Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 20:10, доклад
Әлеуметтік педагог – өсіп келе жатқан тұлғаның мүддесін, заңдық құқын қорғаушы. Әлеуметтік педагог сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, сонымен қатар – бұл қызметтің жетекші ұйымдастырушысы.
Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция – әлеуметтік педагогика рөлінің артып отыратындығын көрсетіп отыр.
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
Маралбекова С. М.
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Әлеуметтік педагог – өсіп келе жатқан тұлғаның мүддесін, заңдық құқын қорғаушы. Әлеуметтік педагог сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, сонымен қатар – бұл қызметтің жетекші ұйымдастырушысы.
Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция – әлеуметтік педагогика рөлінің артып отыратындығын көрсетіп отыр.
«Әлеуметтік жұмыс»
және «әлеуметтік педагогика» терминдерін
анықтауда түрлі мағына қолданылып жүр.
Негізінен, шетелде осы қызмет саласының
әлеуметтік педагогикалық және әлеуметтік
жұмысқа бөлінуі дұрыс емес деп саналады,
себебі бұл мамандардың міндеттері мен
қызметі тығыз байланысып жатыр. ТМД елдерінде әлеуметтік
педагогтардың қажеттілігі оларды даярлайтын
оқу орындарының пайда болуынан бұрынырақ
туындады. Әлеуметтік-педагогикалық қозғалыстар
КСРО-да ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында белсенді
жүрді. Алайда оның дамуының негізгі тенденциялары
бұл қозғалыс ұмыт болғаннан кейін тек
ХХ ғасырдың 60 жылдарында ғана анықталды.
Бұл емпириялық тәжірибе жинақтау кезеңі
болды. Осы уақытта ортадағы тәрбиелік
қызметке арнайы бағытталған жұмыскерлерді
(сыныптан тыс, мектептен тыс мекемелердің
жұмыскерлерін, ұйымдастырушы педагогты
және т.б.) дайындау жүріп жатты.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдары
практикада қол жеткізген нәтижелер мен
қоғамдық қажетті әлеуметтік-педагогикалық
жұмысты сапалы жаңа деңгейге көтерді.
Сол уақыттың айқын табысы ретінде әлеуметтік-педагогикалық
кешендерді атауға болады. Олар Мәскеу,
Ленинград, Свердловск және т.б. қалаларда
өткізді. Онда балалар мен жастар мен мақсатты
әлеуметтік-педагогикалық жұмыс идеясы
орнықты. Алайда бұл жұмыс материялдық
қамтамасыз етілмеудің, мамандардың жеткіліксіздігінің
немесе олардың мүлдем жоқтығының салдарынан
тежелді. 1990 жылы әлеуметтік педагог лауазымы
бекітілді. Сөйтіп ресейдің 50 астам жоғары
оқу орындары жаңа бағыттағы мамандарды
даярлауға кірісті. Қазақстанда мұндай
мамандарды даярлау Қарағанды қаласындағы
Е.А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінің
әлеуметтік факультетінде 1992 жылдан басталды.
Егемендікке дейінгі Қазақстан |
Жоспарлы экономика |
|
Нарықтық экономика |
Егеменді Қазақстан |
Тоталитарлық жүйе |
Демократиялық жүйе | |||
Мемлекеттік меншік |
Жеке меншік | |||
Әлеуметтік жіктелу әлсіз |
Әлеуметтік жіктелу терең | |||
Оқушы-ұжым мүшесі |
Оқушы-жеке тұлға |
Қазіргі заман жастарының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік депривациялық жағдай ретінде, яғни олардың өмір сүруі мен тұлғалық дамуына жағдайдың жеткіліксіз болуы, шектеулік, материалдық және рухани ресурстардың жеткіліксіз болуын айтуға болады. Күнделікті өмірде жастар ішімдікпен, нашақорлықпен, ассоциалдық мінез-құлықпен, қылмыспен кездесуде. Баланың жаны мен психикасына жағымсыз әсер ететін толық емес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар көбеюде. Балалар мен жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік депривацияға түсуде. Қазіргі таңда сапалы білім алу тікелей отбасының материалдық жағдайына, байланысты болып отыр. Әлеуметтік қатынаста депривациялық фактор әлеуметтік жіктелудің күннен күнге тереңдеуіне және қала мен ауыл арасындағы айырмашылыққа байланысты болып отыр. Соған байланысты қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогтардың барлық күш жігері адамды әрекетке, әлеуметтік инициативаға қиын жағдайдан шығу жолын іздеуге оятуға бағытталады, адамдардың проблемасын өздері шешуіне көмектеседі. Әлеуметтік педагогты рухани жетекші, тәлімгер десек те болады, себебі ол жылдар бойы баламен, оның отбасымен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік, жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге ол әлеуметтік терапевт - өзінің қамқорлығындағы адамдардың кикілжіңжі жағдайын шешуге, соған сәйкес мамандарға көрінуіне көмектеседі. Әлеуметтік педагог әрқашан өзінің клиентінің құқын қорғайды, «әлеуметтік диагноз» қоюда эксперт ретінде қатыса алады.
Қазіргі кездегі кәсіптік (теориялық) құзырлық немен өлшенеді: | |
Білімділік |
Әрекеттік |
а) Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен тарихын білумен; ә) Баланың тұлғалық қасиеттерін зертейтін, оның физикалық, рухани және әлеуметтік дамуын, мінез-құлқының қалыпты және ауытқушылығын зеріттейтін жас ерекшеліктері психологиясын білумен. б) Адамдардың бірлестіктерін және топтарын (отбасы, шағын топ, мектеп ұжымы, құрбы-құрдас ұжымы) зерттейтін социологияны білумен. |
а) коммуникативтік құзырлығы жоғары болуы тиіс (латын тілінен аударғанда «байланысамын», «қарым-қатынас жасаймын», «бірге жасаймын», басқа сөзбен айтқанда қарым-қатынасқа мән беремін деген мағынаны білдіреді.) әлеуметтік педагоктың коммуникативтік қабілеті оның балаға,әріптестеріне, ата-аналарға әсер ету шеберлігінен көрінеді. ә) эмпатикалық құзырлығы-басқа адамның эмоционалдық жағдайын түсіну, оның уайымына, ішкі сезіміне ене білуінен көрінеді. |
1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметінің енгізілуі кездейсоқтық емес. Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі - маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясаты өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар санасының тигізер әсері мол. Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, бүгінгі таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге, зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуіне ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Бұл жұмыстарды жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал ету қажеттігінен туындап отыр. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар, бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетін, проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адам тағдыры. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.
Болашақта әлеуметтік педагог мамандығы мұғалім мен медицина қызметкерлері сияқты бұқаралық сипатқа ие болады. Себебі қоғам үшін «әлеуметтік эпидемиямен» күрескеннен, «әлеуметтік аурулардың» алдын-алу әлде қайда тиімді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе әлеуметтік педагогика мамандығының қазіргі жағдайы мен болашағы