Әлеуметтанулық ілімдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:34, реферат

Краткое описание

Герберт Спенсер-ағылшын философы,психолг,инженер және әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді.

Содержание

О.Конт – әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы;
Г.Спенсердің органикалық теориясы;
Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық ілімі;
М.Вебердің түсіну әлеуметтануы;
К.Маркстің әлеуметтанулық теориясы;

Прикрепленные файлы: 1 файл

соц.docx

— 58.53 Кб (Скачать документ)

Дәріс тақырыбы: Әлеуметтанулық ілімдер

Дәріс тақырыбы: Әлеуметтанулық ілімдер  

 

Дәріс сұрақтары:

  1. О.Конт әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы;
  2. Г.Спенсердің органикалық  теориясы;
  3. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық ілімі;
  4. М.Вебердің түсіну әлеуметтануы;
  5. К.Маркстің әлеуметтанулық теориясы;

 

  

 

 

 

Огюст  Конт - әлеуметтанудың негізін қалаушы ретінде  

 

О.Конт бойынша білімнің даму сатысы:  

 

О.Конттың әлеуметтанудағы ең алғашқы  еңбегі: “Жағымды философия курсы”   

 

Огюст Конт – француз  философы, әлеуметтанушысы, әлеуметтанудың ғылым  ретінде негізін  қалаушы, позитивтік мектепті құрушы 

 

Теологиялық саты: адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы  себептерін табуға тырысады, ол “абсолютті білімге ұмтылады”.  

 

Фетишизм  

 

Политеизм 

 

Монотеизм 

 

Метоафизикалық саты: адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының  басты амалдарын ұғынуға тырысады  

 

Позитивтік саты: ғылыми кезеңнің негізгі белгісі – мұнда қиялдың бақылауға алынып, ғылымның дамуымен байланысты

О.Конт жасаған ғылымның топтамасы:  

 

Әлеуметтану  

 

Биология 

 

Химия 

 

Физика 

 

Астрономия 

 

Математика  

 

Алғаш рет Конт “әлеуметтану”  сөзін 1839 жылы “Позитивті философия курсы” еңбегінің 47-ші дәрісінде қолданды.  

 

О.Конт әлеуметтануды алғаш рет  “әлеуметтік физика” деп атады 

О.Конттың  статикасы мен динамикасы  

 

Әлеуметтік  статиканың негізгі мақсаты - әлеуметтік тәртіп заңдарын табу .  

 

Әлеуметтік  динамиканың негізгі мақсаты  – прогресс заңдарын анықтау.  

 

Әлеуметтік  статика – әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия  

 

Әлеуметтік  динамика – әлеуметтік организмнің құрылымының жүзеге асуын қарастыратын әлеуметтік физиология

Герберт Спенсердің органикалық теориясы  

 

Герберт Спенсер –ағылшын философы, әлеуметтанушысы, әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі  

 

Спенсердің еңбектері: “Синтетикалық  философия”, “Негізгі бастамалар”, “Әлеуметтану негіздемелері”, “Әлеуметтану зерттеу  пәні ретінде”  

 

Г.Спенсер бойынша эволюция – қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның барысында зат белгісіз, байланыссыз әрекеттілік күйінен белгілі, өзара байланысқан әртекті күйге өтетін заттар интеграциясы, ол зат сақтаған қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді

Г.Спенсер бойынша  қоғамның органикалық теориясының  мәні: 

 

Қоғам бтологиялық  және әлеуметтік факторлар арқылы өзара  тығыз байланысты жүйе  

 

Қоғамның  барлық салалары өзара тығыз байланысты және осы байланыссыз жалғыз қызмет ете алмайды  

 

Тірі организм мен қоғамның ұқсастығы:  

 

Барлық  қоғам тірі организм секілді кеңейеді  

 

Екеуі де күрделенеді  

 

Мүшелерінің бір бірімен тығыз байланыста қызмет атқаруы

Эмиль Дюркгеймнің әлеуметтанулық ілімдері 

 

Эмиль Дюркгейм – француз  әлеуметтанушысы, әлеуметтануды  ғылым, мамандық және оқу пәні ретінде қалыртастырушылардың бірі  

 

Э.Дюркгеймнің еңбектері: “Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы”, “Әлеуметтану әдісі”, “Өзін-өзі өлтіру” және “Діги өмірдің қарапайым белгілері”  

 

Э.Дюркгейм бойынша әлеуметтану  құрылымы үш негізгі саладан тұруы  тиіс: морфология, әлеуметтану және жалпы әлеуметтану.  

 

Әлеуметтік морфология, анатомия тектес, қоғам қалай құрылған, онығ құрылымы көрінісінің  материалдық белгілері: әлеуметтік ұйымдар, халықтың құрамы, оның тығыздығы секілді мәселелерді зерттеумен айналысуы тиіс 

 

Әлеуметтік физиология қоғам тіршілігінің әртүрлі салаларын зерттейді, ол бірнеше теорияларға бөлінеді: дін әлеуметтануыв, экономикалық әлеуметтану 

 

Жалпы әлеуметтану алғашқы екі бөлімнің жетістіктері мен тұжырымдарын синтездейді және біршама ортақ әлеуметтік заңдарды орнықтырады

Э.Дюркгеймнің  әлеуметтік деректер туралы ойлары  

 

Э.Дюркгеймнің  айтуынша, әлеуметтану  ұжымдық сана қалыптастыратын әлеуметтік деректер туралы (ойлар, нормалар, құндылықтар) ғылым  

 

Э.Дюркгеймнің  ұстанымы: “Әлеуметтік деректерді зат ретінде қарастыру керек”  

 

Әлеуметтік  деректер – топтық және бұқаралық сананың көрінісі. Олардың адамға әсері саналы ұйымдастырылған және әлеуметтік институттар арқылы жүзеге асады. 

 

Э.Дюркгеймнің  ынтымақтастығы:  

 

Механикалық ынтымақтастық. Ол архаикалық немесе қарабайыр  қоғамдарда басымдық танытады. Механикалық  ынтымақтастық-ұқсастық нәтижесіндегі ынтымақтастық.  

 

Органикалық ынтымақтастық. Оның мүшелері қызметтерінің  саралануының, қоғамдық еңбек бөлінісінің  тереңдеуінің жемісі. Адамдар мұнда  бір-бірінен түрлі сипаттарына байланысты әртүлі болып келеді.

Э.Дюркгейм мол әлеуметтік деректерге сүйене отырып, өзін-өзі өлтіру ықтималдығын анықтауда әлеуметтік негіздеудің шешуші маңызы бар екенін көрсетті. Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, Э.Дюркгейм өзін-өзі өлтірудің бірқатар заңдылықтарын көрсеткен. Мысалы, қалалық жердегі адамдардың ауылдық жерге қарағанда өзін өлтіруге көп баратындығы, католиктермен салыстырғанда протестанттықтарда, отбасыларға қарағанда бойдақтарда, әйелдерге қарағанда ерлерде көп болатындығы көрсеткен.  

 

Э.Дюркгеймнің өзін-өзі өлтіру ілімі   

 

Э.Дюркгейм бойынша өзін – өзі өлтірудің түрлері:  

 

Эгоистік өзін-өзі өлтіру. Шектен шыққан жекелік өзін-өзі өлтіруге итермелеуші  күш.   

 

Альтруистік өзін-өзі өлтіру. Сонымен қатар, бұл түрді басқаша “эндемикалық” деп атаған. Бұл тип жұртшылық дарашылықты толығымен жұтып қойғанда жүзеге асады деген. Басқалар үшін өзін құрбан ету.  

 

Аномиялық өзін-өзі өлтіру. Аномия –»әлеуметтік өзара әрекеттестікті басқаратын нормалардың жоғалуымен сипатталады.

Макс Вебердің түсіну әлеуметтануы  

 

Макс Вебер – аса көрнекті неміс әлеуметтанушысы, тарихшы, экономист, заңгер.  

 

М.Вебердің еңбектері: “Шаруашылық  қоғам”, “Протестанттықэтика және капитализм рухы”  

 

Әлеуметтік шындық пен әлеуметтанушылық танымның ерекшелігін сараптай отырып, Вебер адам қоғамы туралы ғылымның маңызды белгілерінің бірі жете ұғыну  болуы тиіс деген қорытындыға  келеді. Вебер адамдар өз әрекеттеріне қандай мағына берсе, әлеуметтану соны түсінуі тиіс дейді. Сол үшін Verstehen терминін енгізеді. Ол неміс тілінен аударғанда “ұғыну, түсіну” деген мағынада. Түсіну тұжырымдамасының мәні мынада: адамдар өздерінің нанымдары бойынша мақсатқа қызмет ететіндігін және өздерінің іс-әрекеттеріне қандай мән беретіндігін көру үшін өзін солардың орнына қою.

М.Вебердің әлеуметтануға сіңірген еңбегі:  

 

Іс-әрекет теориясы  

 

Рационалдылық идеясы  

 

Діни этика 

 

Идеалды тип  

 

Саяси легитимділік 

 

Бюрократияның жағымды сипаттамасы 

М.Вебердің іс-әрекет теориясы  

 

Әлеуметтік  іс-әрекет деп адамның (ішкі және сыртқы сипатына қарай) әрекет етуші жеке адам немесе жеке адамдар онымен субъективті мән-мағына байланыстыратын іс-әрекетін айтамыз.  

 

М.Вебер бойынша әлеуметтік іс-әрекет түрлері:   

 

Мақсатқа сай ұтымды іс-әрекет – алға қойылған мақсаттың айқындылығымен сипатталады. Мысалы: абитуриеттің жыл бойы дайындалып өзі армандаған мамандығы бойынша оқуға түсуі  

 

Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет – құндылықтың толықтығына сенуге негізделген қылықтарды жүзеге асыруды білдіреді. Мысалы, досыңызға сүйікті дүниеңізді сыйлауыңыз  

 

Дәстүрлі іс-әрекет – дәстүрді ұстану негізінде қалыптасатын іс-әрекет. Күнделікті үйреншікті іс-әрекеттерді қайталау негізінде жүзеге асады. Мысалы, күнделікті танертен жуыну 

 

Аффективті іс-әрекет – қорқыныш, өшпенділік, ашу, құмарлықтың және т.б. Өршуі сияқты белгілі бір эмоционалды күй

М.Вебердің діни этикасы 

 

Макс  Вебер дін әлеуметтануының негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Вебер үшін діни топтар өкілдерінің құндылықтық және мінез-құлықтық ерекшелігін сараптауға сүйену тиімдірек болды. Дін Веберді адамдардың іс-әрекеті дәлеленің ерекше, сондай-ақ аса маңызды түрі ретінде қызықтырды.  

 

Вебер дінге үлкен мән беріп, оны дербес әлеуметтік құрылым ретінде  өмір сүретін және жалпы қоғамның мәндік-символдық, құндылықтық жүйесін анықтайтын, негізін қалайтын әлеуметтік-мәдени институт деп есептеді.  

 

Діннің  басты рөлін Вебер оның құндылықты бағдардың алғашқы себебі бола алатынын көрді, соның арқасында дін әлеуметтік іс-әрекетке мән-мағына берудің маңызды әдісі ретінде көрініс табады, оның маңызы мен мақсатына себепші болады деп есептеді.  Діни тұжырымдардың көмегімен адам өзінің өмірінде болып жатқан оқиғаларды мән бар немесе мәні жоқ деп жіктейді. Дін әлем бейнесін, нормалар мен басымдылықтар жүйесін құрайды, осыған сәйкес жеке адам өзінің іс-әрекетін бағыттайды. Осылайша реттеу қағидалары мен нұсқаулар кешені пайда болып, этикалық принциптер қалыптасады  

 

Дін әлеуметтануына арналған алғашқы  зерттеулер М.Вебердің “Протестанттық этика және капитализм рухы” еңбегінде  көрініс тапқан

М.Вебер бойынша  идеалды тип  

 

Вебер әлеуметтануының тағы бір әдіснамалық  ерекшелігі өзі жасаған идеалды  типтер тұжырымдамасы болып табылады. Сан алуан деректік тарихи материалдық  зерттеушіге бағыт пен өзара  байланыстылықты табуға көмек беретіндей танымдық нысанын жасау қажеттігі  Вебердің саналы түрде идеалды типтер ұғымының пайда болуына алып келді.  

 

Идеалды тип тұжырымдамасы – әлеуметтік іс-әрекеттер теориясының маңызды құраушысы болып табылады  

 

Әлеуметтік іс-әрекет түрлері:  

 

  • Мақсатқа сай іс-әрекеттер;
  • Құндылыққа сай іс-әрекеттер;
  • Дәстүрлі іс-әрекеттер;
  • Аффективті іс-әрекеттер.

 

 

М.Вебер бойынша  саяси легитимділігі  

 

Саяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. 

 

Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:

1) ол  халықтың қалауы  бойынша қалыптасуы  және көпшіліктің  еркіне қарай орындалуы  керек;

2) мемлекеттік  билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. 

 

М. Вебер  билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен:

1) Дәстүрлі легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді;

2) харизматикалық  легитимдік. Мүнда  өзінің ерекше  батырлығымен, адалдығымен  немесе басқа үлгілі  қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ету;

3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі.  Саяси билік қазіргі  саяси құрылым  орнатқан құқықтық  ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

Карл Маркстің әлеуметтанулық теориясы  

 

Карл Маркс – неміс философы, әлеуметтанушысы, марксизмнің негізін қалаушы.  

 

К.Маркс әлеуметануында қарастырылатын негізгі теориялар мен түсініктер:  

 

Таптар күресі немесе шиеленістер  теориясы  

 

Еңбектен оқшаулану  

 

Тарихи материализмі  

 

Базис және қондырма  

 

Қоғамдық-экономикалық формциясы

К.Маркс бойынша таптық күрес  немесе шиеленістердің әлеуметтік сипаты  

Информация о работе Әлеуметтанулық ілімдер