Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 13:14, реферат

Краткое описание

Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Жер жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан жексұрын дене, жексұрын жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар.Аяғы қисық, жауырыны қушық. Ақыл қарында тұратындай-ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-мыс. Кейбір мырзалар сұлу боламыз деп жүргенде қиқаңдай ма керек, бұраңдайма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып құсқың келеді. Осыларды көріп өскен қазақ баласының денесінде не сұлулық болады

Содержание

1.1 ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ------------------

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 БАЛА БАҚШАДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАҚСАТЫ-----------------------------------------------------------------------------
2.2 ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ-------------
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС------------------------------------------------

3 ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------

4 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---------------------------------------------

5 ТІРКЕМЕЛЕР--------------------------

Прикрепленные файлы: 1 файл

Заңдар.doc

— 200.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 
1.1 ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ------------------ 
 
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
2.1 БАЛА БАҚШАДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАҚСАТЫ----------------------------------------------------------------------------- 
2.2 ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ------------- 
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС------------------------------------------------ 
 
3 ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------- 
 
4 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР --------------------------------------------- 
 
5 ТІРКЕМЕЛЕР----------------------------------------------------------------------------------

Кіріспе

Жаратылыстың  һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман,сылдыраған су,былдыраған бұлақ,шексіз-шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданғандала, ерке сұлу ай,жұлдызды түн,міне, осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері яки искусствоның тылсымды жанды билеп алып кететінән, күй, сиқырлы сөз, сұлу картина секілді әсерлері адам жанында бір ләззат, сұлулық толқынын оятып, туғызбай қоймайды, архитектура, сұлу сурет, скульптура сықылды пластика исскуствосы адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады. Ал енді, музыка, ән, поэзия сықылды тон исскуствосы есту сезімін сиқырлап барып,жанда сұлулық толқындарын туғызады. 
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті. Әр адамның сұлулық сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу сүреттен, біреудің поэзиядан. Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиешінің міндеті балада искуствоның қандай ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады: 
1)Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста сұлулықтың неше түрінің бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, сұдың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің күрілдегенін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көркі, түрлі түсті кемпірқосағвн, буыны жоқ бұрандаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын, балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың назарын аудара білу керек. 
2)Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза болсын. Таза деген сөзді қымбат деп ұғу қата. Тегінде қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қата ғой. Баланың маңайындағы нәрсе қымбат болмасын. Таза, ретті, тәртіпті болсын. Ойдың іші, киім-кешек, ыдыс-аяқ бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті-қолы, бәрі таза ұсталуға тиісті. Баланың маңайында жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былықтыққа үйренген бала былық болады. Ас жеп отырып әжесі жалаңаш қолмен мұрнын сіңбіріп, яки баланың нәжісін ұстап, қолын жөндеп шаймастан, яғни асқа кіріссе, бала да осыны істейді. Кейбіреулердің былықтықты ырыс көруі надандықтың әбден асқандығы ғой.  
Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Жер жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан жексұрын дене, жексұрын жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар.Аяғы қисық, жауырыны қушық. Ақыл қарында тұратындай-ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-мыс. Кейбір мырзалар сұлу боламыз деп жүргенде қиқаңдай ма керек, бұраңдайма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып құсқың келеді. Осыларды көріп өскен қазақ баласының денесінде не сұлулық болады. Қазақ, жұртқа күлкі болмайын десең, бұл мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты сүйсе, оған ауру жоламайды. 
3)Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне осыларды істесе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді. Білу керек, топас адам-тірі өлік.  
Мағжан Жұмабаев

Дисциплина: Педагогика

 

 

 

 

 

*112431* 

 

«Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыру»

магистр-оқытушы  Жунисова  Н.А.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ

Қазақстан республикасы. Түркістан қаласы. 

 

Жас маманға ұлттық тәрбие берудің  негізгі бағыт-бағдары еліміздің  Президенті Н.Назарбаевтың 'Қазақстан - 2030" халыққа Жолдауында "Толық өркениеті ел болу үшін     өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн" деп айқын жазылған. Жас мамандардыұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтардың, рухани мәдени мұралардың сабактастығын сақтай отырып, ұлттық құңдылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеуге жан-жакты даярлау қажет. Бұл орайда мамандардың ұлттык сана-сезімін қалыптастыру, туған халқына кұрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, тарихи мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу, білім мен біліктерін шыңдау - басты міндет.

Оқушыларды ұлттық колөнер арқылы кәсіби шеберліктерін қалыптастырудың  маңызды тұжырымдамалық бағыты болып  білім, ғылым, өнер, өндіріс және өнеркәсіптің байланысы саналады. Бұл бағыттың жүзеге асуын ғалымдар қазіргі кезде технологиялық білім беру тұжырымдамасында: мамандарды қоғамдык өндірістегі қайта құрылған іске даярлау, олардың танымында ұлттык қолөнердің әлемдік көріністерін қалыптастыру, ой-өрісі мен кәсіби- шығармашылық кабілеттерін жетілдіру, білім және еңбек қабілеттерінің бірнеше түріне катысу үрдісінде мамандарды даярлауға жағдайлар жасау мақсаттары қойылып отыр. Мұның бәрі жалпы кәсіби шеберлік және дизайнерлік білім беруде жоғары мазмұнды даярлықты талап етеді. Бұл міндетті шешу жоғары оқу орындарына тапсырылады, өйткені жоғары педагогикалық оқу орындары қай кезде де қоғамға тірек болған және бола да береді.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері  арқылы оқушылардың технологиялык  іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру мазмұны 5-9 сынып оқушыларының «Тсхнология» оку бағдарламасының «Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін. «Тігін бұйымдарының сән үлгілері» тарауы бойынша жасалған бағдарлама мазмұндама қарастырады. Балаларды жастайынан сәндік-қолданбалы өнсрге үйрету бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жоғалтпаған өнердің бір түрі кілем тоқу, киіз басу, киім тігу, ши тоқу, сырмак сыру өнері. Қазақстанда кілем және кілем бұйъімдары көшпенді қазақтың тұрмысында ерекше орын алды, әсіресе, киіз үй жиһазы ретінде ағаш бұйымдары маңызды болды. Жасалу әдістеріне байланысты киіз үйдің жылулығы және сәнділігі үшін кілемдердің түрлері, киіз үйдің алаша мен киізін тартып бекітуге арналған бау, басқұрлар; үй-ішілік сәндік бұйымдар: есік шымылдықтары. кереге басына ілінетін бұйымдар, сандыққап, теңқап, қоржын, түрлі тоқыма дорбалар мен заттар салып сақтау үшін қажетті бұйымдар, атка салатын қоржындар және тағы баска тоқыма бұйымдарыдайындалды. Осы аталган сәндік-колданбалы өнер түрлерін бағдарламаға сай, 5-9 сынып оқушыларын сәндік қолөнер бұйымдарын технологиялық өңдеуге үйрету көзделген. Технология пәні мұғалімінің кәсіби даярлығын кәсіби іскерлігін қалыптастыру мәселесінің кұрамында қарастырған жөн.

Жалпы халқымыздың қолөнері арқылы болашақ мамандарды оқытып тәрбиелеу  мәселесіне бірталай енбектер арналғанымен, халык қолөнерін үйрету және сол аркылы өмірге даярлау тұрғысынан сан түрлі мәселелерді шешуді ғана зерттеу нысаны етіп алған З.Ахмедина, В.Боброва, М.Искакова, т.б. кәсіби кызығу мәселелерін қарастырып, құнды тұжырымдар жасаған.

Ғалымдардың бірқатары отандық және шетел тәжірибесіне мазмұнды талдау беру арқылы кірген "Технология" пәнінен эксперименттік бағдарлама жасаған. Бағдарламада материалдарды өндеудің барлық түрлері және олардың технологиясы, көркемдеп құрастырылуының, сәндік-колданбалы шығармашылықтың негіздері берілген. Олардың пайымдауынша, адамды іс-әрекеттің қайсы бір түріне болса да баулу тұлганың шығармашылық касиетінің қалыптасу үрдісіне мақсатты түрде ықпал етеді. Ғалымдардың зерттеулері қолөнерге бағытталган іс-әрекеттегі білімнің кіріктірілген сипатын кенейтеді. Бұл біздің гылыми ізденісіміздің көкейкестілігін дәлелдейді. Бүгінгі ғылыми әдебиеттерге және педагогикалық тәжірибеге жасалған талдау болашақ мамаңдарды ұлттық колөнерлік іс-әрекетке кәсіби даярлау мәселесінің әлі де болса теория мен өмірде өз шешімін таппай отырғанын көрсетеді. Болашақ мамандардың ұлтгық қолөнер аркылы кәсіби- шеберліктерін жетілдіруде қоғамның сұранысы мен бүгінгі жағдайы арасында; еңбек үрдісіндегі оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарының мүмкіндіктері мен олардың ұлттык қолданбалы қолөнерге жеткіліксіз назар аударылуы арасында; технология пәнінде қолөнерлік іс-әрекетке кәсіби даярлығын қалыптастыру қажеттілігі мен арнайы ғылыми әдістеменің жоқтығы арасында қарама-кайшылық байқалады. Сондықтан ұлтгык қодданбалы қолөнер саласына кәсіби даярлығын қалыптастыру үшін тиімділігі іздестіру біздің зертгеу мәселемізді айқындауға және такырыпты "Ұлттық сәндік қолданбалы өнер арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қатыптастыру" деп тандауымызга себеп болды.

Жоғары оку орындарында технология пәні мұгалімін даярлау барысындағы  білім беру моделінің жаңа бағыттарының бірі - болашақ мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру.

Бүгінгі оқушы, студент - ертеңгі болашақ  маман иелеріне қолөнердің сы-рын, бейнелілік тілін меңгерту және олардың өнер салаларындағы шығармашылық іс-әрскеттерін дамыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған эстетикалық, көркемдік мәдени бай мұраларын игерту, туған халкының өнеріндегі парасатты дәстүрлеріне танымдық көзқарастарын қалыптастыру, колөнерге қызығуларын ояту, қазіргі кезеңдегі мектептен бастап жоғары оқу орындарының, білім беру жүйесінің барлык саласындағы имандылық тәрбиенің негізгі басты міндетгерінің бірі болып табылады.

Қазіргі кезде елімізде ұлттық кұндылыктардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Н.Назарбаевтың "Қазакстанның болашагы коғамның идеялық бірлігінде" еңбегіндегі “Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр "деген сөзі нақты айғақ бола алады.

Адамзат коғамының рухани және мәдени корының кымбат казыналарының бірі - халыктың колөнері мен әдет-ғұрпы, кай халықтың болсын бітім тұлғасы, психологиялық, этникалық жан сезім  белгілері оның колөнер мен әдет-ғұрып, салт-санасынан көрінеді. Өткен ел тарихын, тұрмыс-тіршілігін ой елегінен өткізер болсақ, халық өміріңдегі әдет-ғұрып, салт-санасының дамуы тарихи оқиғалардан кейін заманның өзгеруіне байланысты болғаны айқын.

Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету - өнегелі іс. Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан тәрбиелік мәні өте зор тағылым. Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілсрінен көруге болады.

" Қазіргі білім  беру жүйесіндегі парадигмалар  жағдайында кәсіби білімін жетіддіру  маңызды болып отыр. Жаңа буын оқулыктары, оған байланысты жетілдірілген бағдарламалар енгізіліп, жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес оқушы білімін бағалау талаптары койылуда. "Оқытудың жаңа технологиясы" тәжірибиесі таратылуда. Жоғары оқу орнын бітіруші жастардың мұғалімдік мамаңдығы бойынша кәсіби қалыптасуындағы қоғамдық, психологиялық-педагогикалық және кәсіби мамандық білімдерімен қатар болашақ мұғалімдік жұмысында педагогикалык тәжірибені жоғары деңгейде саналы өткізуі аса маңызды қажеттілік.

Республикамыздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі - әлемдік кауымдастықта Қазақстанның бәсекеге қабілсттілігін арттыру. Сондыктан қазіргі заманға бейім, экономика талаптарына жауап беретін жан-жакты дайындығы бар білікті, іскер маман даярлау орта және арнаулы, жоғары оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Экономикалық өзгерістер кәсіптік білімді дамытуды түпкілікті өзгертті.. Кәсіптік білім еңбек  нарығының сұранысын, жұмыс берушілердің нақты талабын қанағаттандыру жағдайларына қарай бейімделді. Оқу барысында  тандаған мамандыктарына сай әрбір кәсіпорында экскурсия өткізу, іскерлік ойын, дебат, пікірталас сайысы түрінде оқыту әдістерін қолдану оқушылардың кәсіби іскерлік дағдыларын қалыптастыруда маңызды рол атқарады.

Мамаңдардың кәсіби білімдерін арттыруда мүғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне, жаңа технологияның ғылыми негіздерін үйреніп, насихаттауына кең жол ашылды. Болашақ мамандардың кәсіби білімдерін жүзеге асыруда мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін жоспарлы жұмыс атқаруы тиіс. Атап айтқанда, диагностика жасайды, жаңа технологияны қолданады, нәтижені тексереді, сараптап баға қояды.

Оқушылардың кәсіби шеберліктерін  жетілдіре отырып жаңа технологиялык  әдістерді қолдану, жас ұрпаққа  сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие . үрдісінде жоғары нәтижеге жету — біздің басты міндетіміз.

Осы міндеттердің бірі - жасөспірімдердің шынайы өмірге, өнерге кәсіби шеберліктерін калыптастыру. Ал бұл шығармашылық тұрғыдан ізденімпаз тұлғаны дамытудың факторы болып саналады. Адамның шындыққа, өнерге көзқарасы қабылдаудан басталады және онсыз қалыптасуы да мүмкін емес. Осыған байланысты балалардың эстетикалық тұрғыдан қабылдау және бақылау қабілеттерін дамытудың қажеттілігі артады. Осы қабілеттердің дамуы өмір мен өнердегі әсемдікті, ұлылықты, шынайылықты түсінугс және оларды талғамсыздықтап ажырата білуге мүмкіндіктер жасайды. Эстетикалық қарым-қатынастар эмоционалдық сипатқа ие болғандықтан, өмір мен енердің эстетикасын тану эстетикалық күй кешу, сезіну арқылы жүзеге асырылады. Әсемдікті, ұлылықты қабылдау адамды алуан түрлі сезімге бөлеп, жағымды әсер қалдырады.

Кәсіби шеберлік адамның  туа біткен қабілеті болып табылмайды. Ол белгілі бір мәдениеттіліктен, даярлықтан, эстетикалық білімділіктен  талап етіледі. Бұл кәсіби шеберлік  қажеттілік, қабілет, талғам, бағалау және т.б. сапаларды қамтитын жеке тұлғаның шеберлік қызығушылығын қалыптастырудың қажеттілігін арттыра түседі.

Өнерде талғам ізденіп  ойын дамытуда қиял, елес және көркемдік  ой үлкен мәнге ие болады. Жасөспірімдердің осы салаларының дамуына тарихы мен мазмұны терең сәндік-қолданбалы өнер саласындағы жан-жақты білімдер, аталған өнер түрлерінің туындыларын жасау барысындағы шығармашылық тапсырмаларды орындауға ықпал етеді.

Кәсіби шеберлік логикалық  тұрғыдан ойлау, талдау, деректерді салыстыру  және қорытындылау қабілеттеріне негізделеді. Ол үздіксіз езгеріске түседі, молаяды, жаңа мазмұнмен толықтырылады, адам өмірінің барлык саласында жетілдіріледі.

Мектеп оқушыларының кәсіби шеберліктерін қалыптастыруда  адамның қажеттіліктерінен, күнделікті ақпараттардың сапасынан, көркемдік білім-ділігінен, оның "сұлулық заңы" бойынша іс-әрекеттерінің сипатынан талап етіледі.  Өнерді үйрету барлық саладағы іс-әрекеттерді камтиды. Ұлттық сәндік қолданбалы өнер арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыру  кажеттіліктердің дамуы адамның ұлттық мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетеді және рухани тұрғыдан дамуына ықпал етеді.

Информация о работе Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету