Әлеуметтену үрдісінің баланың мінез-құлқына әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 09:23, реферат

Краткое описание

Адамның әлеуметтену үрдісі кезінде оның мінез-құлқына әсері болып отырады. Мысалы жеткіншек шақ – балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық, физиологиялық, интелектуалдық, адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады. Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “ мен ”сезімі пайда болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Девианттық мінез.doc

— 96.50 Кб (Скачать документ)

                   Әлеуметтену үрдісінің баланың мінез-құлқына әсері

     Адамның әлеуметтену үрдісі кезінде оның мінез-құлқына әсері болып отырады. Мысалы жеткіншек шақ – балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық , физиологиялық , интелектуалдық , адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады .

     Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “ мен ”сезімі пайда болады . Олар еркін жасауға құмар келеді .Тым еліктегіш болады .Жасөспірімдік шақта оларда өзін - өзі тануға күшті болады . Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасымен , мектептен оқшауланып , өз құрбыларының ықпалында болады .Олар әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді .Олар спорт секциялары , техникалық үйірмелер болуы мүмкін , тіпті ,темекі шегетін ,арақ  ішетін орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.Осы аталғандар бала бойында девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына әкеп соқтырады.

     Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауытқушылықты білдіреді.Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мұндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

Қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);

Тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);

Микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

     Девиантты  іс-қимылдар түрлі өзара  байланысты факторлардың  салдарынан пайда  болады,  олар:

- индивидтік  фактор, асоциалды  іс-қимылдың  алғы  шарты психобиологиялық  деңгейде болғандықтан, индивидтің әлеуметтік  бейімделуіне қиындық  келтіреді;

- психологиялық   және  педагогикалық  фактор,  отбасы  және  мектеп тәрбиесінде   жіберілген  қателіктерден болады;

- әлеуметтік-психологиялық   фактор, кәмелетке  толмаған баланың   ең  жақын  айналасының,  мәселен отбасының, көшенің, оқу-тәрбие  ұжымының  теріс  ықпалы;

- тұлғалық  фактор, индивидтің  өзіне  ұнайтын   ортада, өзінің  белсенді таңдауы  бойынша анықталатын, айналасындағы   қалыптар  мен құндылықтары, отбасы,  мектеп және  қоғамның педагогикалық  ықпалы,  ,сонымен  қатар, өзінің  құндылық  бағдары  және  өз  іс-қимылын  реттей  білу  қабілеті;

- әлеуметтік  фактор,  қоғам дамуындағы әлеуметтік  және әлеуметтік-экономикалық шарттар.

     Адамның  девиантты іс-қимылын қалыптастыратын түрлі теориялар бар:

биологиялық –  адамның  сыртқы  келбетінің тәртіп бұзушылыққа бейімділігі (Ломбразо,  Шелдон);

психологиялық – адам  психикасының негізінде  жасалатын  шиеленісуге, құқықбұзушылыққа  бейімділік  (Фрейд);

 әлеуметтік -  адамның  девиантты  іс-қимылы  теріс  әлеуметтік  тәжірибені игеру  нәтижесінде, тәрбие  мен орта қайшылығынан  пайда  болады және  т.б. (Дюркгейм, Мертон Миллер және  т.б.).

     Түрлі   теорияларды  талдау  барысында биологиялық  және  психологиялық теориялар тұлғаның ерекшелігін   және оның  девиантты дамуы мен тәрбиесіне ықпал ету мүмкіндігін көрсетеді. Олардың бойында   дүниеге келгеннен бергі   уақытта зорлық, өктемдік бастаулар орын  алады және   құқық бұзуға бейім болады. Бірақта адамның   құқық бұзуға  бейімділігі тек   жағымсыз  өмірлік жағдайларда және  тәрбиеде жүзеге  асады,  сөйтіп  тұлға  дамуының  негізін  анықтап,  келешекте теріс (девиантта немесе  деликвентті)  іс-қимылға   ұшыратады.

    Девиантты іс-қимылдың  негізгі кезеңдері:

- әлеуметтік  қалыптар мен  тұлға  арасындағы  қайшылықтардың  пайда  болуы;

- баланың   әлеуметтік  талаптарды  қабылдамауы,  оны  жоққа  шығаруы;

-  баланың  заңға  қайшы  әрекеттері ( бұзақылық,  ұрлық т.с.с);

-  заңға   қарсы  әрекеттердің  жасалуы;

- асоциалды  әрекет тәжірибесінің жинақталуы (күш  көрсету, бұзақылық, өтірік айту,  алдау, ұрлық  жасау);

- асоциалды  іс-қимыл тобына енуі;

-  қылмыс  жасауы.

       Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

оқушыларды салауатты  өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды  тиімді пайдалану;

салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын  пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар  құру;

       Балалар  мен  жасөспірімдердің девиантты  мінез-құлқын,  іс-қимылын болдырмау мақсатындағы әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің мынадай бағыттары анықталады:

 Балалардың    мінез-құлық,  іс-қимылдарының әлеуметтік  ауытқуын  дағы  отбасының  рөлі.

а)  болашақ  ата-аналарды  отбасылық  өмірге  дайындау және  өз  балаларын  тәрбиелеуі. Ол  үшін мыналарды  зерттеуі  керек:

- отбасын мүшелерінің   қарым-қатынас негіздері;

- отбасы  ішілік  шиеленістер,  оның  пайда  болу  себептері,  алдын  алу  мүмкіндіктері  және  жеңу жолдары; 

- отбасы шаруашылығын  жүргізу, отбасы  қаржысы;

- балалық,  жасөспірімдік   кезеңдердегі отбасылық тәрбие  негіздері;

- отбасылық құқық  негіздері.  Бала  құқықтары  жөніндегі   декларация және   ата-аналар, олардың орнындағылардың   құқығын   анықтайтын құжаттар;

б)  отбасында  жағымды  адамгершілік қалыптарын, отбасы  ішілік  қарым-қатынастарды,  яғни  отбасылық  моральді -  психологиялық  ахуалды сақтау;

в) отбасы  тәрбиесінде  қателіктерге  жол  бермеу;

г) баланың  тұрақты  адамгершілік бағыттары мен  ұстанымдарын қалыптастыру;

д) балалық шақтан  еріктік сапалары  мен өзін-өзі құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу арқылы  адамгершілік-жігерлік қасиеттерін қалыптастыру;

е)  балаға  күш  көрсетіп,  жәбірлеуге, ерік-жігерін  төмендетуге  немесе керісінше, күш  культін қалыптастыруға жол  бермеу, өйткені соның салдарынан  олар  әлсіз адамдарға зорлық  жасауға, өктемдікке  бейім келеді;

ж) балалар мен  жасөспірімдерді   ішімдікке,  шылым  шегуге тартып,  оларды құмар  ойындарға әуестендіруге  жол  бермеу;

з) баланы  өзін-өзі тәрбиелеуге  және онымен жұмыс  жүргізу  әдістемесіне  үйрету;

      Балалар,  жасөспірімдер мен  бозбалалардың  әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешетін орталықтар  жүйесін  дамыту:

- педагогикалық  коррекция   және  педагогикалық  реабилитация;

- медициналық-әлеуметтік-психологиялық орталықтарда балалар  мен  жасөспірімдердің   маскүнемдігі  мен  нашақорлығын  жеңу,  сонымен  қатар  зорлық  құрбандарын  сауықтыру,  әлеуметтік  виктимология.

     Бүгінгі қоғамда девиантты мінез-құлықты жеткіншектермен жұмыс істеудің профилактикалық (алдын алу) және реабилитациялық технологияларын кеңінен насихаттау және жетілдіру – басты міндет.  
Профилактика – жеткіншектердің мінез-құлқында әртүрлі әлеуметтік ауытқулардың сипаттарын қалыптастыратын себептер мен жағдайлардың алдын алуға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-медициналық және тәрбиелік-ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығы.  
Әлеуметтік педагогикадағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарында ең алдымен дер кезінде ұйымдастырылған шаралар мынадай бағытты ұстануы тиіс:  
- әлеуметтік қауіпті топта деп табылған кәмелет жасына толмаған баланың дене, психологиялық және әлеуметтік-мәдени жағдайының алдын алу;  
- баланың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру деңгейін қолдау, қорғау және сақтау;  
- баланың әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне және ішкі потенциалын ашуға көмектесу.  
      Әлеуметтік ауытқу әртүрлі себептер мен жағдайларға байланысты болғандықтан, профилактикалық шараларды бірнеше топқа бөлуге болады:  
- бейтараптандырушылық;  
- теңестірушілік;  
- әлеуметтік ауытқушылыққа алып келетін жағдайлардың туындауын ескертушілік;  
- келеңсіз жағдайларды жоюшылық;  
- профилактикалық жұмыстар мен оның нәтижелерін бақылаушылық.  
Профилактикалық шаралардың өтуі жоғары тиімділікті болуы үшін белгілі бір шарттарды ескеру маңызды. Ондай шарттарды ғалымдар мынадай құрамда көрсетеді:  
- баланың әлеуметтік ортада, табиғатта өзін қолайсыз сезінуіне әсер етіп тұрған көздерді болдырмау. Сонымен қатар, өмірінде кездескен кедергілер мен қиыншылықтарды өздігінен шешуге қажетті тәжірибені меңгеруіне жағдай туғызу;  
- баланың алдына қойған мақсаты мен денсаулығын сақтауға бағытталған жоспарына қол жеткізу үшін көмегі тиетін жаңа дағдыларды үйренуге оқыту;  
- әлі пайда болмаған мәселелердің шешімін табуға үйрету және олардың пайда болуының алдын алу.  
       Концептуалдық тұрғыдан профилактикалық технологияларды пайдаланғанда бұл мәселеге ақпараттық тұрғыдан келу маңызды. Бұл жеткіншектер мінез-құлқындағы әлеуметтік қалыптан ауытқудың болуы кәмелетке толмаған жеткіншектің ол туралы білмейтіндігіне негізделеді. Сондықтан жұмыстың негізгі бағыты кәмелетке толмаған балаларды олардың құқықтары мен міндеттері туралы, әртүрлі жас ерекшеліктеріндегі топтар үшін қоғам мен мемлекет тарапынан анықталған әлеуметтік қалыптың орындалу қажет етілетін талаптары туралы ақпараттандырудан тұруы тиіс. Мұндай іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы іске асыруға болады.  
        Әлеуметтік-профилактикалық тұрғыдан келудің негізгі мақсаты әртүрлі негативті құбылыстарды қалыптастыратын себептер мен жағдайларды айқындау, кейіннен жоюды қарастырады. Бұл келістің мәні девиантты мінез-құлықтың себептерін жою мен азайту үшін мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-педагогикалық мекемелер тарапынан және әлеуметтік педагог тарапынан ұйымдастырылатын әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, ұйымдастырушылық, құқықтық және тәрбиелік шаралардың жүйесінде болып отыр. Егер осы бағыттағы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілмесе, онда жеткіншектер арасында нашақорлықпен айналысу әркімнің өз шаруасы, ал наркотикті таратқандар ғана жазаға тартылады деп ойлауы әбден мүмкін болады. Сондықтан жаза олардың наша қолданғаны үшін де қолданылатынын насихаттау және жаман қасиеттер мен әдеттерден бойын аулақ салу туралы көптеп насихат жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.  
Девиантты мінез-құлықтың алдын алудың маңызды бағытының бірі ақпараттық және әлеуметтік-профилактикалық келістермен қатар қолданылатын медициналық-биологиялық келіс болып табылады. Оның мәні әлеуметтік қалыптан ауытқу мүмкіндіктерінің алдын алудан тұрады. Онда әртүрлі психикалық паталогиямен ауыратын адамдарға мақсатты бағытталған профилактикалық-емдеу шаралары өткізіледі. Егер адамның психикасында патологиялық бұзылушылық орын алған жағдайда ол өз әрекетіне немесе қоғамдық мінез-құлық нормалары мен талаптарын бұзғандығына есеп бере алмайды. Бұл күй адамның өзгермелілігін анықтайтын құбылыс ретінде танылады. Сондықтан жеткіншек жастағы баланың бойынан байқалған әрекеттері арқылы оның өкінішке апарып соқтыратын әрекетке баруының алдын алу және алдын ала айқындау маңызды.  
