Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 12:45, статья
Балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсету және оларды қолдау жүйесі қиын, даулы жағдайға тап болған жастардың әлеуметтік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудан, оларды әлеуметтік жағынан сауықтыру мен соңыра толыққанды тіршілік жасауына жағдай жасаудан тұрады.
Мемлекет жастар арасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету жөнінде, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке, қоғамға қарсы және ауытқу құбылыстарымен күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады [3].
ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: ЖАСТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «әлеуметтік жұмыс» мамандығының магистранты
Шымырбекова Айнұр Шәкірқызы.
Балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсету және оларды қолдау жүйесі қиын, даулы жағдайға тап болған жастардың әлеуметтік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудан, оларды әлеуметтік жағынан сауықтыру мен соңыра толыққанды тіршілік жасауына жағдай жасаудан тұрады.
Мемлекет жастар арасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету жөнінде, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке, қоғамға қарсы және ауытқу құбылыстарымен күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады [3].
Қоғам мен мемлекет тарапынан жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарына айрықша көңіл бөлуге тиіс.
Жастарға әлеуметтік көмек көрсету балаларға, жастарға жұмысқа тұру, денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында, мектепте, ұжымда бір-бірімен қарым-қатынас проблемаларын шешу, өмірлік жолын таңдау және қоғамға бейімделу мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуында жәрдем беретін мекемелер жүйесі ретіндегі жастарға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан жүйені қалыптасқан жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық көмек көрсетуге, жас мүгедектерге, уақытын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан, токсикоманиядан, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған [1].
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер арнаулы қызметтер кешенін, оның ішінде: жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспанаоар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сақтандыру мекемелерін, заңды көмек көрсету және кеңес беру орталықтарын, жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын құруды кеңейтеді [2].
Сондай орталықтардың бірі 2008 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан Астана қаласының ШЖҚ «№5 қалалық емханадағы» МКК «Шуақ» жастар денсаулық орталығы. «Шуақ» жастар денсаулық орталығы – алғашқы медико-санитарлық көмек мекемесінде ұйымдастырылып, денсаулық сақтау мәселесі бойынша жастарға кешенді медико-психо-әлеуметтік көмек көрсетеді. Орталық 3 қағидаға сәйкес қызмет атқарады: еріктілік, қол жетімділік және мейірімділік. Орталықтың негізгі клиенттері 10 және 24 жас аралығындағы жастар. Бұл орталықта жастарға; психологиялық кеңес, жүктіліктің алдын алу бойынша ақпараттар, диагностикалық, медициналық және алдын алу қызметтері жүзеге асырылады. Орталықта жастарға психолог, әлеуметтік қызметкер, гинеколог, дерматовенеролог мамандары кеңес береді. Әлеуметтік қызметтердің негізгі бағыттары:
Қазіргі таңда «Шуақ» жастар денсаулық сақтау орталығы ШЖҚ «№5 қалалық емхана» МКК аймағындағы мектептер және орта кәсіптік колледждермен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Оқу орындары және «Шуақ» жастар орталығы арасында әзірленген жоспарға сәйкес психологиялық, әлеуметтік және медициналық қызметтер жүзеге асырылады. Орталықта жастардың тұлғалық дамуына байланысты психологиялық, топтық тренингтер өткізілді және әртүрлі аурулардың алдын алуға байланысты акциялар ұйымдастырылады. Топтық жұмыстарда жастарға келесі мәселелер бойынша кеңестер беріледі: репродуктивтік денсаулық, отбасын жоспарлау, жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу, АҚТҚ/ЖҚТҚ алдын алу, алкоголизм, нашақорлық, шылым шегу, дұрыс тамақтану, депрессивтік жағдайлар мен стресстің алдын алу мәселелері. Біздің орталықта еріктілер клубы қызмет атқарады. Мұнда жастар өз еркімен әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, өткізеді [5].
Қазіргі таңда бұндай орталықтар Қақақстан Республикасының көптеген қалаларының емханаларында ашылып, өз қызметтерін жүзеге асырып жатыр. Мұндай орталықтардың болуы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруына бірден бір көмек құралы болып табылады және білімді, дені сау жастарымыздың болашақтағы қызметіне әсер етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: