Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2015 в 18:16, курсовая работа
Қазақстан энергетикасының даму жолы аса күрделі, ешбір елге ұқсамайтын бірегей құрамасымен айқындалады. Ең бастысы жер көлемінің кең болуынан оның бір шетінен екінші шетіне келіскен электр қуатының желісін тарту үшін жер дүниені әлде неше рет орай алатындай қадау бағаналарымен электр сымдарын тартуға тура келеді. Республика энергетикасының даму процесі ыдырап кеткен бұрынғы КСРО–ның жоспарлау саясатымен тікелей байланысты болғаны баршамызға мәлім. Еліміздің территориясында құрылған станцияның саны аз. Жылу электр станциясы мен жылу электр орталықтарының саны елуден аспайды, ал су электр станциясы (құаты 200 мВт-тан үлкен) бар болғаны 5-6.