Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 21:08, реферат
Вебер Макс (24.4.1864, Эрфурт — 14.6.1920, Мюнхен) — неміс социологы, философ. Вебердің дүниетанымдық көзқарасы жаңакантшылдық ағымның ықпалы негізінде қалыптасты. Вебердің пікірінше, қандай болмасын әлеумeттік-экономикалық құбылыстың мәнін оның объективті жақтары ғана емес, ең алдымен зерттеушінің көзқарасы, осы процеске берілетін мәдени маңыз анықтайды.
Адамдардың күнделікті
өмірде іске асыратын идеялары мен
рухани құндылықтарын әлеуметтік құбылыстардың
соңғы себептері ретінде
Жеке адамдарға қатысты әлеуметтік нормалар, құндылықтар және өзге де қоғамдық сананың көріністері объективті өмір сүреді. Әрбір адам қалыптасқан белгілі бір саяси, құқықтық, моральдық және басқа да нормаларға, құндылықтарға және әлеуметтік нұсқауларға кезігеді. Адам болса оларды меңгеруі қажет және күнделікті өмірде іске асыруы тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм әлеуметтік фактілердің екі негізгі белгілерін көрсетеді: жеке индивидтерге қатысты олардың объективтік өмір сүруі және олардың адамдарға мәжбүр ету ықпалы. Осылар арқылы Дюркгейм адамға әлеуметтік тіршілік иесі деп қарайды, оның дамуы мен қызметі әлеуметтік нормалар мен жарлықтардың ықпалымен жүреді. Әлеуметтік фактілердің ортақ рухани табиғаты және мәні бар. Олардың бәрі топтық немесе бұқаралық сананың көрінісі. Олар адамдарға ұйымдасқан саналы ықпал етеді және әлеуметтік институттар, соның ішінде құқықтық, діни, т.б. арқылы жүзеге асады.
Дюркгейм қоғамдық болмыс формасы немесе қоғам құрылымы мен жеке "материалдық" бөлімінің формасын қарастыратын әлеуметтік морфология деп аталатын фактіні ұжымдық сана немесе түсінікке қарсы қойды.
Морфологиялық фактілер — "материалдықты", қоғамның сандық аспектісін, оның субстратын, ал ұжымдық сана рухани, саналы аспекті болып саналатын "ұжымдық түсінікті" құрайды.
Сөйтіп, Дюркгеймнің әлеуметтік фактілер жөніндегі ілімінде қоғам мен тұлғаның өзара әрекетін тусінуге мүмкіндік беретін қажетті, маңызды ережелер қалыптасқан, топтық, ұжымдық сананың рөлі көрсетілген. Осының бәрі әлеуметтанудың ғылым ретіндегі шынайы пәні болып саналады.
Дюркгеймнің қоғамда болатын нормальдылық пен патологияның өзгешеліктері туралы, әлеуметтік аурулар және оларды жоюдың жолдары жөніндегі ілімдері аса маңызды. Нормальды және патология қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды, соның ішінде қылмыстарды, дағдарыстарды, т.б. интерпретациялауда қолданылған. Дюркгеймнің пікірі бойынша, нормальды — бұл әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның өмір сүру жағдайынан келіп шығады. Қылмыс және басқа да әлеуметтік аурулар қоғамға зиян келтіріп, жат қылыққа ұшыратса да, нормальды болып саналады, өйткені олар белгілі бір қоғамдық жағдайда ірге тепкен және пайдалы да қажетті қоғамдық қатынастарды қолдап отырады.
Өзі кең түрде қолданып келген оның нормальды түсінігі Дюркгеймді күтпеген қорытынды жасауға, кейде релятивизмге әкеп соқтырды. Мысалы, кезкелген қоғамда кездесетін қылмысты ол нормальды құбылыс ретінде қарастырды. Керісінше, XIX ғасырдың соңында өзін-өзі өлтірушілердің санының артуы және экономикалық дағдарыстың кейбір типтері патологиялық деп сипатталды. Қоғамның нормальды қалпын жоспарлы экономиканың дамуы және еңбек қатынастарын нормативпен реттеуден туады деп түсіндірді.
Сонымен катар әлеуметтік саулық, Дюркгеймнің пікірі бойынша, индивидтің, ұжымның немесе қоғамның өмірлік күштерінің нормальды дамуында, олардың орта жағдайларына бейімделу қабілеттерінде, оларды өз дамуларына қолдана білуіңде. Қоғамның дамуына және адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал ететіндердің бәрі пайдалы және қажетті деп танылуы керек. Қоғамның ауруы онын кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Егер қоғам тұтастай ауру болса, оны әмбебап емдеу қажет. Дюркгейм қоғамның моральдық және саяси сауығуына үлкен маңыз береді.
Қоғамның нормальды емес қалпына аномия жатады, бұл — индивидтердің мінез-құлқын нақты моральдық реттеу әдісінің болмауынан қалыптасатын қоғамдық жағдай. Дюркгейм аномияны түсіндіруді әлеуметтік функциялардың арасын реттеп отыратын ережелердің әзірленбеуінен іздестірді. Ол реттеуге көнбейтін бәсекелестіктің, таптық шиеленістердің ескішіл еңбектің және жұмысшы күштерінің деградациясының болуын өндіріс пен еңбек бөлінісінің жедел түрде асқынатын сырқаты ретінде анықтады.
"Нормальды емес формаларды" жоюда Дюркгейм шиеленістерді бейбіт жолмен шешуді, күрес пен бәсекелестікті көңілге сыйымды мөлшерде бәсеңдетуді, таптар қатынастарын қатаң реттеуші ережелер жинағын шығаруды, әділеттілікті және теңдікті енгізуді ұсынды.
Дюркгейм қоғамдық құбылыстарды зерттеуде, әлеуметтік фактілерді түсіндіруде себептік және функционалдық талдауды әлеуметтанулық зерттеудің маңызды әдісі етіп қарастырады.
Себептік түсіндірудің мәні — әлеуметтік құбылыстың әлеуметтік ортаға тәуелділігіне талдау жасауда.
Функция ұғымын Дюркгейм
биологиядан алады, ол бойынша физиологиялық
процесс мәліметтері мен
Дюркгейм социологизмінің айқын корінісінің бірі — оның дін тұжырымдамасы. Діннің шығу көздерін ол қоғамнан іздеуді ұсынды. Австралия тотемизмін зерттеген ол діннің шығуын алғашқы қауымдық құрылыммен, оның әлеуметтік ұйымымен байланыстырады. "Дін әлеуметтік ортанын жемісі" деген тұжырым жасап, қоғамның одан басымдылығын мойындайды. Алғашқы қауымдық дінді зерттеп, одан қазіргі "күрделі" қоғамның бейнесін көрген Дюркгейм тотемизмнің ерекшеліктерін қазіргі діндерге көшірді және діни жүйенің басты элементі ретінде құдай идеясын жоққа шығарды. Онын пікірінше, сенушілердің құдайы тек "қоғамның фигуральды көрінісі", ал бұған керісінше құдіретті принцип — "қоғам басқаларға қарағанда гипостазданған және басқа түрге айналғыш". Осыдан келіп мәдениетке, тұлғаға, сонымен қатар адамзат ойлауының негізгі заңдылықтарына діннің шексіз ықпалы жасалады. Қоғам діни сенім мен догматтардың авторы және пәні, ол дінді жасайды және дінге табынуға итереді, қоғам — бір мезгілде құдай және табынушы. Дюркгейм дінге символдық жүйе ретінде де қарайды. Алғашқы қауымдық тотем алғашқы адамдардың қандай топқа жататынын анықтаушы символ ретінде түсіндірілді. Материалдық мәдениеттің өзге заттары белгілер ретінде қарастырылды, солардын көмегімен белгілі бір тарихи дәуірдегі ұжымдық санаға үңілуге мүмкіндік туды. Әлеуметтанулық сараптама бұл жүйенің базисі қызметін атқаратын реалдықты, яғни қоғамды көруге тиісті еді. Дін символдық белгілер жиынтығы ретінде қарастырылды. Сол белгілердің көмегімен діннің қоғамдық интеграторлығы мәдениетті таратушы қызметтерді жүзеге асырып отырды.
Діннің басты компоненті, Дюркгеймнің пікірінше, оның догматтық бөлімі емес, жораларды атқарудағы ұжымдықтан көрінетін діннің практикалық қызметі. Белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді білдіре отырып, дін қажетті қоғамдық міндеттерді атқарады. Дюркгейм табыну практикасындағы негізгі әлеуметтік қызметтерді атап көрсетті; тәртіпке шақыру, немесе мәжбүр ету және бақылау қызметі, соның негізінде әлеуметтік бірлік нығайып, бекиді; жаңадан өндіру міндеті, бұл жаңа ұрпаққа әлеуметтік-мәдени мұраларды берудің және оның жандануының көмегімен іске асады; эйфориялық міндет, бұл әлеуметтік аман-есендік қуаныш сезімін қалыптастырудан тұрады. Діни ырымдар, ғұрыптар маңызды әлеуметтік міндеттер атқарады, қоғамның әлеуметтік ынтымақтастығын қолдауға және нығайтуға қызмет етеді, ал индивидуалдық деңгейде адамның өз күшіне сенімін арттырады.
Дюркгейм дін ұғымын діннің басты компоненттерінен, яғни құдай, т.б. айырып, дінді кез келген әлеуметтік объектіге қатысы бар наным мен ырымдардың жүйесі ретінде кеңірек көлемде түсіндіреді. Түптеп келгенде, дінді уақыттан тыс тұрған, мәңгі сипатталған, кез келген қоғамдық типте ұқсастығымен көрінетін абстрактілі идеологиямен теңестірді.
Дюркгеймнің маңызды зерттеулерінің бірі мораль болды. Оның табиғатын, шығуы мен атқаратын қызметтерін баяндауда Дюркгейм әлеуметтану концепциясын басшылыққа алды. Моральды өзінің ерекшелігіне орай, ол әлеуметтік жағдайдан, әлеуметтік ортадан, әлеуметтік құрылымнан туындатты.
