Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 16:30, реферат
Алименттік қатынастар және оның түрлері Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік қатынастар және оның түрлері
Алименттік қатынастар және оның түрлері Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:
• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;
• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;
• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.
Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:
• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);
• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);
• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.
Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:
• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;
• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;
• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.
Алименттерді есептеу тәртібі
Алименттерді есептеу тәртібі Алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған кезде кәмелетке толмаған балаларға өндіріліп алынатын алименттер мөлшерін заң төлеуші жалакысына үлесті қатынаста айқындайды. Сонымен көмелетке толмаған бір балаға ата- анасының айлық жалакысының не өзге де табыстарының төрттен бір бөлігі, екі балаға — уиітен бір бөлігі, үш және одан да көп бала үшін— тең жартысы мөлшерінде. Сот, сондай-ақ тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын немесе өзге де көңіл бөлуге тұратын жайттарды ескере отырып, бұл үлестердің мөлшерін көбейте немесе азайта алады.
Ата-анасының жұмыс таба алмауы осыған жатқызылуы мүмкін. Сот мұндай жағдайда алимент мөлшерін азайтып жалақының 1/4 бөлігінің орнына 1/6 бөлігін өндіріп алуды белгілейді.
Сот әрбір нақты жағдайда осы жайттардың бәрін де ескереді. Заңда, сонымен қатар ерекше жағдайлар туындаған кезде ата-аналардың балаларды асырап-бағуға қосымша шығындар жасауға қатысу міндеттері де белгіленген. Мысалы, балалардың ауыр науқасы, шипажайлық ем қажеттігі және басқалары. Сот мұндай жағдайда алиментке қоса қосымша ақылай қаржы. төлеуді немесе балаларды нақты асырап-бағуға қаржы сомасын белгілейді.
Заңда жалақының немесе табысының үлестері ретіғіде алимент өндіріп алудан басқа — ай сайын төленуге тиісті тұрақты ақша сомасын өндіріп алу сияқты алимент төлеудің өзге де тәсілі қарастырылған. Сот бұл соманың мелшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларына орай әрбір нақты жағдайды жеке айқындайды. Алименттердің тұрақты ақша сомасы ретінде өндіріп алынуының мысалдары көп кездеседі: алимент төлеушінің табысының тұраксыздығы немесе жиі өзгеріп отыруы; жалакысын заттай алуы және т.б.
Алимент төлеуші суретші болса, сома мөлшері оның сататын картиналарының санына және бағасына байланысты болады. Егер алимент төлеуші ата-ананын жалақысы не өзге де табыстары мүлде болмаса, алимент мүлік түрінде өндіріліп алынады. Ата-аналардың табыстары және мүліктері болып, оны олар жасырған жағдайда күшпен мөжбүрлеп өндіріп алу қолданылуы немесе алимент төлеуден касақана жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Ата-аналардың көмелетке
Сот балалардың мұктаждығын нақты жағдайларды ескере отырып аныктайды. Біріншіден, ешқандай табысы жоқ адам мұктаж деп танылады, екіншіден, егер тапкан табысы қалыпты тұрмыс құруға жеткіліксіз болса (өмір сұру минимумынан төмен).
Сот жақтардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алиментін ол төленетін соттегі айлық есептік көрсеткішке (АЕК) қатысты еселеп белгілейді.
АЕК 1000 теңге болса, сот 6 еселік көрсеткіш белгілейді, демек, айсайын өндіріліп алынатын сома 6000 тенге (1000x6=6000) болады.
Еңбекке жарамсыз кемекке мұқтаж көмелетке толған балаларды асырап-бағу міндеті ата-аналардың екеуіне де бірдей.
Ата-аналарға қамқорлық
Ата-аналарға қамқорлық Көмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамкорлық жасауға және оларға кемек көрсетуге міндетті. Ата-анаға қамкорлық дегеніміз — оларға моральдық қолдау көрсету, тиісті көңіл бөлу, күрметтеу және көмектесу. Олардың өмір сүруіне қажетті материалдық қаржы бөлу, ата-аналарға көрсетілетін көмектің айрықша түрі болып табылады. Әдетте, көмелетке толған балалар тарапынан көмек көрсету ерікті болып табылады. Бірақ көмелетке толған балалары тиісті көмек көрсетпеген жағдайда, ата-аналарының сот арқылы олардан алимент өндіріп алуға қақысы бар.
Алименттер көмелетке толған балалардың әрқайсысынан өндіріліп алынады. Алимент мөлшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, айлық есептік көрсеткішке қатысты еселенген түрде сот айқындайды. Демек, сот балалардың әрқайсысына қатысты тең еселенген көрсеткіш не бұған керісінше көрсеткіш қолдана алады.
