Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2015 в 20:02, лекция
1. Сабақты азық мөлшерлегіштердің жіктелуі
2. Дәнді азық мөлшерлегіштердің жіктелуі.
Комплектінің бір сағаттағы өнімділігі 15 тонна дайын азық қоспасы, дайындалған азық қоспасының ылғалдылығы 75 пайыз, ал электр қондырғыларының толық қуаты 131 кВт.
КОРК-15 комплектісі орнатылған жемшөп цехының жобасы 76-суретте көрсетілген.
76-сурет. КОРК-15 жабдықтарын орналастыру схемасы
1-ПЗМ-1,5 қоректендіргіші; 2-сүрлем транспортері; 3,4-ЛИС-3 қондырғысы; 5-ИКМ-5 қондырғысы; 6-мөлшерлегіш; 7-күшті жем бункерлері; 8-транспортер; 9-өтетін сәкі; 10-басқару пульті; 11-ИСК-3 ұсатқыш-араластырғыш; 12-азық таратқыш; 14,15-жинағыш транспортерлер; 13-байытқыш ерітінді жабдығы ОМК-4; 16-ТК-5,0Б транспортері.
Унифицияланған КЦК-5-3, КЦК-5-4 жемшөп цехы жабдықтарының комплектісі 800. . .1200 сауын сиыр немесе 2000. . . 6000 бас бордақыланатын ірі қара комплекстері мен фермаларында толық рационда азық қоспаларын тасқынды түрде дайындауға арналған. Комплекті жабдықтары мен машиналары төмендегідей тасқынды технологиялық линияларды құрайды:
1. Ірі сабақты азықтар (сабан, пішен) қабылдайтын және мөлшерлеп беретін;
2. Сүрлем немесе пішендеме қабылдап, мөлшерлеп өңдеуге беретін;
3. Тамыр-түйнек жемісті қабылдап тазалап, жуып, турап және мөлшерлеп беретін;
4. Қант қызылшасы қалдығын (жем) қабылдап, мөлшерлеп беретін;
5. Күшті жем (құрама жем) қабылдап, ұнтақтап және мөлшерлеп беретін;
6 Құнарлы ертінділер әзірлейтін;
7. Рацион қоспаларын жинап, араластыратын және дайын азықты азықтаратқышқа беретін.
Комплектінің бір сағаттағы өнімділігі 20...30 тонна ылғалдылығы 75 пайыз дайын азық қоспасы, электр қондырғыларының қуаты 102 кВт.
Қой фермалары үшін толық рационда ылғалды азық қоспасын дайындауға арналған КЦО-15-2 жемшөп цехтарының комплектілері шығарылады. Бұл комплектілерімен жабдықталған цехтар 5000 бас аналық қойларға арналған. Қойға толық рационды қоспа азық және түйіршіктер даярлау үшін КЦО-5-2 және КЦО-15 қондырғылары шығарылады.
КЦО-15-2 комплектілерінің технологиялық жүиелері мен жұмысы КОРК-15А қондырғысының жұмысына ұқсас, ал КЦО-5-2 және КЦО-15 комплектілерінің мынадай тасқынды желілері бар:
1. Ірі сабақты азықтар қабылдайтын және мөлшерлеп беретін;
2. Сүрлем және пішендеме қабылдайтын және мөлшерлеп өңдеуге беретін;
3. Ірі сабақты және көк балауса азықтарды бірге турайтын;
4. Жем (құрама жем) қабылдап, ұнтақтап және мөлшерлеп беретін;
5. Кұнарлы ертінділер әзірлейтін;
6. Жемшөпті түйіршіктейтін, жинап тарататын;
7. Рацион қоспаларын араластыратын және дайын азықты азықтаратқышқа беретін.
Шаруашылықтарда арендалық қарым-қатынас дамуына сәйкес, қазір көптеген шағын шаруашылықтарға, жеке адамдарға берілуде. Осы шағын мал фермалары үшін қазір КОРК-5 комплекті жабдықтары шығарыла бастады (77-сурет).
