Тақырып:Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
ФМО: халыкаралык катынастар 112топ
Алтай Айбек
- Мақсаты: студенттерді әлеуметтік институттармен, әлеуметтік процестермен таныстыру. Оларға институттардың жіктелуін түсіндіру және әлеуметтік процестерді үйрету.
Дәрістін жоспары:
- Қоғамдағы әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері.
- Әлеуметтік институттың түрлері.
- Әлеуметтік институттың түрлеріне сипаттама.
Қоғам деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Қоғам сөзіне негізгі түсініктеме бергендер көп, соның ішінде:
- Огист Конның айтуынша қоғамды отбасы, тап және мемлекет құрайды деді.
- Эмиль Дюркгейм- қоғамның тұтастығының негізі коллективте, жалпыға тән сана деген тұжырым айтты.
- Макс Вебер- қоғам адамдардың бір- біріне әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыс жиынтығы.
- Парсонс- пікірінше қоғам адамдар арасындағы қарым- қатынас жүйесі, ал ол қарым- қатынас негізі ережелермен құндылықтар болып табылады.
- Карл Маркс- қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етуінің нәтижесінде пайда болады деді.
Әлеуметтік құрылым дегеніміз- қоғамның ішкі құрамы, оның элементтер жиынтығымен олардың арасындағы сан алуан байланысы бар.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын 3 элементке бөлеміз:
1.индивид
2.қоғамдастықтар
3.институт
Әлеуметтік институт- қоғам мүшнлнрінің өмір сүруін ұымдастырылуын реттеп отыруын тарихи қалыптасқан, тұрақты формалары.
Әлеуметтік институттар көмегімен адамдар арасындағы қарым- қатынастар белгілі бір тәртіппен стандартқа келтіріліп, олардың мінез- құлықтарымен іс- әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Әлеуметтік институттың 4 тобы болады:
1.экономикалық институт
2.саяси институт
3.рухани сана институты
4.отбасы институты
Қандай да бір әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған мәртебелердің ірі бірлестігі “әлеуметтік институттар” болып табылады.
Арнайы институттармен ұйымдар құра отырып қоғам өзінің өмір сүруінің маңызды салаларымен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым қатынас түрлерін нақтылып бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді.
Әлеуметтік институттар негізіне жататын әлеуметтік байланыс “институтциональді” деп аталады. Ал осы байланыстардың тәртіптелген нормативті сипат беру процесі “инститиуттандыру” деп аталады.
Экономикалық институт
Экономикалық тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырды. Экономикалық әлеуметтану қоғам өмірінің негізгі саласын зерттейді: экономикалық және әлеуметтану, қызметкердің өндірістік аядағы мінез құлқы, әлеуметтану мәдениеті мен экономикалық мінез құлық.
Негізгі қарастыру аясында әлеуметтік экономикалық реттеу механизмі, адамның еңбекке деген қарым қатынасы, еңбек ықшамдығы, еңбек нарығы, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық туралы.
Социология еңбекті адамға ғана тән шығармашылық қызмет ретінде қарастырады. Еңбектің субьектісі тек қана адам болады, еңбек барысында адам өзін жоғары жаратылыс екендігін көрсетеді.
Бізде кез келген адам еңбек еркіндігінде. Адамдар жұмысқа тұруға шешім қабылдаған кезде өзіне қолайлы орын табуға үміттенеді. Егер жұмыс іздеушінің үміті негізсіз жоғары болса, бұл жұмыссыздық деңгейінің өсуіне алып келеді.
Саяси институт
Қоғамды билеу және басқру қызметін жүзеге асырып отырады. Саясат пен заң тәсілі.
Саяси социология саясат пен саяси қарым қатынастарды зерттейтін социология саласы. Оның пәндік құрылымы және саясаттың социологиялық көрінісін ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель анықтап көрсетіп берген. Саяси социологтар мен политологтар саясатты заңсыз әлеуметтік институттар және әлеуметтік құрылым талдамасын құрастыруды ұсынған.
Отбасы институты
Отбасы әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологияның негізгі бағыттарының бірі. Негізгі мәселелері отбасының өз қызметтерін орындау, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және тағы басқа зерттеулер болып табылады.
Отбасы әлеуметтену институты есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.
Рухани сана институты
Ғылым мен білімнің өнердәі дамуына және қоғамдағы моральдік құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.
Өзінің қалайтын жұмыс іздеу жұмыссыз адам ұшыраған жағдайды жеңу проблемасы мамандардың негізгі зерттеу тақырыбына айналды. Олар әр түрлі кеңестер ұсынды.
Қазақстанның ірі әлемдік қаржы экономика институттары европалық бірлестік, халықаралық және европа қайта қөру және даму банкі, Азия банктерімен де қарым-қатынасы нығайды. Қазақстанда кәсіпкерлердің Алматы инвестициялық саммиті мен форумы өткізілді, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі белсенді іс жүргізуде.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Негізгі:
- Косов Г.В. Основы социологии и политологии : учебник для мед. училищ и колледжей / Г. В. Косов, Э. М. Аванесьянц. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010.
- Кравченко А. И. Социология : Учебник для вузов / Кравченко, Альберт Иванович. - СПб. : Питер, 2007. - 431 с.
- 3. Кравченко А.И. Социология : учебник для вузов / А. И. Кравченко, В. Ф. Анурин. - СПб. : Питер, 2010.
- 4. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану : оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дөкенов. - 2-ші бас., толықт. - Алматы : Қарасай, 2009
- Қосымша:
- 1. Алимбекова Г.Т. Проблема насилия в отношении женщин : социологический анализ / Г. Т. Алимбекова. - Алматы : ДОИВА, 2008. - 196с
- Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):
- Әлеуметтік институттардың түрлері.
- Әлеуметтік институттар түрлерінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар.
- Отбасы әлеуметтік институттардың қай түріне жатады.
- Отбасы деген не.
- Мәселелі сұрақтар:
- Отбасының түрлері қоғамымыздағы
- Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері.
Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар.