Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:40, реферат
Әлеуметтанудың дамуына он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басында маңызды үлес қосқан неміс ойшылы Макс Вебер (1864-1920) болды. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркендеуде. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының көптеген жақтары қайтадан ой елегінен өткізіліп, пайымдалуда. Оның дайындаған әлеуметтік таным методологиясы, түсіну концепциясы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып отыр. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына түрлі бағыт ұстаған көрнекті ойшылдар ықпал етті. Солардың арасында Г. Риккерт, К. Маркс, Н. Макиавелли, Т. Гоббс, Ф. Ницще және басқалары болды.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Әлеуметтік әрекет типтері
Ұжымдылық дәрежесінің артуы
М. Вебердің саяси әлеуметтануға қосқан үлесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ : М. Вебердің әлеуметтанудағы көзқарастары
ТЕКСЕРГЕН_____________________
ОРЫНДАҒАН_____________________
ӨСКЕМЕН, 2008 ЖЫЛ
Жоспар :
Кіріспе
Әлеуметтанудың дамуына он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басында маңызды үлес қосқан неміс ойшылы Макс Вебер (1864-1920) болды. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркендеуде. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының көптеген жақтары қайтадан ой елегінен өткізіліп, пайымдалуда. Оның дайындаған әлеуметтік таным методологиясы, түсіну концепциясы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып отыр. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына түрлі бағыт ұстаған көрнекті ойшылдар ықпал етті. Солардың арасында Г. Риккерт, К. Маркс, Н. Макиавелли, Т. Гоббс, Ф. Ницще және басқалары болды. Вебердің өзі көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың ішінде "Прөтестанттық этика және капитализм рухы", "Шаруашылық және қоғам", "Әлеуметтік-ғылымилық және әлеуметтік-саяси танымның объективтілігі", "Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы, "Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар" туындыларын атап айтуға болады.
М. Вебер көзқарасы
тұрғысынан ой жүгіртіп, сараласақ, әлеуметтану
ең алдымен адамның немесе адамдар топтарының
мінез-құлқын
және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс.
Алайда, олардың кез-келген
мінез-құлқы мен қызметі әлеуметтанудың
зерттеу пәні бола алмайды. Оның пәні,
біріншіден, адамның және адам топтарының
мақсаты
және оған жетудің құралдары, екіншіден,
басқа субъектілерге бағытталған, яғни
өз әрекеттерінің оларға тигізген ықпалын
және олардың
бұған жауап реакциясын есепке алуын қарастырады.
Егерде әрекет өзге адамдар тарапынан
жауап реакция алуға есептелмесе, айталық,
машиналар немесе табиғат тарапынан болатып
жауапты Вебер әлеуметтік
деп санауға болмайды дейді. Сонымен бірге
еліктеу әрекеті де әлеуметтік әрекет
қатарына жатпайды.
Негізгі бөлім
1. Әлеуметтік әрекетті М. Вебер типтерге бөледі : 1)ұтымды-мақсатты әрекет. Бұл әрекет субъектінің саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылуымен сипатталады. Осы әрекетті іске асыру барысында басқа адамдар мен заттар құралдар ретінде қолданылады; 2) құнды-ұтымды әрекет белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни, т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет; 3) аффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды; 4) дәстүрлі әрекет, бұл қалыптасқан әдет-дағдымен іске асатын-әрекеттің түрі. Әйтсе де, М. Вебер осы типтердің шартты екенін мойындаған, әлеуметтік әрекеттерді зерттегенде көп жағдайда аралас мотивтерді басшылыққа алған, себебі кез-келген адамның әрекеті мотивтен туындайды. Нәтижесінде әрекет субъективтік мағынаға ие болады. Сөйтіп, М. Вебер әрекеттің мотивін, мақсатын ұғынуды әлеуметтік зерттеудің бірден-бір міндеті деп түсіндіреді. Өйткені қоғамдық қатынастар жеке адамдардың өзара әрекетінің нәтижесінен құралады. Әлеуметтік әрекеттер, Вебердің айтуынша, адамның немесе адам топтарының саналы пайымдалған өзара әрекет жүйесін, осыдан келіп олар түсінуші әлеуметтану деп аталатын түсіну пәнін құрайды. Мәселенің мәні мынада: егерде адамның әрекеті ойластырылған және іштей бірдемеге бағытталған болса, онда әлеуметтанушы бұл әрекеттердің мазмұнымен қатар, олардың басқа адамдар үшін қандай салдарлары болуы мүмкін екендігін көре білуі тиіс. Субъектінің осы қызметтегі мотиві, басшылыққа алған рухани құндылықтары есепке алынады. Басқаша сөзбен айтқанда, әлеуметтік әрекет субъектісінің рухани дүниесінің мазмұнын пайымдап, түсіну қажет. Осы рөлде әлеуметтану түсінуші ретінде қарастырылады.
М. Вебер түсінуші әлеуметтану концепциясын жасап дамытты, оның міндеттеріне: біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен бұларды олардың жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын ұғынып, түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың талаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды.
Субъектілерінің әлеуметтік әрекеттерін және олардың ішкі жан дүниесін түсіндіру түсінуші әлеуметтануда логикалық тұрғыдан болуы мүмкін, яғни ұғымдардың көмегімен пайымдалған жөне таза эмоционалды болуы ықтимал. Бұл жағдайда әлеуметтанушының түсінуіне "сезімдік", әлеуметтік әрекет субъектісінің ішкі жан-дүниесіне "төселу" арқылы қол жетеді. М.Вебер бұл процесті өз бойынан өткізу деп атаған. Адамдардың қоғамдық өмірі қалыптасатын әлеуметтік әрекеттерді қайсыбір деңгейде түсіну өз ролін атқарады. Бірақ, Вебердің ойынша, әлеуметтік процестерді логикалық түсіну, оларды ғылыми деңгейде пайымдау өте маңызды. Олардың "сезімдік" деңгейде қол жеткен табысын М. Вебер зерттеудің қосымша әдісі ретінде сипаттады.
М. Вебер өзінің түсінуші әлеуметтануында құндылықтар проблемаларынан, соның ішінде мораль, саясат, эстетика, діни құндылықтар мәселелерінен айналып өте алмады. Бұл жерде әңгіме аталмыш құндылықтар жөніндегі субъектінің саналы түрдегі түсінігі туралы болып отыр. Өйткені олар субъектінің қызметі мен мінез құлқының мазмұнын және бағытын анықтайды. Сонымен бірге әлеуметтанушы да белгілі бір құндылықтар жүйесін басшылыққа алады. Бұл оның зерттеуінің барысына және нәтижесіне сөзсіз әсер етеді. М. Вебер құндылықтар проблемасын шешудің жолдарын ұсынды. Неокантшылдар аталмыш құндылықтарды тарихтан да бұрын болды деп қарастырды. М. Вебер құндылықты қайсыбір тарихи дәуірдің қалыптасуы ретінде, дәуірге тән мүдделердің бағыттары ретінде қарастырды. Сөйтіп, тарихтан бұрынғы деп жүрген құндылықтар тарихқа қайтарылды. Құндылықтарды осылайша қарастыру - адамдардың санасын, олардың мінез-құлқы мен қызметінің шындығын түсіндіру үшін аса маңызды. Бұл М.Вебердің әлеуметтік әрекет теориясын дамытуда маңызды рөл атқарады.
2. М. Вебердің келесі маңызды тұжырымдамасы идеалды типтер. Ол идеалды типке теориялық конструкция түрінде көрінген дәуірдің мүддесі ретінде қарады. Адамға аса пайдалы осы идеалды модель адамның өмір сүрген дәуіріндегі мүддесін объективті түрде көрсетеді. Осыған орай идеалдық типтер ретінде моральдық, саяси, діни және сол сияқты басқа да құндылықтар және олардан туындайтын адамдардың мінез-құлық және қызмет көріністері, олардың мінез-құлық ережелері мен нормалары, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынас дәстүрлері болуы мүмкін.
Идеалды типтер қоғамдық күйдің бүкіл мәнін - өкімет билігінің жағдайы, тұлға аралық қарым-қатынас, жеке адам және топтық сана және т.б. сипаттайды. Осының арқасында олар озіндік ерекше критерийлерге айналады, соған сәйкес адамдардың рухаии, саяси және материалдық өміріне өзгерістер енгізу қажет болады. Идеалды тип қоғамда орын алған дүниемен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен қарама-қайшылыққа да түседі, сондықтан мұнда қиялдың да белгілері орын алған.
Қалай дегенмен де, идеалды типтер рухани және басқа да құндылықтар жүйесінің өзара байланысын көрсетумен қатар, маңызды әлеуметтік құбылыстар ретінде байқалады. Олар қоғамдық өмірде адамдардың ойлауы мен мінез-құлқына, ұйымдасушылығына мақсаттылықты енгізуге ықпал жасайды.
