Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті
өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа
түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет,
адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның
имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі
ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның
жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік
етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы,
үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік
пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды
мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас
бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс
қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет
көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет
білдіруі өмір сүру салтына айналған.
Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен
өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша
адамгершілік қағидалардың, имандылықтың
жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына
негіз болған. Бойына адамгершілік асыл
қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді”
деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін,
әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе
әділдік көрсететін адамдарды “иманды”
деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша,
имандылық иманнан пайда болады. Ал иман
– жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы,
яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен
адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген
әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен
имандылыққа уағыздау деп саналған. [1]
Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем
мінезді толықтыру үшін жіберілдім”,
– деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен
имандылықтың қаншалықты маңызды екенін
көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі
болған делінеді. Алла тағала адамды иман
мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан:
“Алланың мінезінен
үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар),
– деп уағыздалады. Имандылықтың негізін
мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран
Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың
(ғ.с.) мінезі жайлы Хазіреті Айша: “Оның мінезі – Құран”,
– деп жауап берген. Құранда: “Негізінен иман етіп
ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап,
зекет бергендерге Раббыларыңның жанында
сыйлық бар”, – делінген (Бақара, 2/277).
Бұл аяттағы ізгі істер, діни ұғым бойынша
имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы
өркениетті қоғамда да имандылық – аса
қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде
ұғынылады. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз
сипат – имансыздық.[2]
Әдептілік қағидалары — мінез-құлык
нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық
- адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын
қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке
жастайынан баулу керек.
Әуелі адам әдептіліктің не
екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті
түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік
туралы дүрыс түсінік пен білімге канық
болғанда ғана оның нормаларына бой үсынудың
қажеттілігіне көз жеткізеді.
Жеке адам өмірін әдептілік
қағидаларына сай калыптастыру керек-ақ.
Алайда мұны дүрыс түсінбейтін адамдар
да кезігіп калады. Олар: "Жеке адамның
өміріне ешкім араласпауы керек, әркім
өз өмірін өзі біледі" деген пікірге
жүгінеді. Яғни жеке өмірлерінде қандай
да бір күқықтарының шектелгендіктерін
алға тартады.
Бар түсініспеушілік осында
жатыр. Ал, оны түсіне алу үшін мынаған
ерекше назар аударған жөн сиякты. Бір
адамның екінші бір адам өміріне араласпау
керектігі - орынды нәрсе. Ал, басканың
жеке өміріне араласпау үшін өзіңнің жеке
өмірінді соған орай бейімдеуің керек
емес пе? Бүл дегеніміз - өзіңнің еркінді
шектеу. Ендеше, адамның жеке өмірінде
әдептілік қағидаларын қалыптастыру шектеудің
осындай бір түрі болып табылады.
Әдеп арқылы жеке адамның адамдар
арасындағы қадір-қасиеті арта түседі.
Ол елге осылайша сыйлы болады. Мүндай
әдепті адам істейтін ісін, сөйлейтін
сөзін, қабылдайтын шешімін жүзеге асырар
кезінде оның елге үнау-үнамау жагына
баса назар аударады. Ал, ел мен жұртты
ойламай, тек жеке басының камын ғана ойлап
іс қылған адам халық алдында сүйкімсіз
болады. Олай болса, әркім әдептілікке
осы түрғыдан карағаны абзал. Яғни, халық
үшін жан пида дей алу үшін әуелі әдептілікке
бой ұру керек. Олай болса, әдеп ең бірінші
кезекте кісінің жеке басында орнауға
тиіс.
Адам қоғамда қылығымен танылады.
Кімнің кандай адам екені оның мінез-күлқынан
білініп тұрады. Кісі сондыктан қоғамда
өз орнын таба білуі үшін әуелі жеке өмірінде
әдептілік кағидаларын калыптастыра алуы
кажет. Әлбетте, әдептілік-инабаттылык
үрдістерін бойға жақсылап сіңірген адам
нағыз адам болмак, Әдептілік атадан балаға
кан арқылы берілетін нәсілдік жайт емес.
Яғни адам атасына тартканы үшін өздігінен
әдепті кісі болып шыға келмейді. Әдептілік
адамның өзімен бірге өсіп-өнеді және
жетіледі. Соны жетілдіре алған адам ғана
әдепті бола алады.
Адамның жеке басы дегеніміз
— оның кісілігі. Ал, кісілік дегеніміз
— адамның абыройы, беделі, дәрежесі. Бұның
бәрінің ұйытқысы — әдептілік. Ендеше,
адам өзінің өмір сүру салтын, ғүмыр кешу
колын осы әдептілікке негіздеуі керек.
Әдептілік адамның жеке күлқын жолға кояды,
оны қоғамға пайдалы адам етіп шығарады.
Бүл түрғыдан алғанда адамдардың коғамдык
өмірі осыған байланысты болып келеді.
Яғни, қоғам жеке адамдардың жақсы болуын
калайды. Ал, адамды жақсы ететін — әдеп.
Адамгершілік сезім де осы әдептен
басталады. Адамның жеке басындағы адамдық
қасиеттерін, оның адамгершілік сезімдерін
әдеп жетілдіреді. Жалпы алғанда, әдеп
адамды мейірімді, рақымды етіп, ол арқылы
қоғамды бақытқа кенелтеді. Лұқпан хакімнен
"Әдептілікті кімнен үйрендің?" деп
сүраған корінеді. Сонда ол: "Әдепсіздерден.
Әдепсіздің тұрпайы корінген әрекетінен
бойымды аулақ салдым" деген екен. Адам
осылай өзін-өзі тәрбиелей алуға тиіс.
Өйткені, не нәрсе болмасын тәрбие аркылы
ғана іске асады.
Адамның тәрбиесі ең әуелі кісінің
жеке басына тығыз байланысты. Кісі өзіне
дүрыс тәрбие, бағыт-бағдар бере алған
жагдайда ғана жеке басының тұлғасын калыптастыра
алады. Ендеше әрбір адам өз түлғасын озі
жасай алады. Оны жасауда міндетті түрде
әдепке жүгінбек керек. Өйткені кім озінің
әдепсіз түлға болуын каласын?
Әдеп төрбиесі жеке адамның
тұла бойын тек жылтыратуды қаламайды,
ол түрақты, ізгі касиеттерді қалыптастыруды
көздейді. Өйткені сырты бүтін, іші түтін
адамның қоғамға ешқандай да пайдасы жоқ.
Керісінше, олар коғамға кесірін тигізеді.
Олай болса, адамның жеке басы үшін әдептілік
міндетті түрде қажет. Бүл кажеттілікті
сіңіруші - тәрбие. Тәрбие арқылы ғана
әдептілікке кол жеткізуге болады. Мұны
әрбір адам мақұлдауға тиіс және дереу
өзінің жеке басын әдептілік үрдістерімен
тәрбиелеуге бейімдеуі қажет. Ол бұл істе
батыл болып, жеке басында әдептілік қағидаларын
орнықтыра алса, қоғам үшін нағыз керекті
адам болып шыға келеді. Ал өзімшілдікке
салынып, әдептілік қағидаларына мойынсұнбаған
адам жеке басына опық жегізеді.
Адамның жеке басының әдептілігі
дегеніміз -кісінің өзін қоғамдағы қабылданған
барлық ұқыптылық ережелеріне, кандай
да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға
және мінез-күлык тәртібіне сай ұстауымен
катар, эстетикалық әрі этикалық жауапкершілікті
сезініп, оны канағаттандыра алуы. Жеке
адамның әдептілігі тек қана оның жеке
басына байланысты емес. Басқалардың қуанышы
мен күйінішін түсіне алу және оған ортақтасу
да адамның жеке басында табылуға тиіс.
Біреудің жоғын беру, қазасына қаймығу,
кайғысында бірге болу, қасіретін бөлісу
оңай шаруа болмаса керек. Әрине, мүның
бәрі шынайы жүректен істелуі тиіс. Бұл
адамның жеке басының әдептілігін айқын
көрсетеді.
Жеке бастағы әдептілік көп
ретте оның карапайымдылығын танытады.
Өйткені әдептілік адамның істеген істері
мен сөйлеген сөздерінде анық байкалады.
Ал, карапайымдылык іс пен сөзде ерекшеленеді.
