Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 18:33, реферат

Краткое описание

Конституциялық – құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.
Президенттік институт, екі палаталых Парламентпен, Мемлекетпен және Конституциялық кеңеспен іске асырылады. Осы мемлекеттік модельде, қазір бейбітті және аман-есен қазақстандықтар, Коституцияда бекітілгедей мемлекеті-мізде өмір сүруде.
Қазақстан қоғамының барлық күштерін республиканың басына түскен экономикалық және әлеуметтік дағдарысты еңсеру үшін топтастыру мақсатында, елдің күллі халқының сенім мандатын алу, бастаған реформаларды жедел әрі табанды жалғастыру үшін Мемлекет басшысы Қазақстан Президентін жалпыхалықтық сайлау өткізу жөнінде адал әрі батыл саяси шешім қабылдады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері.doc

— 101.00 Кб (Скачать документ)

 

 Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы

      Конституциялық – құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.  
Президенттік институт, екі палаталых Парламентпен, Мемлекетпен және Конституциялық кеңеспен іске асырылады. Осы мемлекеттік модельде, қазір бейбітті және аман-есен қазақстандықтар, Коституцияда бекітілгедей мемлекеті-мізде өмір сүруде.  
      Қазақстан қоғамының барлық күштерін республиканың басына түскен экономикалық және әлеуметтік дағдарысты еңсеру үшін топтастыру мақсатында, елдің күллі халқының сенім мандатын алу, бастаған реформаларды жедел әрі табанды жалғастыру үшін Мемлекет басшысы Қазақстан Президентін жалпыхалықтық сайлау өткізу жөнінде адал әрі батыл саяси шешім қабылдады.  
1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған бүрынғы 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының н егізін қалаушы құжат болтан Алматы декларациясына қол қойды.  
        Тәуелсіз мемлекеттер достастығы тарихындағы аса жарқын құжаттардың бірі "Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам" бағдарламасы мен Еуразия одағының моделі болып табылады, оларда Президент Н.Ә. Назарбаевтың жан азабы мен ақиқаты — өз елінің қарапайым адамдары және тарих пен тағдыр тәлкегіне орай бір сәтте шекараның екі жағында қала берген бұрынғы КСРО азаматтары жөніндегі қамқорлығы шоғырланып, көрініс тапқан. Және де ақиқат пен әділеттілікке жүгіне отырып, Н.Ә. Назарбаевтың адамдарға көмек беру және олардың өмірін жеңілдету тұрғысындағы жарқын идеясы мен шынайы үмтылысын осынау оң іс-ниет арналған жандардың жылыұшырай қабыл алғанын есте сақтаған жөн. Бағдарламаның ТМД-да қабылдануы, Қазақстан Президентіне жолданған жүздеген, тіпті мыңдаған алғыс хаттар осының куәсі болып табылады.  
        Елдің жаңа мемлекеттілігін құру Қазақстан тәуелсіздігі мен егемендігінің жаңа нышандарын әзірлеп, қабылдауды да талап етті. Осынау жаңа мемлекеттік нышандарға ие болу тарихи факті Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің музыкалық редакциясы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойған 1992 жылғы 4 маусымда жүзеге асты.  
1992 жылғы 6 маусымда Республика Президентінің Резиденциясы үстінде көгілдір жалау - егемен Қазақстанның жаңа рәмізі көкке желбіреді.  
Өткен онжылдықта Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" (1992 жыл) атты хрестоматиялық кітабында көрсетілген президенттік басқару нысаны тән мемлекет құрылысы, заң шығару және сот билігін реформалау, экономика мен әлеуметтік саланы түбегейлі реформалау үшін нормативтік база жасау жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру мақсатты түрде әрі жоспарлы жүзеге асырылды.  
Елде құқықтық реформаны жүзеге асыру мен жаңа заңдар базасын жасаудың басталар нүктесі 1993 жылғы 28 қаңтарда өтпелі кезеңдегі Қазақстан Конституциясын қабылдау болды.  
       Осы кезеңде республика басшылығықолға алған батыл саяси қадамдар "Ресей синдромын" болдырмауға мүмкіндік берді. Қазақстанның өкілді және атқарушы органдарын реформалау, орталық мемлекеттік және жергілікті органдар өкілеттіктерін бөлу, Халық депутаттары кеңесі тәрізді коммунистік өткеннің көнерген көбесін сөгу — осының куәсі. 1993 жылғы 10 желтоксанда "Қазақстан Республикасынын Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттіктер беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Алайда бұл да, әлемнің тез өзгеріп жатқан жағдайларында, жеткіліксіз болып шықты. 1994 жылғы 7 наурызда сайланған Қазақстанның түңғыш кәсіби парламенті жедел даму үстіндегі ахуалға барабар оңтайласуға дайын болмай шықты. Дауыстарды санау тұрғысында сайлау қорытындылары елдің Конституциялық сотының 1995 жылғы 10 наурыздағы шешімімен заңсыз деп танылды.  
       1995 жылғы 25 наурызда қоғамның бірлігін сақтау мен елдегі саяси және әлеуметтік жағдайдың терең жарықшақтануына жол бермеу мақсатында, елдің барлық үлттары мен халықтарының мүдделерін зерделеу мен есепке алу, сондай-ақ жан-жақты және тең құқықты дамуы үшін 1994 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған бірегей қоғамдық орган – Қазақстан Халықтарының ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін үзарту жөнінде республикалық референдум өткізудің қажеттілігі туралы қарар қабылдап, аталған үсыныспен Мемлекет басшысына өтініш білдірді.  
      Қалыптасқан ахуалды негізге ала отырып, сондай-ақ қоғамның жіктелуіне жол бермеуге Президенттен шаралар қолдануын талап еткен ел түрғындарының күллі әлеуметтік топтарының пікірін ескере отырып, Мемлекет басшысы уақыт талабына орай референдум өткізуге шешім қабылдады.  
        1995 жылғы 29 сәуірде өткізілген референдум қорытындысында Қазақстан Республикасы Президент! өкілеттігінің мерзімін ұзартуды жақтап сайлаушылардың 95,46 пайызы дауыс берді және Н.Ә. Назарбаевтың реформашыл жолын бүкіл халық болып қолдайтынының жарқын куәсі болды.  
Осы кезеңде Президент қызметі әдеттегіден әлдеқайда қауырт та ауқымды еді. Парламент тараған кезде Мемлекет басшысы жауапкершілік жүгін батыл түрде өзі қолға алып, жаңа әрі жеткілікті нормативтік-құқыктық база жасау жолымен экономиканы жандандыруға бағытталған 511 жарлық шығарды, оның 132-сінің заң күші бар еді. Дәл осы уақытта реформаны жалғастыру үшін өмірлік қажеттіліктен туындаған "Жер туралы", "Мүнай туралы", "Ұлттық банк туралы", "Акциздер туралы", "Банкроттық туралы" және басқа заңдар шығарылды. Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы", "Қазақстан Республикасынын Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасынын Үкіметі туралы", "Республикалык референдум туралы", "Қазақстан Республикасындағы шет ел азаматтарының құқықтык жағдайы туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы", "Қазақстан Республикасынын соттары және судьялардың мәртебесі туралы", "Казакстан Республикасынын прокуратурасы туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы", "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және мемлекеттік құрылыс мәселелеріне арналған көптеген басқа да актілері жарық көрді.  
       Реформаларды жалғастыру және тереңдету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен және тікелей қатысуымен әзірленген елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңызы аса зор болды.  
       Жаңа Конституцияны қабылдауды білдірген 1995 жылгы 30 тамыздағы референдумның жагымды қорытындылары (сайлаушылардың 89 пайызы жақтап дауыс берген) таңдаған жолдың дүрыстығын тағы да дәлелдеп берді.  
Президенттің Қазақстан Республикасының егемендігін жариялауымен бірге аумақтық түтастықты сақтау мен елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің неғұрлым өткір мәселелері де шешімін тапты.  
      Қазақстанның әлемдік аренаға ұмтылуы, бірінші кезекте, Мемлекет басшысының белсенді сыртқы саяси қызметіне байланысты.  
