М.Оспанов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы:Девиациялық мінез-құлық
Дайындаған: 202-ҚДС
Тексерген:Балтымова
Айнур
2013ж.
Жоспары:
- I.Кіріспе.
- II.Негізгі бөлім.
- 1.Девиациялық мінез-құлықтың түрлері
- 2.Пайда болу факторлары
- 3.Девиантты мінез-құлықты түзету.
- III.Қорытынды.
- IV.Пайдаланған әдебиет.
Әлеуметтенудегі
девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын
қалыптастырған француз әлеументтанушысы
Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны
түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын
ұсынды. «Аномия» термині француз
тілінен аударғанда ұжымның, заңның
болмауы.
Девиантты
мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу)
- жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын
әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді
бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың
қылықтары; қабылданған құқықтық немесе
моральдық нормаларды бұзған адамның
мінез-кұлқы.
Девиантты мінез-құлықтың
сыртқы физикалық жағдайларына климаттық,
геофизикалық, экологиялық факторларды
енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс,
таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып
агрессивті және басқа да қажетсіз
мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі
болады.
Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері
де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық
жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр,
бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі
(этникалық құрылым, әлеуметтік мәртебе,
референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының
өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы
өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы
тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды
адамдар).
Девиантты
мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия,
демонстрация, оқудан, еңбектен бет
бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания,
қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат
мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
- Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
- 1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
- Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
- • жанұяда берекенің болмауы;
- • ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
- • тәрбие берудегі кемшіліктер;
- • өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
- • өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
- • сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау,
- сынаушылық ойды дамыта алмау;
- • психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
- • агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
- • мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
- • балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары,- деп көрсетсе, үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.
- Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
- • оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
- • оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
- • оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
- • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
- • девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
- Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.
Пайдаланған әдебиет:
Назарларыңызғы
рахмет!!!