Ол ешқандай жанға ыңғайсыздық тудырмайды,
әдепсіздік жағдайды болдырмайды, адам
атаулының көңілін қалдырмайды. Ол бүкіл
жүріс-тұрысында қарапайым келеді, еш
уақытта дараланып, ерекшеленуге бейім
тұрмайды.
Имандылық –инабаттылық айнасы
Жарияланды 7-03-2013, 09:46 Категориясы: Тәрбие
сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Имандылық
– инабаттылық айнасы
1. Білімділік мақсаты:
О0ушылардың инабаттылық түсініктерін
кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы
мен пайдасы туралы жаңалықтармен танысу.
2. Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың мұсылман діні және теріс
бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін
кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын,
белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами
қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге,
ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты,
ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі
- өнеге алуға баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды халқымыздың ұмыт болған салт
- дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге,
инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке,
адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке,
ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке,
ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика
негізінде тәрбиелеу.
Түрі: Сұхбат - кездесу сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мешіт
салынған суреттер, нақыл сөздер, үнтаспа,
құран және «Ислам тағылымдары» кітаптар,
теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы
деректер.
Мұғалім: Халқымыз жан - жақты адамды «
сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның
сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы.
Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін,
тілін білген адамның көкірегі ояу болады,
жаман мен жақсыны айыра біледі.
Міне, сол себепті біз «Имандылық - инабаттылық
айнасы» деген тақырыпта өз ойларымызды
ортаға салмақпыз.
Жүргізуші: Егеменді еліміздің ертеңі
болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты
имандылық тәрбиеге баули отырып, халық
дәстүрін жүрегіне ұялатып,, санасына
құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты
міндеті.
Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне
өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп,
жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың
көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын.(Слайд)
Сондықтан, мектепте имандылық тәрбиесінің
берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерін
сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға
ұлтының озық дәстүрін, әдет - ғұрпын ұғынуға,
ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне
игі әсер етеді деп сенеміз.
Осы орайда қасиетті өткізілгелі отырған
«Имандылық – инабаттылық айнасы» атты
ашық тәрбие сағатымыздың қонағы, біздің
сұрақтарымызға жауап бергелі келіп отырған
Орталық мешіттің имамы Мерғали Жүніспекұлы
орталарыңызда.
Жүргізуші: Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға
сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы
қандай ұғымдары біледі екен, соған кезек
берелік.
І. 1 - оқушы: Мұсылман дінінің негізін салған
Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде
туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес,
тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар
деп те атайды.
2 - оқушы: Ислам дінін ұстанатын адамдарды
мұсылман деп атайды.
3 - оқушы: Мұсылман дінін ұстанатындардың
негізгі қасиетті күні - жұма.
4 - оқушы: Ораза ұстаған адам өзін - өзі
тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады.
Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік,
өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы
жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан
аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді
болуға, мейірімді болуға, басқа ораза
ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет
етеді.
5 - оқушы: Мұсылмандардың қасиетті үйі
– мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат
пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк
жер.
6 - оқушы: Мұсылман дінінің қасиетті кітабы
- Құран. Құранның сөзі құдайдың сөзі.
7 - оқушы: Ораза айында әр отбасы жан басына
белгіленген мөлшерде пітір - садақа береді.
Бұл осы Рамазан айына аман - есен жеткеніміз
үшін берілетін құдайы садақа. Мұнда мұсылман
қауымы дүние - қоңыздықтан аулақ болуға
үйренеді. Адамдарды тату өмір сүруге
баулиды. Пітір садақаны ауру - сырқаулы,
жетім, мүсәпір адамдарға беруге болады.
9 - оқушы: Аллаға сенудің пендеге берері
көп. Тіршілікте таза болып, дұрыс, түзу
жол табу – иман мен жақсы істердің нәтижесі.
Иман - адам бойында қанағат, қайсарлық
пен сабырлық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді
қалыптастырады. Ислам дінін тұтынатын
мұсылманның бес парызы бар. Сендер, балалар,
атап бере аласыңдар ма?
1. Құдай бірлігі Мұхаммед пайғамбар қасиетін
мойындау
2. Намаз оқу
3. Ораза ұстау
4. Садақа беру
5. Қажылыққа бару.