1990жылдан бергі кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті іс жүзінде әлемнің барлық іргелі елдеріне 138 мемлекеттік, ресми және жүмыс сапарларын жүзеге асырды. Ресей мен АҚШ-қа, ҚХР мен Үлыбританияға, Францияға, Италия мен Испанияға, Швейцария мен Австрияға бірнеше мәрте сапарлар жасалды. Австралияға, Үндістанға, Сауд Арабиясына және баска да араб елдеріне сапарлар жүзеге асты.  
     Сауд Арабиясында исламның екі қасиетті орынының сақтаушысы король Фахдпен кездесу мен ислам әлемініц екі ұлы қасиетті орыны — Мүхаммед пайгамбардың кесенесі мен мешітіне бірегей зиярат ету рәсімі жасалды.  
Ватиканда Қазақстан жетекшісі Н.Ә. Назарбаев пен римдік-католиктік шіркеудің басшысы папа Иоанн Павел ІІ-нің екі рет кездесуі болды.  
Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары - 102 рет, 320-дан астам үкіметтік және парламенттік делегация, сондай-ақ БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ЕК, БҰҰДБ, ДСҰ, ХААҰ, ЭЫҰ тәрізді басқа да дүниежүзілік халықаралық институттардың мүшелері сапармен болды.  
Президент шетелдердің елшілері және дипломаттарымен 104 кездесу өткізді. Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустардың өкілдерімен жүздесіп отыру дәстүрге айналды.  
       Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы әлемнің 100-ден астам мемлекеттеріне танылып, олармен дипломатиялық қатынас орнатты, БҰҰ-ның және оның құрылымдарының толық құқықты әрі белсенді мүшесі болып табылады.  
      Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен ЮНЕСКО және НАТО-СЕАП-тың мерейтойлары, БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы мәжілісі, ЕҚЫҰ-ның Хельсинкидегі, Лиссабондағы, Будапештегі және Стамбулдағы тарихи кеңестері, Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 50 жыл толуына арналып Парижде, Лондон мен Мәскеуде тойланған мерекелер тәрізді халықаралық ұйымдардың ірі іс-шаралары өтті.  
Мемлекет басшысының ЕҚЫҰ-ның Хельсинкидегі кеңесінде күн тәртібіне қойылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жоніндегі кеңесті шақыру туралы идеяларын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асуда.   
     Әлемдік саясатта Қазақстан жария етіп, жүргізіп отырған көп векторлыжол өзінің елеулі нәтижелерін беруде. Бүл түрғыда Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялык серіктестік туралы келісімдерге, "Шанхай бестігі" жобасы шеңберіндегі шекаранын үзына бойында сенім шаралары туралы келісімге, Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Украинамендостық туралы шарттарға қол қою айрықша орын алады. Қазақстан Республикасының ҚХР-мен шекарасын межелеу, Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекараны белгілеу туралы мәселені шешу жөнінде жүмыс жүргізілуде.  
Бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясат жүргізе отырып, Қазақстан Таулы Қарабақтағы, Тәжікстандағы, Шешенстандағы, Югославиядағы қақтығыстарды тоқтатуды жақтап үн қосты; "Бейбітшілік жолындагы серіктестік" қозғалысының халықаралық бітімгершілік акцияларына атсалысуда.  
Ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартқан бірінші мемлекет ретінде Қазақстан дүниежүзі елдерін, атап айтқанда, Үндістан мен Пәкістанды ядролықсынақ өткізуден және әскери ядролық бағдарламалардан бас тартуға шақырды.  
      Әзірленген ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мен Қазақстанның әскери доктринасы бірінші кезекте тату-тәтті көршілік қатынастарды дамытуға, халықаралық проблемаларды өркениетті шешуге, қару-жарақпен сес көрсету және күш қолдану көзқарасынан бас тартуға бағытталған бейбітшілік сүйгіш жолдың жарқын куәсі.  
     Мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметі Қазақстанның әлем мемлекеттерімен сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту мәселелерін шешумен тығыз сабақтасып жатыр.  