Қызы 5 еселенген мөлшерде алимент
төлеуге міндетті болса, ал ұлы —
7 еселенген мөлшерде, өйткені сот
бұл арада қызының көмелетке
толмаған өз балалары барын да ескерген.
Сонымен айлық есептік
Алайда балаларынан алимент талап етуші ата-аналары бұрын оларды асырапағудан жалтарған болса, онда сот балаларды ата-аналарын асырап-бағу міндетінен босатуы мүмкін.
Отбасылық заңнама сондай-ақ ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде біріне-бірі материалдық қолдау көрсету міндеттерін де көздейді. Ерлі-зайыптылар арақатынастары қалыпты болған жағдайда бір-біріне ерікті түрде көмектесіп тұрады. Бірақ ерлі-зайыптылар біріне-бірі көмек көрсетпеген жағдайда, мұқтаж жұбайы алимент ендіріп алу женінде сотқа талап түсіруге қақысы бар. Сот тәртібімен алимент өндіріп алу үшін мынадай шарттардың болуы қажет: • тіркелген неке; • еңбекке жарамсыздығы және материалдық көмекке мұқтаждығы; • мұндай көмек көрсету үшін екінші жұбайының қажетті қаржысы болуы керек.
Әйелінің жүкті кезінде және
олардың ортақ балалары туған
күннен бастап үш жыл бойына өз жұбайынан
асырап-бағуға қаржы сұрауына құқығы
бар. Әйел екіқабат кезінде жүктілігі
мен тууына байланысты еңбек демалысына
шыққанша жұмыс жасайды, бұл жағдай
көбінесе осыған байланысты. Осы кезенде,
сондай-ақ бала туғаннан кейін ананың
қосымша шығындары көбейіп
Қажетті қаржысы бар бұрынғы жұбайынан сот тәртібімен алименттер төлеуді талап етуге мынадай қоқысы бар: • бұрынғы әйелі жүкті кезінде және ортақ балаларын туған күннен бастап үш жыл бойына;
• ортақ мүгедек балаларын бағып-
• некелерін бұзғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған мұқтаж, бұрынғы жұбайы.
Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы
Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы
Алименттік міндеттемелер мына жағдайларда
тоқтатылады. Егер алименттер сот тәртібімен
өндіріліп алынған болса, онда ол
баланың кәмелетке толуына
Алименттер төлеу, сондай-ақ асырапбағу үтттін сот тәртібімен алименттер өндіріліп алынған, бала асырап алынған жағдайда тоқтатылады.
Бұрынғы жұбайлардың алименттік қатынастары алимент алатын жұбайының жаңадан некеге тұруына байланысты тоқтатылады.
Бұрынғы жұбайының еңбекке
Алименттік қатынастар алимент алушы адамның немесе оны телеуге міндетті адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.
Егерде алименттік міндеттемелер тараптардың алименттер төлеу женіндегі келісімімен белгіленген болса, онда ол тараптардың біреуі қайтыс болған жағдайда не келісім мерзімі өткен жағдайда, не алименттер төлеу жөніндегі келісімде көзделген негіздерге байланысты болады.
Сонымен, алименттер дегеніміз —
заңда белгіленген жағдайларда
отбасының бір мүшелерінің оның
екінші бір мүшелері пайдасына телеуге
тиісті белгілі бір ақшалай
Алименттік міндеттеме — бұл сот шешімі немесе тараптардың келісімі негізінде туындайтын кұқықтық қатынастар. Оған байланысты алименттік міндеті бар адам (төлеуші) басқа адамға (алимент алушыға) оны асырап-бағуға қажетті қаржы төлеп тұруға міндеттенеді, ал алушының талап етуге қақысы бар.
Алимент өндіру айлығы
Қоғамымызда жас ұрпақтың
өсіп-жетілуіне тиісті
Осыған орай, Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті төрағасының бастамасымен шілдеден қыркүйек айына дейін алимент өндіру айлығы қолға алынды.
Қазақстан Республикасында отбасы мәселесі, кәмелеттік жасқа толмағандардың мүддесін қорғау мен алимент өндіруді орындау «Неке және отбасы туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңдарымен реттеліп отырады. Аталған заңдарды орындау өз кезегінде мемлекеттік қызметкер болып табылатын сот орындаушыларына жүктелген. Ауданымызда алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар әлі де баршылық.
Сондықтан, сот
Алимент төлеушілер міндеттерінен жалтарып жүр
Елімізде алимент өндіру
жөнінде шыққан әрбір төртінші
соттың шешімі орындалмай