Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2015 в 12:07, реферат
1)Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жаска дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді.
1.Кіріспе
2.Г.Спенсер позитивизмнің негізін қалаушы
3.Социалогиядағы детерменистік тәсіл
4.Г.Спенсер эволюциясы
5.Қорытынды
6.Қолданылған әдебиеттер
1.Кіріспе
2.Г.Спенсер позитивизмнің негізін қалаушы
3.Социалогиядағы
4.Г.Спенсер эволюциясы
5.Қорытынды
6.Қолданылған әдебиеттер
1)Герберт
Спенсер (1820-1903 ж.ж.) ағылшын философы, әлеуметтануш
2)Г.Спенсерді позивитизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді.Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социалогияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен сәйкес келеді.Ол тек социалогияның ғана емес,антропологияның дамуына үлес қосып ,классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.
Спенсердің барлық социалогиялық ой-тұжырамдары өзі бұрын жасаған,Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді.Қоғамның эволюциялық теориясы-табиғат философиясының қосалқы бөлшегі,өйткені әлеуметтік эволюция-әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі.Барлық ғылымдарға ортақ принциптерді ол философиялық деп атады.Бізді табиғаттың ортақ заңы және барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволюция заңы басқарады.
3) Социологиядағы детерменистік тәсіл функционалдымен толықтырылады. Функционализм идеясы негізінен ағылшын-америкалық социологияға тән. Функционализмнің негізгі ережелері ағылшын социологы Г.Спенсермен (1820-1903), оның «Социологияның негіздері» еңбегінде жасалды және ағылшын этнографы А.Редклиф-Браунмен, американдық социологтар Р.Мертонмен, Т.Парсонспен дамытылды.
Г.Спенсер бойынша функционалды тәсілдің негізгі принциптері төмендегідей:
1) жүйелік тәсіл жақтастары сияқты функционалистер де қоғамды көптеген бөлшектерден, мысалы, экономикалық, саяси, әскери, діни, т.б. тұратын бүтін, біртұтас организм ретінде қарастырды;
2) бірақ, сонымен қатар әрбір бөлшек тек нақты, қатаң анықталған функциялар атқаратын бүтіндік шеңберінде ғана өмір сүре алатындығын атап көрсетті;
2) бөлшектердің функциялары белгілі бір қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететіндігін білдіреді. Сонда да олар бірге қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету мен адамзатты өндіруге бағытталған;
4) қоғамның әрбір бөлшегі тек өзіне ғана тән функцияны атқаратындықтан, осы бөлшектің әрекеті бұзылған жағдайда, неғұрлым функциялардың бір-бірінен айырмашылығы көп болса, соғұрлым басқа бөлшектерге бұзылған функцияларды қалыптастыру қиын болады;
Спенсер әлеуметтік бақылауға көп көңіл бөлді. Оның ойынша, әлеуметтік жүйе оның құрамында әлеуметтік бақылау компоненттері болғандықтан ғана тұрақты болады. Мұнда саяси басқару, тәртіп қорғау органдары, діни институттар мен моральдық нормалар кіреді.
4) Әлеуметтік эволюционизм, ағылшын социологы Г. Спенсердің жүйесінде айқын көрсетілген. Оның социологиясында 19 ғасыр әлеуметтік эволюционизмнің негізгі идеясы іске асырылған — қарапайымнан жіктелгенге, дәстүрліден рационалдыға, надандықтан білімділікке қарай дамитын адамзат қоғамының тарихи кезеңдері болу идеясы.
Әлеуметтік эволюционизм идеясының дамуына француз социологы Э.Дюркейм зор үлесін қосты. Ол бірінші болып, еңбек бөлінісі қоғамның күрделенуіне әсер ететіндігін айтты.
Әлеуметтік эволюционизм шеңберінде индустриялды қоғам теориясы қалыптасты. Индустриялды қоғамға келесі тән:
- басқару мен өндірістің нақты
салаларындағы қоғамның
- тауарларды кең рынокқа жаппай өндіру;
- басқару мен өндірісті механизациялау мен автоматизациялау;
- ғылыми-техникалық революция.
XX ғасырдың 60 – жылдары танымал болған индустриялы қоғам теориясы 70 – жылдарда «постиндустриялды қоғам» теориясында өз жалғасын табады. Аталған теорияға сәйкес, қоғам өзінің дамуында 3 негізгі кезеңнен өтеді: индустриалдыға дейінгі (аграрлық), индустриалды және постиндустриалды. Бірінші кезеңде экономикалық іс-әрекеттің алғашқы саласы — ауыл шараушылығы, екінші кезеңде — өндіріс, үшінші кезеңде – қызмет көрсету орын алады. Индустриялдыға дейінгі қоғамның көздеген мақсаты – билік, индустриялды кезеңде – ақша, постиндустриялдыда — білім. Аталған кезеңдердің әрбіреуіне әлеуметтік ұйымның ерекше формалары тән: аграрлы қоғамда – шіркеу мен әскер, индустриялдыда — корпорация, постиндустриялдыда — университет.
Спенсер эволюция деп аталған процеске мынадай жалпы анықтама береді. Эволюция дегеніміз — қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белтілі, өзара байланыскзн әртеқті күйге әсер ететін заттар интеграциясы, ол зат сақтаған қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді. Спенсер бірінші тәсілді — органикалық үқсастықты дәйекті тұрде жақтады. Бұл оның позитивистік ұстанымынан туған еді. Қоғамды ағзаның ерекше тұрі деп карастыратынын айта келіп Спенсер бынай деп мәлімдейді: "Біз қоғамды ерекше мән ретінде карастыруға күқынымыз; себебі ол дискретті бірліктерден құралса да, әр қоғамньщ алып отырған орны шеңберіндегі жалпы ұқсастықтарды ғасырлар бойы және тұтас ұрпақтарда сақтау олардың күрған агрегатыньщ белтілі бір нақтылығын корсетеді". Бұл агрегатты қай тапқа — органикалық немесе органикалық емес тапқа жатқызу кереқтігі күдік туғыза қоймас: әрине, органикалық тапқа жатады. "әлеуметтану негіздері" деген еңбек тарауларының бірінде "Қоғам дегеніміз организм" деп аталады. Әлеуметтік және қоғамдық ағзалардың үқсастықтары: 1) биологиялық организм сияқты қоғамның көлемі үлкейіп, өседі (органикалық емес агрегаттарда Бұлай болмайды);
2) биологиялық жәнеәлеуметтік
3) биологиялық организмдерде де, әлеуметтік ағзаларда де құрылымның күрделіленуі олардың органдарының әртұрлі функцияларының саралануын тудырады;
4) екінші
және үшінші проңестер
5) қоғамда да, биологиялық ағзада де тұтас нәрсе ыдырай бастаған кезде, жеке бөлшектер белтілі бір уақытта өзінің тәуелсіз тіршілігін жалғастыра алады. Сонымен қатар, агрегат өмірін қысқартатын ешбір апат болмаса, тұтас нәрсенің өмірі оның бөлшектеріне қарағанда ұзақ болады.
5)Сонымен біз тұтас ағзаның өмірі — биологиялық болсын, әлеуметтік болсын — оны күрайтын бөлшектердің өміріне, соларға тәуелді бола тұрса да, солардан түзілетін болса да, оларға мүлдем үқсамайтынын көреміз. Әйтсе де биологиялық және әлеуметтік ағзалардың арасындағы ұқсастығының айқындығы соншалық, оны байқамау мүмкін емес. Спенсердің ойынша, әлеуметтік ағза үш негізгі органдар (институттар) жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарушы), өңдірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (қатынас жолдары, көлік, сауда, т.б.) Ғылымға қазіргі мағынасындағы "эволюция" терминін енгізгеннен баска Спенсер жалпы ғылыми әлеуметтану парадигмасының қалыптасуына қандай жаңалықтар енгізді? Біріншіден, Спенсер қоғамдық күбыныстарды талдауда эволюциялық әдіс қолданды. Екіншіден, ол эволюция идеясының жануарлар-өсімдіқтер әлемі мен қоғамға ғана емес, сонымен бірге органикалық емес табиғатқа да қолданылатынын көрсетті — Бұл идея геологияда жақсы дамыды. Ал үшіншіден, эволюциялық әдіске сүйене отырып, Спенсер Еуропада жаңа заманнан бері қалыптасқан прогресс өлшемдері жөніндегі түсінікті қайта қарастырып, әлеуметтанудың ғана емес, сондай-ақ жүйелі талдаудың калыптасуына да маңызды рөл аткарған прогресс-эволюцияның өзіндік тұжырымдамасын жасады.
Қолданылған әдебиеттер
-Артемьев
А.И., Бейсенов Б. “Тұлға социологиясы”;
-Әбсаттаров Р. Дәкенов
М. “Әлеуметтану” Алматы;
-Әбдікерова Г.О. “Тұлғаның
саяси әлеуметтенуі” Алматы;