Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 14:59, реферат
МҚБЖ – мәліметтер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және
бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты МҚБЖ дербес
және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс
істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді.
МӘЛIМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСI
Е.Қ.ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, Н.Б.МЕДЕУОВ
Ақтөбе, АқтМПИ, Орал қаласы, ҚазИИТУ
МҚБЖ – мәліметтер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және
бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты МҚБЖ дербес
және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс
істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox,
dBase, FoxPro, Access т.б. жатады. Көпшiлiк қолданушы МҚБЖ клиент-сервер
архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді.
Көпқолданылушы МҚБЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б
жатады. МҚБЖ-нің негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады:
Ø Мәліметтерді анықтау (Data definition) – сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай
ақпараттар сақталынатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін,
сонымен қатар бұл мәліметтер
бір-бірімен қалай
Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен
критерийін бере аласыз;
Ø Мәліметтерді өңдеу – мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады.
Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже
мәнін есептеуге болады;
Ø Мәліметтерді басқаруда – сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп,
оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтерді
ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.
Мәлiметтердiң әр түрлi типтерi болады. Ендi информациялық жүйелердегi
мәлiметтердiң, яғни өрiс мәндерiнiң типтерiне тоқталайық.
Негiзгi типтер:
Текстiк мәлiметтер (TEXT). Текстiк мәлiметтердiң мәндерi алфавиттi- цифрлi
символдардан тұрады және ұзындығы 255-тен аспауы керек;
Сандық мәлiметтер (NUMBER). Бұл типтегi атрибуттардың мәндерiмен
арифметикалық амалдар орындауға болады. Сандық мәлiметтер ұзындығы бүтiн
сан болса 2 байт, бөлшек сан болса жылжымалы нүктелi сан форматында 4 байт
орын алады. Бүтiн және бөлшек бөлiктерi санда нүктемен ажыратылады.
Дата немесе уақыт типi (DATE/TIME). Дата типi белгiлi бiр форматта берiледi,
мысалы: кк.аа.жж (күн, ай, жыл).
Алғашқыда бұл текстiк
сияқты көрiнедi. Алайда, информациялық жүйеде дата типтi қолданудың
ерекшелiктерi бар: жүйе қатты бақылау жүргiзу мүмкiндiгiн алады; автоматты
түрде датаны әр елдiң дәстүрiне байланысты бейнелеу мүмкiндiгi туады;
программалау барысында
даталарға арифметикалық
жеңiлдейдi.
Логикалық мәлiметтер
(YES/NO). Бұл типтiң мәлiметтерiн
және мәндерi TRUE немесе FALSE (шартты түрде 1 немесе 0) болады және мұндай
мәлiметтер “иә”, “жоқ” болып интерпретацияланады.
OLE обьектiсiнiң алаңы. Бұл ең бiр қызықты типтердiң бiрi болып табылады. Бұл
типтiң мәнi ретiнде OLE объектiсiнiң кез-келгенi болуы мүмкiн (егер
компьютерде болса) – графика, дыбыс, видео.
Қолданушының типi. Көптеген
жүйелер қолданушыларға
жасауға мүмкiндiк бередi.
Сұрау (запрос) – белгiлi бiр ақпараттарды алуға талап болып табылады. Сұрау бiр
немесе бiрнеше кестелерден құрылады. Сұраудың нәтижесi таңдау (выборка) деп
аталады. Мәлiметтер қорында таңдау сақталмайды; ол әрбiр рет сұрауды орындағанда
жаңадан құрылады да оны жапқанда жоғалады. Сонымен, ақпараттарды таңдау үшiн бiрiншiден, қандай ақпарат керек болып тұрғандығын; одан кейiн ол ақпарат қай
кестеде сақталғандығын бiлу керек.
Сұраныстың негiзгi типтерi:
- Стандартты таңдаулар;
- Орындау үшін әрекеттер;
- Қосу үшін сұраныс.
Кестедегі іріктелген
қорындағы сұранысты басқа кесте соңына қосуға болады;
- Жою үшін сұраныс;
- Жаңарту үшін сұраныс.
Берілген жазбаларды шартты
жағдайға өзгертуге болады;
- Жаңа кесте құру үшін сұраныс;
- Параметрлік сұраныс. Көбіне пайдаланушыға құрылған сұраныс бойынша іс
жүргізуге (жұмыс жасауға) тура келеді бірақ кей жағдайларда таңдау кезінде біршама
өзгешеліктер болады. Ондай жағдайда, қайта-қайта жаңадан сұранысты баса бермес
үшін, сұранысты параметрімен құру керек.
