Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 17:47, реферат
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте дәуірінде - ақ (VII-VIII ғ.ғ) көптеген мектептер мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылданған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған.
І Кіріспе бөлімі
Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы
ІІ Негізгі бөлім
Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
2.1 Орта білім беру жүйесі
2.2 Кәсіптік білім беру жүйесі
2.3. Білім берудегі гендерлік стереотип
ІІІ Қорытынды бөлім
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемелекеттік
Университеті
Гуманитарлық факультет
Ағылшын тілі кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесі
Орындаған: Желдибаева Ж.Қ. ШТҚ 111
Тексерген: Серикова Г.О.
Талдықорған қаласы, 2008 жыл
Жоспар
І Кіріспе бөлімі
Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің
тарихы
ІІ Негізгі бөлім
Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
2.1 Орта білім беру жүйесі
2.2 Кәсіптік білім беру жүйесі
2.3. Білім берудегі гендерлік стереотип
ІІІ Қорытынды бөлім
Білім беру – үздіксіз процесс
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің
пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі
бастауларын сонау ерте замандардан алады.
Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы
аудандарында орта ғасырдың ерте дәуірінде
- ақ (VII-VIII ғ.ғ) көптеген мектептер (мұсылманша
бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни
білім беретін ортадан жоғары оқу орындары
жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.
Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан,
Отырар, т.б қалаларында көптеген медреселер
болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен.
Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар,
башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы
халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында
оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан
бастап қабылданған, жыл аяғында емтихан
тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға
ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған.
Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы
оқу орны ғана болып қоймай, ірі мәдениет
орталығы ретінде де қызмет атқарған.
Бұл оқу орындарында заңтану, медицина,
т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің
жанында салқалы кітапханалар болған.
Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау
саясаты халқымыздың егемендік жолындағы
ғасырлар бойғы күресіне зор нұсқан келтіргенімен,
Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына
жол ашты. Мысалы, Змеиногорскіде (Шығас
Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында
1761 жылы тау-кен жұмысшыларының балаларына
арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында
«Азиялықтар мектебі» ірге көтерді. Осындай
мектеп 1789 жылы Орынбор қаласында ашылды.
Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшын)
балаларына Неплюев кадет корпусына (1825),
Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына
рұқсат етілді. Алғашқы қазақ мектебі
Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы Орынбордағы
шекара комиссясының жанынан ашылған
болатын.
Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы
бұратана халықтарға білім беру шаралары
туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң
бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды
көздеген миссионерлік педагогика жүйесі
енгізілді. Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік
қоғамның негізгі принциптерінде былай
делінген: мұсылман елдерін ыдырату, арасына
от жағу, яғни, пантүрікшілдік пен панисламдыққа
қарсы күресу; бұратана халықтарды рповаславие
дініне көшіріп, шоқындыру, халықты ата-баба
тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол үздіру,
орыс алфавитін енгізу; мұсылмандық мектептер
мен медреселерді біртіндеп жою, олардың
орнына орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін
ашу,кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне
көшіру. Шет аймақтардағы отаршылдық саясатты
жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар,
оқытушылар кадрларын көптеп даярлау.
Омскідегі «Азия мектебі», Орынборда Неплюев
кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары
құжатта көрсетілген шаралардың жүзеге
асуының нақты көрінісі болатын.
Қазақ қоғамындағы білім беру ісі «қазақтың
тұңғыш ұстазы» ретінде танылған Ы. Алтынсарин
есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі
мен идеялары бүгінде педагогика саласының
ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның
ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси
отарлау саясатының қысымшылығы қысып
тұрған кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты
тоқтатуға ағартушылардың жергілікті
саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру
жүйесін заман талабына сай, миссионерлік
ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын
қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту
ісі жаңа жолға түсті.
ХІХ ғасырдың аяқ кезінде «қазақ мектептері
қандай болу керек» деген мәселе күн тәртібіне
қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне
қарама-қарсы екі көзқарас пайда болды.