Дюркгейм моральды мінез-құлықтың объективтік ережелерінің жүйесі ретінде қарастырып, жеке индивидтің мойындамаска лажы қалмайтын олардың императивті, мәжбүр ету сияқты айрықша белгілерін де көрсетті. Моральдың басты белгісі ретінде борышты (парыз) атады, оны қолдау адамның моральдық қасиетін арттырады. Бұдан кейін Дюркгеймді қызықтырған моральдың еріктілік мәселесі, қажеттік, тартқыштық және моральдық құндылықтарға адамның мүдделі болу белгілері де оның назарынан тыс қалмады.
Моральдың әлеуметтік мәнін атап көрсеткен Дюркгейм, оның дін сияқты "құдіретті сипатын" ашып, индивидтен өзінің күшімен, беделімен асып тұратын қоғам моральдың қайнар көзі және объектісі екенін баяндады.
Моральды қоғамдық жағдаймен байланыстырса да, Дюркгейм әлеуметтік құрылымды түбегейлі өзгертетін қоғамдық идеалды қажет емес деп санады. Әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерге қоғамдық идеалды сәйкестендірсе жеткілікті деп есептеді. Сол кездегі қоғамдағы табиғаты жағынан моральдық саналган дағдарыстың негізіне жалпы адамдар санасының сипаты мен мазмұнының өзгеруін алды. Нормалар мен құндылықтарды тез өзгерту қоғамда бұрын қалыптасқан тәртіпті жояды, соның салдарынан қоғамды моральдық жүгенсіздікке (хаосқа) әкеліп соқтырады. Дағдарыстан шығудың жолы ол моральды ретке келтіруді күшейту.
Дюркгейм концепцияларында "ұжымдық ақын" мен ұжымдық мүдделердің қорғаушысы міндетін қоғамның бұдан басқа да мәселелерін "ойлайтын және әрекет ететін" мемлекет атқарады. Либерализм рухында мемлекеттің рөлін баяндаған ол өкімет билігінің асыра күшеюі мүмкіндігін алдын ала көре білді. Мемлекеттің асыра бақылауынан тыс индивидті "екіншілік" немесе аралық әлеуметтік топтар — діни, өндірістік, т.б. қорғау қызметін атқаруға тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм белгілі топтардың өкілдері ретінде индивидтердің мінез-құлқын реттеуші ерекше партикулярлық моральдық, кодекстер идеясын ұсынды. Солай дегенмен де, Дюркгейм қоғамдық маңыздылығы дәрежесі бойынша моральдық ережелердің қатаң иерархиясын орнатуды талап етті. Отбасы, кәсіби және азаматтық мораль иерархиялық құрылымды құрады, оның биік шыңында мемлекеттен көрініс табатын жалпы адамзаттық құндылықтар мен идеалдар орналасты.
Мораль проблемаларын баян етуде Дюркгейм адамның екі жақты табиғатын пайымдаған антропологиялық теорияға сүйенді. Адамның биологиялық табиғаты {қабілеті, биологиялық функциясы, импульстері, құмарлығы) оның тәрбие жолымен (нормалар, құндылықтар, идеалдар) қалыптасқан әлеуметтік табиғатымен қарама-қайшылықта болады. Бұл қайшылықтарды тудыратын тоқтаусыз ішкі мазасыздық, шиеленіс сезімі мен үрейлену, бұлар тек қоғамның әрекетімен ғана шешіледі. Ол адамның биологиялық табиғатына бақылау жасайды, құмарлығын және тәбетін шектейді, оларды белгілі бір шеңберде ұстайды. Егер қоғам индивидтерге өзінің бақылауын әлсіретсе, аномиялық жағдай қалыптасады, яғни қоғам мен индивид дезинтеграцияланады, теріс моральдық тәртіпке, ретсіздікке, бақылаусыздыққа әкеп соғады. Бұдан барып өзіндік бір моральдық кеңістік пайда болады, соның салдарынан бұрынғы нормалар мен құндылықтар бұдан әрі өз ролдерін орындамайды, ал олардың жаңалары әлі нығайып үлгермеген болатын.
Түптеп келгенде, Э. Дюркгейм қарастырған проблемалардың және оларды шешу концепцияларының теориялық әлеуметтанудың іргелі проблемаларының қатарына жататыны даусыз, олар бүгінгі күнде де өз құндылығын жойған емес, әлі де пікір сайыстарын туғызып келеді.
1. Социология Лекциялар курсы. Жалпы редакциясын басқарған профессор Ә.Х. Тұрғынбаев Алматы., 2003
2. К.Бикенов. Социология. Алматы, 1998.
3. М. Тәжин, Б.Аяғанов. Социология негіздері. Алматы, 1993.
4. Краткий словарь по социологии. М., 1986.
5. Современная западная философия, М., 1991.
6. Вебер М., Избр. труды в 4-х томах, М., 1993;
7. Гидденс Э., Социология, М., 1991;
8. История социологии в Западной Европе и США, М., 1993.