Экономикалық ынтымақтастық туралы шарттарға іс жүзінде Шығыс және Батыс Еуропаның барлық мемлекеттерімен, арабтық Шығыс елдерімен, Үндіқытаймен, Корей түбегімен, Түркиямен, Иранмен және Пәкістанмен қол қойылды. Экономикалық ынтымақтастық үйымы шеңберінде көрсетілген елдермен ынтымақтастық табысты жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Германия арасындағы белсенді әрі үзақ мерзімді ынтымақтастық дамуда, Балтық және Қара теңіз жағалауы елдерімен байланыс жолға қойылды.  
     Қазақстанда іргелі әлемдік компания тар дың пайда болуы — Мемлекет басшысынын елге шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі табанды қызметінің нәтижесі. Қазакстан жетекшісінің Давостағы дүниежүзілік экономикалық форумның, Кранс-Монтана мен Зальцбургтағы инвести-циялық саммиттердің жүмысына белсенді қатысуы да осыған бағытталған.  
Қазақстанның Еуропалық қоғамдастық, Халықаралық валюта коры, Халықаралық және Еуропалық қайта қүру және даму банктері, Азиялық банк және басқа көптеген іргелі әлемдік қаржылық-экономикалық институттармен ынтымақтастығы нығайып келеді.  
    Н.Ә. Назарбаевтың шет елдерге сапарлары барысында Қазақстанда қүрылған жеткілікті нормативтік-құқықтық база негізінде өзара тиімді ынтымақтастық жобаларына назарлары ауған әлемдік бизнес-элитаның өкілдерімен көптеген кездесулер өткізілді.  
    Қазақстанда Алматы инвестициялық саммиті және кәсіпкерлер форумы өткізілді; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі табысты жүмыс істеп келеді.  
Мемлекет басшысының 1996 жылғы Жарлығымен Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет қүрылды, ал 1997 жылғы ақпанда Қазақстан Президенті "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заңға қол қойды.  
Инвестициялық қызметтің өрістеуі Қазақстан экономикасын жандандырды. Ахуалды дамытуда Мемлекет басшысы арнайы нормативтік-құқықтық актілерді шығару жолымен шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыруға, әйелдерді бизнеске тартуға бағытталған шаралар қабылдады.  
     Елдегі кәсіпкерлікті дамытуға Мемлекет басшысының "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы", "Кәсіпкерлік қызмет бостандыгына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазакстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы" жарлықтары серпін берді.  
     Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен әзірленген сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заң, экономикалық қылмыстармен және жалпы қылмыспен күресуге бағытталған шаралар кешені үлкен маңызға ие.  
Мемлекеттік басқарушылық құрылымдары жоспарлы түрде жетілуде. Салалық министрліктер жойылды және қазіргі жүмыс істеп түрғандары оңтайландырылды, бүрынғы КСРО-ның тарихындағы соңғы да ең ауыр экономикалык токыраудың себебі болған материалдық-техникалық ресурстарды бөлудің орталықтандырылған жүйесі бөлшектелді.  
      Нарықтық экономиканың тетіктерін өмірге енгізу және кәсіпкерлікті дамытумен қатар мемлекеттік қызметті реформалаудың мәселелері шешілді, мемлекеттік басқару органдарының саны азайды және шенеуніктік аппарат қысқарды.  
     Мемлекеттік басқару органдарын оңтайландыру елдің күш-қуат    қүрылымдарын — Ішкі істер министр л ігін, ҰҚК-ін, тергеу, алдын ала тексеру жүргізу және сот органдарын, тәуелсіз Қазақстанның армия сын реформалауға ықпал етті.  
     Қазақстанның бірқатар облыстарының тиімді түрде біріктірілуі шенеуніктер қатарын едәуір қысқартты.  
    Салық салу және бюджетті жоспарлау, банк саласының жүйелері түбегейлі қайта қаралды және қайта қүрылды. Зейнетақымен қамтамасыз ету реформасы жүргізілді, жүмыспен қамту және медициналық сақтандыру қорлары құрылды.  
Он жыл ішінде экономиканың басты басымдықтары іске асырылды: макроэкономикалық түрақтану, меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жүзеге асырылды; түтыну нарығы толықты; әлеуметтік нарықтық экономика қалыптасты; меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін нормативтік-құқықтық база қүрылды.  
