Жерге орналастыруды жобалаудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 13:01, доклад

Краткое описание

Өндірістік мақсат үшін жобалау. Ауылшаруашылыққа жатпайтын жерді пайдаланулар бойынша олар өндірістік, тасымалдау, энергетикалық, табиғатты қорғау, орман шаруашылық, сушаруашылық және т.б. болып бөлінеді. Параметрі мен мінездемлері бойынша олар әр түрлі және көпсанды, олардың шаруашылық жерге орналасуымен байланысуы мен түзілуі кезінде әр түрлі спецификалық ерекшелітерге ие болады.
Өндіріс орындарында жерді пайдалану екі үлкен топқа бөлінеді: қайта өңдейтін өндірістерде жерді пайдалану және өндіріс кәсіпорындарында жерді пайдалану. Олар өлшемдері, конфигурациясы, қоршаған ортаға әр түрлі қозғалыс түрлерімен бөлінеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 59.31 Кб (Скачать документ)

Өндірістік мақсат үшін жобалау. Ауылшаруашылыққа жатпайтын жерді  пайдаланулар бойынша олар өндірістік, тасымалдау, энергетикалық, табиғатты  қорғау, орман шаруашылық, сушаруашылық және т.б. болып бөлінеді. Параметрі  мен мінездемлері бойынша олар әр түрлі және көпсанды, олардың шаруашылық жерге орналасуымен байланысуы мен  түзілуі кезінде әр түрлі спецификалық ерекшелітерге ие болады. 
Өндіріс орындарында жерді пайдалану екі үлкен топқа бөлінеді: қайта өңдейтін өндірістерде жерді пайдалану және өндіріс кәсіпорындарында жерді пайдалану. Олар өлшемдері, конфигурациясы, қоршаған ортаға әр түрлі қозғалыс түрлерімен бөлінеді. 
Қайта өңдейтін өндіріс орындарында жерді пайдалануды жобалау кезінде оларды өндірістік сызық бойынша араластырады және ірі территориялы өндірістік комплекстерде жүреді, яғни көмекші өндіріс объектілерімен кәсіпорын тобы, инженерлі байланыс пен коммуникация, қызмет утудің тұрмыстық және басқа да жүйелері. 
Қазақстанда ірі ТПК түзілген: Алтай кені, полиметалды кендерді қайта өңдеу жәнеоларды алу, Қарағанды- -Теміртау және Павлодар-Экибастұз энергетикасы және т.б. кәсіпорындарды территорияны – өндіріс кәсіпорындар құрамына кіргізу тек қана негізгі өндірістік көзқарас бойынша кең тарамаған, сонымен қатар үнемдеудің тиімді әдісі болып табылады: құрылыс ауданы өндіріс орындары мен салыстырғанда 10% төмендейді, көлік жлоы 9-11% қысқарады, теміржол 8-20%, Ғимарат саны 25%. Осылайша территориялы – өндірістік кооперативтік өндіріс орындары құрылыс құнының төмендеуімен және олардың кемеюіне қажет жер бөлімдерінің азаюмен жүреді.  
Өндіріс орындарында жерді пайдаланудың өлшемін бекіту 3 әдіс бойынша жүруі мүмкін:  
өндіріс орындарының аудандарын өлшем бойынша бекіту;  
есеп жолымен, бөлщек өлшемі жер сыйымдылығы бойынша анықталады, объектілердің орналасуына сәйкес аудандарды таңдау кезінде есептер бойынша қабылданған. 
Техникалық жобалауды құру процесін құру кезінде бөлімшет жерлерінің өлшемі өндіріс ауданындағы барлық құрылыс объектілерінің басжоспарына

Елімізде  ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық қатынастарға ендіру «Қазақстан-2030» стратегиясына және бірқатар заңнамалар негізінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылып келеді. [1] 
Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» айдарымен жарияланған Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды отыз бағыты айқындалған. Осы бағыттардың төртіншісінде: «ҚазАгроның» негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолдануына, аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу екендігін атап айтқан. [2] Президент атап өткен проблемалардың мақта саласында тікелей қатысы бар. 
Аумақта экономикалық реформаларды жүзеге асыруда кейбір объективті және субъективті себептерге байланысты мақта шаруашылығы-мен айналысатын өңірдің табиғи –климаттық жағдайы суармалы жердің ерекшеліктеріне мамандандырылуы, тағы басқалар ескерілмеген. Осындай себептердің нәтижесінде мақта кешенінде шаруашылықты ұйымдастырудың біртұтас экономикалық механизмін қалыптастыру баяу жүзеге асырылуда. 
Қазақстанның Оңтүстігінде негізінен техникалық дақыл –мақта өсіріледі. Оның жер көлемі 200 мың гектардан артық суармалы жерді алып жатыр, жалпы ауылшаруашылық өнімі құрылымындағы құны бойынша оның үлес салмағы 40% тең. Ілгергі колхоз, совхоздарға тиісті жер және мүлік жекешелендіруден соң бөлінген пай үлестері өлшемлерінің негізінде құрылған шаруа (фермер) қожалықтары ұсақ тауарлы болып қалыптасты. 
Егістік жер көлемінің ұсақтығы (2-3-5га) оның контурларының шектеулі болуы, негізгі құралдардың және қаржының , жалпы өнімнің одан алынатын табыс мөлшерінің аздығы қазіргі замандағы бәсекелестікті арттырудың негізгі болып тұрған инновациялық жаңалықтарды, техникалық жетістіктерді, жоғары өнімділікпен жұмыс атқаратын техниканы агроөндіріске кең түрде ендіру әлеуеті арасында қарама-қайшылықтар туындатып отыр. Сондай-ақ ұсақ тауарлы шаруа (фермер) қожалықтары қаржы тапшылығынан жаңа техниканы сатып алуға немесе лизингке алуға, озық технологияны қолдану мүмкіндіктерінеде ие емес. Ұсақ агроқұрылымдарға қымбат бағалы техниканы сатып алу мен оны пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз. Себебі техниканы жылдық нормативтік жүктемемен қамтамасыз ету, тиімді пайдалану проблемалары туындайды. Бірқатар агротехникалық операциялар ескі қарапайым әдістермен көбінесе тозығы жеткен техника күшімен немесе қол еңбегімен орындалады. Осыған орай олар дер кезінде, толық көлемде және сапалы орындалмайды. Артық өндірістік шығындар жұмсалады, еңбек өнімділігі және өндірістің соңғы нәтижелері төмен көрсеткіштермен аяқталады. 
Ұсақ тауар өндірушілер өзін-өзі қаржыландыру арқылы ұдайы дамыған өндірісті ұйымдастыруға және бәсекеге қабілетті болуға дәрменсіз болып қалыптасады.  
Осындай өндірістік –экономикалық қарама-қайшылықты оңтайлы шешудің жолы: шаруа (фермер) қожалықтарын өз еріктерімен біріктіру арқылы ірілендіру, яғни орта және ірі параметрлі шаруашылық бірліктеріне айналдыра отырып жаңа техниканы, технологияны қолданудың өндірістік –экономикалық әлеуетін нығайту проблемаларын қарастыру. 
Біздің зерттеулеріміз бен ізденістеріміздің мақсаты- суармалы жерге мамандандырылған мақта шаруашылығындағы ұсақ агроқұрылымдарды біріктіру арқылы оңтайландырудың (ірілендірудің) экономикалық негіздері мен мақта саласындағы типтік шаруашылықтар моделінің жобасын ұсыну.

Жер тағдыры – ел тағдыры

Қоғам өміріндегі жер қорының бағасын  беру аса күрделі. Жер тағдыры – ел тағдыры деген сөзде үлкен астар жатса керек. Сондықтан да егеменді еліміздің ұстанған саясатының басты бағыты – қолданыстағы жер ресурстарын сақтау және дамыту. Осыған байланысты, 2011 жылғы 4 қазандағы №1297 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді тиімді пайдалану eрежесі бекітілді. Осы eреженің 2-бабы 6-тармағының 9-тармақшасына сәйкес ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді тиімді пайдалануын анықтау үшін, жер телімдерінің иелері мен жер пайдаланушыларда ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары болуы қажет. Үкіметтің шешіміне сай біздің облыста да жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін түгендеу барысында жұмыс тобы құрылып, жұмыс істей бастады. Тексерудің барысында 10595 жер телімі түгенделді, ауданы 0,37 мың гектар пайдаланылмаған жер телімі анықталды. Мемлекет меншігіне 2611 жер телімі қайтарылып, иелерінің анықталмауы салдарынан 162 телім есепке қойылды. Өткен жылы облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жүргізілді. Сол кезде талай кемшіліктердің беті ашылып, 575,82 мың гектарда, соның ішінде 97,55 мың гектар егістік, 2094 игерусіз жатқан жер анықталды. 
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары агроқұрылымдарға, кооперативтерге, шаруа (фермер) қожалықтарына ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерде экономикалық қызығушылықтарын қанағаттандырып, топырақтың жоғары құнарлығын сақтауды және жақсартуды қамтамасыз ету мәселелерін ескере отырып, жерді қорғауды және тиімді пайдалануды ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Ауылшаруашылық қажеттілігі үшін берілген жерлер – ауыл шаруашылығы мақсаттағы жерлер болып табылады. Бұл жерлер елді мекен жерлерінен тыс орналасқан. Мұндай жерлер ауылшаруашылық өнімді өндіру үшін қажетті, құнарлы жер болып табылады. 
Алайда, ауылшаруашылық саласында жұмыс атқарудың орнына, әртүрлі кәсіпорындар ауылшаруашылық дақылдарын өндіру технологиясын ескермей алқаптарды «жойып жіберу» оқиғасы әлі жалғасып келеді. Осының бәрі жердің сапалық қасиетін төмендетеді. Ауылшаруашылық жерлер – бұл мемлекеттің стратегиялық қоры, сондықтан ол ауылшаруашылық өндіріс мақсатында пайдаланылуы қажет. Бүгінгі таңда, мемлекеттің мақсаты – жерлерді ауылшаруашылық айналымға қайта енгізу. Сонымен қатар, кейбір кәсіпорын басшыларының берілген жер телімдерін қалай пайдалануды, қалай және қандай мөлшерде тыңайтуды білмейтіндігі жанға батады. Себебі, қасиетті Жер-ананы бейберекет пайдалану өсімдіктің өсуіне қолайлы химиялық, физикалық және биологиялық қасиетке ие болатын топырақтың құнарлы қабатын жойып жібереді. 
Сонымен қатар, ішкі шаруашылық жерге орналастырудың басты мақсаты шаруашылық жүргізуші субъектіге алдына қойылған мақсатты ойдағыдай орындау мүмкіндігін беретін тәртіпті жерде орнату болып табылады: аз қажеті шығын шығару кезінде жоғары сапалы өнімнің ең көп санын алу, оны тұтынушыға тиісті тауар түрінде уақытылы жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақ құнарлығын сақтау және өндіру шарты кезінде адамдардың өмір сүруін жақсарту бойынша маңызды қоғамдық мәселелерді шешу. Нәтижесінде, жер пайдаланушылар шаруашылықты жүргізу және жер өңдеудің ғылыми дәлелденген жүйесін ендірумен тығыз байланысты экономикалық ақталған жүйесін алады: егін айналымын дұрыс игеру, қажетті көлемде қажетті минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, қарапайым және күрделі мелиоративті әдістерді қолдану арқылы әрбір жер телімін қарқынды пайдалану және түбегейлі жақсарту бойынша шараларды іске асыру, жол және көлік хабарларын жақсарту және басқалар. 
Сондықтан, ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын құруда бірінші кезекте ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге агроқұрылымдардың өздері қызығушылық білдіруде. Бұл жобалар, бізде бар жер ресурстарын сақтауға және тиімді пайдалануға бағытталған. Жер ресурстарын дұрыс пайдалану ғана біздің мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін арттыруға және болашақ ұрпақтың амандығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады. [1]

