Әлеуметтану ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 19:59, реферат

Краткое описание

Қоғамды зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылымдар дейміз. Әлеуметтану да осы ғылымдар қатарына жатады. Оның да басты категориясы «қоғам» болып табылады. Қоғам – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі қауымдасқан адамдардың материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген қарым-қатынастардың жалпы жиыны. Қарапайым тілмен айтқанда, ол – адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес. Керісінше, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан, тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет – ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін, өзін - өзі басқаратын, ынтымақтас, ниеттес адамдардың ерікті бірлестігі.

Содержание

1. Әлеуметтік ұғым. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
2.Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.
3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

sillabus_po_sotsiologii.docx

— 147.74 Кб (Скачать документ)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті

Пәннің оқу-әдістемелі кешені

Басылым: үшінші


Тақырып 1

Әлеуметтану ғылым ретінде 

1. Әлеуметтік ұғым. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

2.Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.

3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

 

Негізгі ұғымдар: қоғам, объект, пән, субъкт, категория, функция, әлеуметтік, жүйе, байланыс,әлеуметтік заңдар және т.б.

 

1. Қоғамды зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылымдар дейміз. Әлеуметтану да осы ғылымдар қатарына жатады. Оның да басты категориясы «қоғам» болып табылады. Қоғам – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі қауымдасқан адамдардың материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген қарым-қатынастардың жалпы жиыны. Қарапайым тілмен айтқанда, ол – адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес. Керісінше, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан, тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет – ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін, өзін - өзі басқаратын, ынтымақтас, ниеттес адамдардың ерікті бірлестігі.

«Әлеуметтік» дегеніміз қоғамдағы  жеке тұлғалар мен олардың белгілі  бір тобының белгілі бір кеңістік пен уақыттағы қатынастары мен  іс - әрекеттерінің жиынтығы. Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т.с.с.

Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға  қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.

«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің  «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шыққан. Әлеуметтану ұғымын ХІХ ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізіп, әлеуметтану ғылымының негізін қалады. Ол 1839 жылы 6 томдық «Позитивтік философия курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» еді.

Конт әлеуметтануда алғашқылардың  бірі болып, қоғамды жүйе ретінде  қарастырды. Биологиялы организмді оның алғашқы бейнесі ретінде көрсетеді. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын  және оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын атап көрсете отырып, әлеуметтік жүйенің кез келген сан алуан бөліктерінің бір-біріне үздіксіз ықпал ететінін және кері ықпал ететінін айтады.

Қоғам әлеуметтік жүйеден тұрады. Әлеуметтік жүйе өзінің негізгі элементтері адамдар, ұйымдар, мекемелер, институттар, әлеуметтік құбылыстар, үдерістер арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастық.

Әлеуметтік байланыстар – белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақыт пен кеңістікте бірлесе қызмет ету.

Әлеуметтік қарым  – қатынастар –  адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастарға түседі, мәселен, ол өзінің отбасымен, туысқандарымен туыстық қарым – қатынаста болса, құрбыларымен достық, жолдастық қатынаста, өндірісте еңбек қатынасында, билік орындарымен саяси қатынас орнатады.

Әлеуметтанудың объектісі дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет және т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс - әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Ал, әлеуметтанудың пәні деп адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, еңбек етуін, жалпы материалдық, рухани іс - әрекеттерін, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір – бірімен әрекетін, түрлерін жан – жақты, терең танып білуді айтамыз.

2. Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады.  Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің өзара іс – қимылын көрсетеді.

Әлеуметтанудың категориялары  алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік  байланыс», «әлеуметтік қатынас», «әлеуметтік  процесс», «әлеуметтік тұлға», «әлеуметтік  бірлік», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік  институт», «әлеуметтік стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік  белсенділік», т.б. категориялардың  көмегімен нақтылы өмірдің үлгілері мен әлеуметтік мәні жасалады.  Категориялардың  негізінде әлеуметтанудың заңдары  қалыптасады. Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:

    1. Әлеуметтік құбылыстардың бірімен – бірі байланыста қатар өмір сүретінін анықтаушы заңдар. Мысалы, өнеркәсіптің дамуы қаланың халқын көбейтіп, ауыл шаруашылығын қысқартуға әкеледі, ал қала халқының бала саны азаяды, ажырасу көбейеді.
    2. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстар мен қарым-қатынастардың себептерін анықтайтын заң.
    3. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң.
    4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі ықпалдастықты анықтайтын заң.
    5. Әлеуметтік құбылыстардың арасындаы болуы мүмкін ықтимал байланыстарды білдіретін заңдар.

Әлеуметтанудың  қоғам өмірімен тығыз, жан – жақты байланысы  мен қатынасы оның оның атқаратын  қызметінен айқын көрінеді.  Әлеуметтану  да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді.

       Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылау қызметін атқарады. Ол болмаса, әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс пен катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін.

       Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің болашақ дамуын, бағытын анықтайды, яғни болжау қызметін атқарады. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен ақпараттарды болжап шешуде әлеуметтанудың маңызы зор.

       Әлеуметтану қоғамның экономика, саяси, рухани, т.б. салаларында әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда әлеуметтік зерттеулерден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.

Әлеуметтану қоғамда идеологиялық қызметті де атқарады. Әлеуметтану адамдар арасындағы қарым – қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана – сезімдерін, мінез – құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.

3. Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар қоғамды нақтылы зерттеу объектісі тұрғысынан алып қарайды. Олардың әрқайсысы қоғамды объект ретінде зерттейді. Алайда олардың өзара айырмашылықтарын зерттейтін пәні арқылы анықтауға болады. Мысалы, саяси экономика қоғамның бір саласын экономикалық жүйесін, саясаттану қоғамның саяси қатынастарын, психология психологиялық құбылыстарды, құқықтану заңның қоғамдағы орнын, рөлін зерттесе, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік қырларын, оның әр түрлі салаларының қызметтерін ашып береді.

Қоғамды біртұтас жүйе ретінде алып қарайтын жалпы ғылымдар деп аталады ( оған тарих пен әлеуметтану жатады), ал қалғандары жеке қоғамдық ғылымдарғы жатады, себебі олар олар жеке қоғамдық құбылыстар мен үдерістердің зерттеуін  жүргізеді

Қоғам – бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы;


Информация о работе Әлеуметтану ғылым ретінде