     Егемендік алғаннан бастап тәуелсіз Қазақстан аумағы жонінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет болды әрі осындай үлан-ғайыр аймақта экономикалық тоқыраудың өте ауыр жағдайларында басталған әлеуметтік-экономикалық реформалар ел түрғындарына ауыртпалығын түсірмей қойған жоқ. Алайда, инфляция 2000 пайызға жеткен, экономикалық байланыстар үзілген және қолма-қол ақша қаражаттарының зәрулігі сезілген ерекше қолайсыз ахуалға қарамастан, Қазақстан, Ресей секілді, қоғамды және экономиканы реформалау қарқыны жөнінен басқа барлық бүрынғы кеңестік республикаларды басып озды.  
Тәуелсіз Қазақстанның өзіндік экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізуге ықпал еткен маңызды және стратегиялық факторлардың бірі дер кезінде әзірленген үлттық валюта — теңгенің енгізілуі болды, ол бүрынғы кеңестік кеңістікте пайда болған валюталардың ең жақсыларының және түрақтыларының бірі деп мойындалды.  
    Тәуелсіз мемлекеттің қажетті нышаны болып табылатын теңге елдің қаржы-ақша жүйесін жүмыс істейтін жағдайға келтіруге, ақша айналысындағы қаражаттың жетіспеушілігі проблемасын шешуге ықпал етті.  
     Қазақстан қазіргі уақытта бұрынғы кеңестік экономикалық және соңғы әлемдік валюта-қаржы дағдарысының зардаптарын толығымен жеңіп шықты. Елдегі макроэкономикалық ахуал түрақтанды, экономиканың дамушы салалары сауықтырылды және отандық тауар өндірушілерді дамыту мен қолдау бағыты іске асырылуда.  
     Республикада құрылған нормативтік-құқықтық база адамдардың санасын өзгертуге ықпал етті әрі қоғамды жаңа болмысты қабылдауға — меншіктің барлық түрлерін мойындауға негізделген, мемлекеттің араласуынан азат еркін нарықтық экономикаға бұруға мүмкіндік туғызды.  
     Қазақстан тарихи қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан қоғамындағы азаматтардың дүниетанымында терең өзгеріс болды, өндірістің социалистік тәсілінен шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өтумен байланысты экономиикалық құрылыс өзгерді.  
     Мемлекетте жаңа құрылыстың қалыптасуының маңызды көрсеткіші шағын және орта кәсіпкерлердің санының өсуі болды. Осылайша, халқының саны салыстырмалы түрде көп емес (жершары түрғындары санының 0,2 пайызы), Қазақстанда, бір ғана онжылдық ішінде шағын және орта бизнестің 200 мыцдай жаңа кәсіпорындары пайда болды, 250 мыңнан астам адам еркін кәсіпкерлік қызметпен айналысады, ал аграрлық секторда 1,3 миллиондай фермерлер мен кооператорлар еңбек етеді, ал ел өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығына тартылған шетелдік инвестициялар 8 миллиард АҚШ долларын қүрады.  
Мемлекет тарихында, бірінші Президенттің саяси және жеке өмірбаянында астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру сияқты орасан зор оқиға айрықша орын алады.  
     Қазақстан халқы түңғыш рет өз тарихында ел астанасының геосаяси және экономикалык орналасу басымдықтарын айқындады, бүл тарихи шешім Президент Н.Ә. Назарбаевтың көрегендігі мен саяси күш-жігері арқасьінда жүзеге асырылды.  
    Жаңарған және тәуелсіз Қазақстанның рәмізді бейнесі деп әділ аталған, қазіргі заманғы қала қысқа мерзім ішінде елдің нақ жүрегінде бой көтерді; іс жүзінде Қазақстанның барлық аймақтарындағы индустрияның дамушы салаларының өсуіне қуатты серпін берілді. Екі жылғы дайындық жұмыстарынан кейін шеткері Ақмола ару қалаға айналды.  
    Мемлекеттік басқарудың орталық органдарын бүрын болып көрмеген мерзім мен қарқында жаца астанаға көшіру; қаланың атын Астана деп лайықты түрде қайта атау — ЮНЕСКО-нын "Қалалар бейбітшілік үшін" медалімен марапатталған жаңа әкімшілік, ғылыми және мәдени орталықтың пайда болуы — атқарылған істің айшықты айғағы.  
     Астана қаласының тәуелсіз Қазакстанның жаңа елордасы ретіндегі түсаукесері ұйымдастырылуы мен мәдени деңгейі жағынан аса жоғары дәрежеде өтті. Қазақстан Республикасының меймандары мен ел азаматтары көңілді де үмытылмайтын мерекенің куәгерлері болды. Елдің барлық азаматтары мақтанышқа, қазақстандық патриотизмнің терең де тебіреністі сезіміне бөленді.  
Өтпелі кезеңнің қиындықтарын бастан кешіру және экономика мен қоғамды реформалаудың екінші кезеңі халықтың көңіл-күйіне түрақты назар аудармай жүзеге аспайтын еді, "Казақстан - 2030" үзақ мерзімді бағдарламасында жарияланған іс-әрекеттің дүрыстығыжәнетаңдалған бағытты қолдауды дәлелдеп отыру қажет болды.  
     Мұндай дәлелдеу 1999 жылдың 10 қаңта рында өткен Қазақстандағы бірінші баламалы президенттік сайлау болды.  
Республика аймақтарындағы көптеген іс-шаралар мен сапарлар мемлекет және үкімет басшыларымен болған кездесулермен, әлемнің көптеген елдеріндегі мемлекеттік, ресми және жүмыс сапарларымен кезектесіп отырды.  
Бірінші балама сайлау қарсаңында Алматыда өткен Форум мен Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға арналған қала жұртшылығының митингісі мемлекет басшысының реформаторлық бағытын халықтың сөзсіз қолдайтындығының көрінісі болды.  
     Шет елдердің ресми делегация лары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, қоғамдық-саяси бірлестіктердің басшылары, елде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердіц басшылары, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысқан Қазақстан Президентін үлықтау рәсімі кең көлемді халықаралық үндестік туғызды.  
      Орталық Азия аймағында түңғыш рет Қазақстанда елдің сайлау жүйесінің жетілуіне қозғау болған баламалы президенттік сайлау табысты жүргізідді, соның арқасында депутаттарға кандидаттарды партиялық тізім бойынша да ұсынған парламенттік сайлау да өз деңгейінде өтті.  
Бұл факт елдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен партиялардың өсуі мен дамуының айғағы, бүкіл Орталық Азия аймағындақоғамньщ демократиялық өзгерістерінің тереңдеуі мен өрістеуінің үлгісі болды. Соңғы парламент сайлауы кезінде Қазақстанның 9 саяси партиясының кандидаттары тіркелді.  
Қазіргі уақытта республикада 2500-ден астам үкіметтік емес үйымдар, 30-дай конфессияны қамтитын 2700 діни бірлестіктер қызмет істеуде.  
Президенттік басқару нысанындағы Қазақстан Республикасының жаңа мемлекетін орнату жоспарлы түрде, мақсаткерлікпен әрі тарихи қысқа кезеңде жүзеге асырылды. Бір ғана онжылдық ішінде Қазақстан тоталитарлық жүйенің бүғауынан толык босады және жаңа мемлекеттілік қүрды. Бүл - ата-бабаларымыз қанды үрыстарда шайқасқан және оны қалпына келтіруді армандаған қазақ халқының таңдаулы өкілдері сталиндік қапаста мерт болған мемлекеттілік еді.  
    Қазақстанның күшті президенттік басқару нысанындағы мемлекет ретінде қалыптасуы және Президент Н.Ә. Назарбаевтыц елдің шынайы демократиялық Конституциясының кепілі ретіндегі қызметі тоталитаризмнің зиянды мүрасын толығымен жоюға мүмкіндік туғызды. Елде сөз бен баспасөз бостандығы, діни наным еркіндігі секілді демократиялық қүндылықтар жарияланды және іске асырылды, елдегі барлық халыктар үшін тең қүқылы даму қамтамасыз етілді. Республикада ресми бүқаралық ақпарат қүралдарымен қатар жеке газеттер мен журналдар шығарылады, телерадиостудиялар мен компаниялар қызмет істейді. Қазіргі кезде 11 ақпараттық агенттіқ, 86 телерадиокомпания мен студия жұмыс істейді, 314 газет пен 79 журнал казак, орыс және Қазақстан халықтарынып басқа тілдерінде жарық көреді.  
    Қазақстандағы президенттік институттың бастауы кеңес қоғамы мен мемлекетінің барлық саласын қамтыған КСРО-дағы аса терең дағдарыс кезеңіне сәйкес келді. Ол экономика саласында аса өткір байқалды. Кеңес экономикасы құрылымдарының диспропорциясынан айқын көрінген дәстүрлі экономикалық байланыстардың үзілуі, жоспарлы экономиканың іріп-шіруі тұрғындардың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне, әлеуметтік шиеленістің өршуіне алып келді.

