Құрғақ сүт өнімдерін өндіруге арналған құрылғылар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2012 в 21:12, реферат

Краткое описание

Құрғақ сүт - ұзақ мерзім сақталуы үшін, еритін кептірілген сүт ұнтағы. Құрғақ сүтті тез арада жоғары температурада кептіру қондырғыларында дайындап, төл азығы мен адам тағамына қосынды ретінде пайдаланады.
Құрғақ табиғи сүт - құрғақ сүт өнімі, онда құрғақ заттардың массалық үлесі кемінде 95 пайызды, сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарындағы ақуыздың массалық үлесі кемінде 34 пайызды және майдың массалық үлесі 20 пайызды құрайды.

Содержание

Құрғақ сүт, мәні, құрамы.
Құрғақ сүтті біздің ата-бабаларымыз осыдан бірнеше ғасырлар бұрын ешқандай сүт зауыттарынсыз-ақ қарапайым тәсілмен жасаған.
Құрғақ сүтті өндірудің технологиялық тәсілі.
Табиғи сүттен құрғақ сүт дайындау технологиясының реті.
Вальцалі кептіргіштер – СДА 250 құрылғысы.
Ваккумды-булағыш құрылғы.
Кристалдайтын құрылғы.
Бүріккіш кептіргіштер.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реф сут 1.docx

— 154.94 Кб (Скачать документ)

   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық

Университеті

 

«Биотехнология, мал және

балық шаруашылығы» кафедрасы

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:    

Құрғақ сүт  өнімдерін өндіруге арналған құрылғылар.


 

 

Орындағандар: ТППЖ-31 топ студенті:

Бисенгалиева С.

Тексерген: о.  Касимова Г. В.

 

 

 

\

 

 

 

 

 

 

 

                                     Орал, 2012ж.

Жоспар:

 

    1. Құрғақ сүт, мәні, құрамы.
    2. Құрғақ сүтті біздің ата-бабаларымыз осыдан бірнеше ғасырлар бұрын ешқандай сүт зауыттарынсыз-ақ қарапайым тәсілмен жасаған.
    3. Құрғақ сүтті өндірудің технологиялық тәсілі.
    4. Табиғи сүттен құрғақ сүт дайындау технологиясының реті.
    5. Вальцалі кептіргіштер – СДА 250 құрылғысы.
    6. Ваккумды-булағыш құрылғы.
    7. Кристалдайтын құрылғы.
    8. Бүріккіш кептіргіштер.
    9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрғақ сүт - ұзақ мерзім сақталуы үшін, еритін кептірілген сүт ұнтағы. Құрғақ сүтті тез арада жоғары температурада кептіру қондырғыларында дайындап, төл азығы мен адам тағамына қосынды ретінде пайдаланады.

      Құрғақ табиғи сүт - құрғақ сүт өнімі, онда құрғақ заттардың массалық үлесі кемінде 95 пайызды, сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарындағы ақуыздың массалық үлесі кемінде 34 пайызды және майдың массалық үлесі 20 пайызды құрайды. 
     Құрғақ майсыздандырылған сүт - құрғақ сүт өнімі, онда сүттің құрғақ заттарының массалық үлесі кемінде 95 пайызды құрайды.

 

Қосылыстар

Мөлшері

Ылғалдылық (массалық үлесі)

2,5-3,7%

Май

26,1-26%,

Лактоза

35-38%

Протеин

26-28%

Күл

5,8-6,2%




 

Осы күнгі кез-келген дүкендерде сықып толып тұрған құрғақ сүттер (сухой немесе порошковый молоко) мен  ешкімді де таң қалдыра алмайсың. Біреу білер, біреу білмес, қазір  дегенмен осы құрғақ сүтті біздің ата-бабаларымыз осыдан бірнеше ғасырлар бұрын ешқандай сүт зауыттарынсыз-ақ қарапайым тәсілмен жасаған, яғни балаларға құрғақ сүтті қайнаған сумен араластыру арқылы қоректендіріп отырған. Күн ыстықта сүтті сақтау мүмкіншілігі өте қиын болған, сондықтан да құрғақ сүт даярлау зәру қажеттіліктердің бірі болған болса керек. Ол үшін соғымға сойылған түйенің мойнақ терілерін жинап отырған, сол терілерді қырып, күйдіріп әбден тазалаған да қазандағы сүтке салып қайнатқан, бұл қайнату қазан үлкендігіне қарай 2-3 күнге созылатын болған. Содан сүт әбден қоюланып, буға айнала отырып қазандағы мойнақ теріге (құйқаға) жабысып тері қалыңдай береді, сүт таусылған кезде құйқаны қазаннан шығарып алып, кептіріп сақтап қоятын болған. Бұл теріге жабысқан қою, қатты болатын бұл біздің құрғақ сүтіміз. Міне қысылтаяң шақ туғанда сол теріден алақандай кесіп алып үстіне қайнаған су кұйса кәдігімгі сүт болған. Біздің дана әжелеріміз сөйтіп бала, немерелерін жаугершілікте де сүтсіз қалдырмаған.

 

Енді осы құрғақ сүтті  өндіретін технологиялық әдіске тоқталайық яғни, зауыттық тәсіл. Зауыттық тәсіл бойынша құрғақ сүтті тұңғыш рет Нерчинск зауытының штаб-емшiсi Кричев 1802 жылы алды.  Оның құнарлық сапасы табиғи сүттен кем түспейді. Ресей химигi, М.Дирчов, 1832 жылда, кептiрiлген сүттi өндiрiстiк жағдайда коммерциялық құны үшін өндірушілерлің алғашқыларының бірі болды.  Кептiрiлген сүттi өндiрiс процессі бойынша тек қана 50 жылдан кейiн патенттеді,  XIX ғасырдың соңында. Қазіргі таңда кептiрiлген сүтті өнеркәсiптiк әдiспен даярлайды.           

