Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негіздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 21:50, лекция

Краткое описание

Әлеуметтік жұмыс дегеніміз-қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға көмек көрсету. Әлеуметтік жұмыстың негізгі құндылықтары жақын адамға деген сүйіспеншілік, жан ашу, қиыншылықта бірге болу, ниеттестік, жағдайды өзгертуге деген мүмкіндікке сену, көмек жасау ниеті мен жәрдемі жатады. Әлеуметтік жұмыс-әрекеттің ерекше бір түрі. Егер құрылысшы үй салса, жөндеуші машиналарды жөндесе, ал әлеуметтік қызметкер «адамды» құрады. Ол өзінің адамымен (клиентімен) әңгімелеседі, оның психикалық стресін кетіреді, оны күнделікті өмірдің ырғағына енуге көмек көрсетеді. Ал бұл әрекеттердің барлығын әлеуметтік қызметкер клиенттің жасерекшелігін ескере отырып жүзеге асырады. Өйткені әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады. Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негіздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес бағыттары.docx

— 35.31 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негіздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес бағыттары

 

Жоспар:

  1. Әлеуметтік жұмысты тұлғаның жас ерекшеліктерін есепке ала отырып реттеудің адамгершілік негіздері
  2. Балалармен және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс жүргізудің деантологиясы
  3. Ересек адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің деантологиясы

 

Глосарий:

Әлеуметтік жұмыс -  жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі.

Тұлға – адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам.

Жас ерекшеліктері – белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялы – физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері.

Адамгершік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет.

Негіз – бір нәрсенің түп төркіні, тегі.

Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.

Деантология – (гр. deon - қажеттілік және logos ілім; қажеттілік туралы ілім)  парыз, міндет мәселелерімен айналысатын этиканың бір бөлігі. Деонтология әлеуметтік-тарихи, мәдени дәстүрлерге қажетті адамдардың мінез-құлқын зерттейді.

  1. Әлеуметтік жұмыс дегеніміз-қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға көмек көрсету. Әлеуметтік жұмыстың негізгі құндылықтары жақын адамға деген сүйіспеншілік, жан ашу, қиыншылықта бірге болу, ниеттестік, жағдайды өзгертуге деген мүмкіндікке сену, көмек жасау ниеті мен жәрдемі жатады. Әлеуметтік жұмыс-әрекеттің ерекше бір түрі. Егер құрылысшы үй салса, жөндеуші машиналарды жөндесе, ал әлеуметтік қызметкер «адамды» құрады. Ол өзінің адамымен (клиентімен) әңгімелеседі, оның психикалық стресін кетіреді, оны күнделікті өмірдің ырғағына енуге көмек көрсетеді. Ал бұл әрекеттердің барлығын әлеуметтік қызметкер клиенттің жасерекшелігін ескере отырып жүзеге асырады. Өйткені әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады. Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты.

Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:

1. Жаңа туған бала (туған  сәттен бір-екі айға дейін)

2. Нерестелік шақ (бір-екі  айдан бір жылға дейін);

3. Ерте сәбилік шақ (бір  жастан үш жасқа дейін);

4. Мектепке дейінгі балалық  шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);

5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);

6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);

  1. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін)
  2. Жігіттік, бойжеткендік шақ (16-20 жастағы бойжеткендер, 17-21 жастағы жігіттер);
  3. Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы (21-35 жастағы әйелдер, 22-35 ерлер);
  4. Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы (35-55 жастағы әйелдер, 36-60 жастағы ерлер);
  5. Егде жас (55-74 жастағы әйелдер, 60-74 жастағы еркектер)
  6. Қариялар немесе кәрілік (75-90 жастағы әйелдер мен ерлер);
  7. Ұзақ өмір сүрушілер (90 жас және одан жоғары).

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады.

Төменгі сынып оқушысымен әлеуметтік жұмыс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге дайындап отырады.

Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің, іс-әрекеттің жаңа түрі — оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл  өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Бұл жағдайға бейімделуге әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді.

Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналарға ескерту қажет.

Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе — баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы.

Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы — ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.

Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің 5-8 сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл — ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі.

Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы «енді бала емеспін, ересекпін » — деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді.

Жеткіншектік шақ — болашақ туралы балалық армандардың орнына, өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет.

Жеткіншектердің қалыптасуында жолдастарының қоғамдық пікірі үлкен рөл атқарады. Мораль мәселелерін талдау және адамгершілік тақырыбындағы пікір сайыстардың әсерінен өмірдің мәні, өз болашағы, мамандығы туралы, өз беделі туралы ойланатындықтан, әлеуметтік педагог бұл мәселелерді шешуге пәрменді түрде көмектесіп, күнделікті іс-қылықтардың адамгершілік мәнін ашуға көмектеседі. Ересек адамдар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, әр баламен ойланып жұмыс істеу керек. Сәнге сәйкес киінгені, музыка тыңдағаны үшін баланы сөгу дұрыс емес. Жеткін-шектермен өзара әрекеттің негізгі тәсілдері: онымен бірге іс-қылықтарды, оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін-өзі талдауға, өз мінез-құлқын басқаруға үйрету.

Осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу; ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату.

Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады. Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы — барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық факторы. Демек, баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік, оқу жүйесіндегі сәтсіздік — ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі. Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады.

Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстың әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады.

Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивттілік адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан садистік бағытқа бейімделу нәтижесінде өзін қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға аралық, топ аралық кикілжіңге өршігіп кетуі мүмкін. Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивтілік ішімдікпен, нашақорлықпен тікелей байланысты. Кейде жеткіншектер ішімдік ішкен кезде өзінің еңбегін (бұзақылық, төбелес, сәтті аяқталған оқиғаларын) атап өтеді. Жеткіншектің тәртібі агрессивті күйде болса, олар «қиын» балалар қатарына жатады. Кейбір мектеп мұғалімдерінің қиын балалармен жұмысы сынып алдында жүйке жұқартатын әңгіме, жазалау, т.б. түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермейді, керісінше қиын жеткіншектердің мұғалімге, мектепке кектенуі күшейіп, қарсы келуіне әкеледі. Мұғалімдер қиын жеткіншектерге өзінің кері көзқарасын жасырмағанда, олармен кикілжіңге келеді. Девиантты мінез-құлықты жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилактикалық іс-шаралар – тұлғаға әсер ету, әлеуметтік педагогикалық түзету іс-шаралары, кері әсерлі ортаны сауықтыру.

Жасөспірім шақ. Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.

Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері — мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді.

Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік шақ — жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән.

Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек.

Бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтың, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу.

Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болады. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында осы ерекшеліктер еске алынады. Сонымен мектепке дейінгі балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейін балалардың бейімділігін және қабілетін, мінез-құлқы мен темпераментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуына, қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі қажет.

  1. Деонтология –  парыз туралы ғылым. Әлеуметтік  деонтология – әлеуметтік қызметкердің  парызына адалдығы мен кәсiбiне сәйкес саналы әдеп және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешенiн зерттейтін ғылым. 

Әлеуметтік қызметкердің  деонтологиялық даярлығы – бұл оның білімінің, дағдыларының, іскерлігінің адам жанын тануға, оның қажеттігіне сәйкесті  әрекет жасауға, кәсіби парызын біліп, соны мүлдіртпей орындауды   қамтитын сананың күйі.     

Әлеуметтік қызметкердің деонтологиялық даярлығын, iс-әрекетiнiң саналы, адамгершiлiктi компонентiн сипаттайтын көрсеткіштер: 

- “Зиян келтірме” ұстанымын  сақтауға, жоғары кәсіптік мәдениет  құруға ынталылық;

- Кез-келген жағдайды әділ бағалау, өзінің және бөгде біреудің  көзқарасын дұрыс түсіне білу, өзінің қарым-қатынас әрекеттеріне сыни қарауға икемділік;

Информация о работе Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негіздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес бағыттары