Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 16:35, курсовая работа
Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді.
1. Аннотация
2. Кіріспе.
3. Негізгі бөлім.
3.1. Балапандарды бағып – күту әдістері.
3.2. Балапандарды еденінде бағып – күту гигенасы.
3.3. Балапандарды торда бағып – күту гигиенасы.
3.4. Балапан қораларына қойылатын гигиеналық талаптар.
3.5. Балапан қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру.
3.6. Балапанды өсіру гигиенасы.
4. Техникалық қауіпсіздік.
5. Қорытынды.
6. Қолданылған әдебиеттер.
Өндірістік құс шаруашылығы
нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық
тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің
сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің
әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп,
тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру
технологияларын жетілдіру, әрі шаршы
метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның
өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл
жағдайдағы негізгі мақсат және міндет,
бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады.
Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған
ортаның жан – жақта көрсеткіштерін, құстың
тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын
технологиялық процестің басты мақсаты
– құстың күнделікті тіршілігіне қажет
жем мөлшерін барынша азайтып, оларды
адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа,
ет, мамық) пайдалану.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен
мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше
бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын
мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы
технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан
қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал
— жабдықтары бар құсханалардың жаңа
түрін салу, құсты және құс клеткаларын
пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық
батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау,
құсты клеткалық батареяда ұстағандағы
сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Сонымен қатар, көліктің және басқару
міндеттерін орындайтын машиналардың
технологаялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған
басқару бағдарламасымен жабдықталган
құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі.
Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін
дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең
басты талап.
Келешекте құс шаруашылығының үдемелі
дамуы, өте жоғары мамандандырылған әрі
шағылыстырғанда мол өнімді будан алынатын
құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана
үдемелі дамытуға болады.
Құс шаруашылығының еңбегінің
жағдайынан жақсартуға арналған ветринарлық
– санитариялық шаралар және антропозоондардың
алдын алу.
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік-санитариялық
шаралар жиынтығы малшыларды зооантропонозды
аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін
жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім
алуды қамтамасыз етуі керек.
Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысуы
үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс
орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі
тиіс.
Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан
келген адамдар (міндеті мен мамандығына
қарамай) танысады. Оның мақсаты жұмысқа
келген адамдарды еңбек қорғау ережелері
және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.
Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі
жүргізеді. Бұл нұсқау жұмыстың кауіпсіз
тәсілдерін практикада игерудің бастамасы
болып табылады. Мал мен тікелей жұмыс
істейтін адамдарды жеке бастың гигиснасымен
таныстырады.
Кезеңді нұсқау мал шаруашылығы жұмысшылары
үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым
жағдай болса фермада қосымша нұсқау жүргізіледі,
оған барлық малшылар қатысады.
Мал шаруашылығында еңбек шарты қора-жай
ауасының зиянды газдармен, шаң-тозаңмен
және микроорганизмдермен ластануына,
температураның тез өзгеруіне, шуға және
физикалық ауыртпашылыққа байланысты
болады. Соған байланысты мал шаруашылығындағы
жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына
ұшырайды. Малшылардың еңбегі бұлшық ет
күшін қажет ететін физикалық жұмыстар.
Шаруашылықтарды механикаландыру және
автоматтандыру, азықты дайындау және
тарату, суару, сауу, кенді жинау сияқты
жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты
жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықта
да кейбір қолайсыз факторлар сақталады,
мысалы: ұзақ уақыт бойы қора-жайларда
жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен
ластануы, бүлардың барлығы мал шаруашылығындағы
жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін
тигізеді. Сондықтан да мал қора-жайларында
оптимальді микроклиматты сақтау қызмет
көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды
факторы болып табылады.
Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы
және санитариялық киімдермен қамтамасыз
етіледі. Арнайы киім — бұл жұмысшыларды
физикалық, химиялық және биологиялық
факторлардың әсерінен қорғайтын құрал.
Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш,
қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады.
Химиялық дезинфсктанттардың зиянды әсерінен
қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ,
резеңке етік және қолғап беріледі.
Санитариялық киім — бұл ет және ет өнімдерінің,
сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен
ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың
бірі. Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта-матадан
тігілген халат, қалпақ, орамал жатады.
Ауру малмен, өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде
жұмысшыларға кейбір антропозоонозды
аурулардың жұғу қаупі төнеді. Аса қатерлі
ауруларға топалаң, маңқа, туберкулсз,
бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б.
аурулар жатады. Мұндай аурулар кезінде
сақтық шаралар негізіне нақты ветеринариялық
қадағалау, уақытылы балау, ауру малдарды
емдеу жатады, сонымен қатар қызмет көрсетушілер
де сақтық шараларды қолдануы керек.
Малмен жұмыс істеуге 18-ге толмағандар,
жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді.
Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің
сыртынан басқа киім киюге, мал қора-жайларында
тамақ жеуге және ауру малдан алынған
шикі сутті ішуге тыйым салынады.
Қызмет көрсетушілер ауру малды куту барысында
міндетті түрде арнайы киім кию керек,
бұл киім жұмыс біткен соң зарарсыздандырылады.
Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер
душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар
қолдарын құрамында 100-150 мг/л белсенді
хлоры бар ертіндімен зарарсыздандырады.
Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады.
Зарарданған қи мен өлекселерді резеңке
етік, қолғап, комбинезон киіп жинайды.
Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден
зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды
аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ертіндіге
немесс 2 пайыз сода ертіндісіне салып
кояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен
жуады.
Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан мал
шошынып, адам денесіне жарақат түсіруі
мүмкін. Малдың теуіп жіберуі, сүзіп немесе
тістеп алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың
алдын алу үшін жұмысшылар малды күтудің
қауіпсіздік ережелерін жаттауы керек.
Қызмет көрсетушілер толык медициналық
тексеруден өткен сон ғана жұмысқа жіберіледі.
Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына
1 ретпрофилактикалық тексеруден өтеді
және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге
тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақытылы
іш құрт (гельминт) тасымалдауға тексеріледі.
Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар,
санитарлар, механизаторлар, жүргізушілер
және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен
және дезинфекциялық ертінділермен жұмыс
істеу және кауіпсіздік ережелерін білуі
керек.
Дезертінділерді дайындау жұмыстары ветсринариялық
мамандардың қадағалауымен жүргізіледі.
Ертінді дайындаушылар арнайы киімдер
(халат немесе комбинезон, алжапқыш, резеңке
етік және қолғап, көзілдірік, респиратор
немесе противогаз) киеді.
Дезертінділермен және аэрозольдсрмсн
жұмыс істеу барысында темекі шегуге және
тамақ жеуге болмайды. Ауланы аэрозольмен
дезинфекциялау желсіз, құрғақ ауада жүргізіледі.
Дезинфекция немесе аэрозольді дезинфекциядан
кейін жайларды 6-24 сағатқа жауып қояды
(дезертіндінің концентрациясына байланысты).
Мұндай жағдайда қора-жайлардың есіктеріне
«кіруге болмайды» деген ескертпе жазулар
ілінеді.
Дезинфекция мерзімі біткен соң, жайлардың
іші бір тәулік бойы желдетіледі, содан
кейін азық және су астаушалары ыстық
сумен жуылады және желдеткішті қосып
қояды. Осыдан кейін ғана адамдарға кіруге
және малды жіберуге рұқсат етіледі.
Улы химикаттармен жұмыс жасаған соң,
киімді шешіп тазалау керек және қолды
сабындап жылы сумен жуады. Дезинфекцияда
қолданылған арнайы киімдерді үйде сақтауға
болмайды.
Мал шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында
санитариялық инспекция бекіткен саннитариялық
кітапшалары болады. Санитариялық кітапшаға
денсаулық жағдайы, медициналық
тексерудің нәтижелері, инфекциялық аурулармен
ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық
егулер туралы жазылады.
Туберкулезбен, бруцеллезбен және басқа
да адам мен малға ортақ аурулармен ауыратын
адамдар малмен жұмыс істеуге жіберілмейді.
Сүт фермасында жұмысшылардың жеке басының
гигиенасын сақтаудың маңызы зор, себебі
сүт арқылы әртүрлі аурулар таралуы мүмкін.
Сауыншылар және басқа да сүтке қатысы
бар адамдар үнемі дене тазалығын сақтауы
керек, әсіресе киімдері, қолдары таза
болуы керек және тырнақтарын қысқа алып
тастайды. Егер олардың дене температурасы
көтерілсе, қолдарында кесілген немесе
күйген, ірінді жарақаттар болса, оларға
жұмыс істетуге болмайды.
Ветеринариялық мамандар үнемі ауру малмен
және өлекселермен тікелей қатыста болатындықтан,
олар үшін жеке гигиенаны сақтау аса қажет.
Ветеринариялық-санитариялық өткелде
жұмысшылар мен мамандар өз киімдерін
шешіп, киім ілгіште қалдырады да, душқа
түсіп, арнайы киімдерді киіп ферманың
өндірістік аймағына өтеді. Ірі шаруашылықтарда
осыңдай тәртіпке тырысу керек. Жұмыс
аяқталған соң, жұмысшылар мен мамандар
душқа түсіп, арнайы киімдерді өткізіп,
өз киімдерін киіп, өндірістік аймақтың
сыртына шығады. Арнайы киімдерді үйге
алып кетуге немесе сол киімде өндірістік
аймақтың сыртына шығуға тыйым салынады
Информация о работе Етке арналған үйрек балапандарын өсіру технологиясы