Газ тәріздес отындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2014 в 21:07, реферат

Краткое описание

Отын – жылу энергиясын алуға қолданылатын жанғыш заттар. Агрегаттық күйіне қарай – қатты, сұйық және газ тәрізді, жаратылысы бойынша – табиғи және жасанды отын деп ажыратылады.
Табиғи огтындарға қазынды көмірлер (антрациттер, тас және қоңыр көмірлер), мұнай, газ, жанғыш сланецтер (тақтатастар), торф, ағаш, өсімдік қалдықтары жатады.
Жасанды отындарға домна пешінің кокстері, мотор отындары, кокстық және генераторлықгаздар, т.б. жатады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................... 2
Қатты отындар.........................................................................................3
Сұйық отындар.........................................................................................6
Газ тәріздес отындар................................................................................11
Қорытынды ..............................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................15
Қосымша..............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат жану.docx

— 179.71 Кб (Скачать документ)

Керосин – 150-300оС температурада айдалатын, мұның өзінде 250оС температурада аз мөлшерде көлемнен 65% -ы айдалатын орташа отын болып табылады. Оның үлес салмағы шамамен 0,80 құрайды, ал тұтану температурасы 38оС-дан жоғары. Ол жарықтандыру үшін қолданылады, сонымен бірге кейбір ұшқынмен тұтанатын қозғалтқыштар типінде, мысалы, ауыл шаруашылығы тракторларында және стационарлық қозғалтқыштарда қолданылатын қозғалтқыштарда отын ретінде қолданылады.

Газойль (дизельдік отын) - 200-380оС температурада айдалатын ауыр фракцияларды қосады, бірақ 250оС температурада көлемнің 65%, ал 350оС температурада 85% немесе одан жоғары айдалады. Оның тұтану температурасы әрқашан да 50оС-дан жоғары, ал үлес салмағы 0,82-ден асады. Араластыру жолымен алынған ауыр дизельдік отын 38оС-де кинематикалық тұтқырлығы 27,5 сСт-дан аспайтын газойль мен бір топқа жатқызылады. Сонымен бірге мұнайхимия өнеркәсібіне арналған орташа дистилляттар қамтылады.

Газойлдар дизельдік қозғалтқыштарда іштен жану үшін отын есебінде қолданылады, жылыту қондырғыларында бүріккіш отын ретінде пайдаланылады. Басқа атаумен бұл өнім дизельдік отын болып табылады.

Қалдық мазут отыны – атмосфералық қысым кезінде айдаудың қалдық өнімін білдіретін ауыр мұнай өнімі болып табылады. Ол кинематикалық тұтқырлығы 38оС температурада 27,5 сСт-н асатын отынның барлық түрлерін (араластыру жолымен алынатындарды, қоса) қамтиды. Оның тұтану температурасы үнемі 50оС-ден жоғары және үлес салмағы 0,90-н жоғары. Ол кемелерде және ірі өнеркәсіптік жылыту құрылғыларында өнеркәсіптік пештер мен қазандықтарға арналған отын ретінде қолданылады. Бұл өнімнің басқа  атауы – мазут.

Сұйытылған мұнай газы – қалыпты температура мен қысым жағдайында газ тәрізді болатын, бірақ сақтауды, артық жүктеу мен тасымалдауды жеңілдету үшін қысу немесе салқындату жолымен сұйытылған көміртектер атауы. Олар 1) шикі мұнай және табиғи газдың кен орындарында жеңіл фракцияларды айдау жолымен экстракцияланады; 2) импорттайтын елдердің қондырғылардына импорталатын табиғи газдың жеңіл фракцияларын айдау жолымен экстракцияланады; 3) шикі мұнайды қайта өңдеу зауыттарында немесе одан тыс зауыттарда өндіріледі. 1 және 2 пункттердегідей алынған заттар табиғи газдан алынған сұйық заттар бөліміне қосылған. Сұйытылған мұнай газы пропаннан (С3 Н8), бутаннан (С4 Н10) немесе осы екі көміртектің қоспасынан тұрады. Ол сондай-ақ мұнай өңдейтін немесе табиғи газ өндіретін кәсіпорындарға тиісті зауыттарда алынатын этанды (С2 Н6) қосады.

Өнеркәсіптік газ – мұнай өңдейтін зауыттарда жиналатын, әдетте осы зауыттарда отын ретінде толығымен пайдаланылатын конденцияланбайтын газды білдіреді.

Шикі өнімдер – ары қарай өңдеуге арналған, шикі мұнайдан алынған өнімдер немесе өнімдердің қоспасы. Олар бір немесе бірнеше құрамдарға, сондай-ақ ақырғы өнімге қайта өңделеді. Бұл анықтама мұнай өңдейтін зауыттарда шикізат ретінде пайдаланылатын нафтаға және мұнай өңдейтін өнеркәсіптің химия өнеркәсібінен қайтарылған нафтаға да жатады.