10 - оқушы: Шариғат бойынша адам қылмыс
жасамауы, маман сөз өтірік айтпауы керек.
«Менде ғана болсын» деген өзімшілдік,
біреуге қиянат, зорлық жасау діннен безген,
діннен қорықпағандардың ісі, ондай адам
күнәхар болып есептелінеді.
Би «Халал»
ІІ. Имандылық деген не? Пікірталас.
Пікірталасты бастамас бұрын мына бейнесюжетке
көңіл аударуларыңызды сұраймын.
«Өмірде болған»бейнефильмінен үзінді
көрсету.
ІІІ. Абайла адасу! «Абайла, дін саудагерлері!»
тақырыбында теріс бағыттағы діни ағымдардың
іс - әрекеттері мен мақсат - мүдделеріне
тоқталып оқушы пікірлерін білу.
Өзге елден келген теріс жолды насихаттаушылар
елімізде көбеюде. Ұлтымыздың салт - дәстүріне
қарама - қайшы пікірлер айтылады. Ислам
дінін жамылып ислам құндылықтарын жоққа
шығарып шет елден келген секта, миссионерлері
өздерінің қара ойларын іске асыруда.
Олардың саны өкінішке қарай көбеюде.
Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды
теріс бағытқа тәрбиелеуде. Исламдағы
теріс діни ағымдардың кесірінен қасиетті
Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм,
террор діні саналуы қынжылтады.
Исламдағы ұғымдар туралы оқушылардың
айтқан пікірлері:
«Салафиттер» немесе салафилер ұйымы
7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға,
ата - баба басында құран бағыштауға қарсы.
Атырау қаласында кең тараған. «Салафи»
сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі.
Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар»
деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның
салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын
өз беттерінше өзгертіп алған.
«Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерін таза
мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге
есептейді екен. Египетте бастау алған
бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды,
мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында
жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын
қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге
талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында
іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын
бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы
мемлекеттің саяси - экономикалық бағдарламасының
нығаюына кері ықпал жасайды.
«Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің
ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық
қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат
жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен,
қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан
тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында
ұсталған екен.
«Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ,
бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды
білдіреді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар»,
қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу,
шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған
ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан
бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек
киеді. Туған күнге, ұйымның іс - әрекетіне
тыйым салған.
«Нұршылар жамағаты» Түркияда пайда болған.
Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне
қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу.
Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе
бастаған. Өздері басып шығарған уағыз
парақшаларын тарату арқылы қатарларын
толықтыруға тырысады.
«Қадиян» тобы Үндістанда пайда болған.
Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды
діннен аластату мақсатында пайда болған.
Отанды қорғауды қажет деп есептемейді.
Зиянды, жағымсыз әдеттермен мұсылмандар
арасында жан - жақты идеологиялық күресті
күшейтіп, төңкеріс арқылы қол жеткізуді
көздейді.
Хизбутшылар мемлекеттік шекараны мойындамайды.
Олардың мақсаты:
1) бейбіт жатқан мемлекеттерде азамат
соғысын ұйымдастыру;
2) мемлекеттің экономикасын құлдырату;
3) ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу;
4) мемлекеттерге қару - жарақ есірткі заттарын
тасымалдап апару. Ағым мүшелері біздің
елімізде де кездеседі. Олар Ислам атын
жамылып өз мақсаттарын, жаман істерін
жүргізушілер. Олардан аулақ болайық.
«Уаһһабилер»Сауд Арабиясында дүниеге
келген.
Мұхаммед ибн Абдуллуаһһаб деген адам
астыртын жіберілген ағылшын тыңшыларымен
байланысып, солардың ақыл - кеңесімен
«Уаһһабия» деген ағымның негізін салған.
Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды.
Уаһһабия ағымының белгілері:
1) мемлекет заңдарына бағынбайды; 2) пайғамбарымыздың
кейбір хадистерін мойындайды; 3) әулиелерге
зиярат жасауға болмайды деп есептейді;
4) садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке
кіріп намаз оқымайды; 5) мемлекеттің тәуелсіздігін
нұқсан келтіреді. Өкінішке қарай, біздің
мемлекетімізде де осы қауіпті ағым жолын
ұстанушылар кездеседі. Олар ата - аналарын
сыйламайды. Туыстарымен қатынаспайды.
