Әлеуметтану ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 09:49, реферат

Краткое описание

Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ СОЦИОЛОГИЯ.docx

— 22.22 Кб (Скачать документ)

 

     Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.

      Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.

Әлеуметтану біржарым ғасыр аралығында өмір сүріп жатыр. Осы аралықта әртүрлі социологиялық ағымдар, бағыттар, мектептер қалыптасты. Олардың әрқайсысы өз пән саласын айқындады және оны белгілі танымдық нәтижилер шектеулерінде жетті.

    Қазіргі уақытта әлеуметтанудың ғылым ретінде пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр. Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен байланысты. Біздің елімізде әлеуметтік зерттеулерді экономикалық, саяси, құқық ғылымдарына, философияға жақындату талпыныстары жүргізілді. Әлеуметтануға идеологиялық – апологетикалық роль берілді. Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты.

Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады. Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады.

     В.А.Ядов «Осыдан әлеуметтануды анықтаудың екі әртүрлі жолдары ажыратылады: бірінші, ғылым ретінде пәнінің тұтас қоғамдық ағза, әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы, екінші, бұқаралық әлеуметтік үрдістер мен бұқаралық тәртіп жөніндегі ғылым» деп жазады.

Әлеуметтану – қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда – еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.

    Әлеуметтану ғылым ретінде

     Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді.Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды. Бұл зерттеулердің кебіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төр-тіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты емір тұтастығын түсінуге ми қатырған жоқ. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.

      "Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылы-мын саясат өнеріен ешқашан ажыратқан емес. ХВЫЫЫ ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлык түрлерінде зерттеген жоқ, жэне, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.

 

Әлеуметтік ғылымның деңгейлері

      Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен айқындалады. Егер әлеуметтануды – әлеуметтік қауымдар, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жөнінде ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы мәселелерді шешу көбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер арқылы жүзеге аасырылады. Әлеуметтану ғылымының 3 деңгейі ажыратылады:

1) жалпы әлеуметтік қағида;

2) арнайы әлеуметтік қағида;

3) нақты әлеуметтік зерттеу (эмпирикалық  зерттеу) – бұл әлеуметтік білімнің  эмпирикалық деңгейін белгілейді. Бұл деңгейлер әлеуметтік білімнің  вертикальды білім срезін құрайды. Көлденең срезі қоғамның жеке  өмір әрекет салаларын зерттейтін, салалық әлеуметтанудың саның  құрайды.

Мұндай оқу жолын 20-шы жүзжылдықтың 60 жылдары американ социологы Р.Мертон ұсынды және әлеуметтік білімнің 3 деңгейін құрастырды: әлеуметтік қағиданың кең деңгейі, орташа ранг қағидасы және соңғысы күнделікті зерттеулерден пайда болатын кіші жұмыс гипотезасы. Мертон бойынша, «орташа деңгей” қағидасы жалғыз жүзеге асатын және көңіл бөлуге тұрарлық қағида. Бұл қағида негізгі анализ дәрежесі ретінде Мертон үшін, индивид пен қоғамдық құрылым арқылы жүзеге асатын, әлеуметтік топ болып шықты. Мертонның әртүрлі қағидасының анализі мен мұқият сипаттауы нәтижиесінде, 60-70-шы жылдары үш деңгейлі білім концепциясы құрастырылды. Бұл концепцияның дамуы негізінде өз кезекте әлеуметтік ғылымның екінші деңгейі жөнінде көрініс толықтырыла бастады.

Әлеуметтік білімнің осындай өзіндік ажыратылуы әлеуметтану пәнінің түсінуінен айқындайтын өз тарихы бар. Ғылым дамуының әр кезеңінде белгілі өзгерістерге ұшырауы, әлеуметтану пәнінің әдістері мен атқаратын қызметтері жаңаша түсіндіріліп жатты. Конт заманында әлеуметтану макроәлеуметтану түрінде дамыды, бұл әлеуметтік білімнің жалпы қағидалық білімге бағыттауы, қоғамды тұтас ағза ретінде сипаттауда назардың шоғырлануын белгілейді. 20 ғасырда микроәлеуметтанудың қалыптасуы, нақты құбылыстарды анализдеуде қағидалық сипаттаулардан әлеуметтік – психологиялық және социометрлік әдістерді қолдану арқылы эмпирикалық зертеулерге көшу белгіленді..

Егер зерттеудің негізгі мақсаты қағиданың дамуы болса, онда ол фундаментальды қатарына жатқызылады, ал егер тек тәжірибелік ұсыныстарды алуға бағытталса, онда ол қолданбалы зерттеу қатарына жатады. Жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің көпшілігі екі міндетті шешуге бағытталады:

1) қағидалық;

2) тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:

1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік  дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі  әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің  өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен  байланысты. Бұл қағида қазіргі  уақыттың көкейтесті мәселелеріне  ғылыми жауап беріп, жетілдіруге  жол ұсынады;

 

2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды  аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды  мен тенденцияларды айқындауға  мүмкіндік береді;

 

3) басқару функциясы, әлеуметтанумен  ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар  қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында  шешім қабылдауға негіз болуына  байланысты;

4) тәжірибелік функция, тәжірибелік  маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға  мүмкіндік береді;

5) болжамдық функция, келешекте  әлеуметтік үрдістердің тенденциясы  жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды  құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі  салаларының дамуын жоспарлау  үшін, социологиялық зерттеулерді  қоғам өмірінде қолданудың маңызы  зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек  аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының  өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен  бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын  мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік  жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды  қамтиды.

Әлеуметтану ғылымы жөнінде ғалымдардың ой-пікірлері

Әр елдің әлеуметтанушыларымен сирек бір жерден шығатын пікір айтылады. Соңғы жылдары АҚШ пен Англияда басылып шығарылған әлеуметтану оқулықтарындағы өзгешеліктерді мысалға келтірейік.

С.Курт, С.Хастингс, Д.Харрис : «Әлеуметтану – бұл адамзаттың өзара әрекет үлгісінің ғылыми зерттеуі”. Кр. Дуб. «Әлеуметтану – бұл адам тәртібі және осы тәртіпке әсер ететін, адамның әлеуметтік ортасын ғылыми зерттеуі”.

Б. Хендри: «Әлеуметтану – бұл адам тәртібін зерттейтін әдістер жөніндегі ғылым»

Дж. Херд : «Әлеуметтану – бұл адам қауымын зерттейтін ең нақты, негізгі жол».

М. Тейлор, Л. Рин, С. Розенталь, К. Догби: «Әлеуметтану-бұл әлеуметтік топты және олардың адам тәртібіне әсері жөнінде оқыту».

Әлеуметтанушылар туралы қысқаша мәліметтер

     Огюст Конт (1798-1857) франция әлеуметтанушысы және философ. "Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт өзінің "Позитивтік философия курсында" позитивтік философияның бір бөлігін қурайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін қөлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді.

 


Информация о работе Әлеуметтану ғылым ретінде