 

Сүтті кептіру  реті:

  1. Қалыпқа келтіру. Дайындалатын кептірілген сүт құрамындағы майдың массалық үлесі 26,1 пайыз болуы тиіс.
  2. Пастеризация. Сүтті 800 С температурада жылумен өңдейді.
  3. Бастапқы бумен өңдеу процесі. Сүт құрамындағы құрғақ зат мөлшері 48-50%-ға дейін көтеріледі. Бұл әдіс дайындалатын өнімнің құрамын жақсарту мақсатында жүргізіледі.
  4. Кептіру. Кептіру камераларында жүзеге асады. Сүт пен жылытылған ауа насос арқылы кептіру камерасына өтеді. Ұнтақталған сүт кептіріліп, камерадан орайтын аппаратқа беріледі.
  5. Майсыздандырылған құрғақ сүт. Бұл жағдайда қалыпқа келтіру және гомогендік процесс жүргізілмейтін болғандықтан өңдеу технологиясы біраз қарапайымданады, сондықтан бумен өңдеген кезде құрғақ зат мөлшері 30-34 %-ды ғана құрайды.

 

Бастапқыда , вальцалі кептiргіштерді (ең көп қолданылатыны СДА - 250 маркасы) қолданды. Олардың өнімділігі – 250-500 кг/сағ. Олар кондуктивтық тоқаштың әдiсi бойынша жұмыс iстедi. Вальцалы кептiргiшке концентрат сүттен келіп түседi. Бұл кептіруден кейін дайын болған сүттің ылғалдылығы бар-жоғы 3 %-дың шамасында болды. Мұндай тәсілмен кептірілген сүт өздiң ерекше қасиеттерiн бойында сақтап қалады. СДА 250 құрылғысы келесідей тетіктерден тұрады:

 


     1 – станина;

2 және 5 – ауа өткізгіштер;

3 – жедеткіштің электродвигателі;

4 – вальцалардың электрқозғағышы;

5 – айдаушы тетік (приводной механизм);

7 – (тарту шатыры) вытяжной зонт;

8 – буларды қарсы айдайтын құрылғы(устройство для отвода паров);

9 – вальцалар;

10 – бу қабылдайтын потрубок (потрубок для входа пара);

11 – элеватор;

12 – уатыту құрылғысының электр қозғағышы (электродвигатель дробилки);

13 –  уатқыштар (дробилки);

14 – шнек;

15 – конденсат бөлгiш (конденсатоотводчик);

16 – конденсаттың қарсылы айдау  түтiгі (патрубок для отвода конденсата).

 

 

 

Ваккумды-булағыш құрылғы (Ваккумно-выпарный аппарат).

Негізінен ол сүт пен сарысудың  концентрациясы үшін арналған. Құрылғыда  түтік тәрізді құрал-саймандардың жүйесі жабдықталған.  Бұл жүйе конденсат  пен кірлетпейтін фракцияның бөлінуіне  арналған. Негізінен ваккумды-булағыш құрылғылар өнімнің жоғары концентрациясы үшін арналған блоктар шоғырымен жабдықталған. Сонымен бірге, оның құрамына тез суытатын бөлшектер де кіреді. Бұл дайындалған өнімнің аппараттан шығар алдында температурасын төмендетуге түбегейлі мүмкіндік беретін маңызды жабдық. Ол басқару панелімен жабдықталған. Құрғақ сүтті өндіретін бұл құрылғыда кристалдайтын бөлшектер де қарастырылған.

 


Кристалдайтын құрылғы (кристаллизационные установки).

Ең алдымен олар кептіруге жіберілетін сүт мөлшерін кристалдауға арналған. Мұндай жабдықтардың өндіріс жұмысы инертті газды ортада жүзеге асады. Кристализатордың қабырғаларына нәтижесінде өзіндік жейде пайда болатын үрілетін пластина бекітілген. Ол кристализация процесі үшін аса маңызды су айналымын тудырады. Құрылғының сыртқы бөлігі тот баспайтын болаттан жасалады. Бұл құрылғы барлық қажетті кешендермен жабдықталған. Олардың қатарында:

• Өнім мен салқындатқыш суды қайта айналдыратын насостар;

• Пневматикалық клапандар және өндіріске қажеттілерлің бәрі. 

Бүркуші кептіргіштер (Распылительные сушилки).

Бүркуші кептіргіштер дайын өнім алу барысында соңғы кезең болып табылады. Осы құрылғылардың көмегімен өнімнің құрамындағы ылғал қалдықтары жойылады, бұл процесс ол өнімнің ұзақ сақталуына себеп болады. Нәтижесінде түйіршіктелген, жақсы себілетін және жақсы еритін құрғақ сүт пайда болады. Негізінде кептіру процесінің өзі өте қарапайым.  Арнайы насос өнімді бүркуші кептіргіштерге бағыттайды. Ең соңғы кезеңде ыстық және салқын ауаларды араластырады, ал бұл процесс флюдиялы камера деп аталатын арнайы аумақта жүзеге асады. Өнеркәсіп түгелдей автоматтандырылғандығының нәтижесінде сапалы өнім алуға мүмкіндігіміз мол.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. massaget.kz›Танымал›2637

  1. kk.wikipedia.org›wiki/

  1. kz.government.kz›docs/_230.htm

  1. big-fermer.ru

  1. upakovka43.ru


Информация о работе Құрғақ сүт өнімдерін өндіруге арналған құрылғылар