Бірі- бұратана халықты
шала асауатты қалдырып, төл мәдениетінен
қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру
саясатын көздеген миссионерлер (Н.И. Ильминский,
т.б.), ал екіншісі- орыс халқының прогрессивті озық мәдениет
үлгілерін игеру арқылы «Өз елін өркениетті
елдердің деігейіне көтеру қажет» - дейтін
қазақ ағартушылары (Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов,
А. Құнанбаев) еді. Оқытудың жәдид (төте
оқу) деп аталатын ағымы отаршылдық орыстандыру
саясатына қарсы түркі тектес ұлттардың
өзін-өзі сақтап қалу жолындағы қажырлы
күресінен туған еді. Отаршылдар оның
өрісін тарылтып бақты. Патша үкіметі
ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим – ескі араб оқуды, ал жәдид – жаңа араб әрпімен дүнияүй білім беру)
бір-біріне қарама-қарсы айдап салу арқылы
ұлттық сана-сезімінің оянуын тежеуді
көздеді. Осының нәтижесінде хадим ағымының
өкілдері жәдидшілдерді, «құдайға күпірлік
жасады» деп айыптап, олардың үстіне патша
әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды.
Жәдид ағымына белсене қарсы шыққандардың
бірі – Н.И. Ильминский. Жәдид ағымы мектеп,
медресеге байланысты мына мәселелерді
көтерді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама
жасау арқылы мұсылмен мектептерін бір
ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика,
жағырапия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді
енгізу арқылы қазіргі заман талабына
сай шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз
ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті
білімі бар молдалармен алмастыру, дыбыстық
оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе
бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқышыларға
тиісті құжаттар тапсыру, әскери індетін
атқаруды жеңілдету, мұсылман мектептерін
бақылауды жұрт сайлаған құрметті азаматқа
тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына
бағынышты ету, т.б. Осы мектептердің материалдық
жағына көмпектесу, оқу құралдарымен қамтамасыз
ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу
мәселесі де назардан тыс қалмады.
Жәдид ағымының көшбасшысы белгілі түрколог-лингвист
А. Байтұрсынов болды. Жәдидшілер бастауыш
мектеп мәселесіне айрықша мән берді,
осыған орай бірнеше оқу құралдарын жарыққа
шығарды.
Жәдид ағымы мектеп бітірушілердің медреселерде
намесе жоғары оқу орындарында білімін
әрмен қарай жалғастыру, олардың өз ықтиярымен
мамандық таңдап алу мүмкіндігіне жол
ашты, жұрттың бұл мектепке деген ынта-ықыласы
тез өріс алуына жағдай туғазды.
Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін халықты
қажытқан жиһангерлік және азамат соғысының
қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан,
өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті.
Сол кездегі ағарту саясатындағы басты
мәселенің бірі – жаңадан ашылып жатқан
ауыл мектептерін мұғалім кадрлармен қамтамасызету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен
жүзеге асты:
Біріншісі, бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрларын
мектепке тарту, екінші жолы – білімге
құштар сауатты жастарды қысқа мерзімді
курстардан өткізу, үшіншісі, арнайы педагогикалық
оқу орындарын көптеп ашу арқылы мұғалім
даярлау.
1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық
комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А. Байтұрсынұлы
тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкілқазақстандық
оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда
балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін
құру, кәсіптік-техникалық білім беру,
саяси тәрбие жұмысына байланысты мәселелер
қарастырылды.
1922-23 оқу жылдары Академиялық орталық
ұлт мектептері төл оқулықпен, бағдарламамен
қамтамасыз етуде біраз шараларды іске
асырды, төл тілімізде 14 оқулық шығарылды.
Олардың ішінде «Физика», «Грамматика»,
«Алгебра», «Мектеп гигиенасы», т.б. бар.
Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялылардың
алдыңғы қатарлы топ өкілдері: А. Байтұрсынов,
М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М.әуезов, С. Асфендияров,
Т. Жомартбаев, Қ. Сәтбаев, Ә. Ермеков, Т.
Жолдыбаев, т.б. қатысты.
Республиада жоғары білімді кадр даярлауда Алматы қаласында тұңғыш ашылған
Абай атындағы Қазақтың педагогикалық
институты үлкен рөл атқарды. 1929 жылы араб
алфавитінен латын графикасына көшті.
1940 жылы латын алфавитінен орыс жазуына
көшу ісі өркениет жолындағы тағы бір
үлкен соққы болды. Оқу-ағарту саласындағы
осындай үлкен бұрмалаулар ұлт мәдениетінің
дамуына кері әсерін тигізеді.
Неміс-фашист басқыншылары шабуылына
байланысты көпшілік ер мұғалімдер майданға,
Отанды жаудан қорғауға аттанды, оқушылар
болса колхоз, совхоз шаруашылығына көмектесіп,
майдан қажетін өтеуге ат салысты, 15-16
жастағылар ФЗО мектептеріне түсіп, қысқа
мерзімді курстардан өтіп, фабрика, зауыт,
шахталарды ет-азаматтардың орнын басты.
