Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 15:08, реферат
Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі.
1. Басқару ұғымы,тәсілдері және басқарушылық шешімдер.
1.1. Басқару ұғымы
Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған
мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге
немесе жоюға бағытталған, субъектінің
нысанға әрекет ету процессі. Басқару
адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың
бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар.
Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің
қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру
процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін
енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға
ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады.
Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің
нәтижесінде пайда болды. Басқару адам
тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың
ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін
емес. Тиімді басқару дамудың негізгі
факторларының бірі. Басқару теориясын
белгілі бір ереже- лерге сүйенген қисынды
реттелген принциптер, әдістер және өңделген
ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен
немесе бірқатар нақтылы ғылымдардан
алынған басқару технологиялары жүйесі
ретінде қарастыруға болады. Басқару – 1.машинаның,
механизмнің жұмыс тәртібін және күйін
өзгертетін оператордың іс-әрекеті; 2.
машинаны, механизмді басқару органыньң
комплекті; 3. механикалық системаның функциясының
жұмыс реттерін бақылау және бағдарламаларымен
мақсаттарын ұқсату.
.Бұл ұжым, топ, жұмысшыларға
деген мақсатты ықпалдың әлеуметтік тәсілдерінің
жиынтығы. Әрбір көрсетілген деңгейде
басқару ерекше мәселелерге тап болады,
сондықтан сәйкесінше әдістерді құрайды.
Олардың біреулері әрбір үш жағдайға да
қолданылады, ал келесілерін қолдану нақты
бір жағдаймен шектеулі. Жеке кәсіпорын жұмысшысына
қатысты оның мінез-құлқына түрлі ықпал
етудің түрлерін бөлуге болады: 1) тікелей
(бұйрық, тапсырма);
Кәсіпорынның өндірістік
ұжымына кіретін топқа қатысты әлеуметтік
басқару тәсілдері келесідей бөлінеді:1) топ құрамының мақсатты құрылуы
(квалификациялық, демографиялық, психологиялық
белгілері бойынша жұмыс орнының саны
мен орналастырылуына байланысты); 2) топтардың
ынтымақтастығы (жарыс ұйымдастыру, басқару
стилін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық
факторларды және басқа әдістерді қолдану);
1.3.Басшылық – бағынушы қатынасы
.Басшылық ұғымы басқару ұғымына жақын
және ұйымдастырушылық қатынастың басты
түрін, атап айтсақ, қызмет бабындағы міндеттерді
шешу үшін басшылықтың бағынушылармен
ұйымдастырудың ерекше түрін бөлу үшін
қолданылады. Осыған байланысты, әлеуметтік
көзқарас басшылықты ұйым ішіндегі адамдар
арасындағы ерекше үш жақты қатынасты
талдауды көздейді. Біріншіден,
басшылық – бұл түрлі статустар, административті
құрылым деңгейлерінің арасындағы қатынас.
Ол бір жұмысшының басқамен біржақты тәуелділігінің
құқықтық негізін қамтиды. Екіншіден,
басшылық – бұл ортақ еңбек процесіндегі
жеке жұмыс функцияларының қатынасы: бірі
– тым ²жалпы² болса, екіншісі – тым жеке.
Онда (еңбек процесінде) бір жағынан ұйымдастыру
функциялары, екінші жағынан атқару функциялары
байланысады. Үшіншіден,
басшылық – бұл сонымен бірге жеке адамдар
арасындағы қарым-қатынастың ерекше түрі.
Соңғы жағдайда оның әлеуметтік-психологиялық
мазмұны – бірін-бірі мойындау, ықпал
ету, стиль, мүдделер қарастырылады.
1.4 Басқарушылық шешімдер.
Басқарудың ең басты өнімі
не? Әрине бұл оның қабылдаған шешімдері.
Басқарушылық шешімдер – бұл ұйымдағы
белгілі бір өзгерістердің ресми жобасы.
Осылардың негізінде келесідей басқарушылық
шешімдер түрі бөлініп шығады: 1) Қатаң
детерминацияланған шешімдер: мұнда басшының
индивидуальды ерекшеліктері мүлдем ықпал
етпейді, не шамалы ғана болады. Бұл жағдайда
шешім субъектісінің тұлғасы оны қабылдау
процесіне тартылмайды, себебі, шешімнің
мазмұны ұйымдастырушылық ережелермен
(заң, инструкция, жоғарғы инстанция бұйрығы
және т. б.) анықталады. Мұндай шешімдер
екі түрлі болуы мүмкін: а) стандартталған,
күнделікті (мысалы, жалақы төлеу туралы,
өтініш жазған жұмысшыны жұмыстан шығару
туралы, жұмысқа байланысты аурулар бойынша
төлемақы төлеу туралы шешімдер) және
ә) туынды, екінші ретті шешімдер, яғни,
басқа шешімдерді орындау мен дамыту бойынша
және олардан туындайтын шешімдер (бұрын
қабылданған, сырттан келген, т.б.); «Инициативтік»
шешімдер – (яғни қатаң детерминацияланбаған)
шешім субъектінің индивидуальді үлесін
білдіреді. Онда тербеліс диапазоны маңызды
болуы мүмкін. Бұл ұйым үшін өте маңызды
зардаптар әкеледі. Мұнда да 2 түрді бөліп
көрсетуге болады:
а) эпизодтық және жергілікті сипаттағы
жағдайлық шешімдер (мадақтау, жаза, жеке
тағайындаулар т. с. с.);
Өзін-өзі ұйымдастыру .Басқару қызметі тек басшы – бағынышты тік қатынастарын ғана қамтымайды. Ұйымдарға сондай-ақ өзін-өзі ұйымдастыру тән. «Өзін-өзі басқару” ұғымы әдетте екі мағынада болады: кең және тар. Кең мағынада «өзін-өзі басқару” ұғымы белгілі бір ұйымдастырушылық жүйенің автономды функциялануын, өзінің ішкі проблемаларына байланысты шешімдерді қабылдауға құқылылығын білдіреді. Бұл мағынада өзін-өзі басқарудың қейбір деңгейі кез-келген кәсіпорын, мекеме, т.б. тән. Бірақ әлеуметтік көзқарас бойынша, яғни тар мағынада, өзін-өзі басқару – ұжымдық басқару, ұйымның барлық мүшелерінің сәйкес басқару органның жұмысына қатысуы, атқарушыларды шешімдерді қабылдау процесіне жұмылдыру болып табылады. Өзін-өзі басқару – бұқаралық, ұжымдық немесе топтық ауқымдағы әлеуметтік ықпалдың өнімі.Басқаруда өзін-өзі ұйымдастыруды қолдану соңғысының тиімділігін арттырады және еңбек ұйымдарындағы маңызды даму факторын құрайды. Өзін-өзі басқару процестері конструктивті де, деконструктивті де рөль атқаруы мүмкін, яғни, дезорганизация ретінде байқалады. Басқару циклының соңғы ұғымы – бұл «әлеуметтік реттеу”. Ол басқару объектісінің тұрақтылығын сақтау және оған реттеушілерді (нормалар, ережелер, мақсаттар, байланыстар) енгізу арқылы дамыту арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған, мақсатты басқарушылық ықпалды білдіреді. Әлеуметтік реттеу жанама басқару болып табылады және («тікелей” басқарумен қатар) объектіге қажетті нәтижені беру және оған жету жолдарын нұсқау арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік реттеу арқылы басқару субъектісі тұрғысынан қалаулы басқару объектісінің мотивациясы мен мақсатты ойлауды тудыратын қызмет шектеулері және мүмкіндіктері пайда болады.
2.Менеджмент ұғымының мәні мен мазмұны, тарихы және қазіргі жағдайдағы менеджмент
2.1.Менеджмент ұғымы мен тарихы
Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру)
– ұйымда немесе кәсіпорында жұ
Менеджменттің пайда
болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен
байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін
басқару қызметі меншік иесінің өкіліне
— менеджерлергекөшеді.
Менеджер деп акционерлердің па
Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған
еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын
арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды.
Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету
үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы
керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа
жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау,
нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша,менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру,
жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.
Осы заманда менеджменттің төрт қызметі
аталады: жоспарлау,ұйымдастыру, мотивациялау,
бақылау:
Дамыған, қалыптасқан фирмалар көбінесе өнімдік және өндірістік
стратегияның қамын ойлайды. Көпшілік
үшін бизнес-жоспар қысқаша рефератпен толықтырылады.
Ұйымдастыруга фирманың құрылымын құру
және көзделген мақсаттарға жету үшін
оның бөлімдерінің озара өсері мен үйлесімдігін
қамтамасыз ету жатады. Ұйымдастыруға фирманың құрылым
2.2.Менеджмент құрылымы
Менеджмент құрылымы үш бөлімнен
түрады:
Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының
қалыптасуын табыстардың барынша мол
болуын жөне шығындардың барынша аз болуын
қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.
Нарықтық менеджмент — маркетинг — бұл
нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық
қызметтерін басқару болады. Маркетинг
(ағылшынша «market» — нарық) нарықтарды
тандау үшін, нарыққа кірудің уақытты
мен әдістері үшін, жаңа өнім жасалуы үшін,
тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға
саясаты үшін жауапты болады. Менеджменттің
жалпы сапасы - ұйымдардағы стратегияның, үрдістің және мәдениеттің өзгертілуі арқылы толассыз
жетілуді басқару техникасы.
Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным
үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің
тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды
басқарудың принциптері, әдісте
Олардың кызметі — фирманың нарықтық
позицияларының мықтылығы (сенімділігі,
тұрақтылығы) туралы ресми қорытынды жасау
2.3.Қазіргі жағдайда менеджменттің дамуы
Қазіргі қоғамның дамуы
жүйелік сипаттағы терең әрі динамикалық
өзгерулермен сипатталады. Мемлекеттік,
саяси және экономикалық тұлғалар өзгеріп,
жаңа әлеуметтік және өндірістік технологиялар
енеді. Осы процестердің барлығы күрделі
ұйымдасқан әлеуметтік жүйелердегі басқарудың
маңызын елеулі арттырады. Әлемде жұмыс
күшінде және біріккен еңбек құрылымында
маңызды сапалық өзгерістер пайда болды.
Енді басқарушылар, білімі төмен, тіл алғыш
атқарушылармен емес, мамандармен көп
кездесетін болды. Қазіргі өндіріс өзінің
технологиялық құрылысы бойынша кәсіби
маманданған еңбекті кең пайдаланады.
Сондықтан, қазіргі менеджерлер басқару
шешімдерін іске асыруға шығармашылық
ықпал ететін және бағалай білетін жұмыскерлерді
басқарады. Сонымен қатар,
жұмысшылар құрамы да өзгереді: егер бұрын
шаруалар, жұмысшылар және сервистік қызметкерлер
басым болса, қазіргі экономикада басты
маманданған топтар болып «басқарушылар
және мамандар” саналады. Олардың арасындағы
қайшылық кез-келген ұйымның динамикасын
анықтайды.
Информация о работе Басқару ұғымы,тәсілдері және басқарушылық шешімдер