Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат және оның негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 20:41, реферат

Краткое описание

Баянды дамудың аса маңызды құрамдас бөлігі күшті әлеуметтік саясат жүргізу.
Әлеуметтік саясаттың басты нысаны – халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі – осы саясатты жүзеге асыратын мемлекет болып табылады.

Содержание

Кіріспе 2
1 Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті 3
2 Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің рөлі 7
3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат және оның негізгі бағыттары 9
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 12

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат1.docx

— 21.25 Кб (Скачать документ)

 

Мемлекет – халықтың мемлекеттік өміріндегі елеулі орын алатын тарихи пішін.

Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің рөлі:

  • Әр түрдегі мемлекет адамды қоғамға біріктіреді, оның өмір жолын қоғам мүлкіне айналдырады (мысалға, еңбек жолын, отбасылық өмірін, қолының бос кезіндегі уақыт және қоғамдық саяси өмірі). Қоғамдағы тәуір өмір сүру шарттары осы қоғам мүлкіне айналдыру жолдары арқылы жүзеге асады. Нормадан жағымсыз ауытқу, әлеуметтік жаман халге түсу болып қабылданады және оны тұрақты ету үшін қоғамдық және мемлекеттік іс - әрекеттер талап етіледі.
  • Демократиялық мемлекет қоғамдық топтар мен азаматтардың әлеуметтік белсенділігінкүшейту және кластық қоғамның жақсаруын қамтамасыз етеді. Демократиялық мемлекет кезінде азаматтардың ешқайсысы қоғамнан жоюға,қанауға жол берілмейді
  • Демократиялық мемлекет әлеуметтік топттың және азаматтардың әлеуметтік ортадағы субьектіге құқығын ала алмайды және әлеуметтік  мемлекеттік саясат пішініне өсіре алмайды. Әйтсе де демократиялық мемлекет қандай да бір әлеуметтік топтардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына тосқауыл қоймайды.
  • Демократиялық мемлекет әлеуметтік мүмкіндіктер кеңістігін жеке күштерден қорғалуын құрайды.

Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі субьектісі болып мемлекет табылады. Әрбір мемлекет өзінің даму перспективасын анықтайды. Сонымен қатар глобалды әлеуметтік-экономикалық саясаттың орталықтандырылған проблемалары да бар:

    • экономиканың экологиялық және әлеуметтік бағыты;
    • халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті нығайту;
    • елдердің даму саясатын тұрақтандыру;
    • болашақ ұрпақ пен қазіргі ұрпақтың мүдделерінің теңділігін орналастыру.

Экономика болса әрқашан әлеуметтік  проблемалардың шешімінің негізі болып табылады, бірақ әлеуметтік сфераның міндеті экономикалық дамудың алдында өсіп отырады.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың негізгі қызметі:

  • Құқық беруші органдардың заңдылық іс-әрекеті
  • Атқарушы органдардың ұйымдық – басқарушылық, қаржылық – экономикалық, болжамдық және т.б. қызметі.

Конституция бойынша Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет.

Әлеуметтік мемлекеттің мінездемесі:

  • Әлеуметтік жүйелердің дамыған жүйесі, салықтың жоғары деңгейі, әлеуметтік сфераға бөлінген қаржының жоғары деңгейі;
  • Қазақстанның барлық топтарына көрсетілген әлеуметтік  қызметтің дамыған жүйесі;
  • Құқықтық жүйенің дамыған түрі, мұнда  биліктің бөлінуі, әрбір билік салсының қызметін бөлу, әлеуметтік өмірдің нормативті – құқықтық жүйесінің қызметі.

Мемлекеттік әлеуметтік саясаты әлеуметтік сұрақтармен айналысытан билік органдарының қызметіне жатпайды. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру кезінде үш жақ қатысады:

  • билік (заң шығарушы, атқарушы және сот органдары);
  • қоғам (саяси институттар);
  • көпшілік (азаматтардың әлеуметтік професионалды және т.б. топтары, жеке инвалидтер). 

Әлеуметтік саясат – қоғамдық өзара іс -әрекеттер механизмі ретінде мемлекетсіз даму түріне жету мүмкін емес, сондықтан да мемлекет әлеуметтік саясатты біртұтас қоғамдық кеңістікте біріктіру кепілі ретінде танылады.

Мемлекеттің кепілдігін беру рөлі әлеуметтік саясаттың тең құқылы субьектісі болып табылады.

Мемлекет -  өз қызметінде өркениетті әлеуметтік саясатты жалпы ұлттық масштабта кепілдік береді.

Кепілдік – бұл қамтамасыз етуші шартты қамтамасыз етуші жүйе. Өркениетті әлеуметтік саясаттың жеткілікті кепілдік мүмкіндіктері тек қана мемлекеттегі ұлттық қауіпсіздігін үміттендіретіп қана емес сонымен қатар сыртқы факторлардан да әлеуметтік әсер ету арқылы қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік топтардың өздері мемлекеттің қатысуынсыз белгілі бір дәрежеге жете алмайды,сондықтан мемлекет әлеуметтік проблемаларға қатысып оны шешуі қажет.

Қоғам барлық халықтың формасы сияқты проблемаларға кездеседі, яғни жалпы қоғамға қатысты проблемалар бар, ол проблемаларды тек қана халық шешеді, бірақ ол топтарға бөлінген болғандықтан белгілі бір міндетке негізделіп соны шешу қажет. Халықтың айтуы бойынша мемлекет сол ережені орындау  қажетті. Жалпы қоғамдық проблемаларды шешу арқылы мемлекет әлеуметтік саясаттың ресурсы рөлін атқарады.

Бұл қандай проблемалар төртеуін атап өтейік:

  • әлеуметтік перспективалар проблемасы
  • әлеуметтік мақсат проблемасы
  • әлеуметтік мүмкіндік проблемасы
  • әлеуметтік қауіп проблемасы

Мемлекет әлеуметтік саясатына байланысты «Мықты әлеуметтік саясат» түсінігі қолданылады, яғни толық әлеуметтік саясат азаматтардың әлеуметтік сферадағы құқығы, бостандығы және міндеттемесін қамтамасыз ету  қызметін орындайды. Ал тотаритарлы мемлекет  өзінің  демократиялық емес, антигумандық әлеуметтік мәнін көрсетеді.

 

 

3 Қазақстан Республикасындағы  әлеуметтік саясат және оның  негізгі бағыттары

   Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік сақтандыру қаражаттарының  есебінен әлеуметтік қорғау 1996 жылғы “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” тиісті Заң арқылы 1999 жылға дейін реттеліп келді, осы заң бойынша елдегі азаматтарға әлеуметтік кепілдіктердің мына түрлері берілетін еді: зейнетақылық қамсыздандыру, уақытша еңбекке жарамсыздыққа, екіқабаттыққа және босануларға байланысты жәрдемақылар, сауықтыру сипатындағы қызметтер, міндетті медициналық сақтандыру, жұмыссыз болғанда әлеуметтік қолдау көрсету, бала туғанда жәрдемақы, жерлеуге бөлінетін жәрдемақы.

90-шы жылдардың бас  кезі мен орта шеніндегі экономиканың  дағдарысы әлеуметтік сақтандыру  жүйесін де дағдарысқа ұшыратты, ол жарналарды төлетудің базалық  көрсеткіштерінің құлдырауынан, сондай-ақ  жарна төлеушілердің жарналарды  әлеуметтік қорларға толық және  уақтылы аударуға құлықсыздық  көрсетулерінің салдарынан әлеуметтік  сақтандыруға жарналар жинаудың  төмен деңгейінен көрініс тапты. Бұл зейнеткерлер мен жәрдемақы  алушылар алдында ірі ауқымдағы  берешектерге ұшыратты. Әлеуметтік  қорлар қаражаттарының инфляциялық  құнсыздануы зейнеткерлер мен  жәрдемақылар алушылардың күнкөріс  минимумындағы қажеттіліктерін  қамтамасыз ете алмады және  қорлар қаражаттарының барған  сайын шектеле түсуі кезінде  әлеуметтік төлемдерді ұдайы  индекстеу қажеттілігін туындатты. Сондай-ақ экономикаға жоғары  ставкадағы аударымдардың келеңсіз  ықпал ету проблемасы мен шығындарын  азайту үшін оны төмендету  қажеттілігі пісіп жетілді.

1999 жылы әлеуметтік қорларға  төленетін төлемдер бірыңғай  әлеуметтік салыққа ауыстырылды. Оның қаражаттары бюджетке түседі, бірақ қатаң мақсаттық тағайындауда  болулары тиіс, яғни олар Зейнетақы  төлемдер жөніндегі Мемлекеттік  орталыққа, медициналық қызметтерге  төлем жасау жөніндегі Мемлекеттік  орталыққа және жұмыспен қамту  қызмет орындарына жолданулары  керек. Алайда қазіргі кезде олардың  мақсатты пайдаланылуларын қадағалау  қиын. Осы кезеңде әлеуметтік  салық туралы жаңа ереже талқылануда. Бірақ талқылау нәтижесі байланыссыз, салық төлеушілер әлеуметтік  салаға жасайтын төлемдеріне  баламалы мөлшерде әлеуметтік  қамсыздандыру алулары үшін, 2 мезетті- жалпы бюджеттің ашықтығын және  әлеуметтік салықтың мақсаттық  тағайындауын реттеу  қажет.

Жалпы елдің дамуы үшін, сондай – ақ әр адамның әлеуметтік мүмкіндіктерін іске асыру үшін де жағдайлар жасау арқылы қоғамдағы кедейшілік деңгейін азайтуға қол жеткізуге болады.  Басқаша айтқанда, кедейшілік проблемасынан арылу үшін бірқатар жағдайларды қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда, оған орнықты экономикалық өсу, халықтың өнімді жұмыспен қамтылулары үшін мүмкіндіктерді ұлғайту, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігі, мемлекетті ұтымды басқару мен қоғамның демократиялық институттарын дамыту жатады. Соның ішінде, бірінші кезекте кедей тұрмысты адамдардың мүдделерін ескеретін кедейшілікпен күресудің ұлттық стратегияларын әзірлеу мен іске асыру - әлемдегі кедейшілік ауқымдарын азайту міндетіне қол жеткізудегі маңызды қадам болып табылады.

Әлемдік практикада кедейшілікті өлшеудің негізгі үш тұжырымдамасы белгілінді, олар:

  • абсолюттік
  • салыстырмалы
  • субьективтік

Кедейшіліктің абсолюттік тұжырымдамасы адамның күн көрісі үшін қажет ең аз қаражаттарын анықтау қағидасына негізделеді, олар – адамның суды, тамақты, киім –кешек пен тұрғын үйді физиологиялық тұрғыда  ең аз қажетсінулері. Абсолютті кедейшіліктің критерийі болып күнкөріс минимумы саналады.

1 – қосымша күнкөріс  минимумы. (№1 қосымшадан көріңіз)

 Қазақстан Республикасындағы 2003 жылғы күнкөріс минимумының құрылымын айта кетейін.  Оның ішінде ақылы қызметтерге 29 пайыз; қант, шайға 5 пайыз; картоп және көкөніске 12 пайыз; ет және балық өніміне 22 пайыз; сүт, жұмыртқа, май өнімдеріне 20 пайыз; нан және нан өнімдеріне 12 пайыз үлесінен келіп отыр.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күнкөріс минимумы ең төменгі тұтыну себеті құнының шамасы бойынша бір адамға шаққандағы қажет ең аз ақшалай табысты көрсетеді және ол аталмыш даму кезеңінде қоғамда қабылданған деңгейде адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыруын қамтамасыз етеді.

Ең төменгі тұтыну себеті денсаулықты ұстап отыруға қажет азық – түлік жиынтығының (азық – түлік себеті) қоректік заттарының ең аз құрамы бойынша құнын және азық – түліктен бөлек тауарлар мен қызмет көрсетуге жұмсайтын шығындарын қамтиды. Азық – түлік және азық –түліктен бөлек шығындар арасындағы арақатынас (ара салмақ) ұзақ мерзімге нормативтік актілер арқылы белгіленді.

