Этноәлеуметтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 08:32, лекция

Краткое описание

Әлеуметтану бізді қоршаған әлеуметтік ортаны, адам, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, әлеуметтік топ, ұйымдар мен институттар және т.б.) және олардың іс-әрекеттері мен қызметтері, санасы мен тәртіптері, көңіл күйлері мен мінез-құлықтары және т.б. зерттесе, қоғамдағы этникалық қауымдастықтардың пайда болуын, оның құрылымын, мәнін, мазмұнын, дамуын, олардың атқаратын қызметін, араларындағы тұрақты, қайталанатын отыратын қажетті байланыстар мен қарым-қатынастардан туатын әр түрлі әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды осы пәннің "этноәлеуметтану" деген арнаулы саласы зерттейді. Сондықтан этноәлеуметтанудың пәні этникалық қауымдастықтардың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік аспектілерін зерттеу, олардың мүдделері мен өзіндік ұйымдасу нысандарын, ұжымдық мінез-құлқын, өзара қарым-қатынасын, осы әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара байланысын зерттеу болып табылады.

Содержание

1. Қоғамның этникалық қауымдастығы туралы ұғым.
2. Этникалық қауымдастықтың ұлтқа бірігуі.
3. Ұлттық-этникалық қатынастар, оның мазмұны.
4. Этникалық әлеуметтанудың негізгі функциялары.
5. Қазіргі Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Этноәлеуметтану. Этникалық әлеуметтанудың негізгі функциялары.doc

— 133.50 Кб (Скачать документ)

5. Қазіргі Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.    

   5.    Қазақстан Республикасы егемендігін, тәуелсіздігін алғаннан кейін жағдай көп өзгере бастады. Елімізде тұратын ұлттар, ұлыстар өмірдің, қоғамдық өндірістің қай саласында болмасын толық билікке, теңдікке, еркіндікке, бостандыққа қолы жетті. Ұлттар арасында сенімділік, ынтымақтастық, келісушілік, түсінушілік күшейе түсті. Осылардың негізіңде республикада ұлт пен ұлыстар арасында жанжалдар, дау-дамайлар жоқ. Олардың арасындағы алуан түрлі қатынастар қоғам бірлігін, тұтастығын күн сайын дамытып жетілдіруде. Кездейсоқ жағдаймен кейбір ұлтаралық мәселе туа қалса, оны біздің өкімет бейбіт түрде шешуіне күмән жоқ.

    Өндіріс ошақтарында, ұжымдарда, фирмаларда, бірлестіктерде, акционерлік қоғамдарда, корпорацияларда, шаруашылықтарда, т.б. алуан түрлі ұлт өкілдері бір адамдай еңбек етеді. Мұның өзі республикада тұратын 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың онан әрі дамып, гүлденіп, әл-ауқатының, тұрмысының жақсара беруінің зор кепілі болып есептеледі.   

Капитализмге дейінгі  қалыптасқан этникалық қауымдастық  ретінде ұлт туралы пікірлер баршылық.  Соның бірі француз ғалымы Ж.Э.  Ренан  (1823-1892) ұлттардың Орта ғасырдың басында-ақ болғанын атап көрсетеді.  Ұлт дегенге жауап бере отырып, Ренан ұлттың бір нәсілмен шектелмейтінін, оның әр түрлі нәсілдердің бірге өмір сүруімен және олардың араласуымен қалыптасатынын атап көрсетті.

    Ұлт ұғымында табиғи және әлеуметтік қасиеттер үйлескен. Алайда ұлттарды тек қана табиғи құбылыспен түсіндіруге болмайды. Ұлттардың негізгі ерекшеліктерінің бірі олардың шыққан тегі бір болғанымен оларды осы ерекшеліккетануға болмайды. Басқа белгілердің қатарына тілдің, территорияның, экономикалық өмірдің бірлігі жатады. Бұл ХІV ғасырда басталып, капитализм кезінде аяқталды. Даже если допустить, что одним из  существенных  признаков нации является общность ее происхождения от каких-то предков, то  и  в  этом случае следует иметь  в  виду,  что  нация  отнюдь  не  сводится  к  данному признаку.

    Ғалымдар ұлттың тағы бір ерекшелігі оларға кіретін адамдардың мүдделерінің ортақтығын атайды. Бұл ұлттардың қалыптасуы мен дамуының қуатты факторы болып саналатын олардың бірге өмір сүруімен, ортақ тарихы және ортақ тағдырымен түсіндіріледі. Міне, осыдан бар мүшелерін ұйыстыратын ұлттың рухани әлемі қалыптасады. Осы айтылғанды жинақтай отырып, ұлтқа мынандай анықтама беруге болады: ұлт – бұл адамдардың шыққан тегі, тілінің, территориясының,  экономикалық өмірінің ортақтығымен, сондай–ақ этникалық санасы мен сана–сезімінде көрініс табатын психикалық ерекшеліктері және мәдениетінің ортақтығымен сипатталатын ерекше тарихи  қауымдастық.

    Ұлттылық түсінігі белгілі территорияда тұрып жатқан тұтас ұлттардың ғана емес, оның қай мемлекетте, қандай халықтармен бірге тұрмасын барлық өкілдерінің этникалық белгілерін білдіреді.

    Понятие национальность обозначает этнические признаки не  только  целых наций, компактно проживающих на  определенных  территориях,  но  и  всех  ее представителей, где бы они ни  жили,  в  том  числе  на  территориях  других народов и государств.

Ұлттық–этникалық қатынастар әр уақытта этностардың өмір сүруі және дамуының жағдайына, оның ішінде территорияға, тілге, рухани өмірге, дәстүрлерге,  мәдениетке, олардың өзіндік ерекшеліктерін сақтауға  қатысты белгілі этникалық проблемалардың шешілуімен байланысты болады.

        Ұлттық–этникалық қатынастардың тууы мен дамуының объективті алғы шарты өзінің өзінің шығу тегіне, тарихи және қазіргі отанына қатыстыдан бастап, тілінің, мәдениетінің, этникалық санасымен және т.б. аяқталатын  этникалық сипаттары жағынан ерекшеленетін бөлек этностардың болуымен байланысты. Және ұлттық–этникалық қатынастар басқа қатынастардан (саяси, рухани, тілдік, экономикалық, экологиялық) таза күйінде өмір сүрмейді, оның мазмұны мен нысанында көрініс табады. Бұл қатынастардың барлығы егер олар шешімін тауып жатқан кезде белгілі этникалық қауымдастықтың проблемаларын ғана қозғаса, онда ол ұлттық сипат алуы мүмкін. Себебі ұлттың өмірінің әлеуметтік және этникалық жағы мен ұлттық қатынастар тығыз өзара байланыста болады.  

    Ұлттық–этникалық қатынастар әр уақытта кешенді сипатта болады. Өйткені ол халықтар немесе этностар арасындағы өзара қатынастардың көптеген жағын қамтиды. Олар белгілі рухани мазмұнға ие болады, себебі мұндай қатынасқа түскен субъектілер міндетті түрде өздерінің санасы мен сана–сезімін, кейде  соншалықты күшті сезім күйін көрсетеді. Кейде қателесіп жату да мүмкін, дегенмен халықтар арасындағы ұлттық–этникалық қатынастардың көріністерінің ерекшеліктері де осында жатыр.    Ұлттық–этникалық қатынастардың мазмұнын білу де маңызды. Олар ұлттар мен этностар арасындағы экономикалық, саяси, тілдік, мәдени, экологиялық және басқа қатынастарда көрінеді және олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады.

    Экономикалық ұлттық–этникалық қатынастар ұлттардың (халықтар мен этностардың) экономикалық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.  Мұның объективті негізі әр түрлі ұлттық  бірліктердің арасындағы еңбек  бөлінісі мен олардың арасындағы шаруашылық–экономикалық байланыстар болып табылады.