КОРК-5 комплектісі көп компонентті ылғалды азық қоспасын дайындауға арналған. Комплект 200. . .400 сауын сиыр және 1000 бас бордақыланатын ірі қара мал фермаларында қолданылады. Ірі сабақты сусымалы, тайланған және буылған азық транспортермен әкелініп ПДК-ф-3-2 қоректендіргіш-мөлшерлегіштің қабылдағыш қорабына салынады. Мұнда ірі сабақты азық ұсақталып және мөлшерленіп ТС-40М жинағыш транспортеріне, одан әрі тура ИСК-3А-1 ұсатқыш- араластырғышқа беріледі. ИСК-3А-1 агрегатында ұсатылған азық пневмолақтырғыш және пневмоқұбыр арқылы бункер-мөлшерлегішке салынады. Күшті жем ЗСК-10 шнегішімен КОРК-15.04.15.100 бункеріне салынады. Тамыр түйнек азық қабылдағыш қорабына салынып, ИКМ-ф-10 ұсатқышында жуылып-туралып КОРК-15.03.01 бункер-мөлшерлегішіне беріледі.
77-сурет. КОРК-5 азық цехының технологиялық схемасы
1-пневмолақтырғыш; 2-пневмоқұбыр; 3-сұйық азық үстемесін дайындайтын жабдық; 4-ТС-10 транспортері; 5-тамыр-түйнек жеміс букер-мөлшерлегіші; 6-ИКМ-ф-10 ұсатқышы; 7-қоректендіргіш; 8-сабан бункер-мөлшерлегіші; 9 - ПДК-ф-3-2 қоректендіргіш -мөлшерлегіш; 10-күшті жем бункер-мөлшерлегіші; 11-жинауыш ТС-40М транспортері; 12- ИКС-3А-1 ұсатқыш-араластырғыш.
Цех жұмысқа қосылғанда әуелі пневмолақтырғыш, ұсатқыш-араластырғыш ИСК-3А-1 және жинауыш транспортер жұмысқа қосылады, содан кейін жинауыш транспортерге ұсатылған ірі сабақты азық, сүрлем немесе пішендеме, күшті жем және ұсатылған тамыр түйнек жемісті қабаттап салады. Көп қабатты азықтар массасы және сұйық азық үстемесі ИСК-3А-1 қондырғысының камерасына беріледі. Ылғалданған, ұсатылған және араластырылған азық қоспасы КОРК-15.54.00 пневмолақтырғышы көмегімен азықтаратқышқа салынады. Шаруашылықтардағы 200. . .800 сиырды немесе 1000 бас бордақыланатын ірі қара мал бар фермалар үшін көп компонентті ылғалды азық қоспасын дайындайтын К-Р-7 комплектісі шығарыла бастады.
К-Р-7 комплектісіне (78а-сурет) мынадай ағынды технологиялық линиялар кіреді: Ірі сабақты азықты қабылдап және мөлшерлеп беретін (екі КТУ-40.000 қоректендіргіш, ленталы ТЛК-20 жинауыш транспортер және М22В электромагнит); күшті жем қабылдайды және мөлшерлеп беретін (БСК-10 бункері, КОРК-15.03.01-мөлшерлегіші); карбамид және меласса дайындап беретін (СМ-1.7); тамыртүйнекжемісті қабылдап, жуып және мөлшерлеп беретін; барлық азық компоненттерін араластырып және дайын азық қоспасын тиеуге беру (ТК-5.05 транспортері, АПК-10А агрегаты).
К-Р-7-2 комплектісінде (78б-сурет); ТК-5.06 транспортері орнына ожаулы транспортер-тиегіш НПК-ф-35 немесе НПК-30 қолданылып, ТЛК-20 және бір КТУ-40.000 қоректендіргіші болмайды.