Қазақстанда күнкөріс минимумы 1996 жылдан бері нормативтік –статистикалық әдіс арқылы есептелінеді, сол әдіске сәйкес азық – түлік себетінің құны нормативтік әдіс арқылы белгіленеді және күнкөріс минимумының 70% болып қабылданады, ал азық – түліктен бөтен тауарлар мен қызметтердің күнкөріс минимумындағы жалпы көлемі 30% деңгейінде қабылданады. Ең аз азық –түлік себетінің  құны ай сайын тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын айдың ортасына қарай облыстарда қалыптасқан орташа бағаларға көбейту жолымен есптеледі, мұндай есептеу әр аймақ бойынша инфляция деңгейін есепке алуға мүмкіндік туғызады. Халық үшін тамақ өнімдерін тұтынудың бірыңғай нормаларын «Қазақтың тамақ академиясы» ЖАҚ энергетикалық құндылықты қамтамасыздандыру мен физиологиялық деңгейде негізгі тамақ заттарын тұтыну тұжырымдамаларына сүйене отырып әзірледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бүл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық – насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты – тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі болып табылады.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатында негізгі орынды халықтың табысын қалыптастыру саясаты алады. Табыс ұғымы экономикалық қызмет нәтижесінің көрсеткіші болып табылады. Басқаша айтқанда – табыс өндіріске қатысушының оған қатысу деңгейіне байланысты алған, шығарған өнімнің бір бөлігі. Экономикалық әдебиеттерде табыс  ұғымы өнімді шығаруда құнның шығыннан жоғары болуын сипаттайды.

Қазақстанның әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Экономиканың  әлеуметтік бағдары ең алдымен (тұтынушының) өндірістің  тұтынушыға бағынуын, халықтың көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді, дәл осы дамыған нарықтық механизмі бар экономикаға тән. Сондықтан адам үшін экономиканы құрудың қажетті шарты нарықтық реформаны жалғастыру болып табылады. Мемлекет халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген реформалардың кері әсерлерін азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге ұмтылуы керек, ал бұл үшін реформалар жүйелі, әрбір кезеңнің жүзеге асырылуынан алдын – ала саналған нәтижемен жүргізілуі қажет.

Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизмінің орны ерекше. Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмыссыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарды. Сондықтан әлеуметтік қамсыздандыру механизмін нарық жағдайына икемдеу және оны реформалау мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бүгінгі күндері тұрғындардың көбі әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруды қажет етеді. ҚР-ның статистика және талдау комитеті ай сайын қазақстандықтардың  тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан – 2030  ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен  кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде аталып көрсетілген.

Әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі басты шаралардың бірі – жаңа жұмыс орындарын жасау. Мәселен, өткен жылы 10 мыңдай жұмыс орындары жасалса, биыл тек қаланың бір ғана бизнес – инкубаторының аумағында 358 жұмыс орны жасалды және олар бір жарым есе көбейеді деп күтілуде.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
    2. «Қазақстан – 2030»  Президенттің Қазақстан халқына жолдауы.
    3. Президенттің Қазақстан Республикасының азаматтарына жолдауы 2005 жыл.
    4. Тасмагамбетов И.Н. «Социальная политика и политическая трансформация». Алматы. Институт развития Казакстана 1997.
    5. Волгин Н.А. «Социалная политика». Москва. Экзамен 2004.
    6. Сансызбаева Г.Н. «Система социальной защиты населения и ее проблемы». Алматы. Экономика 1998.
    7. Мамыров Н.Қ. «Қазақстандағы адам дамуы». Алматы. «Taimas Printhouse» 2004.
    8. Агентство Республики Казахстан по статистике «Уровень жизни населения в Казахстане» Алматы 2004
    9. «Әлеуметтік саясат» (лекция) Алматы 1999  25 –бет.
    10. Карибджанова А.С. «Соц.защита населения» Алматы . Экономика 1999 136стр.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат және оның негізгі бағыттары