Контрольная работа по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 22:50, контрольная работа

Краткое описание

Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты заңдар, басқару шешімдері және практикалық кешендер жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді.

Содержание

Жоспар...................................................................................................................3
Кіріспе....................................................................................................................4
Негізгі бөлім........................................................................................................5-12
Қорытынды............................................................................................................13

Прикрепленные файлы: 1 файл

Соц.реферат 1.doc

— 83.00 Кб (Скачать документ)

     1) Экономикалық инстиуттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады. Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.

     2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.

     3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.

     4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.       Бұл әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.                                                                                  Қазіргі әлеуметтік институттың дамудағы ғылым мен техника рөлін фетишизациялау технологиялық детерменизмнің (У. Огборн, Л. Мэмфорд және т.б.) және сциентизмнің теориялық негізі атқарады. Олардың ойынша, біздің заманымызда әлеуметтік институттардың дамудың негізгі детерминанттары болып техника және ғылым табылады, сонымен қатар әлеуметтік даулардың өсуі мен шиеленісуіне әкелетін техника прогресі мен қоғамның қазіргі кездегі моральдық деңгейі арасындағы алшақтыққа мән береді. Қоғамды қарастыруда детерменизмнің басқа да түрлері кездеседі: экономикалық (А.Хайт, О.Дункан), мәдени (М.Вебер, П.Сорокин) және т.б. Қоғамды қарастырудағы қатал детерминацияланған тәсілдің кемшілігі болып қоғамды зерттеуде және әлеуметтік қатынастарды талдауда қоғамның бүкіл шағын жүйелерінің қызметінің өзара байланыстылығы салдарынан белгілі бір әлеуметтік процестердің түпнегізін анықтау қиын болатындығы табылады. Социологиялық талдау үшін маңызды қоғамның жүйелілік белгілерін бөледі: біртұтастылық (бұл ішкі қасиет қоғамдық өндіріспен сәйкес келеді); тұрақтылық (әлеуметтік өзара әрекеттердің ритмі мен режимінің салыстырмалы тұрақты өндірісі); динамизм (буындардың ауысуы, қоғамдық субстраттың өзгеруі, сабақтастық, бәсеңдеу, қарқындылық); ашықтық (әлеуметтік жүйе өзін табиғатпен зат алмасудың арқасында сақтайды, ол қоршаған ортамен тепе-теңдік негізінде және сыртқы ортадан заттар мен қуаттың қажетті мөлшерін алу арқылы жүзеге асырылады); өзін-өзі дамыту (оның көзі өз ішінде, бұл – әлеуметтік қауымдастықтар мүддесіне және стимулдарына сүйенетін өндіріс, үлестіру, пайдалану); әлеуметтік болмыстың кеңістіктік-уақыттық формалары мен тәсілдері (адамдардың көпшілігі ортақ іс-әрекетпен, мақсаттармен, қажеттіліктермен, өмір нормаларымен біріктірілген. Бірақ уақыт зымырап өтіп жатыр, буындар ауысуда, және әрбір жаңалылық өмірдің қалыптасқан формасын табады, оларды қайта жаңғыртады және өзгертеді).  
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

        Әлеуметтік құрылымның басты  элементтеріне: а) өзара тығыз  байланыста, қарым-қатынаста болатын  индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі,  топтасуы негізінде пайда болып,  дамып отыратын әлеуметтікқоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

        Әлеуметтік институттар – бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы. Мазмұны жағынан әлеуметтік институттар-бұл жеке адамдардың белгілі бір жағдайларға тікелей бағытталған тәртіптік стандарттар жиынтығы. Әлеуметтік институттар арқылы қоғамның белгілі бір мүшелері өзінің қажеттіліктерін іске асырады.    Әлеуметтік институттарды шешілетін жаттығуларына байланысты бөледі. Әлеуметтік институттарға өндіріс және міндеттерді бөлумен айналысатын мекемелер жатады.

        Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымының  басты элементтеріне әлеуметтік институттар жатады дедік.  Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрлеруін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік инстиуттар қоғамның, адамдардың қажеттілігінен пайда болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР  ЖӘНЕ

  ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

                                      

«Жаратылыстану – ғылыми және гуманитарлық дайындық»  факультеті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер»  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Әлеуметтік институттар»

Пәні: Әлеуметтану

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ИЯ-13-01 тобының        

                               студенті Кульджанова Н.

Тексерген: Нұрбосынов Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Ақтау – 2013


 



Информация о работе Контрольная работа по "Социологии"