78-сурет. К-Р-7-1 (а) және К-Р-7-2 (б) азық цехтары
1-басқару шкафы; 2-АПК-10А агрегаты; 3-БСК-10 бункері; 4-М22В электромагниті; 5-ТК-5.06 транспортері; 6-ТЛК-20А транспортері; 6-ТЛК-20А транспортері; 7-СМ-1.7 араластырғышы; 8-КОРК-15.03.01 күшті жем мөлшерлегіш; 9-КТУ-10А қоректендіргіші; 10-НПК-ф-35 ожаулы транспортер.
Кіші габаритті азық цехтарының техникалық сипаттамасы 10-кестеде келтірілген.
Кіші габаритті азық цехтарына арналған КОРК-5 және К-Р-7 жабдықтары негізінде 250...400 сиырға арналған жобалар (ТП-801-6.33.13.87; ТП 801-6-34.13.87) жасалған. Осы жобаларды тез өндіріске енгізу үшін техникалық ТУ. 105-1-1198-87 шаралар жасалған.
Бір жыл бойы бордақыланатын және өсірілетін 1000 шошқаға арналып типтік жоба (ТП 802-6-13.84) бойынша салынған азық цехында тамыр-түйнек жеміс, көк балауса масса, азық қалдықтары және күшті жемнен ылғалды қоспа азық дайындалады (79-сурет).
Жабдық комплектісіне мыналар кіреді: ТК-5.05 транспортері, ²Волгарь-5² азық ұсатқышы; ИКМ-5 ұсатқышы; С-7 араластырғышы; БСК-10 бункері, П-150 көтергіші; электрлі кран; СТ-2 транспортері; СО-7А компрессоры, МП-1-160 ұнтағышы.
10-кесте - Кіші габаритті азық цехтарының техникалық сипаттамасы
К ө р с е т к і ш т е р |
КОРК-5 |
КОРК-5-1 |
К-Р-7-1 |
К-Р-7-2 |
Өнімділігі, т/сағ. |
4. . .5 |
3.. .5 |
10. . .15 |
5...10 |
Электр қондырғыларының қуаты кВт. |
100 |
80 |
88 |
78 |
Азық қоспасының ылғалдылығы, % |
75 |
75 |
75 |
70 |
Компоненттерді араластыру бір қалыпсыздылығы, % |
28. . .22 |
28. . .22 |
20. . .10 |
20...10 |
Премикстері араластыру бір қалыпсыздылығы, % |
5 |
5 |
5 |
5 |
Меншікті электр энергиясының жұмсалуы, кВт сағ/т. |
20 |
16 |
6 |
5 |
Күшті жем бункерінің сыйымдылығы, м3 |
- |
- |
10 |
10 |
Масса, т. |
13 |
11 |
15 |
13 |
79-сурет. Өсіріліп бордақыланатын 1000 шошқаға арналған азық цехы
а- азық қалдықтарының желісі; б-тамыр-түйнек желісі; 1-жүк машинасы; 2-электрлі кран; 3-ожау; 4-көтергіш; 5-РО-1 реакторы; 6-азық құбыры; 7-азықтаратқыш; 8-С-7 араластырғышы; 9-ИКМ-5 ұсақышы; 10-тамыр-түйнек транспортері.
Қазіргі уақытта өндірістен КОРК-15А комплект жабдығының негізінде КОРК-15В комплекті жабдығы шығарыла бастады. Бұл комплект басқару блогы бар микропроцесті бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Комплекті құрамында жем азықты булап-пісіріп оны қоспа азыққа қосуға арналған жабдықтар ескерілген. КОРК-15В азық цехінің бір сағаттағы өнімділігі 5,4 тонна да, бір тонна дайындалған азық қоспасына 3,54 кВт сағ. электр энергиясын жұмсайды.
Кәзір, 2000 бас сауын сиыр немесе 5000. . .10000 ірі қара мал бордақылайтын фермалар үшін ылғалды сусымалы қоспа азық дайындау үшін К-Р-1 азық цехінің комплекті жабдығы шығарыла бастады. Бұл цехтың бір сағаттағы өнімділігі 30...33 тонна, ал электр жабдықтарының қуаты 120. . .165 кВт.