- Сұраныстың тоғысуы
көрсетеді. Берілгендерді өңдеуде түрлі топтағы жазбалар мен топтық есептеулерді
жүзеге асырады.
Кез келген сала (оқыту жүйесі, өнеркәсіп т.б.) өзіне қажетті әр түрлі объектілердің
сипаттамасынан тұратын көптеген мәліметтермен жұмыс жасайды. Ол мәліметтерді
өңдеуге, сақтауға т.б. көп мөлшерде уақыт кетеді. Сондықтан да қазір барлық салада
автоматтандырылған жұмыс
орындарын пайдалану кең
Себебі, автоматтандырылған жұмыс орындарына мәліметтер қоры кіріктірілген.
Мәліметтер қоры кез келген саланың объектілерін, олардың қасиеттерін, өзара
қатынастарын бейнелейтін мәліметтер жиыны болып табылады.
Пайдаланушының көзқарасымен айтқанда, жалпы мәліметтер қоры –
ақпараттармен жұмыс істеуді қамтамассыз ететін программа.
Программисттің сөзімен айтқанда, мәліметтер қоры – ақпараттардан тұратын
файлдар жиыны.
Ең алғаш мәліметтер қоры
ұғымы жаңадан қалыптасқан
мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі мәліметтер қоры жүйелері өздерінің
құрылымдарында тек
және басқада ақпараттық-
де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана
емес, ақпаратта сақтала алады деп айта аламыз.
Мәліметтер қоры (МҚ) – белгілі бір пәндік салаға жататын объектілерді, олардың
қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін, ақпаратты сақтауға және
жинақтауға арналған өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. Пәндік сала дегеніміз
мәліметтер қорын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі – мәліметтермен жан жақты қатынас құра
отырып, олардың өңделуін қамтамассыз ететін мәліметтер қорын құру мен
сүйемелдеуге арналған программалық кешен.
Осы айтылғанды мысалмен түсіндіре кетелік. Үлкен банкттің мәліметтер қорын
қарастыралық. Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдары,
несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер қорына көптеген банк
қызметкерлері қатынай алады,
бірақ олардың іштерінде
өзгерістер енгізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне
берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер қорының
әдістері мен құралдары да бар.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - бағдарламалық жабдық, оның
көмегімен мәліметтер қоры құрылады, соның негізінде ақпаратты іздеу жүйесі
құрылады және жұмыс істейді. Ақпаратты іздеу жүйесі дегеніміз - мәліметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетуші бағдарламалар. Қолданылу түріне
байланысты МҚБЖ дербес және көпшілік қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір
компьютерде жұмыс істейтін локальды (желілік) мәліметтер қорын құруды қамтамасыз
етеді. Дербес МҚБЖ - не Paradox, dbase, FoxPro, Access және т.б жатады. Көпшілік
қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық
жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы МҚБЖ-не Oracle, InterBase,
Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады.
Түрлі МҚБЖ-лері мәліметер қорын әртүрліше ұйымдастырады және сақтайды.
Мысалы, Paradox және dBase әрбір кесте үшін бөлек файлды пайдаланады. Бұл
жағдайда мәліметер қоры – ол кестенің файлдары сақталатын каталог. Microsoft Access
және Interbase-те бірнеше кесте бір файл ретінде сақталады. Бұл жағдайда мәліметтер
қоры-ол оған енетін файлдың аты. Клиент/сервер типінің жүйелері, яғни, Sybase немесе
Microsoft SQL серверлері секілді,
барлық мәліметтерді бөлек
және SQL деп аталатын арнайы тілдің көмегі арқылы клиентпен байланысады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Е.Ы. Бидайбеков, Ш.Т.Шекербекова.
Мәліметтер қоры және
басқару жүйесі. А – 2000.
2. Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi 5, М., 2000.
3. Хомоненко А.Д., Цыганков В.М., Мальцев М.Г. Базы данных: учебник для высших
учебных заведений, СПб, 2002.
4. Дрогобыцкий И.Н.
организация и управление, М., Финансы и статистика, 1992.
5. Т.Карпова. Базы данных: модели, разработка, реализация. СПб.:Питер, 2001.