      Әлеуметтік-педагогикалық келіс. Ол девиантты мінез-құлықты баланың тұлғалық қасиеттерін, әсіресе, тұлғаның адамгершіліктік және еріктік қасиеттерін коррекциялау және қайта қалпына келтірумен байланысты сипатталады. Жеткіншекте ұнамды еріктік сапаларды қалыптастыруды ерік туралы дұрыс көзқарасты қалыптастырудан бастаған жөн. Бұл процесс бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылады.  
Бірінші кезең - жекелеген еріктік сапалардың мәнін ашу, олардың мысалдарын көрнекілік тұрғысында дұрыс жеткізу;  
Екінші кезең - жеткіншектердің еріктік сапалары туралы көзқарастарын қорыту, батырлық пен тәкаппарлық, бірбеткейлік пен қырсықтық, өз бетінше еңбектенуге қабілеттілік пен өзгелер пікіріне деген құрметтің төмендігі түсініктері арасындағы айырмашылықтарды айқындау. Бұл кезеңдегі тәрбиешілердің ең бірінші кезектегі міндеті жеткіншектердің ерік туралы мифологиялық көзқарастарын өзгерту болып табылады. Бұл жеткіншектерді қайта тәрбиелеудің бастамасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жеткіншектердің өзіне және өз ісіне сын көзбен қарап, баға беру дағдыларын қалыптастыру қажет.  
Үшінші кезең - жоспарлы түрде өз кемшілігін іздеу, оны түзетудің жолдарын қарастыру және өзін-өзі тәрбиелеу кезеңі. Бұл кезеңде әлеуметтік педагог жеткіншектің қалыптасуында өзіне дұрыс баға бере білуіне, жеке кемшіліктеріне төзбеу сезімін оятуға көмектесуі тиіс.  
Төртінші кезең - өзін-өзі тәрбиелеудің саналы түрдегі жүру процесі, өзін-өзі дәлелдеу мен өзін-өзі дамытуға деген қажеттілігін іске асыру кезеңі.  
Бұл кезеңдердің бірізді жүруі жеткіншектің өз құқығын сыйлайтын азамат ретіндегі әлеуметтік-қолдаушылық рөлін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы тұста ғалым М. А. Галагузова қытайдың мынадай: «Шешуі жоқ жағдай болмайды, тек дұрыс шешім қабылданбаған жағдай болады» деген аталы сөзін келтіре отырып, тәрбиеде де түзелмейтін бала болмайтынын, барлық балаларды тәрбиелеу мүмкін екендігін тұжырымдайды.  
      Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің келесі түрі –қоғамдағы қалыпты мінез-құлыққа бейімделмеген балаларды әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялау. Реабилитацияны кең ауқымды міндеттерді шешуге бағытталған, бала бойында қарапайым дағдыларды қалыптастырудан адамды қоғаммен толық интеграциялауға дейінгі шаралардың жүйесі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, реабилитацияны тұлғаға жекелеген психикалық және дене қызметтерінің ықпал ету нәтижесі ретінде де қарастыруға болады. Реабилитация түсінігінің адам организмінің белгілі бір ортаға үйренісуімен түсіндірілетін адаптация (бейімделу) ұғымынан айырмашылығы - оның қайта қалпына келтіру, белсенді ету мағынасындағы түсініктерімен баламалы қабылдануында. Реабилитациялық процесте қалыптасқан кедергіні жеңу мақсат етілсе, адаптация процесінде қалыптасқан құбылысқа үйренісу, бейімделу көзделеді. Бұдан шығатын қорытынды, реабилитация дегеніміз - баланы қоғамдағы белсенді өмірге және қоғамдық пайдалы еңбекке қайтаруды мақсат еткен шаралардың жүйесі деуге болады. Реабилитацияның бірнеше түрлері анықталған. Олар: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби және тұрмыстық.  
     Медициналық реабилитация бала организмінің бұзылған функциясын толық немесе ішінара қайта қалпына келтіруге бағытталады.  
    Психологиялық реабилитация девиантты мінез-құлықты жеткіншектің өзін тұлға ретінде ешкімге керексіз сезіну санасын психологиялық тұрғыдан жеңуге бағытталады.  
    Кәсіби реабилитация жеткіншекті өзінің қолынан келетін еңбек формасына, қысқартылған жұмыс күні мен жеңілдетілген еңбек жағдайы жасалған жұмыс орнын іздестіруге оқыту немесе қайта оқытуды қарастырады.  
    Тұрмыстық реабилитация жеткіншектің қалыпты өмір сүру жағдайына қол жеткізуін қарастырады.  
   Әлеуметтік реабилитация – әлеуметтік ортада баланың өмірлік тіршілік ету қабілеттерін қайта қалпына келтіру процесі. Сонымен қатар, қандай да бір себептерге байланысты бұзылған немесе шектелген баланың өмір сүретін ортасының өзі мен жағдайын қайта қалпына келтіру процесі.  
   Әлеуметтік-экономикалық реабилитация баланы заңды түрде қорғау мен оған тиісті қаржылық төлемдерді қамтамасыз етуді мақсат еткен шаралар кешені деп. түсіндіріледі.  