    
    

     Қазақстан Президенті – шынында да ҚР-ның мемлекеттік билік органдарында басты рөл атқарады. Оның қолында көп мүмкіншілік бар, еліміздің сыртқы және ішкі саясатына қатты әсер ете алады. Конституциямен берілген құқық пен мүмкіндік оған қажетті жағдайда барлық билікті өз қолына алуға мүмкіндік береді. Яғни кейбір көріністерде, Қазақстанда президенттік билік болса да, президент бұл монарх-қа ұқсас деген ой туады, негізінде бұл осылай емес. Барлығы конституциядан және онымен берiлетiн өкiлеттiктерге тәуелді. Біздің Президентте билік, басқа елдермен салыстырғанда, әлдеқайда көп және соңғы кездегі конституциядағы өзгертулер нәтижесіңде оның мүмкіндіктері артты.  
Қазақстан тәуелсіздігінің таңсәрі шағында тағайындалған президенттік институты мемлекетті басқарудың жаңа құрылымының негізін қалыптастыруға мүмкіндік жасады және экономикадағы өтпелі кезеңді еңсеруге, республиканың саяси жүйесін реформалауға қажетті жағдайларды қамтамасыз етті. Сонымен бірге, президенттік институтының қалыптасуы күрделі ахуалда жүзеге асырылды.  
     Саясаттанушылардың атап өтуінше, Қазақстандағы президентік институты елдің тоталитаризмнен декмократияға қарай өтуі кезеңіндегі тарихи, саяси, мәдени даму ерекшелігінен туындаған объективтік қажеттілік ретінде пайда болды. Ол ұлттық қауіпсіздіктің, тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығының кепілі бола отырып, демократиялық қайта құрудың басты құралы ретіндегі өзінің тарихи рөлін атқаруда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

    1. Кіріспе

Конституциялық  – құқықтық институттар

II. Негізгі бөлім

          1995 жылғы 29 сәуірде өткізілген референдум

Қазақстанның  әлемдік аренаға ұмтылуы

                Мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметі

      III. Қорытынды

                Қазақстан Президенті –ҚР-ның мемлекеттік билік органдарында басты рөл атқарады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

http://www.alashainasy.kz/main/38801/

http://www.astana-akshamy.kz/?p=5492

http://thenews.kz/2010/04/23/335367.html

http://expertsist.ucoz.com/load/aza_stan_prezidenttik_respublika_damu_keze_deri_men_erekshelikteri/1-1-0-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы