Әлеуметтанудың обьектісі және пәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 19:17, реферат

Краткое описание

.Экстенсивті Даму Жолы – экономиканың бұрынғы техникалық негіздерін сақтай отырып, сандық факторлар: қосымша жұмыс күшін тарту, кәсіпорындардың, цехтардың, телімдердің санын, жаңа құрылыс нысандарын көбейту есебінен өндірістің көлемін ұлғайту тәсілі. Экстентивті даму жолында өндіріске ресурстар (табиғи, еңбек, материалдық ресурстар) көп көлемде тартылады, бірақ бұл орайда техника мен технологияда, еңбекті ұйымдастыруда, қызметкерлердің біліктілігінде елеулі өзгерістер болмайды.Ауыл шаруашылығында Экстенсивті даму жолының экономика өсуіне шаруашылық айналымға жаңа жер телімдерін тарту, материалдық-тех. базаны өзгертпестен өсімдіктердің бұрыннан қолданылып келе жатқан сорттарын, мал тұқымдарын пайдалана отырып, өндірісті кеңейту жолымен қол жеткізіледі. Өндірістің экстенсивті жолмен даму мүмкіндіктері салыстырмалы түрде шектеулі

Прикрепленные файлы: 1 файл

12 апта.docx

— 24.92 Кб (Скачать документ)

                                            12 апта

1.Экстенсивті Даму Жолы – экономиканың бұрынғы техникалық негіздерін сақтай отырып, сандық факторлар: қосымша жұмыс күшін тарту, кәсіпорындардың, цехтардың, телімдердің санын, жаңа құрылыс нысандарын көбейту есебінен өндірістің көлемін ұлғайту тәсілі. Экстентивті даму жолында өндіріске ресурстар (табиғи, еңбек, материалдық ресурстар) көп көлемде тартылады, бірақ бұл орайда техника мен технологияда, еңбекті ұйымдастыруда, қызметкерлердің біліктілігінде елеулі өзгерістер болмайды.Ауыл шаруашылығында Экстенсивті даму жолының экономика өсуіне шаруашылық айналымға жаңа жер телімдерін тарту, материалдық-тех. базаны өзгертпестен өсімдіктердің бұрыннан қолданылып келе жатқан сорттарын, мал тұқымдарын пайдалана отырып, өндірісті кеңейту жолымен қол жеткізіледі. Өндірістің экстенсивті жолмен даму мүмкіндіктері салыстырмалы түрде шектеулі. Өйткені экономика дамуының әрбір кезеңінде қызметкерлер санын көбейтудің, айналымға қосымша ресурстар (шикізат, материалдар, отын, т.б.) тартудың белгілі бір шегі бар. Іс жүзінде экстенсивті және интенсивті даму жолдары таза түрінде болмайды, олар бір-бірімен ұштасып жатады. Сондықтан басым экстенсивті және басым интенсивті даму жолдарына ажыратылады.

Ауыл шаруашылығын экстенсивті жолмен дамыту – жаңа жерлерді игеру арқылы егіс көлемін үлкейту, мал басын көбейту, жаңа шаруашылықтар құру, ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің санын көбейту нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімі көлемін көбейту.

2. Тұрмыс деңгейі - халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі.

Тұрмыс деңгейін жалпы  ел бойынша ұлттық-тарихи ерекшеліктерді ескере отырып, жекелеген аумақтар бойынша әлеум. топтар жағдайының өзгешеліктерін басшылыққа ала отырып, осы топтар бойынша бағалауға болады. Халықтың Тұрмыс деңгейін сипаттау үшін материалдық  игіліктердің көлемін, құрамын, олардың  халықтың жекелеген топтары арасында пайдаланылуы мен бөлінуін сипаттайтын  статистикалық деректер негізінде  қалыптасатын бірқатар әлеум-экономика көрсеткіштер (индикаторлар) қолданылады.

Халықтың Тұрмыс деңгейінің негізгі көрсеткіштері: халықтың ақшалай  табысы, жалақының мөлшері, күнкөріс минимумының шамасы, тағайындалған  зейнетақының орташа мөлшері, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық адамзат  әлеуетінің дамуы мен пайдаланылуы деңгейін кешенді түрде бағалау  ретінде қарастыратын адамзаттың дамуы  индексінің көрсеткіші.

Халықтың Тұрмыс деңгейі  мен сапасын арттыру қоғамдық дамудың қазіргі кезеңде республиканың әлеуметтік саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. 19 ғасырдың 90-жылдарының 1-жартысында өтпелі кезеңнің объективті қиындықтарымен байланысты Тұрмыс деңгейінің төмендеу үрдісі орын алды. Соңғы жылдары Қазақстан халқының Тұрмыс деңгейі өсуі байқалды. 1996 – 1997 жылы, әсіресе, 1999 – 2000 жылы еліміздің экономикалық өрлеуге бет алуы халықтың табысы мен Тұрмыс деңгейінің көрсеткіштеріне игі ықпалын тигізді.

2000 жылы халықтың барлық ақшалай табысының нақты өскендігі байқалды. Бұл жылы халықтың жылдық ақшалай табысының орташа мөлшері 1999 жылдың осындай көрсеткішінен 16,9%-ға асып түсіп, 47795 теңгеге жетті. Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2000 жылы 3,6%-ға өсті. Ұзақ пайдаланылатын тауарлар бағасы деңгейінің біршама тұрақтандырылуына орай қолдағы ақшалай табыс көлемінің өсуі халықтың төлем төлеуге қабілетті сұранысын арттырды. Сондай-ақ ішкі нарықтың күнделікті сұраныс тауарларымен және ұзақ пайдаланылатын тауарлармен молығуы оларды тұтыну көлемінің көбеюіне септігін тигізді. Халықтың мәдени-тұрмыстық және шаруашылық тауарларымен қамтамасыз етілуі кеңестік кезеңдегімен салыстырғанда көбеюі өтпелі кезеңдегі оң құбылыс болды. Мысалы, 1985 жылы халықтың 100 отбасына шаққанда 36 магнитофоннан келсе, 2000 жылы бұл көрсеткіш 115 данаға жетті, телефонмен қамтамасыз етілу 38 данадан 55 данаға артты, электрлі шаңсорғыштың саны тиісінше 33 данадан 65 данаға, жеңіл автомобильдің саны 16-дан 26-ға, тоңазытқыш 97-ден 118-ге көбейді. Жеке меншіктегі автомобильдің саны тұрақты түрде артқаны байқалды. 1998 жылы мың адамға шаққанда 62 автомобильден келсе, 2000 жылы 65 автомобильге жетті. 90-жылдары халықтың тұрғын үй жағдайы айтарлықтай жақсарды. 1985 жылы тұрғын үймен қамтамасыз етілудің орташа көрсеткіші бір тұрғынға шаққанда 12,9 м2 болса, 1999 жылы ол 16,5 м2-ге көбейді. Үкіметтің елдегі экон. ахуалды жақсарту жолында жүргізген нысаналы іс-қимылы нәтижесінде жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі, табыс пен трансфертті ескергенде, 2000 жылы 31,8%-ды құрап, айтарлықтай азайды, ал 1998 жылы бұл көрсеткіш 39%-ды құраған болатын. Адамның дамуы индексінің (АДИ) көрсеткіші (халықтың жан басына шаққандағы өндірілген нақты ЖҚӨ-нің көлемі, өмірдің ұзақтығы мен тұрмыс сапасы, білім алу және білімді жетілдіру мүмкіндігі) 1991 жылдан 1995 жылға дейінгі кезеңде 0,768-пункттен 0,726 пунктке дейін төмендеді. Бұдан кейінгі жылдары халықтың жан басына шаққанда нақты ЖҚӨ көлемінің ұлғаюы нәтижесінде АДИ көрсеткішінің өсу серпіні, сондай-ақ туылған адамның өмір жасы ұзақтығының артуы (1995 жылы 63,5 жастан 1999 жылы 65,5 жасқа ұзаруы) байқалды. Білім деңгейі индексінің 0,927 пунктке дейін көбеюі халықтың сауаттылық деңгейінің жоғары екендігін дәлелдейді. Халықтың Тұрмыс деңгейін дәйектілікпен жасарту, әлеум. теңсіздікті төмендету, кедейліктің ауқымын қысқарту, халықтың неғұрлым осал жіктерін қолдау мақсатымен ҚР Үкіметі “Білім”, “Халықтың денсаулығы” бағдарламаларын, кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасын қабылдады. Халықты әлеум. қорғау жүйесі қайта құрылды, халыққа мемлекет тарапынан атаулы әлеум. көмек көрсетіле бастады. Халықтың неғұрлым осал жіктерінің әлеум. қорғалуын қамтамасыз ету үшін мүгедектік бойынша асыраушысынан айрылған жағдайда, құрсақ көтеріп, бала туғанда арнаулы жәрдемақы бөлінетін болды, оралмандарды әлеум. қорғау жөнінде нысаналы іс-шаралар жүргізіледі, медицина-демографиялық ахуалды жақсарту жолында салауатты тұрмыс-салты насихатталудауылы 2005 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы айына 15463 теңгені құрап, алдыңғы жылғымен салыстырғанда 20,6 пайызға көбейді, мұның өзі 2000 жылғымен салыстырғанда 2,5 еседей көп. 2000 – 2005 жылы тұтыну бағасының өсуінен халықтың атаулы ақшалай табысының тұрақты түрде арту үрдісі байқалды. Нақты ақшалай табыстың өсімі бұл кезеңде 2000 жылғы 1,3%-дан 2001 – 2005 жылы 10,3 – 13,8%-ға дейін жетті. Елімізде соңғы уақытта өріс алған экон. өрлеу халықтың Тұрмыс деңгейінің жоғарылауына игі ықпалын тигізді. Табысы күнкөріс минимумынан төмен жұртшылықтың үлесі 2005 жылы 9,8%-ға төмендеді және табысы азықаласытүлік қоржынының құнынан төмен жұртшылықтың үлесі 1,6%-ға азайды. Кедейлік шегінде тұрған үй қожалықтарының үлесі 2002 жылы 6,4%-дан 2005 жылы 2,2%-ға дейін азайды. Халықтың жан басына шаққандағы нақты ЖҚӨ-нің көлемі валютаның сатып алуға жарамдылығының тепе-теңдігі бойынша 2005 жылы 8060 АҚШ долларын құрады. Елімізде макроэкон. жағдайдың жақсаруына орай жалақы мен зейнетақы да дәйектілікпен көбейіп келеді. 2005 жылы орташа айлық атаулы жалақы 34066 теңгеге, ал зейнетақы мөлш. 11877 теңгеге дейін өсті. 2001 жылы атаулы жалақының сатып алуға жарамдылығы 3,5 есені құраса, ал зейнетақының жарамдылығы 123,9% болса, 2005 жылы тиісінше 5,2 есеге және 231,6%-ға жетті. Соңғы бес жылда (2001 – 05) пәтерлердің көл. 3,6%-ға көбейді. 2005 жылы тұрғын үй құрылысында 254 млрд. теңгеге күрделі инвестиция игерілді, мұның өзі 1998 жылы деңгейден 9,9 есе көп. Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 07 жылдарға арналған бағдарламаларына сәйкес жалпы ауданы12 млн. м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланды.[1][2]

 

 

13 апта 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы

Қазақстан тәуелсіздік  алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық жэне элемге ашық мемлекет кұруга кірісті. Елімізде саяси партиялардың жэне партиялық жүйенің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз жэне автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл  бөлінді.Атамекен жеріміздің тәуелсіз ел екендігін, қүдіретін, байлығын, бірлігін, мақсат-мүратын білдіретін қастерлі рәміздерді қүрмет түту, сыйлау, асқақтата  дәріптеу қазақстандық эрбір азаматтың  ең қымбатты борышы. Рэміз дегеніміз  белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыртаңба, эстетикалық санат, шартты белгі. Елтаңба, Ту, Әнүран — әрбір  тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым — Қазақстан тарихында  мемлекеттік рэміздердің дүниеге  келген ерекше мәртебелі күні.Қазақстан  Республикасы туының авторы — Ш.Ниязбеков. Тудың біртүстілігі Қазақстан халқының бірлігін білдірсе, көгілдір түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық  пен пэктіктің нышаны, күн —  энергия көзі, байлықтың нышаны. Тудагы бүркіт бейнесі — мемлекеттік  билікті, кеңдікті білдіреді, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, болашаққа деген  талпыныстың нышаны. Төл туымызды даралап түрган тагы бір белгі  оның сабына таяу тік тартылган үлттық өрнекті жолақ. Онда “Қошқар мүйіз” деп атала- тын қазақы өрнек салынган. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елтаңба- сының  авторлары — Ж. Мәлібеков пен  Ш. Уәлиханов. Елтаңба мэңгі өмірдің  белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. Қазақстан  Әнүраны эуенінің авторлары —  композитор- лар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, JI. Хамиди болса, мэтінінің авторлары — ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдагалиев, Ж. Дәрібаева. Әнүранда халқымыздың еркіндікке қүштар көңілі, тамыры терең болмысы, келешегіне багышталган арманы көрініс тапқан. Әнүран патриоттық сезімнің белгісі. Әнүранның эуені 1992 ж. 4 маусымда, ал мэтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заңга өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бүрынгы Әнүранның орнына жаңа Әнүранның мэтіні қабылданды. Еліміздің жаңа Әнүраны — жүртқа эйгілі «Менің Қазақстаным» әні. Оның сөзінің авторы — Жүмекен Нәжімеденов, ал ән әуенінің авторы — Шэмші Қалдаяқов. Жаңа Әнүранның мэтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті Н.Э. Назарбаев тарапынан толықтырылды.Ал 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді. Бүл — Мемлекеттік рәміздерге деген шынайы қүрмет белгісі. Мемлекеттік рәміздерге деген қүрмет —   отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі.Астана — егеменді Қазақстанның жаңа елордасы. 1997 жылы Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. Бүл тарихи шешімнің қабылдануына қаланың өте ірі көліктік жолдардың тоғысында, еліміздің үтымды геосаяси орталығында орналасуы себепкер болып, ол көп жағдайда біздің жас мемлекетіміздің келе- шек қарқынды дамуын айқындап берді. 1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданы Астана деп атау туралы шешім қабылданды. Ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-дың Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Біз айрықша қысқа мерзімнің ішінде еліміздің дэл орта- сында жаңа астанамызды түрғыздық. Астана қазақстандықтардың мақтанышына айналды.Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар — парламент, 1993 жэне 1995 жылдардағы конституциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Қазақстанда көппартиялық жүйе пайда болды. 1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер қүрылды. Ал 2003 жылы саяси партиялардың саны 19-ға жетті. Жаңадан халық арасында танымал “Отан”, “Ақ жол” т.б. партиялар бой көтерді.1995     жылғы желтоқсанда өткен бірінші қоспалаталы парламент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан эрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуга болады.1999 жылгы 10 қаңтарда болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С.Ә. Әбділдин, Сенат депутаты Ә.Ғ.Ғаббасов, Мемле- кеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ.Е.Қасымов жэне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Президентін сайлауға барлық сайлаушылардың 87,05 проценті қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетіп, қайта- дан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 проценті өз дауыстарын берді.Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер 1995 жылы қабылданған Ата Заңында өзінің басты көрінісін тапты. Еліміз егемендік алғаннан бері екі Конституция қабылданды. Оның біріншісі — 1993 ж. қаңтарында өмірге келді. Бірақ оның елеулі жетіспеушілігі мен кемшілігі бар еді. Бірінші Конституцияны жа- сауда асығыстыққа жол берілді. Нақтылап айтсақ, ел ішінде болып жатқан саяси-экономикалық жэне әлеуметтік процестерді бірден ой елегінен өткізу, мемлекетіміздің мүмкіндіктерін ғылыми түрғыдан нақты айқындау элі мүмкін болмады. Осындай себептерге байланысты жаңа Конституция қабылдау қажеттігі туындады. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Әлеуметтанудың обьектісі және пәні