Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 16:40, лекция
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
әлеметтану дамуында классикалық кезең
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болды. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарына қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенді “позитивтік” әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардыің әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бүл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтардың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырады. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік эгоистік мораль пайда болады. Ал, осылар бақылаудан шығып кетсе, онда қоғамның негізі болатын адамдардың арасындағы ынтымақтастық және келісім бұзылатын болды. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.
О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни, отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін (функциясын) және адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін көрсетеді.О. Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді. О.Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуы негізінде, рухани бастама, адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр.
О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілікті береді. Ал, бақылаушы өзінен тәуелсіз тұрған әлеуметтік фактілерімен жұмыс істейді. Әлеуметтік зерттеудің екінші бір маңызды әдісі- ол эксперимент. О.Конттың пікірінше, эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жаснды жағдайда әлеуметтік процесттердің құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау; О.Конт бойынша әлеуметтанудың үшінші негізгі әдісі – салыстыру. Бұл әдіс әрбір халықтың өмірін бір-бірімен салыстаруда қолданылады. О.Конттың осы әдіңстер туралы пікірлері де әлеуметтануда өте құнды, маңызды рөл атқарады.
О.Конттың ой-пікірлері, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) болды. Оның көзқарасына қысқаша тоқтасақ, Г.Спенсердің әлеуметтану теорясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвинның биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.
Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
Әлеуметтік эволюция идеясы.
Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар тән Ч.Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.
Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды.
Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік ұрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ,1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.
Г.Спенсер әлеуметтаншулардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді. О.Конт пен Г.Спенсердің кезінде әлеуметтану ғылымында өзінше ерекше ой-пікір айтып әлеуметтанудың айырықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды.
Дегенмен, К.Маркстің әлеуметтану теорисында көптеген бағалы ой-пікірлер, тұжырымдар бар. Оны мыналардан байқауға болады:
1. К.Маркс мінсіздендірілген, абстракталы қоғам жағдайына тән даму теорисына қарсы шығып, өзінің нағыз, шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік –материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын “формация”, яғни, ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды;
2. К.Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы (яғни, өндірістік тәсілді, оның ішінде өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады;
3. Қоғамның дамуын (детерменизм) бір формацияның, оған тән өндірісітік тәсілдің екінші бір формациямен ауысуымен байланыстырды;
4. К.Маркстың әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық, б) механикалық.Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі, формацияның негізгі екі компоненті – базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді.
5. К.Маркс әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасаған авторладың бірі болды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік формасына байланысты екенін көрсетті. Сөйтіп К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталады деп көрсетті. Осыған орай К.Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді.
Маркстік әлеуметтанудың кемшіліктері де болды. Батыс әлеуметтанушыларын қоғам дамуының бірден-бір қозғаушы, негізгі күші тек экономикалық қатынастарда деген Маркстік теорияны сынға алды. Бұл жерде К.Маркс қоғамның рухани- мәдени факторларының мәні мен мазмұнын төмендетті деп айыптады. Экономикалық факторлардың рөлін жоғары, асыра-бағалап қараудың нәтижесінде жіктеу теориясының бір жақты, бір өлшемді екенін аңғартты. Мұнда ол тек қана өндірістік құрал-сайманды меншік қатынасы арқылы анықтап, жіктердің пайда болуына себеп болатын басқа әлеуметтік саяси факторларға, мысалы, өкімет, билік, мәртебелік, бедел, абырой, артықшылық, т.б. есепке алмады. К.Маркс тарихтағы таптар арасындағы әлеуметтік ымыраға келу, ынтымақтастық мәселелеріне де көңіл бөлмеді. Ал, бұл кейінгілер қазіргі әлеуметтану ғылымында ең бір көкейтесті мәселелердің бірі болып саналады. Маркстік әлеуметтану теориясының тағы бір кемшілігі, оның басқа ілімдерден оқшаулануында болды. Осылардың бәріне қарамастан Маркстік әлеуметтану теориясы көп елдерге тарап, дамыды (әсіресе КСРО-да).