    Көп ұлтты мемлекетте саяси ұлттық–этникалық қатынастар негізінен халықтардың немесе ұлттардың саяси билікті жүзеге асыруға қатысуына және өмірдің маңызды мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуге қатынасуына байланысты болады. Бұл жерде мемлекеттің тұтас немесе федерациялы болуына байланысты.  Саяси ұлттық–этникалық қатынастар сонымен қатар ұлттар мен этностар өкілдерінің азаматтық құқықтары мен еркіндігін жүзеге асыра алуына бағытталады.

    Әр бір ұлттардың өмірі мен дамуында рухани саладағы ұлттық–этникалық қатынастар аса маңызды рөл атқарады. Бұл халықтарды рухани мәдениет саласында байыта түсуге және сонымен қатар өзіндік ерекшеліктерін дамыта түсуге және сақтауға бағытталады. Бұған әр түрлі халықтық және кәсіби өнер саласындағы қарым–қатынас игі әсер етеді.    Ұлттық рухани мәдениет табиғатында күрделі, бай және көп бағыттағы құбылыс болғаннан кейін ол қоғамдағы экономикалық, саяси, нравственных,   діни және басқа қоғамдық қатынастар  контексінде дамиды, сонымен қатар оның ықпалын көреді, белгілі деңгейде соған тәуелді де болады.

Еліміздің бірлігі - біздің басты байлығымыз екеніне  дау жоқ, бірақ ...

 

   Құрметті халайық! Қазақстан Республикасының өткен жолы қас қағымдай ғана уақыт, жиырма жылға да толмайды. Дегенмен сан жылға татырлық өткен ынтымақты да келісімді тарихи жолымызды тұжырымдап, саралап, алдағы болашақты байыптаудың, бағдарлаудың кезі келіп еді. Осы тұрғыда Президентіміздің тапсырмасымен дайындалған «Қазақстанның ел бірлігі доктринасы» сияқты құжаттың қажет екеніне дау жоқ. Алайда, осы кезге дейінгі жоба жөніндегі әртүрлі, тіпті қатаң пікірлердің негізі жоқ емес.

    Біздіңше, құжатта  елдің бірлігі туралы мәселе  темір қазықтай айқын әрі жан-жақты  айтылған. Бұл орынды да. Бірақ осы бірлікті ең негізгі қамтамасыз етіп, еліміздегі бүкіл этнос өкілдерін топтастыру тарихи жауапкершілігі болып отырған  қазақ ұлтын мойындамаушылықты түсіну қиын. Осы мағынада Доктрина жобасы өзінің әлеуметтік негізін танығысы биліктің саяси құжаты деуге болады. Жобада этносаралық үдерістер бар, ал үдерістің ең негізгі иесі, бірліктің өзегі болып отырған қазақ ұлты туралы арнайы айтылмауы орынды деп айта алмаймыз. Әлде бірліктің өзегі еліміздегі басқа этнос өкілдері құрап отыр ма? Негізі қазақ деуге билік қиналады, басқа деуге ұялады. 

     Қазақ табиғатында  кең пейілді, иманды халық. Ата-баба дәстүрі «жандының барлығына жаның ашысын» деп үйретеді. Қазақ солай өсті, солай дамып келеді. Әйтпесе сталиндік кеңестік кезең қазақ жеріне жалпы саны 1,5 миллиондай неміс, корей, шешен, ингуш, балқар, күрді, мескеттік-түрік, болгар, грек, қырым татарлары, қалмақ, т.б. халықтарды көшіріп әкелмеген болар еді. Бұл арада Қазақстанның жерінің кеңдігі ғана емес, ұлтымыздың жанының жомарттығы мен өзгені өзекке теппейтін айрықша мінезі де ескерілген болуы керек.

    Бүгінгі еліміздегі 140-тай этностардың бірлікте болуының негізі де қазақ халқының байыптылығы мен парасаттылығының, тіпті қажет десең көнтерілігінің арқасында болып отырғаны шындық. Ал оны кейбір мойындағысы келмейтіндерге сан ғасырлық өткенге көз жүгірткенді ұсынуға болады. Осы кезге дейінгі қазақ тарихында болған толып жатқан сан түрлі соғыстардың барлығы тек ежелден атадан балаға мирас болып келе жатқан дархан даланы қорғау, сақтау үшін ғана болғанды. Оған көз жұмуға болмайды.  Бұл әділетсіздік болар еді.

    Доктрина жобасында атап көрсетілгендей, көпэтносты қоғамда ел бірлігін қалыптастыру  және нығайту мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы стратегиялық басымдықтарды іске асырудың негізгі шарты болып табылатынына дау жоқ. Алайда, осы бірлікті ең бірінші қазақ ұлты қамтамасыз етіп отырған жоқ па? Осындай қазақтың не жазығы бар? Бұл мәселелер тұжырымды түрде Доктринада орын тауып жатса, тіпті дұрыс болар еді. Бұл тәуелсіздігіміздің мәнін толық түсініп, оны тұғырлы ете отырып, оның талабына сәйкес еңбек етіп, әлемдік бәсекеге қабілетті ұлтты тәрбиелеуіміз үшін керек. Елбасымыз соңғы Жолдауында «қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу» мәселесін жайдан-жай қойған жоқ. Бұл - бір.

    Екіншіден, 270 жылдай болған  патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының  да, кешегі кеңестік тоталитарлық жүйенің де басқа халықтар сияқты қазақ халқына алып келген зардаптары аз болған жоқ. Отаршылдықтың ойранының әлі күнге лебі сезілмейді емес. Кеңес Одағы тұсында Ресей империясына тәуелді басқа елдер сияқты Қазақстан да езгіде болды. Бұл кезеңде отаршылдықтың екінші кезеңі – жергілікті халықты орыстандыру, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тікелей Мәскеуге тәуелді ету саясаты басталды. Тың және тыңайған жерлерді игеру, Қазақстанның бес облысын Ресейге қосу, адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы - кеңес халқын құру  туралы ұсыныстардың астарында жоғарыдағы саясат жатыр еді. Мұның бәрі қазақтың рухани мәселесін - тілін, мәдениетін, діні мен ділін күрделендіріп жіберді. Сондықтан бұл мәселеге Доктринада арнайы саяси баға берілуі керек. Бүгінгі ұрпақ үшін өткен тарихымызда ұлттық саясаттың қандай болғанын, одан қазіргі саясаттың артықшылықтарын тұжырымды түрде айырып көрсету қажет. Бұл алға қарқынды жылжуымыз үшін маңызды.   Мен бұл бағыттағы «Тәуелсіздікті қолдау» халықтық қозғалысының тұжырымдамасындағы принципті қолдаймын.

   Үшіншіден, саясатшыл ғалымдар, сондай-ақ биліктің маңайында жүрген кейбір солақай саясаткерлер үшін Қазақстанда қазақ ұлты жоқ сияқты. Тіпті мүйізі қарағайдай ғалымдарымыз ұлт мәселесі дегенді қояйық, ел мәселесі деп сөйлейік деп жүр. Осы ойлар Доктрина жобасына ықпалы еткен. Сонда Қазақстан аймағын ежелден мекен етіп келе жатқан, мемлекет өзегін құрап отырған қазақтың, өзімен бірге тұратын басқа этнос өкілдерін топтастырушы, ұйыстырушы болып отырған ұлттың мүдделері толыққанды жүзеге аспай, басқалардың мәселелері қалай шешілмек? Бұл ұлтсыздық психологияның, ұлттық ойлау жүйеміздің бұзылғанының әсері.