Нафта – 30–2100С температурада айдалатын, жеңіл немесе орташа фракцияларды атайды, олар үшін ресми анықтама жоқ, олар автокөлік бензиніне бекітілген стандарттарға сәйкес келмейді. Бұл қасиеттер тұтынушылардың техникалық шарттарына байланысты. Әдетте күкірттің аз мөлшері кезінде көміртегі мен сутегінің ара қатынасы 84:14 или 84:16 құрайды. Нафтаға присадкалар қосылуы мүмкін немесе ол жоғары сапалы автокөлік бензинін, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын шығару үшін басқа материалдармен араласуы мүмкін немесе өнеркәсіп газын өндіру үшін шикізат ретінде пайдалануы мүмкін. Нафта кейде шикізат материалдарын алу үшін бастапқы өнім ретінде, әр түрлі химиялық өнімдерді дайындау үшін пайдаланылады немесе еріткіш ретінде пайдалануға болады.

Уайт-спирит (өнеркәсіптік спирт) – бояуларды еріту және киімдерді химиялық тазалауға арналған еріткіш ретінде пайдаланылатын, температурасы 135–2000С диапазонында қайнайтын жоғары тазаланған дистиллят болып табылады.

Жағар май  380-500оС диапазондағы температурада айдалатын және атмосфералық қысым кезінде мұнайды айдаудан қалған қалдықтарды вакуумдық айдау кезінде алынатын, парафинге бай, тұтқырлықты сұйық көмірсутектері. Олардың сипаттамасын өзгерту үшін оған тұнбалар қосылуы мүмкін. Олардың тұтану температурасы 125оС жоғары, диапазондағы тұрақсыздықты жоғалту температурасы -25оС – +5оС, қышқылдық саны үлкен (0,5 мг/г), күл немесе судың құрамы төмен. Жағар салқындатқыш эмульсиялары, ақшыл май, веретендік май және консистентті жағу қамтылған.

Битум – атмосфералық қысым  кезінде мұнайды айдау қалған қалдықты ваккумдық айдаудан кейін қалдық ретінде алынған, қоңыр немесе қара түсті коллоидтық құрылымы бар қатты немесе тұтқырлықты көмірсутегі. Кейде ол бисульфит көміртегінде ериді, ұшпайды, 150о және 200оС температурасы диапазонда жылуға икемді болып келеді және оқшаулағыш және жабысқақтық қасиеттерге ие. Ол әдетте, қорғаныш жабындарын жалату үшін қолданылады және жол жабындарына, төбелерге су өткізбеушілік қасиет береді.

Мұнай парафині – жағар майларды депарафинизациялау кезіндегі алынатын қалдық сияқты алынатын алифатикалық қаныққан көміртектерге жатады. Олардың негізгі мінездемелері мынадай: олар түссіз, көп жағдайда иісі жоқ және жартылай мөлдір; балқу температурасы 450С асады, үлес салмағы 800С кезінде шамалап 0,77 және кинетикалық тұтқырлығы 990С кезінде 3,7–5,5 сСт құрайды. Бұл парафиндер шам, қырланған құрамдар өндіру және контейнерлердің, орау материалдарының және т.б. су өткізбеушілігін келтіру үшін пайдаланылады.

Мұнай коксы - крекинктеу және пеште карбондау жолымен алынатын қара жылтырайтын қалдық болып табылады. Ол негізінен көміртектен (90-95%) тұрады және әдетте күлді құрамай жанады. Ол негізінен металлургиялық үдерістерде қолданылатын және оларға көмірді карбондау негізінде алынатын қатты қалдықтар жатады.

Басқа да мұнай өнімдері – басқа да санаттарға жатқызылмаған мұнайдан шығатын өнімдерді (жартылай қайта өңделетін өнімдерді қоса) қамтиды.

Шайыр (Смола) — табиғи және синтетикалық түрлері бар. Табиги шайырлар кейбір өсімдіктердің қалыпты физиологиялық алмасу кезінде боліп шыгаратын, мөлдірлігі мен бояуы әр түрлі аморфты өнімдері (янтарь, канифоль жөне т.б.). Табиғи шайырлар қыздырғанда, органикалық еріткіштерге салғанда ериді немесе көпсиді, жұқа қабыршаққа айналуга икемді. Синтетикалық шайырлар поликонденсация арқылы алынатын олигомерлердің дәстүрлі атауы. Олар пластмасса, желім, жылтырсыр өндірісінде шикізат, қымбат материалдар ретінде, қағаз өндеуде қолданылады.