ІШЖО ұғымы, оның мақсаты  мен міндеттері 
Ішкішаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО) – жерге орналастырудың негізгі түрлерінің бірі. Жерге орналастырудың бұл түрінің жобалау объектісі ретінде ауылшаруашылық кәсіпорындарына, шаруа (фермерлік) қожалықтарға, серіктестіктерге, кооперативтерге және басқа шаруашылықтық құрылымдарға тұрақты (мерзімсіз) пайдалануға немесе жалға алу шартымен белгілі бір мерзімге бекітілген жерлерде ауылшаруашылық өндірісін территориялық ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі уақытта ауылшаруашыдық өнімі өндірумен әр түрлі ірі мемлекеттік кәсіпорындар (тұқым дайындайтын және басқа мамандандырылған шаруашылықтар), мемлекеттік емес (шаруа қожалықтары, ұжымдық кәсіпорындар мен кооперативтер, акционерлік қоғамдар және т.б.) айналысады.. Олардың көпшілігі Әр түрлі шаруашылықаралық және агроөнеркәсіптік бірлестіктер қатарына кіргенмсн, бірақ барлығы да өз еріктілігін сақтайды және негізгі жер пайдаланушылықтар болып табылады. Сонымен қатар ішкішаруашылық жерге орналастыру объектісі ретінде ғылыми-зерттеу мекемелерінің және машина сынау станцияларының тәжірибелік шаруашылықтары жоғары оқу орындарының колледждердің оқу-тәжірибелік шаруашылықтары, өнеркәсіптердің, ұйымдар мен мекемелерлін қосалқы ауылшаруашылықтары болуы мүмкін. 
ІШЖО-дың басты мақсаты - шаруашылықтық субъектілердің алдына қойған міндеттерін жер бетінде ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретіндей реттілікті орнатуға, яғни аз шылын жұмсап, максимальды мөлшерде жоғары сапалы өнім алу, оны сондай тауарлы түрінде тұтынушыларға өз уақытында жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақтың құнарлығын сақтауды және ұдайы өндіруді ескере отырып, адамдардың өмірін жақсарту жөніндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу. 
ІШЖО-дың негізгі міндеттері – ауылшаруашылық айналымындағы әрбір жер учаскссін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін (өндірісті территориялық ұйымдастыру) территорияны ұйымдастыру формасын құру, оларды табиғаттың қолайсыз құбылыстары мен антропогенді ессрлерден қорғау, сонымен қатар уақыт пен ресурсты үнемдеу мақсатымен машина-трактор паркін өнімді пайдалану және еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. 
Тсрриторияны ішкішаруашылық ұйымдастыру процесінде көрсетілген негізгі міндеттерден туындайтын немесе онымсн тығыз байланысты бірқатар басқа да маңызды міндеттер шешіледі: 
• топырақтың құнарлығын сақтау және көбейту; 
• ауылшаруашылық алаптардың пайдаланылуын жақсарту, өңделетін

Информация о работе Жерге орналастыруды жобалаудың теориялық негіздері