Өндіріске барушылар көбейе түсті, осыған
орай жұмысшы шаруа жастарының кешкі мектептері
көбейді.
1945-1960 жылдары мектептер мен онда оқитындар
саны күрт өсе бастады. 1950-1960 жылдары тың
игеруге байланысты мектептердің саны
күрт өскенмен, қазақ мектептері көбірек
жабылып, оның орнына орыс-қазақ орыс мектептері
көбірек ашылды. 1980-1990 жылдары елімізде
жаппай халыққа орта білім беру саласында
біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі –
мектепке 6 жастан бастап қабылдау.
Еліміз егемендік алғаннан кейін білім
негіздерін демократиялық, интерграциялық
принциптерге орайлас әр баланың жеке
–дара ерекшеліктері мен қабілеттерін
ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап
етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің
жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды.
Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға
арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының білім беру
саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді. Осы Заң
мен Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес
мемлекеттік саясат принциптері айқындалады.
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай
жастарға білім және тәрбие беру, оларды
жан-жақты дамыту- қоғам алдында тұрған
басты міндеттердің бірі. Білім беру- бұл
қоғам мүшелерінің адамгешілік, интеллектуалдық
мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және
кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудың
үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім
беру процесі халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне,
мәдениетіне, экономикасына және саяси
өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері [1]:
- Жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін
ашу, адамгершілік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру,
әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- Азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның
және мемлекеттің алдындағы жеке адамның
құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ
республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық
және саяси өміріне қатысу қажеттігін
тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарына жалпы және
кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер
жасау;
- Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін
және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
- Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын
оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордың да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды
тиісті дайындықпен мектепте оқуға дайындау
қажет. Ол үшін балалар бақшасында және
үйелменде тәрбие жұмысының процесіне
нақты педагогикалық басшылық жасап, оның
барынша сапасын және нәтижесін арттыру
тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке
дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен
педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін
жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік
саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы
бойынша [1] мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1 Қазақстан Республикасының
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың ұйымдық
құрылымдарын құруға және олардың қызметіне
жол берілмейді.
^ Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады.
Республикада Білім және ғылым министрлігі
оның төменгі атқарушы органары Қазақстан
Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік
саясатын жүзеге асырады.
^ Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы
екіге бөлінеді: жалпы білім беру және
кәсіптік білім беру.
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және
мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады.
5 (6) жастағы балаларды мектепке барар
алдында даярлау міндетті және ол отбасында,
мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепке
жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде
жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім
беру ұйымдарында тегін жасалады.
^ Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына
мемлекеттік оқу орындарында тегін орта
білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім
алу міндетті. Қазақстан Республикасының
білім беру жүйесін дамытудың 2010 жылға
дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін
оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершіліг
Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру
бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды
олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес
тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды
көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу
орны.
Лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру
бағдарламаларын іске асыратын, жоғары
сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап
оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін
оқу орны.
Лицейлердің ең басты ерекшеліктері –
ақыл-ой қабілеттері жоғары жастарды топтап
оқытып, оларды жоғары оқу орындарына
даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп
болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең
алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін,
интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау
негізінде жүргізіледі, кейін де бала
дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу
сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған
жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына
ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі
баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес
қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты
жоғары деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей
бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу
болып табылады.
«Мирас» халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан Республикасының
орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт
пен халықаралық бакалавриат бағдарламасының
талаптары орынды үйлесім тапқан. Көптеген
пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
«Дәулет» мектебінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға
байланысты бірнеше бастамалар бар, олар
– «Лингвоелтану» оқулығы бойынша қазақ
және ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін,
білім беру құндылықтарын, рухани мұраларын
зерттеу және олардың ерекшеліктерін
мәдениеттанымдық тұрғыдан салыстыру.
Оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын
меңгеруі мен тіл дамытуы компьютерлік
бағдарлама бойынша беріліп, тексеріледі.
^ Кәсіптік мектепте оқу мерзімі – 2-3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша,
сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет
көрсетуге байланысты жұмыстар үшін- 4
жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер
мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы
білім беру базасында алынып, жалпы орта
білім алумен ұштастырылады.
