Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 15:13, реферат
Мал дәрігерлік санитарлық сараптау – мал шаруашылығы өнімдерін дайындау технологиясын қадағалай отырып, алынған ет пен ет өнімдері, сүт пен сүт тағамдары және шикізаттарды, сондай-ақ тағам ретінде пайдаланатын балық, көкөніс, бал т.б. өнімдерді тиісті санитарлық тексеруден өткізіп, олардың сапасына нақтылы баға беру тәсілдетін үйретеді.
Мал өнімдерін дайындау кезеңінде, оларды өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, сондай – ақ тамақ кәсіпорындарында тағамдар мен жартылай фабрикаттар дайындағанда және базарларда сатылғанда тиісті ережеге сай мал дәрігерлік санитарлық сараптау жүргізіледі.
Ветеринариялық - санитариялық сараптау.
Мал шикізатының ветеринариялық – санитариялық сараптау.
Мал және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
Сүт және сүт өнімдерінің ветеринариялық – санитариялық сараптауы.
Сонымен қатар «Жаңа базар» базарының зертханасында мал ұшасынан басқа құс ұшалары да тексеріледі. Мен тауық етіне пероксидаза, CuSO4 реакциясын қойдым. Тауық етінен 2,5 г. сынама алдым. Үстіне 100 мл дистилденген су құйып, оны 2-3 мин. қойып қойдым. Содан кейін одан 2 мл сорып алып, үстіне бензидин 2%, 1% H2O 2 тамшы тамызғаннан кейін реакция нәтижесін оқыдым.
Еттен 20г. сынама алып, 60 мл дистилденген су құйып 10 мин. бойы су моншасына қойдым. Содан кейін кішкене тұндырып арнайы фильтр қағазын қойып, фильтрациядан өткіздім. Содан соң 2 мл – інсорып алып үстіне CuSO4 5%, 3 тамшы тамызып, нәтижесін қарадым. Сау құстың етінде пероксидазаның белсенділігі жоғары болады, ал ауру малдың етінде қабілеті удәуір төмен болады.
Реакция нәтижесі бойынша құс еті сөлінің түсі көкшіл – жасыл. Түс кешігіп барып пайда болады да, тез арада қоңыртым түске айналып кетті. Бұл реакция бойынша құс сау, сондықтан сатуға жіберіледі.
Ауыл
шаруашылық құстарының
Мен «Жаңа базар» базарына әкелінген жұмыртқаларды мал дәрігерлік-санитарлық сараптаудан өткіздім. Әкелінген жұмырқаның әр тобына, жұмыртқа дайындаған шаруашылыққа құстың жұқпалы ауруларынан аман екені көрсетілген куәлік және мал дәрігерлік куәлік беріледі. Сараптаған кезде жұмыртқаның түсін, тазалығын және қатты қабығының бүтіндігін анықтадым. Овоскоптың көмегімен ауа камерасының биіктігін, ақ заты мен сары уызының жағдайын анықтадым. Жұмыртқалар балауса және сатуға жарамды.
4. Сүт өнімдерінің ветеринариялық санитариялық сараптамасы.
Сүт – тағамдық маңызы жоғары, иммунологиялық және бактерицидтік қасиеттері мол, ұрғашы сүт қоректі жануарлардың сүт бездерінде пайда болатын күрделі биологиялық сұйықтық.
Сүттің құрамында адам организмі үшін өте қажет, өте сіңімді заттар (ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар, витаминдер, ферменттер, гормондар) мол болады.
Адам тағамдарында
сүт өнімдерінің – айран, май,
қаймақ, қымыз т.б. алатын орны үлкен.
Ашытқан сүт өнімдерінің
Мен «Жаңа базар» базарының зертханасына Жаңа – Семей ауданы, Куль Төбе ауылынан әкелінген 20л сүттен 250 мл сүт сынамасын алып зерттедім. Ең алдымен мен сүттің органолептикасына және тазалығына назар аудардым.
Органолептикасы бойынша: түсі – ақ, иісі - өзіне тән, дәмі – аздап тәтті, консистенциясы – біркелкі.
Сүттің механикалық
тазалығын «Рекорд» құралы арқылы тесердім.