 

 

 

                                        4. Газтәрізді отын

 

Табиғи газ - газ тәрізді түрде немесе табиғи жер асты қаттарының мұнайымен ерітінді күйінде болатын көмірсутекті және аз мөлшердегі көмірсутекті емес қосылыстардың қоспасын білдіреді. Ол ішкі санаттарға жатқызылуы мүмкін, мысалы ілеспе газ (кен орындарындарынан сұйық күйінде, сондай-ақ газтәрізді көмірсутегі ретінде алынатын), ерітілген газ немесе ілеспе емес газ (тек көмірсутегі ғана қосылатын кен орындарынан газтәрізді күйде алынатын). Көмір шахталарынан алынатын метан (СН4), ақаба судың газы және тасымалдауға арналған табиғи газ, тасымалдау үшін сұйытылған газ қосылған. Мұнда бу серпімділігін және қысымды ұлғайту үшін қолданылатын газ, сондай-ақ қандай да бір басқа үлгіде шығарылатын немесе жоғалатын, фанельде сұйытылатын газ, табиғи газдан алынған сұйық заттарды ыдырату үрдісінде орын алатын жоғалымдар кірмейді. 
Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер -метанның гомологтары кіре алады.:

  • этан (C2H6),
  • пропан (C3H8),
  • бутан (C4H10).

Сондай-ақ басқа да көмірсутек емес заттар да кездесіп жатады:

  • сутек (H2),
  • күкіртсутек (H2S),
  • көміртек диоксиді (СО2),
  • азот (N2),
  • гелий (Не).

 

Генераторлық газдар – бұл байытылған немесе байытылмаған мұнай өнімдерін карбондау немесе газдандыру арқылы өндірілетін газ. Оған негізгі мақсаты өнеркәсіптік газ өндіретін кәсіпорындармен өндірілетін газдың барлық түрлері жатады. Оған табиғи газды крекингтеу және газды риформингтеу немесе қарапайым араластыру арқылы өндірілетін газ жатады.

Кокс газы – коксты пештерде кокс өндірісі кезіндегі карбонизация процесінің жанама өнімі болып табылады.

Колошникті газ – пештен қайта қалпына келіп шығар кездегі домндік пештердің жанама өнімі болып табылады.

Биогаз – биомасса бактериясы ферментациясының жанама өнімі болып табылады, бастысы түбі жануар қалдықтары. Ол негізінен метан газынан және көміртек екі окисінен тұрады.

 

 

 

                                         5. Қорытынды

Энергетикалық қамтамасыз етілу кез-келген өнеркәсіптің дамуымен

технологиялық процесінің қажетті шарты болып табылады. Химиялық

технологиялық процестерден бөлінген жылуды тиімді қолданып, өндірістің

экономикасын арттыру қажетті энергетикалық міндетті болып табылады.

Жалпы дүние жүзі бойынша өндіріс салаларының өнімдері әрбір 25 жылда екі есеге жуық, ал энергия түрлерін өндіру әрбір 12 – 13 жылда екі есе артады. Елімізде энергетикалық отынның негізгі ресурстары көмір, мұнай, газ басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда мол, олардың дені электр және жылу энергиясын өндіруге пайдаланады. Энергетикалық ресурстарға жататын байырғы көмірдің, мұнай мен газдың, тақтатастың, шымтезектің  т. б. жалпы энергетиканы дамытудағы ролі өсіп отырады.

ЭР-мен қатар өзімізге бұрыннан белгілі отын түрлерінің қорларын 2 опқа

бөліп қарастырайық. 1-ші топқа байырғы энергетикалық отын түрлері: көмір,

мұнай, газ, шымтезек, тақтатас т. б. жатады. 2-ші топқа негізінен болашақтық

энергетикалық ресурстары күн, жел энергиясы, өзен, теңіз, мұхит сутегі және

атом энергиялары т. б. жатады.

