Нақты егіншілік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:37, реферат

Краткое описание

Нақты егіншілік – құнарлылықтың параметрлерін басқаруға бағытталған, өсімдіктің өсуіне әсер ететін технологиялардың, техникалық құралдардың және шешімдерді қабылдау жүйесінің жиынтығы. Бұл параметрлердің арасында болуы мүмкін: органикалық заттардың құрамы, топырақтың қоректік элементтері, рельеф, топырақта ылғалдың болуы, арамшөптену. Нақты егіншіліктің технологиясын іске асыру үшін қажет: агротехникалық шараларды саралап жүргізуге қабілетті заманауи ауылшаруашылық техникасы, жерді нақты позициялайтын құралдар және жаңа ақпараттық технологиялар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нақты егіншілік жүйесі.docx

— 2.36 Мб (Скачать документ)

 

                             Электронды    карта құру

 

  • Барлық ауылшаруашылық  машиналарының жұмысы үшін негіз болып табылады;
  • Егістік ауданының және шекарасының нақты есебі;
  • Тыңайтқыштарды енгізу, себу нормасының  негізделген жоспарлануы;
  • Агробизнесті тиімді бақылау және басқару құралы.

Ол тапсырыс берушіге атқарушы файл түрінде беріледі, яғни бірнеше

жұмыс орнына, оның ішінде мобилді  құрылғыларға көшіруге болады. Карталарды қарау қосымша бағдарламалық  қамтамасыз етулерді орнатуды және қызметкерлердің оқуын талап етпейді (3 сурет).  

 

 

3 –сурет.  Электронды  карталар

Топырақ  үлгілерін алу 

Топырақ үлгілері тыңайтқыштарға деген қажеттілікті және проблемалы зонаны анықтау үшін қажет. Топырақ карталары егістіктің әрбір учаскесіндегі топырақ қасиетінің ерекшеліктерін көрсетеді. Оның нәтижесі болып қоректік заттардың картасы табылады.

Автоматты үлгіалғыш Wintex 1000 30 см дейінгі тереңдікте біртекті топырақ үлгілерін алуды жүргізеді. тереңдік 10 – нан 30 см дейін реттеліп отырады (4 сурет).

 

4 –сурет.  Автоматты үлгіалғыш Wintex 1000

Зонд 10-14 реттен кейін зертханалық анализ үшін қажетті грунт көлемін жинайды (300 гр жуық). Топырақ үлгілері автоматты түрде қорабқа салынады, одан кейін зертханаға жеткізіледі.

Wintex 1000 басқа машиналарға, оның ішінде – Нива, УАЗ-ға орнатуға болады. бұл жағдайда 10 рет енгізгеннен кейін машинадан шығып, грунт бар қорапты алып босын қойып отыру керек.

Жүйені енгізудің оң нәтижесі:

  • Егістіктегі проблемалы учаскелерді бағытты іздестірілуінің нәтижесінде топырақтың агрохимиялық үлгілерінің көлемі біршама азаяды. Анализ  өнімділік және ылғалдылықтың таралуы картасының базасында арнайы бағдарламалардың көмегімен жүргізіледі.
  • Агрохиманализ және өнімділік карталарын есепке ала отырып бүркігіштер мен шашқыштар үшін технологиялық карталар құру есебінен шашылатын тыңайтқыштар мен химикаттардың көлемі азаяды.

 

Топырақ  үлгілерін  алу

                                    

            

5 –сурет. Топырақ  үлгілерін алу тәсілдері

 

Өнімділікті  карталау

Өнімділікті карталау жинау  уақытында егістктің әрбір учаскесінен

ақпарат алуға мүмкіндік  береді:

-  Жиналған өнімнің  көлемі туралы.

-  Дәннің ылғалдылығы  туралы.

Мәліметтер дисплейде  көрсетіледі және біруақытта ақпаратты

компьютерге көшіру үшін есте сақтау картасына жазылып отырады.

GPS-технологияларды пайдаланып өнімділік картасын құру –

принципті тұрғыда жаңа шара, ол егістіктен жиналған өнімнің көлемін ғана емес, дұрыс агротехникалық шешімдерді қабылдау үшін,   егістіктегі өнімділіктің біркелкісіздігін бақылауға да  мүмкіндік береді.

Өнімділік картасы проблемалы аумақты идентификациялауға, өнімділіктің

төмендеу себептерін мақсатты түрде зерттеуге мүмкіндік береді, мысалы қоректік заттардың жетіспеушілігі, топырақтың тығыздалуы, дренаждың болмауы, арамшөптермен зақымдалуы сияқты. Бұдан  басқа, карта да астықтың ылғалдылығын, комбайынның жылдамдығын және қозғалу жолын көруге болады.

 

       

 

5 –сурет. Өнімділіктің картасы

 

 

Тыңайтқыштарды  дифференциялық енгізу

  • Тыңайтқыштардың және ӨҚЗ-ын 30 % үнемделуін
  • Тыңайтқыштарды енгізу нормасы егістің қажеттіліктеріне нақты сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

 

           

 

 

Алынған объективті мәліметтердің  негізінде өсімдіктердің биологиялық  қажеттіліктеріне байланысты сараланған, қатаң нормаланған  тыңайтқыштардың (гербицидтердің, пестицидтердің) дозасы енгізіледі , және де тек егістіктің қажет учаскелеріне ғана. Осылай , барлық өсімдіктердің оптималды қоректенілуі және өңделуі жүреді. Бұл тыңайтқыштардың үнеделуіне әкеледі (гербицидтердің, басқа агрохимикаттардың) және қоршаған ортаның ластануының қауіптілігін туғызбайды.

 

 

Агрохимиялық  зертхана

 

Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушіге тұрақты жоғары өнім алу үшін оның егістігінде дақылды өсімдіктер қандай жағдайда өсетінін білуі қажет. Топырақтың қасиеті туралы ақпаратты біле отырып, тыңайтқыштарды, өсімдік қорғау заттарын кеңістік бойынша (шаруашылықтың ауданы бойынша) және уақыт бойынша (өсімдіктің даму фазасы бойынша) тиімді таратуға болады. Шаруашылықты  агрохимиялық тексеру мүмкіндік береді: қымбат тұратын тыңатйқыштарды, өсімдік қорғау заттарын, жанар – жағар майды және тұқымдық материалды үнемдеуге, сонымен қатар дақылдың өнімділігін және өнімнің сапасын (бағасын) ұлғайтуға.  Бұл үнемделген және табыстан түскен қаражаттар агрохимиялық тексеру өндірісіне кеткен шығындардан бірнеше ретке асып түседі.

Агрохимиялық тексеру  үш стадиядан тұрады:

  • Топырақ үлгілерін алу автомобиль кузовына немесе кабина ішіне бекітілген үлгіалушының көмегімен жүргізіледі. Топырақ алу тереңдігі – 30 –дан  120 см дейін;
  • Үлгілердің анализі топырақтағы қоректік заттардың құрамы үлкен дәлдікпен  және  жеделдікпен анықталатын көпфункциялы зертханада жүргізіледі;
  • Тыңайтқыштарды енгізу бойынша ұсыныстар агрохимиялық тексерудің соңғы нәтижесі болып табылады.  Зертханалық анализдің мәліметтері бойынша әр егістік (егістік учаскесі) үшін және әрбір дақыл үшін тыңайтқыштың түрі, дозасы және оларды қолдану мерзімі анықталады.

Жиналған  ақпараттардың анализі 

  • Көпдеңгейлі шолу.
  • Нүктелі, жолақты және контурлы карталар; координатты торды салу.
  • Ақпаратты карталарды және графиктерді басып шығару (жыл, өнім, шаруашылық бойынша).
  • Спутниктік түсірілімдерді жүктеу.
  • Есеп берулерді және графиктерді моделдеу және редакциялау.

Бағдарламалық қамтамасыз етудің артықшылықтары:

  • Қарапайым, көрнекі интерфейс, ақпараттарды бірыңғай мәліметтер базасында сақтау, ыңғайлы іздеу, барлық операцияларды құжаттау;
  • Есептік жүйенің геоақпараттық жүйемен үйлесуі нақты егіншілік технологиясы бойынша өндірістік іс- әрекетті жүргізуге мүмкіндік береді;
  • Борттық компьютермен қолға ұстайтын компьютердің мәліметтерінің автоматты түрде алмасуы бағдарламаға мәліметтерді енгізу бойынша уақытты бірашам үнемдеу;
  • Мәліметтерді 1С бағдарламасына экспорттау мүмкіндігі.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Нақты егіншілік – өзіне  жаңа ресурс үнемдейтін технологияларды кіргізетін, сонымен қатар ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жұмысын нақты және сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін, аса ыңғайлы формада (аппликациялық карталар) ақпараттарды алудың және өңдеудің заманауи құралдарын қолданатын ауылшаруашылығын басқарудың жаңа формасы.

 Нақты егіншілік – бұл максималды кіріс алу, ауылшаруашылығы өндірісін оңтайландыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы басқару процесі.

Нақты егіншілік – ауылшаруашылығы  кәсіпорындарын басқару бойынша  дұрыс шешім қабылдау үшін , көптеген көздерден мәліметтерді ала отырып, ақпараттық технологияларды пайдаланатын басқару стратегиясы.  

Нақты егіншілік – бұл  өндірістің ұзақ мерзімді тиімділігін, шаруашылықтардың рентабелділігін  жоғарылату үшін және қоршаған ортаға зиянды әрекеттерді минималдау үшін арналған егіншіліктің ақпараттық жүйесі.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Арефьев Н.В., Баденко В.Л., Осипов Г.А. Аграрные системы в среде ГИС //ГИС-обозрение. – 1997. - № 4.
  2. Афанасьев Р.А. Методология дифференцированного применения удобрений. – Клин: КлинНИКПТИЖ, 2000.
  3. Берлянт А.Н., Жолковский Е.А. К концепции развития ГИС в России //ГИС-обозрение. – 1997. - № 2.
  4. Буре В.М. Методологические аспекты статистического анализа в точном земледелии. – Доклады РАСХН, 2007, № 6.
  5. Дринна В.М. Развитие  агроинженерной науки и перспективы агротехнлогий. – М.: ВИМ, 2002.
  6. Информационные технологии, информационные измерительные системы и приборы в исследованиях сельскохозяйственных процессов //Материалы международной конференции «Агроинфо-2003». - Новосибирск, 2003.
  7. . http://www.agrophys.com/Agrophys_files/Preagro/agrohim.html.
  8. Материалы 6 Международной НП конференции «Ресурсосберегающие технологии - важнейший аспект успешной реализации Национального проекта» (2006 г).

 

 


Информация о работе Нақты егіншілік жүйесі