Бұл ағымда Ислам өркениеттің күш алып
кетуінен қорыққан еуропалықтардың әрекеті
бар.
Секталар: «Иегова күәгерлері», кришнаиттер,
саентологтар, мунистер, баптистер. Олар
дін жолын табыстың көзіне айналдырған.
Күллі әлемді евангелиендіру саясатымен
Америкадан әлемнің түкпір - түкпіріне
мыңдаған миссионерлер жөнелтуде.
Секта - орталық шіркеу немесе мешіттен
бөлектенген діни топ, қауым, бас пайдасы,
жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген
топ.
Теріс бағыттағы діни ағымдардың мақсаты:
1. Басқа нұқсан келтіру, адамдарға деген
жиіркенішті сезім тудыруды уағыздау.
2. Адам ойына үстемдік жүргізу.
3. Мемлекеттің, отбасының бірлігін, тыныштығын
бұзу.
4. Халықтың патриоттық қатынастарын бұзу.
5. Мемлекеттің тәуелсіздігіне нұқсан
келтіру және мемлекет заңдарына бағынбау.
Саентология деген не?
Олардың сырт көзге білінбестен гипнозбен,
зомбыландыруымен адамда ішкі психологиялық
сәттілік сезімі пайда болады. Сектаға
тартылған адамдардың психологиялық күйі
күннен күнге асқына береді. Саентология
ілімдерін қолданатын бизнес - мектептері:
«Дианетика», «Нарконон», «Кримиан», «Рубикон»,
«Перформия».
ІІІ. Дін және заң бөлімі. «Діни диверсияға
құқықтық тосқауыл».
«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер
туралы» заңнан үзінді.
Зайырлықтың мына қағидаларын тұратынын
көрсетеді
Мемлекеттік билікке діни бірлестіктердің
араласуына жол бермейді.
Мемлекеттік органдар діни бірлестіктердің
қызметіне заңсыз араласа алмайды.
Діни бірлестіктерге партия ретінде құрылуына
жол бермейді.
Мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмайды.
Белгілі бір дінді мемлекеттің білім дағдарламаларына
арнайы пән ретінде енгізуге болмайды.
Білім беру орындарында дінтану пәндері
танымдық негізде өткізілуі мүмкін.
«Даурс Салам» діни бірлестігінің еліміздегі
іс - әрекеті сот шешімімен заңсыз деп
танылып, бірлестік жұмысы тоқталды. Сондай
- ақ «Грейс» евангелді - христиан миссионерлік
діни бірлестігінің жетекшісі 14 жылға
бас бостандығынан айырылды.
Дін және уақыт (қорытынды бөлім)
«Ел мен дін мұраты – ынтымақ пен бірлік»
Тоғыз інжу әдісі.
Теріс бағыттағы діни ағымдар.....
Елдің тәуелсіздігіне қарсы бағытталған
әрекет.
Әрбір адам абай болатын аса қауіпті бағыт.
Заманның жаңа ағымынан туындаған бағыттар.
Діни сауаты бар адамдардың мазасыздануына
тұрарлық мәселе емес.
ІҮ. Міне, балалар бүгін біз теріс бағыттағы
діни бірлестіктер туралы ой бөлістік.
Енді сөз кезегін арнайы тәрбие сағатымызға
шақырылған қонаққа береміз.
Ү. Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де
рас» өлеңін мәнерлеп оқу (Канафиянов
Елдар)
ҮІ. Аймақтық компонент жерлес атамыз
Мәмежанов Қ. Ш. «Ислам тағылымдары» кітабымен
таныстыру.
ҮІІ. Ата - аналардың құрметіне «Асыл ана»
әні.
ҮІІІ. Қорытындылау. Елбасының 2050 стратегиясынан
үзінді.
Н. Ә. Назарбаев: Ендеше, бүгінгі ұрпақ
та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей
отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал.
Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды
ислам дінінің хақ жолынан адастырып,
теріс бағытқа тартуға тырысады.
Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден
бойымызды аулақ ұстауымыз керек.