Көмір. Көмірді, әсіресе олардың энергетикалық түрлерін электр станциялары

мен жылу станцияларында пайдалану көлемі едәуір өскені байқалады, бұл

қарқын келешекте де сақталатын болады. Энергетикада пайдаланылатын көмір түрлері әр алуан электр станцияларының пештерінде отын есебінде немесе коммуналдық шаруашылық саласында жылу өндіру үшін қолданады. Көмірді әр түрлі технологиялық процестер үшін қолдануға да мол мүмкіндіктер туып отыр, әсіресе кокс, жартылай кокс, газ өндіру, көптеген шикізаттар алу үшін пайдалану тиімді деп саналады. Қазір көмірді өңдеу арқылы 300-ден астам зат алынады екен. Солардың ішінде синтетикалық бензин, май түрлері, әр түрлі бояулар, пластмассалар, дәрі – дәрімектер тағы басқа. Қазақстан жерінің көмір байлығы да орасан мол, оның құт қойнауларынан қазірдің өзінде 400 астам кен орындары ашылып, олардың есептелген көмір қоры 162 млрд. т-дан асып отыр.Республика бойынша 1985 жылы көмір өндірудің деңгейі 134 млн. тоннаға жетіп, оның дені Екібастұздың энергетикалық көмірінен алынды. Совет дәуірі тұсында Қазақстанда жүздеген көмір кендері ашылып, олардың көпшілігі Қазақстанда жүздеген көмір кендері ашылып, олардың көпшілігі Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Семей және Шығыс Қазақстан сияқты ауыр өнеркәсібі дамыған облыстардың территориясына орналасқан. Республикамыздың негізгі көмір орталығы – Қарағанды, оны еліміздің үшінші көмір ошағы деп орынды атайды. Қарағанды бассейнінің алып жатқан аумағы 3000 шаршы километр, ал оның есептелген көмір қоры 52 млрд. т-дан асады. Кен орнында 40 астам бүгінгі техникасымен жабдықталған шахталар жұмыс істейді, олар тәулігіне мыңдаған тонна кокс және энергетикалық көмір түрлерін өңдейді.

Екібастұз көмір бассейнінің алып жатқан аумағы 120 шаршы км, аумағы

үлкен болмағанымен, көмір қоры жағынан ол Франция, Бельгия сияқты

елдердің көмір қорынан әлдеқайда көп. Мұнда көмір қабаттарының қалыңдығы 100 – 120 м. дейін жетеді, ал есептеген жалпы көмір қоры 10 млрд. тоннадан астам. Көмір алыптарының бірі – Майкүбі кені, Екібастұзға жақын орналасқан, оның қойнауында 10 млрд. т. тас көмір және қоңыр көмір бар. Көмірі сапалы күл қалдығы 7 – 18 % - тен аспайды. Бассейннің көмір қабаттары таралған ауданы 1400 шаршы км-ден асады. Майкүбі көмірінің сапасы Екібастұз көмірімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, оны жартылай отын есебінде пайдалануға болады.

Шымтезек. Планетамыздың байырғы энергетикалық отын ресурстарының

бірі – шымтезек. Көптеген көлдер мен тұйық суларда мол жиналған өсімдік

қалдықтары, кейіннен олардың сулары тартылғаннан құрғап шымтезекке

айнала бастайды. Әрине, бұл – ұзақ уақытты қамтитын күрделі процесс.

Мысалы, қалыңдығы 1 м шымтезек табиғатта пайда болуы үшін кемінде 30 – 50 жыл уақыт қажет. Шымтезектің құрамы құрғақ, кептірілген түрде орта есеппен 60 % - С, 6 % - Н2, 32 % - О2, 2 % - N2 бар. Қазақастан территориясында шымтезек кендері көбінесе шағын ойысты жерлерде, ескі кен орындарында кездеседі. Шымтезектің көп кездесетін жерлері Қостанай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облысының жазық далалары.

Мұнай. Халық шаруашылығы салаларын өркендетуде мұнайдың ролі орасан

зор. Мұнайдан бензин, керосин, дизель майлары, мазут және тағы басқа

жанармай түрлері өндіріледі. Сонымен қатар одан әр түрлі синтетикалық

аммиак, бояу, лак, парафин, спирт түрлері, пластмасса сияқты химия өндірісіне қажетті көптеген шикізат түрлерін алуға болады. Химиялық құрамы жағынан

мұнайда көмір сияқты органикалық қосылыстардан, көміртегі мен сутегінен

тұрады. Мұнайдың өзіне тән басты ерекшеліктері де бар.Біріншіден, мұнай құрамында Н2 мөлшері 13 % шамасында, яғни қатты отын түрлерінде кездесетін сутегінің көлемінен әлдеқайда көп. Осыған байланысты оның жылулық қуаты да жоғары, өйткені Н2 жанғанда аса көп мөлшерде жылу

береді. Екіншіден, мұнай құрамында О2 тым аз кездеседі, ал қатты отында оның мөлшері көп болғанымен жылыту қабілеті төмен болады. Үшіншіден, мұнай құрамында Н2О және минералды қосылыстар мүлде кездеспейді десе де болады, ал олардың кездесуі қандай заттың болса да жылулық қасиетін төмендететіні белгілі. Елімізде мұнай мен газдың энергетикалық отын балансындағы мөлшері 1958ж. – 32 % болса, 1965 ж. – 52 %,

ал 1976 ж. – 70 %-ке жетеді. 2000 ж.шамасында дүние жүзі бойынша пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың жалпы мөлшері шартты отын есебімен есептегенде 25 – 30 млрд. тоннаға

жетпек. Оның ішінде мұнай мен газдың үлесі 50 %, ал көмірдің мөлшері 15 – 20% шамасында болады.

Информация о работе Газ тәріздес отындар