   Әлеуметтік-педагогикалық реабилитация баланың белсенді өмірлік позициясында, өмірлік әрекетінде үлкен маңызға ие болатын тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік сипаттағы шаралардың жүйесі. Бұл шаралар баланы қоғамға енуге, өзіне-өзі қызмет етуде қажетті біліктер мен дағдыларды және ұнамды әлеуметтік рөлдерді игеруге, қоғамдағы мінез-құлық ережелерін меңгеруге, қажетті білім алуға мүмкіндік туғызады.  
   Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді өмірге қайта бейімдеу реабилитациялық орталықтар деп аталатын мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады. Мұндай мекемелердің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:  
- балалар мен жеткіншектердің қараусыз қалуының, қаңғыбас және әлеуметтік ортаға бейімделмеген болуының алдын алу;  
- ата-аналарының кесірінен немесе экстремалдық жағдайлардың салдарынан қиын өмірлік жағдайларға тап болған (соның ішінде дене жағынан және психикалық тұрғыдан қысым көрген, қауіпті жағдайда өмір сүретіндер және т.б.) балаларға медициналық-психологиялық көмек көрсету;  
- қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас жасау дағдысы мен жағымды мінез-құлықтың әлеуметтік тәжірибелерін қалыптастыру;  
- ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар мен өмір сүру жағдайы жоқ балаларға қамқорлық көрсету қызметін орындау;  
- тұлғаны дағдарыстық жағдайынан шығаруға мүмкіндік беретін психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету;  
- отбасына қайта оралу үшін ықпал ету;  
- білім алуға, қалыпты дамуға мүмкіндікті қамтамасыз ету;  
- алдағы уақытта тұрмыстық және кәсіби орналасуға қамқорлық жасап тұру.  
Бір сөзбен айтқанда, мұндай мекемелердің негізгі мақсаты көмекке мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету болып табылады. Мұндай мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық реабилитация үш негізгі кезеңде: диагностикалау, реабилитациялық бағдарламаны жасау мен іске асыру, реабилитациялық жұмыстан кейінгі баланы қорғау кезеңдерінен тұрады.  
Диагностика кәмелетке толмаған баланың эмоционалдық-танымдық, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын, әлеуметтік рөлдерінің, кәсіби қызығушылығының даму деңгейлерін анықтауға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді көздейді. Реабилитациялық бағдарлама әрбір бала үшін жеке жасалады, ол құрамында: мақсаты, міндеттері, әдістері, формалары, құралдары мен қызметтің кезеңдері секілді негізгі элементтерді қамтиды. Реабилитациялық бағдарламаның негізгі мақсаты баланың қоғамдағы коммуникативтік дағдыларын жинақтауына көмектесу және адамгершіліктік құндылықтарын коррекциялау мен қалыптастыру болып табылады. Реабилитациялаудан кейінгі қорғаушылық баланың реабилитациялық орталықтан шыққаннан кейін туындаған кикілжіңдерді коррекциялау мен жүйелі бақылауға алу арқылы отбасымен, достарымен және мектеп ұжымымен үйлесімді қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге көмектесуді көздейді.  
      Тұжырым:  
- девиантты мінез-құлықты балалардың қоғамда болуы әртүрлі әлеуметтік ықпалдардың және тәрбие институттарының қызметіндегі олқылықтардың нәтижесінде пайда болады;  
- девиантты мінез-құлықты балалардың дені өтпелі кезеңге сәйкес келетіндігі олардың азаматтық қалыптасуында әлеуметтік орта тарапынан болған мұқтаждықтарына көмектің дер кезінде көрсетілмеуінен туындайды;  
- кез- келген қайта тәрбиеленетін немесе қайта әлеуметтік ортаға қайтарылған бала реабилитациялық қамқорлықты қажетсінеді. Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ  АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                      ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

ЖАЛПЫ,ЖАС  ЕРЕКШЕЛІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

      «ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ  ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» МАМАНДЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

  ЭССЕ

 

 

    Тақырыбы: Әлеуметтену үрдісінің баланың мінез-құлқына әсері

 

 

 

 

 

                                                                   Орындаған:Нагашбай М.М.

                                                                   Тексерген:Алимбекова А.А.


Информация о работе Әлеуметтену үрдісінің баланың мінез-құлқына әсері