Астық массасының физикалық қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 13:25, реферат

Краткое описание

Төгілгіштік және өздігінен сұрыпталу астық массасының физикалық қасиеттеріне жатады. Астық массасы біраз қатты бөлшектерден, әр түрлі өлшемдерден және нығыздықтан тұрғандықтан , үлкен қозғалғыштық – төгілгіштік қасиетіне ие. Ең үлкен төгілгіштік қасиетіне тегіс бетті дөңгелек дәндері (асбұршақ,тары) ие, ал сопақ және қотыр бетті дәндерде төгілгіштік қасиеті төмендейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Астық массасының физикалық қасиеттері.docx

— 16.29 Кб (Скачать документ)

Астық массасының физикалық қасиеттері

Төгілгіштік және өздігінен сұрыпталу астық массасының физикалық қасиеттеріне жатады. Астық массасы біраз қатты  бөлшектерден, әр түрлі өлшемдерден және нығыздықтан тұрғандықтан , үлкен қозғалғыштық – төгілгіштік қасиетіне ие. Ең үлкен төгілгіштік қасиетіне тегіс бетті дөңгелек дәндері  (асбұршақ,тары) ие, ал сопақ және қотыр бетті дәндерде төгілгіштік қасиеті төмендейді.

Төгілгіштік қасиетімен астық массасының өздігінен сұрыпталу қасиеті бір- бірімен байланысты болып келеді. Әр түрлі ауыстыру кезінде сонымен қатар қағу кездерінде астық массасы “жіктейді”.  Қатты компоненттер – минералды қалдықтар , ірі дәндер астына қарай түседі, ал жеңіл компоненттер – арамшөп тұқымдары және пыш  дәндер қалқып шығады. Бұл сақтау кезінде жағымсыз әсерін тигізу мүмкін, өйткені арамшөп тұқымдары және пыш дәндер жоғарғы дем энергиясына ие болғандықтан, сақтау кезінде астықтың бұзылуына әкеліп соғады.

Жылусыйымдылық - астықты қыздыруға қажетті жылудың мөлшерімен сипатталады және меншікті жылу сыйымдылық шамасымен айғақталады. Соңғысы әдетте астықтың құрғақ заты мен судың жылу сыйымдылықтарының арасындағы орташа өлшенген шамамен есептейді. Астықтың құрғақ заты үшін ол шама 1550 Дж/кг.К немесе 0,3-0,4 ккал/кг, С. Судың жылу сыйымдылығы 4190 Дж/кг.К немесе 1 ккал/кг.С. Сондықтан астық ылғалдылығының жоғарлауына байланысты оның меншікті жылу сыйымдылығы артады. Жылу сыйымдылықты астықты кептіргенде ескереді, өйткені жылу шығыны астықтың алғашқы ылғалдылығына тәуелді болып келеді.

Жылуөткізгіштік - астықтың жылуөткізгіштік қасиетін сипаттайды. Оның коэффициенті 0,13-тен 0,2-қа Вт/м.К дейін ауытқиды, яғни жылу өткізгіштігі нашар. Ол астық массасының органикалық құрамы мен ауаның болуына байланысты. Астық массасы ылғалдылығының жоғарылауына байланысты оның жылуөткізгіштігі артады, алайда төменгі деңгейде қалады.

Температура өткізгіштік — астық температурасының өзгеру шапшаңдығын, оның жылу инерциясын көрсетеді. Астық массасы өте төмен температура өткізгіштік коэффициентімен сипатталынады, яғни жоғары жылу инерциясына ие. Температураөткізгіштік коэффициенті 1,7*10 -7-1,9*10-7м2\с шамасында ауытқиды.

Астық массасының температураөткізгіштігінің төмендігінің пайдасы да бар: дұрыс салқындатылғанда, тіпті жылдың жылы мезгілінің өзінде, астық массасында төменгі температура сақталады. Сонымен астық массасын суықпен өңдеп ұзақ уақыт бұзылмайтын етуге мүмкіндік туындайды. Температураөткізгіштіктің, төмендігінің теріс жағы, ол қолайлы жағдайлардың нәтижесінде белсенді физиологиялық процестер әсерінен (астық, микрорганизмдер, кенелер мен жәндіктер тіршілігінен) бөлінген жылу астық массасында бөгеледі де, оның температурасының көтерілуіне (өздігінен қызуына) әкеп соғады.

Астық массасындағы температураның өзгеру жылдамдығы сақталу тәсілі мен қойма түрлеріне байланысты. Қоймаларда астық үйіндісінің биікгігі онша биік болмағанда атмосфералық ауа әсеріне элеваторлардың силостарына қарағанда көбірек ұшырайды. Ал элеваторда астық массасы атмосфералық ауа әсеріне аз кездеседі, өйткені жылуөткізгіштігі төмен силос қабырғаларымен айтарлықтай қорғалған.

Термоылғалөткізгіштік -астық үйіндісінде температура өзгеруінен оның массасындағы ылғалдың орын алмастыру құбылысы. Термоылғалөткізгіштіктің нәтижесінде ылғалдың жылы қабаттардан шамалы жылынған қабаттарға ауысуы жүреді.

Ылғал ауысу құбылысы астық массасын сақтағанда үлкен іс-саналық маңызға ие болады. Ол үйіңдінің әр қабатында температура өзгерісі болғанда байқалады, әсіресе күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезендердегі максимальды температура ауытқуларында (градиенттерінде) туындайды. Қойма қабырғаларының әркелкі жылынуы, жылы астық массасының суық асфальт немесе кірпіш еденді қоймаларда ауысуы, күн кезінде кептіру де ылғалдың жылы қабаттардан салқын қабатқа ауысуына себеп болады. Бұл қабаттарда ылғалды ауа салқындағанда су тамшылары пайда болады, басқаша   айтқанда   ылғалдың   конденсациясы   байқалады.   Сонымен термоылғалөткізгіштіктің әсерінен үйіндінің жекелеген қабаттары ылғалданады да өзінің тіршілік әрекетін күшейтеді. Оларда астықтың өздігінен қызуы, тіпті дәннің енуі байқалуы мүмкін

 


Информация о работе Астық массасының физикалық қасиеттері