Және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары
бойынша білікті еңбек қызметкерлерін
(жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында
конкурстық негізде алынып, жалпы орта
орта білім алумен ұштастырылады және
ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар
даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде
оқу мерзімі – 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар
бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш
білімі бар азаматтардың қысқартылған,
жеделдетілген бағдарламалар бойынша
кәсіптік орта білім алуына болады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі
жалпы орта білім алумен ұштастырылады
және ол кәсіптік орта білім алып шығатын
мамандар даярлауға бағытталған.
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген
жастар университеттерде, институттарда,
академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында
білім алады.
Республика азаматтарға аспирантураларда,
докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары
мен докторлары дәрежелерін, доцент пен
прфессор атақтарын алуға мүмкіндік береді,
ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды
қамтамасыз етеді.
Жұмысшылар мен мамандардың, басшы қызметкерлердің
біліктілігін арттыру және оларды қайта
даярлау арнаулы білім беру мекемелерінде,
кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында
ұйымдастырылады. Қосымша білім беру үшін
дене шынықтыру – сауықтандыру, техникалық,
мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы
мекемелер өкімет басқару органдары бекітеді.
Еліміз егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздіктің
көк байрағы көгімізде көрінгелі соңғы
он жылдық мерзімінде еліміздің экономикалық
жағдайында көптеген өзгерістер еніп,
мемлекетіміздің білім беру саласы алға
ілгерілеп, көптеген келелі мәселелер
көтерілді. Соның бірі - әлем елдерінің
көпшілігі қол қойған Біріккен Ұлттар
Ұйымының мыңжылдық декларациясындағы
(2000 жыл) ерлер мен әйелдердің теңдігін
көтермелеу, әйелдердің құқықтары мен
мүмкіндіктерін кеңейту, яғни гендерлік
мәселелер.
Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын,
сондай-ақ олардың арасындағы әлуметтік
өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың
әлеуметтік және мәдени нормалары мен
рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын
тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел)
дегенді білдіреді. «Гендер» термині әлеуметтік
процестерді түсінуге арналған талдау
құралы [2].
Білім беру мазмұнындағы гендерлік білім
беру мәселесіне қалам тартқан ғалым-зерттеушілер
Н.Д. Нуртазина гендерлік мәселені ғылыми
– теориялық тұрғыда негіздесе, А. Тазабекова
гендерлік білім беру мәселесін қарастырды.
Қазақстандық зерттеушілер Е. Шарутина
гендерлік стереотипке өзіндік тұрғыдан
анықтама беруге тырысқан [3]. Ш. Берннің
пайымдауынша, гендерлік стереотиптер
– ерлер мен әйелдердің тең құқылы сұқбаттастығы
мен әлеуметтік ынтымақтастығына ең басты
кедергілер [4].
Гендерлік стереотиптер көп жағдайда
әлеуметтік нормалар тәрізді қабылданады.
Жүйеленген және ақпараттық қысым бізді
гендерлі нормаларға бағынуға мәжбүр
етеді. Себебі біз ерлер бір іспен, ал әйелдер
басқа іспен айналысатын гендерлік айырмашылық
табиғи болып саналатын мәдениетте өмір
сүреміз. Сондықтан гендерлік рөлдерді
қабылдап, оларға бағынамыз. Тіпті үш жасында
бала өзін ерлер немесе әйел жынысына
жатқызады. Бұл шақта бүлдіршіндер ерлер
мен әйелдер іс-әрекетінің айырмашылығын
байқай бастайды. Жеті жасқа келгенде
бала гендердің тұрақтылығын және оны
өзгерту мүмкіндігінің жоқтығын түсінеді.
Еліміздің экономикалық жағдайы қарқынды
ілгері дамыған сайын халықты жаппай гендерлік
білім мәселелерімен сауаттандыруда арнайы
орта, арнайы, жоғары білім беру ордаларына
арналып оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар
дайындау ұйымдастырылуда.
Қорыта келгенде, әлеуметтік психология
бойынша гендер – бұл әлеуметтік норма.
Осыған орай біз әлеуметтік норманы қалпында
сақтау үшін:
Сонымен, білім мен тәрбие беру – бұл республика
азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени
дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз
етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық
процесс. Қазақстан Республикасында жастарға
білім беру процесі халқымыздың ұлттық
дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына
және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Республикада «Білім туралы» Заңды жүзеге
асырудың маңызды жолының бірі – болашық
мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика
негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие
ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат
– оқушылады адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиелеу болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер
Берн Ш. / Гендерая психология СПб, 2001
Информация о работе Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі