Дүниеге көзқарастың негізгі аспектілері мен компоненттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2014 в 06:47, реферат

Краткое описание

Дүниеге көзқарас (менің көз алдымдағы дүние) - қоршаған дүние туралы, адам туралы метафизикалық ойлаудың жалпы жиынтығы немесе әлемді біртұтас формада тану. Метафизикалық көзқарастың құрамына, біріншіден, ғасырлар бойы қалыптасқан нәсілдік, ұлттық, халықтық кәдімгі табиғи қоғамдық дәстүр-салттары, әдет-ғұрыптары, күнделікті өмірге деген көзқарастары; екіншіден, бірер жүйеге келтірілген ілімдік (миф, дін, философия) көзқарастар; үшіншіден, барлық ғылыми жетістіктердің өмірге, табиғатқа деген жалпы көзқарастары жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Duniege kozkarastyn negizgi aspectleri.doc

— 61.50 Кб (Скачать документ)

Дүние қатынастықта адам өзін-өзі тану қабілетіне дейін көтеріледі, қоршаған дүниеден алған білімін тәжірибемен ұштастырады. Қоғамдық практика ақиқаттың негізі бола отырып, логикалық ойлау заңдылықтарын дамытады. Дамыту деп жаңа категориялық ұғымдарды айтамыз. Ондай ұғымдар бағалық пен мақсаттық категорияларымен тығыз байланысты. Ондай ұғымдық категориялардың дүниетаным негіздері өте зор.

Дүние бағалау (мирооценка) - компоненті адам мен адамдардың әлеуметтік қатынаста мінез-құлық реттеуші фактор есебінде бейнеленеді. Реттеуші мен бағалау тұрақтылықты меңзейді, сондықтан дүниені бағалауды акт түсінігімен белгілейміз. Ол арқылы өмірдің жақсы және жаман, әсемдік пен көргенсіздік ұғымдарын терең танимыз. Дүниені   бағалау арқылы өмірге деген қатаң бағалық көзқарас құрастырылады, ол арқылы стереотипті мінез-құлық қалыптасады (керек болса фанаттық көзқарас та қалыптасады). Өмірді бағалау: ақиқаттық, адамгершілік, әдептілік, бауырмалдық және т.б. ұғымдық түсініктер кең бағалық жолында көрсетіліп, мызғымас идеалға айналады. Идеал адамға мән және мағына беріп, оның ой-өрісін жаулап алады. Адамның бағалық идеалы неғұрлым биік болса, оның рухани ішкі дүниесінің деңгейі биік болады. Ондай жағдай соңғы компонентке өтуіне жол ашады. Ол компонент дүниенұсқаулық көзқарас.

Дүниенұсқаулық (мироустановка) компонентін дүниеге көзқарастың бастамасы және соңы деп қарастырсақ артық болмайды. Себебі, барлық ілімдік (дін, философия), ғылымдық көзқарастар өздерінің мызғымас ақиқатқа ие болуға ұмтылады. Дүниенұсқау  компоненті сондай "ұмтылуды" бейнелеп көрсетеді. Оның ішкі тұрақтылық актісіне мынандай ұғымдық көзқарастар кіреді: адам мәселесі, өмір сүру мәселесі, әр түрлі діни тұрғыдағы мәселе, атеизм мәселесі, рух, жан және т.с. мәселелер. Дүниенұсқаулықтың ең бір ерекшелігі "кәміл" шындыққа сену. "Кәміл шындық" түсінігі көзқарасқа айналғанда әрбір адамның рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты. Ондай тұрғыда адамда бұлжымас көзқарастық сенім мен наным қалыптасады. Ондай жағдай адамды фанаттық көзқарасқа да жеткізеді.

Қарастырылған дүниетаным компоненттері тоғыз түрмен ғана шектеледі деп айта алмаймыз. Біздің алғашқы қарастырып отырған мәселе дүниетанымды феномен ретінде тереңірек, ішкі структурасымен түрлілік ұғымдарын, олардың бір-бірімен тығыз байланыстарын көрсету.

Кез келген адамның дүниетанымдық көзқарасы болады. Олардың көзқарастарын компоненттік тұрғыда қарастырсақ, кез келген көзқарастың деңгейлік жағын, оның жалпы өмірге деген көзқарасын сәл де болса анықтай аламыз.  Компоненттік талдау, дүниетанымдық құрастыру жолдарын және жеке адамдардың дүниеге көзқарасын зерттеу жолдарын көрсетуге жәрдем береді.

Келешекте, дүниетанымдық компоненттер ерекшеліктерін және қатынастарын пайдалана отырып, формальды және символикалық логиканың заңдылықтары мен жеке адамдардың ойлау деңгейлік сапаларын "есептеп" шығару деңгейіне де жетуіміз мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Копнин П.В. Гносеологические и логические основы науки. -М., 1971.

2. Швейцер А. Культура и этика. -М., 1973.

3. Щербинин В.А..Научное мировоззрение и проблема активизации человеческого фактора. -М., 1989.

4. Буянов В.С. Научное мировоззрение: социально-философский аспект. -М. 1987.

Редакцияға 7.01.2008 қабылданды

 


Информация о работе Дүниеге көзқарастың негізгі аспектілері мен компоненттері