. Германияда (Бонн, Берлин университеті) білім алады, оқуын бітірген соң баронесса Женни фон Вестфаленге үйленеді

Прикрепленные файлы: 1 файл

социология.docx

— 30.38 Кб (Скачать документ)

  

 Маркс Карл (1818—1883) — немістің әлеуметтік ойшылы, саяси, экономикалық, философияық, әлеуметтанулық мәселелердің теоретикалық негіздемесін жасаған. Ол Бонн және Берлин универсиеттерінде құқықты оқыды, ерекше қызығушылығы тарихқа ауды. Маркс бірінші кезекте  — экономист («Капитал», 1867. Т. 1), әлеуметтанушы, тарихшы. 1818 жылы Трир қаласында (Германия) адвокаттың отбасында дүниеге келген. Германияда (Бонн, Берлин университеті) білім алады, оқуын бітірген соң баронесса Женни фон Вестфаленге үйленеді. Журналист болып істейді. Тұрақты жұмыс іздеп 1843 жылы Парижге келеді. Онда радикалды эмигранттар тобына кіріп, социалист болады. Парижде ауқатты фабрикант-тоқымашылар отбасынан шыққан Фридрих Энгельспен кездеседі. Кейіннен олар өмір бойы жақын дос болып кетеді. 1845 жылы Пруссия үкіметінің шешімімен Парижден жер аударылып, Брюссельге көшіп келеді. 1848 жылы Француз революциясы басталғаннан кейін Бельгия үкіметі оны тұтқындап, елден қуады. Маркс Парижге қайтып оралып, жаңа Коммунистер Одағының Орталык Комитетін қүрады. Осы жылдың сәуір айында Маркс пен Энгельс Кельнғе келеді. Мүнда Маркс “Жаңа рейн газетінің” бас редакторы болып істейді. 1849 жылы мамыр айында Пруссия үкіметі газетті жауып, Марксті елден қуады. Ол Парижге қайтып оралып, одан 1849 жылы тамыз айында Лондонға кетуге мәжбүр болады. Мүнда ол өмірінің соңына дейін, яғни 1883 жылға дейін өмір сүреді. Қатты мұқтаждық көріп, кездейсоқ журналистік табыспен күн көреді. Оның отбасына негізінен Энгельс қаржылық көмек беріп тұрды.

    О.Конт пен Г.Спенсердің кезінде әлеуметтану ғылымында өзінше ерекше ой-пікір айтып әлеуметтанудың айырықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды. К.Маркстің әлеуметтану теорисында көптеген бағалы ой-пікірлер, тұжырымдар бар. Оны мыналардан байқауға болады:

1. К.Маркс мінсіздендірілген, абстракталы қоғам жағдайына тән даму теорисына қарсы шығып, өзінің нағыз, шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік –материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын “формация”, яғни, ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды;

2. К.Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы (яғни, өндірістік тәсілді, оның ішінде өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады;

3. Қоғамның дамуын (детерменизм) бір формацияның, оған тән өндірісітік тәсілдің екінші бір формациямен ауысуымен байланыстырды;

 4. К.Маркстың әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық, б) механикалық.Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі, формацияның негізгі екі компоненті – базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді.

5. К.Маркс әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасаған авторладың бірі болды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік формасына байланысты екенін көрсетті. Сөйтіп К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталады деп көрсетті. Осыған орай К.Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді.

Маркстік әлеуметтанудың кемшіліктері де болды. Батыс әлеуметтанушыларын қоғам дамуының бірден-бір қозғаушы, негізгі күші тек экономикалық қатынастарда деген Маркстік теорияны сынға алды. Бұл жерде К.Маркс қоғамның рухани- мәдени факторларының мәні мен мазмұнын төмендетті деп айыптады. Экономикалық факторлардың рөлін жоғары, асыра-бағалап қараудың нәтижесінде жіктеу теориясының бір жақты, бір өлшемді екенін аңғартты. Мұнда ол тек қана өндірістік құрал-сайманды меншік қатынасы арқылы анықтап, жіктердің пайда болуына себеп болатын басқа әлеуметтік саяси факторларға, мысалы, өкімет, билік, мәртебелік, бедел, абырой, артықшылық, т.б. есепке алмады.

     К.Маркс тарихтағы таптар арасындағы әлеуметтік ымыраға келу, ынтымақтастық мәселелеріне де көңіл бөлмеді. Ал, бұл кейінгілер қазіргі әлеуметтану ғылымында ең бір көкейтесті мәселелердің бірі болып саналады. Маркстік әлеуметтану теориясының тағы бір кемшілігі, оның басқа ілімдерден оқшаулануында болды. Осылардың бәріне қарамастан Маркстік әлеуметтану теориясы көп елдерге тарап, дамыды (әсіресе КСРО-да). 

      Британдық "The Penguin Dictionary of Sociology" сөздігі Mаркстің еңбегі әлеуметтанудың дамуы үшін маңызды болып табылатын бес саланы көрсетеді:

өзінің алғашқы еңбектершде Маркс иеліктен айыру ұғымына ден қойды; бұл тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі;

ол өзінің экономикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар байланысты деген көзқарастарымен кеңінен танымал;

ол ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне талдау жасауға мүдделі болды;

әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес, оның тұжырымдауынша, "тарихтың қозғаушы күші" болып табылады; бұл идея Маркстің шығармашылығын терең баурап алғаны сонша, батыс әлеуметтануында маркстік теорияны кейде "жанжалдар теориясы" (conflict theory) деп атайды;

Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.

 

К. Маркстің «Гота  программасына сын» деген еңбегінің  маңызы.

     Бұл еңбек  1875 жылы жазылған және ол лассальшылдық  көзқарас орын алған Германия  социалистік жұмысшы партиясы  программасының жобасын сынау  тұрғысынан талдауға арналған  еңбек болып табылады.  Материалистік  диалектиканы қолдана отырып, Маркс  болашақ қоғам дамуының екі  сатысын атап көрсетеді. «Коммунистік  қоғамның жоғары фазасында –  деп жазады ол, – адамды құл  қылатын еңбек бөлінісіне адамның  бағынуы жоғанғаннан кейін; сонымен  бірге ой еңбегі мен дене  еңбегінің арасындағы қарама-қарсылық  жоғалғаннан кейін; еңбек тіршілік  құралы ғана болудан қалып,  өзі өмірдің бірінші қажеттілігіне  айналғаннан кейін; жеке адамдардың  жан-жақты кемелденуімен бірге,  өндіргіш күштер өсіп, қоғам байлығының  барлық негіздері арнасына тола аққаннан кейін, тек сонда ғана буржуазиялық құқықтың тар шеңберінен мүлдем арылуға болады, сөйтіп қоғам өзінің туына: «Әркімнің – қабілетіне қарай, әркімге керегіне қарай! – деп жаза алады».  В.И. Ленин өзінің бірқатар еңбектерінде Маркс ұсынған қағидаларды қамытты. Бұл тұрғыдан алғанда «Мемлекет және революция» (V тарау) атты еңбегінің ерекше зор маңызы бар. Коммунизмнің жлғары фазасы туралы ілім КПСС документтерінде одан әрі дамытылуда. Оның жиынтық сипаттамасы Коммунистік партия Программасында берілген. СССР-дің кемелденген социализм кезеңіне енуі партияның жаңа экономикалық стратегиясына талдау жасауды, социализмнің коммунизмге ұласу жолдарын одан әрі нақтылай түсуді талап етті. Коммунистік формация туралы маркстік-лениндік ілім, оны партияның одын әрі дамытуы буржуазиялық көзқарастарға қарсы күресте сенімді тірек болады, коммунизмнің адамзат қоғамының жоғары формасы ретінде сөзсіз салтанат құратындығын сенімді түрде дәлелдейді.

 

 Қорытынды 

   Маркстің творчестволық  мұрасы оның «классикалық мектептегі»  алдындағылармен, әсіресе А.Смит  пен Д.Рикардомен улкен байланыс  бар.  Сонымен, классикалық мектеп  саяси экономияный тұжырымдамасын  тереңдете отырып, У. Петти, А.  Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және  Ф. Энгельс теориялық тұжырымдаманы  жасады, ол жинақталып – «марксизм»  деген атқа ие болды. К. Маркстің  ашқан басты жаңалықтары: қоғамдық-экономикалық  формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде  пайда болуы, ұдайы өндіріс  пен экономикалық дағдарыстар  теориясы, тауарға сіңген еңбектің  екі табиғаттылығы, қосымша құн  туралы ілімдерді қалыптастырғанын; абсолюттік рентаның, жалдамалы  еңбектің мәнін ашқанын білдік. Және өзінің еңбегімен экономика  іліміне үлкен жаңалық ашып, дамуына  зор үлес қосқан. Экономикалық  ғылым үш ғасыр бойы саяси  экономия ретінде дамыды. Экономикалық  ілімнің анықтамасында таптық  көзқарастың басымдылығын дәлелдей  отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды  ұсынды.  К. Маркс өзі айтқандай:  «...экономикалық формаларға анализ  беруге микроскопты да, не химиялық  реактивты де пайдалануға болмайды. Бұл екеуінің орнына абстракцияның  күші жүруге тиіс», Маркс жекеше  тыс ойлайтын экономист деп  айтуға болады.


Информация о работе Маркс Карл (1818—1883)