М. Вебер тарихи процесс барысында әлеуметтік әрекеттің ұтымдылық дәрежесі артады, бұл әсіресе капитализмнің дамуынан айқын көрінеді, ұтымдылықтың жүзеге асуы құқықтық мемлекет тұсында болады, құқықтық мемлекеттің өмір сүруі азаматтардың мүдделерінің өзара әрекеті, ол ұтымдылықпен толық байланысқан, олар заңға, сондай -ақ бәріне ортақ саяси және моральдық құндылықтарға бағынады, құқықтық мемлекет басқарушылар мен басқарылатындардың мақсатты ұтымды және құнды-ұтымды әрекеттері негізінде дамиды, алайда, бұл әрекеттер тек мол пайда табу мотивінен туындап, қалған нәрсемін бәрін соған бағындырады, деп талдап көрсетті. Мұндай ұтымдылықты М. Вебер протестандықтардың "шаруашылық этикасына" негізделгендей келіп, оны ерекше капиталистік рухпен байланыстырады. Діннің бәрі де белгілі бір "шаруашылық этикасын" ұстайды, әрі адамдар тіршілігіне қажетті мақсаттарды да белгілейді. Алайда, осыған қарамастан, діни аскетизмнің формалары әлі де әр түрлі болып келеді. Шығыс діндерінде - енжарлыққа еліктіру, о дүниелік аскетизм басым. Мұндай дін, әлбетте, капитализмге тән саналы да белсенді қызмет етуге мүмкіндік бермейді дей келіп, М. Вебер христиан, т.б. діңдеріс белсенділік, "ішкі дүние" аскетизмі тән, сондықтан олар құдайдың ырқына сәйкес адамдарды жерде тіршілік етуге бағыттайды деген тұжырымға келеді.
Капитализмдегі ұтымдылық идеясын М. Вебер ұтымды бюрократия тұжырымдамасымен ұштастырады. Бюрократия — капиталистік ұтымдылықты іскс асырушы. Ұтымды бюрократияның болуының өзі капиталистік ұтымдылықтың ең жоғары көрінісі деп бағалайды, М. Вебер.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуде М. Вебер таптарда болатын объективтік өзгешеліктерді мойындайды. Бірақ ол таптар ұғымын адамдардың экономикалық қауымдастығы тұрғысында қарап, өмір стиліне, жалпы намыс, бедел, т.с.с. жәйттерге негізделген статус, жай жағдай ұғымына оны қарсы қояды. Дегенмен, қоғамда материалдық жағдайымен ғана ерекшеленіп қана қоймай, басқа да, айталық, өмір стилі, мәдениеті, санасы, т.б. белгілерімен ерекшеленетін әлеуметтік топтардың өмір сүретіні мәлім. Осыған орай бұл өзгешеліктерді түбегейлі алып қарастырсақ, онда олардың экономикалық ерекшеліктермен салыстырғанда екінші қатардағы ерекшеліктер екеніне көз жеткізуге болады. Вебер статус пен тапты бір-бірінен алшақ, еш-қандай қатысы жоқ, тәуелсіз етіп көрсетеді. Нәтижесінде таптар мәселесі, күрделілігі мәз емес екінші қатарға қойылған. Жалпы бұл идея қазіргі батыс елдер әлеуметтануында кеңтараған.
3. М. Вебер саяси әлеуметтануды дамытуға да үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті үш түрге бөлді: 1) харизматикалық; 2) дәстүрлік; 3) бюрократтық. Харизматикалық үстем ету — яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік — дәстүр мен салтқа негізделген; ал бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын үстем ету формасы. Осыдан барып "бюрократизм" деген ұнамсыз ұғым пайда болды. Бюрократизм - істің мәніне немқұрайлы формальды қарау, істі көпке созу. Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтардың кәсіби деңгейі мен адамгершілік қасиеттерінің төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемдігін дәлелдейді.
Мұнда М. Вебер биліктің легитимдігі, яғни заңдылығын тілге тиек етіп отыр. Басқаша айтқанда, легитимдік дегеніміз, халықтың үстем етіп отырған саяси билікгі мойындауы больш табылады. Дсмократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай жүзеге асырылуы керек. Яғни мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осыған сәйкес жоғарыда көрсетілгендей М. Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті:
Бұл тұрғыдан алғанда өкіметтің бюрократтық үстем ету түрі формалъды, заңға сүйенген, құқықтық өкімет болды. Мұндай өкіметтік үстем ету еуропалық капитализмнің пайда болу кезеңінде шықты. Бұл басқа үстсмдік етудің үлгісінен біршама жоғары тұрғанымен әлі күнге солқылдақтық танытып келеді. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы Вебердің ойынша, плебицитарлық демократияны дамыту.
Қорытынды
Плебисцит — ерекше маңызды мәселс туралы барлық халықтың ой-пікірін сұрау, анықтау негізінде үстемдік ету. Бұл жалпы халыққа саяси лидерді (мысалы, президентті) сайлауға мүмкіндік береді. Осыған орай жаңадан сайланған лидер елді халық атынан басқаруға мүмкіндік алады.
М. Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымсн бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе М. Вебердің әлеуметтанудағы көзқарастары