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі –Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж.ж.). Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі- әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарды ашып тұжырымдау. Э.Дюркгейм әлеуметтік фактілерге бастапқы түсінікті (елестетуді) жапқызады. Ұжымдық ұғымға әр түрлі адам өмірінің моралдік, басқаша айтқанда, әдет-ғұрып, дәстүр, тәртіп ережелері, т.б. кіреді. Ал, олар объективті түрде өмір сүреді. Э.Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырды, оны топтық саны мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген. Топ ойлайды, сезінеді, іс-әрекет, қимыл жасайды. Ал, бұл топтың мінез-құлқы оның әрбір жеке мүшесінің ой-сезім, іс-әрекетінен басқаша. Бұл постулатты (яғни, еш қандай дәлелді керек етпейтін жорамалдарды) Э.Дюркгейм барлық қоғамға қолданады. Әлеуметтік фактілер индивидтен (адамнан) тәуелсіз, ол да табиғат құбылыстары сияқты, бірақ, олар адамға еріксіз түрде әсер етіп, оның қоғамда бір тәртіппен жүруін талап етеді. Әлеуметтік фактілердің объективті сипатта өмір сүруі оларды зат ретінде зерттеуге итермелейді, онда жаратылыстанудың кейбір әдістері (мысалы, бақылау, салыстыру, гипотеза (болжам), эксперимент, т.б.) қолданылады. Әлеуметтік фактілер адам өмір сүруіндегі іс-әрекеттерінің бейнесі (суреті, образы), ал, бұл іс-әрекет белгілі және белгісіз болуы мүмкін, бірақ, олардың адамға сырттай ықпал ететін қабілеті болады. Жас өспірім бала дайын тұрған даму заңдарына жататын әдет-ғұрыптарды, діни сенімді, тәртіп ережелерін сол дайын күйінде қабылдайды. Бірақ, бұлар оның таным-түйсігінде өздерінше қызмет атқарып, объективті өмір сүреді.
Әлеуметтік фактілердің объективтік өмір сүруінің тағы бір салдары- ол адамдарға әсер етер отырып, оларды белгілі бір іс-әрекет жасауға итермелейді. Сөйтіп әрбір адам әлеуметтік мәжбүрлікке душар болады. Мысалы, адамның құқықтық және адамгершілік ережелерінің бұзылуы, ол қоғамдағы жалпы жағымсыз құбылыстардың басымдылығынан туып отырады. Мұндай жағдайлар басқа да әлеуметтік фактілерде кездесіп отырады.
Э.Дюркгеймнің тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады. Оның міндеті –тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмейді. Ол басқа қоғамдағы ғылымдарды ғылыми әдістемелер, теорияларымен қаруландырады.
Э. Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық (теория солидарности) теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі – “Қоғамдық еңбектің бөлінуі” арналған. Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.
Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі-ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдік ережелердің жиынтығы болады. қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс-әрекеттері менқызметтерінде басшылыққа алып отырады. Қоғам дамуының ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э. Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше, экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды, қоғамдық-еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді. Оның қоғамдық сананы біріктіру рөлі әлдеқайда төмен, өйткені діни сенім, әдет-ғұрыптар адамдардың санасында бұрынғыдай маңызды рөл атқармайды. Бұл –қоғамда адам одан біршама тәуелсіз,тыс тұрады да, - оның бостандығы мен дербестігі қамтамасыз етіледі.
Дегенмен, қазіргі қоғамды өткен көне қоғаммен салыстырғанда оның тұрақтылығын төмен, аномия (яғни, қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиеттерін басқарып реттеудің төмендеп кетуі) жағдайында болады. Э.Дюркгейм әдеттегі көне, архаикалық қоғамнан қазіргі индустриялды қоғамғаөту жолын талдай отырып, осы өтпелі кезеңде аномия құбылысының объективті орын алуын қорытындылайды. Оның пікірінше, аномия қоғамның белгілі бір кезеңінде адамның мінез-құлқының төмендеп, моральдық, яғни адамгершілік тұрғыдан басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың (яғни, мекеме, ұйымдардың) іс-әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалмақ.
Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде соционализм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады.
Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына (түріне) байланысты болмақ. Нақтылай айтатын болсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігінде жатыр. Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік мазмұнда жиналған материалдар негізінде мынандай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен Э.Дюркгейм әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Мысалы, протестанттар мен католиктерді салыстырғанда бұл құбылылыс католиктерде бірнеше есе кем, ал, қалалар мен селоларды салыстырғанда қалаларда жоғары. Э.Дюркгейм өзін-өзі өлтірушіліктің 4 типін тұрпатын анықтап берді, олар: эгоистік, альтуристік, экономикалық және фаталистік. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән құпиясы бар, шешілуі жолы жеке адам мен топтың қарым-қатынасына байланысты. Э.Дюргкеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық (ауытқу) мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды. Бірақ, Э. Дюркгейм қылмыстық істердің психологиялық мотивтерін мойындамады.