250мл сүтті фильтрден өткізіп, алынған
тұнбаны стандартты тазалық этолонымен
салыстырдым. Тазалық 3 түрге бөлінеді:
Этолон бойынша таза, орташа, таза емес.
Зерттелініп отырған сүт тазалы
Және де сүттің тығыздығын, қышқылдығын және майлылығын анықтадым.
Сүттің тығыздығын анықтау:
Бұл анализдің мақсаты сүттің табиғи тазалығын анықтау. Егер сүтке су қосылғаны анықталса, оның тығыздығы төмендейді. Ал, егер де бетінде кілегей болса керісінше тығыздығы артады. Сүттің қалыпты тығыздығы 1,0270А – дан 1,0330А – ға дейін болуы керек. Сүттің тығыздығын ареометр арқылы тексереді.
250мл сүтті
цилиндрге құйып, приборды
Сүттің қышқылдылығын анықтау:
Ең бірінші колбаға 10 мл сүт құйдым, содан соң 20 мл дистилденген су, 3 тамшы 1% фенолфтолеин спирт ерітіндісін қосып, децинормальді күйдіргіш натриймен қызыл түске енгенше титрледім, ол 1 мин.тұру керек. Титрлеуге кеткен ерітіндінің көлемі 10-ға көбейттім.
Сүттің майлылығын анықтау:
Таза май өлшегішке тығыздығы 1,81 – 1,82 10мл күкірт қышқылын құйдым. Тығыздығы 0,810 – 0,813 1мл изомильді спиртін қосып, құғақ резинка тығынмен жаптым. Температурасы 650С су моншасында, тығының төмен қаратып 5 мин. ұстадым. Су моншасынан алғаннан кейін бір біріне қарсы орналастырылған центрифугаға 5 мин. қойдым. Центрифугадан алып қайтадан су моншасына қойдым. Май өлшегішті вертикальді қойып, май қабатының мөлшерін көрдім. Ол көздің деңгейіндей болуы керек.
Сараптау нәтижесі: оргрналептикасы бойынша сұт жақсы, тазалығы таза., тығыздығы – 1,0270 , қышқылдығы -180Т, майлылығы 3,8, сүт сатуға жарамды.
Сондай – ақ мен «Жаңа базар» базарының зертханасында қаймақ пен кілегейдің құрамында ірімшік қоспасы бар ма, жоқ па екендігін анықтадым.
Анықтау барысы: Ыстық суға (66-750С) бар стаканда бір шәй қасық қаймақ пен кілегейді араластырдым. Егер өнімге ірімшік қосылған болса, ол түбіне шөгеді. Таза қаймақ пен кілегей шөгінді бермейді.
Содан кейін мен сары майдың өсімдік майларымен фальсификацияланғанын анықтадым. Пробиркада зерттелінетін майдың бірдей мөлшерін және де оған бензолдағы резорбциннің қаныққан ерітіндісін және берік азот қышқылын араластырдым. Сынамада өсімдік майлары болса, онда куңгірт түс пайда болады.
Нәтижесінде қаймақ пен кілегей және май таза, сатуға жарамды болды.
Қорытындылай келе мен «Вет.сан.экспертиза» пәні бойынша университетте алған теориялық білімімді нығайтып, іс жүзінде қолдана алдым деген ойдамын.
5. Балық шаруашылығының өнімінің ветеринариялық санитариялық сараптамасы.
Мен «Жаңа базар» базарының зертханасына әкелінген балықтан сынама алып мал дәрігерлік – санитарлық сараптау өткіздім. Ең алдымен балықтың органолептикасына назар аудардым, сосын бактериоскопия жасадым.
Органолептикасы. Көздері шығыңқы емес, құрсақ қуысы үрленбеген, желбезек шірімеген, иісі өзіне тән, қабыршақтары бүтін.
Бактериоскопия. Мен балықтың арқа бұлшықетінен 25г. ет алдым. Одан жұғынды жасап, оны Грам әдісімен бояп, микроскоппен қарадым. Метоцеркарий табылған жоқ.
Зерттелінген балық
Информация о работе Базарда етке ветеринариялық санитариялық сараптау жасау