Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 22:18, реферат
ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ.
ӘЛЕУМЕТТІК МОБИЛЬДІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ МЕН МОБИЛЬДІК.
Екінішісіне – қызмет түрі., мамандығы және кәсіби деңгейін жатқызған.
Үшінші топқа – меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтарды жатқызады.
Ғалымдардың көпшілігі әлеуметтік стратификация процесінде осы аталған өлшемдер мен факторладың шын мәнінде орын алып отырғанын атап көрсетеді. Қоғам дамуының бір кезеңінде бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ болса, келесі бір кезеңде келесі біреулерінің маңызы ара түседі. Мәселен, Кеңес қоғамындағы иерархиялық жіктелу процесінде саяси факторларлың маңызы зор болды. Билік саласында қызмет ету, партияға мүше болу, саяси шешімдерді қабылдауға қатынасу сияқты факторлар жоғары топ адамдарын қалыптастырды. Ал, жоғары билік адамдарының байлық пен меншікке қол жеткізуде мүмкіндіктері кең болды.
Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамдарда нарықтық экономикаға қту барысында әлеуметтік жіктелуге әсер ететін жаңа факторлар маңызға ие бола бастады.
Ресей Ғылым Академиясының «
Яғни зерттеудің нәтижесінен бұл қоғамда билікке қатынас, табыс көлемі, меншіктің болу сияқты факторлардың әлеуметтік жіктелу процесінде жоғары маңызға ие болып отырғанын көруге болады.
Әрине, әлеуметтік стратификация процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармуымыз керек.
Білім деңгейі – мектептегі, орта жоғары оқу орындарында алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен есептеледі.
Кәсіби шеберлік – белгілі бір мамандық бойынша адамның арнайы білім дәрежесі мен шеберлігінің танылуы.
Мәртебе – адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет.
Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды 3,4,6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуда. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар:
Жоғары тапқа ірі меншік иелері – қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары – мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен хлықтың 1%-ын құрайды.
Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары.
Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады.
Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады. Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар:
а) жоғары орта тап:
ә) орта таптың орташасы:
в) төменгі орта тап.
Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр.
Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми – техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында – заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар.
Төменгі тап – құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер) жатады. Бұлардың көпшілігінің құрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір мүреді,
Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.
ӘЛЕУМЕТТІК МОБИЛЬДІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.
«Әлеуметтік мобильдік»
деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет
мен адамдар тобының бір
Әлеуметтңк мобильдіктің екі типі болады, олар:
1) вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
2) горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.
Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады.
Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады.
Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.
Э. Гидденс мобильдіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильдігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.
Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.
Горизантальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Сол сияқты көлденең бағыттағы мобилдіктің мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылысқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрінде де индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.
Көлденең мобильдікке
Мобилдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар.
Ұрпақтар арасындағы мобильдікте балалар өздерінің әке-шешелерінің әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін.
Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал.
Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикальды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін.
Әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрі, яғни ұрпақтар арасындағы мобильдік ұзақ мерзімдік процеске, ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей мобильдігі – қысқа мерзімді процеске жатады. әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрінде әлеуметтанушылардың зерттеуіне таптар арасындағы мобильдік, ал, екіншісінде – дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері жатады.
Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез-келген қоғамда бір әлеуметтік жағдайға ауысуыболып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, бірнеше өлшемдер тұрғысынан, яғни экономикалық, саяси, білім, мәдени, т.б. өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшемнен шектелуі мүмкін.
Индивид бір статустық топтан екінші бір топқа өтеді. Айталық, жоғары білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамыме некеге тұруға тырысады.
әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар.
Жеке мобильдік туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай құлдырауы.
Топтық мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат соғыстары;әскери төңкерістер мен саяси режимдандің ауысуы; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; империяны құру жатады.
Топтық мобильдік әлеуметтік революциялар нәтижесінде жоғары қарқынмен жүреді. Мәселен, Ресейдегі Қазан төңкерісі большевиктер партиясының бұрын болмаған беделін көтеріп, қоғамға мойындатты. Сонымен қатар еңбекші таптан шыққан адамдардың білім алуға, ғылыммен айналысуға, билікке қол жеткізулеріне кең мүмкіндіктер ашылды. Сөйтіп халытық интеллигенция қалыптаса бастады. Мұнымен қатар жаңа өкімет буржуазиялық интеллигенцияға қарсы шабуылын бастады, оларды қуғындап, тіпті жоюға дейін барды. Осы процестердің нәтижесінде Ресейде әлеуметтік мобильдіктің деңгейі жоғарылай түсті.
Жоғарыда көрсетілген
Мысалы, ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін түріне КСРО-да қоғамдық пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың келуі; ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу; сол сияқты ұлы Отан соғысы жылдарында ингуш, шешендер, татарларды, т.б. туып өскен жерлерінен басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады.
Топтық мобильдік халық
Сол сияқты экономикалық дағдарыстар қоғамдағы халықтың басым көпшілігінің әл-ауқатының төмедеуіне, жұмыссыздар санының ратуына әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда топтық әлеуметтік мобильдіктің вертикалды төмен құлдырау бағытында болуы жиі байқалады.
Информация о работе Әлеуметтік стратификация теориясының мәні және әлеуметтік мобильділік