    Төртіншіден, Қазақстан көп ұлтты мемлекет пе, әлде көп этносты ел ме дегеннің басын ашып алу керек. Өйткені күнделікті саяси мақалаларда, тіпті кейбір ғылыми әдебиеттерде нақтылық жетіспей жатады. Қазақстанды көпұлтты мемлекет деп есептеуге негіз жоқ. Қазақстанда бір-ақ ұлт бар. Ол - қазақ ұлты. Мұны,  ең болмағанда, бүгін елімізде қазақ 67 пайыз болып отырғанда еркін айтуға болатын шығар

   Бесіншіден, жаңа жобада қоғамда орын алып отырған ұлтсыздық санамен, жалғасып отырған сырттай және іштей орыстану үдерісімен күресу жолдарын тұжырымды ойластырған жөн. Мұның себебі бар.

    Қайта құрудан басталған ұлттық қайта түлеуге бетбұрыс егемендікке жету мен тәуелсіздікті алу идеяларынан ары аса алмады. Өткен ғасырдың 90-жылдары қол жеткен, сан ғасыр арман болып келген саяси азаттық дәстүрлі ұлттық рухани бұлақтан суарылмады. Сол кезде ту етілген асқақ ұлттық идея жаңа жағдайдағы мұраттарымызды шешумен, кешегі кеңестік кезеңде социалистік интернационализм, яғни орыс болып бірігу идеясымен уланған санамызды жаңарту үдерісімен жаңғыртылмады. Оның үстіне бүгінгі таңдамай, талғамай батысқа табыну қоғамның белгілі бөлігінде қалыптасқан ұлтсыздық сананың жаңадан белең алуына жол ашты. Ата заңда «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай айқын жазылғанмен Орталық билік органдарында іс қағаздары 30-40 пайыздан аспай отыр. Ал «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген 7-баптың екінші тармағындағы құқықтық норманы бүгін ешкім ойына да алмайды. Қазір қоғамның барлық саласында дерлік орыс тілінің үстемдігі жалғасып келеді. Іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшірілді дегендердің көбісі аз ғана аудармашылардың көмегімен жүзеге асуда. Тіпті осы Доктрина жобасының түп нұсқасы қазақ тілінде дайындалған жоқ.

      Тәуелсіздігіміздің он сегіз жылын тарих төріне жіберген жағдайдың өзінде қазақ отбасының едәуір бөлігінде орыс тілінің қатынас тілі болып жалғасуы, мүмкіндік бола тұрып баламызды өз тілімізде оқытып, тәрбиелеуге құлықсыздығымыз, біле тұрып қазақша сөйлеуге ынтасыздығымыз, тіпті өз тілімізде амандаса бермеуіміз де осы ұлтсыздық сананың көріністері. осы ұлтсыздық санадан туып отыр. «Сайлау туралы" Заң жобасы  Парламентте қаралғанда, депутаттыққа үміткер қазақтар өз тілін - мемлекеттік тілді білуі керек деген Амангелді Айталы бастаған  депутаттар ұсынысын көптеген қазақ әріптестерінің қолдамауы да осының жарқын мысалы бола алады.

    Кезінде әдебиетіміздің алыптарының бірі Ғабиден Мұстафин: «Біз ұлтшылдықпен күрестік, енді сендер ұлтсыздықпен күресесіңдер» – деген екен.

    Ең қиыны - ұлтсыздық сана ұлттық ойлау жүйемізді бұзып,  ұлттық танымымызды қатты әлсіретіп отыр. «Ұлттық идея» және «ұлттық идеологияны» мойындамаушылық, “қазақ ұлтының” орнына кешегі кеңес адамы дегендей “қазақстандық ұлт” сияқты  ұсыныстарды тек осымен түсіндіруге болады. Әлде біреу 140 этностың қазақстандық ұлттың құрамына кіруіне келісімін алып па? Адамзаттың тарихи тәжірибесінде ұлтты қандай да бір этнос құрамына кіретіндер ғана құрайды.

Информация о работе Этноәлеуметтану