Арамшөптермен күресу әдістерін топтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Июля 2015 в 17:45, реферат

Краткое описание

1.Топырақ қорғау егіншілігінің жүйесі (жағдайы, дақылдары, ауыспалы
егістері, топырақ өңдеу, себу жұмыстарының ерекшеліктері).
2. Сүрі жерлердің түрлері: олардың Солтүстік Қазақстанның жағдайында технологиясы жəне тиімділігі
3. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
4. Агробиологиялық топтарының жіктелуі, заңдылық шектері жəне егістердің ластануың бақылайтың əдістері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

магистр.docx

— 18.26 Кб (Скачать документ)

1.Топырақ қорғау егіншілігінің жүйесі (жағдайы, дақылдары, ауыспалы

егістері, топырақ өңдеу, себу жұмыстарының ерекшеліктері).

Жауабы; Егіншілік жүйесі – жерді дұрыс пайдалануға, топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, одан әрі арттыруға, сақтауға, егілетін дақылдардан тұрақты мол өнім алуға бағытталған өзара байланысты агротех. мелиоративтік және ұйымдастырушылық шараларының жиынтығы. Егіншілік жүйесіне жер жағдайына, ауа райының ерекшеліктерін еске ала отырып, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, дақылды жақсы жерге егу және сапалы тұқым себу, жерді органик., минералдықтыңайтқыштармен тыңайту, суғармалы жерге егілген дақылдарды дер кезінде қандыра суғару, қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру, арамшөппен, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен күресу, т.б. жатады. Ғылым негізде дұрыс құрылған ауыспалы егіс жүйесі жердің құнарлылығын арттыра түседі, барлық дақылдардың өнімділігін көтеріп, оның сапасын жақсартумен қатар, ауыл шаруашылыгы машиналарын, техникалык, материалдық ресурстарды, қарқынды технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Дақылдардың құрамына, олардың үлес салмағына қарай ауыспалы егіс жүйесі әр түрлі аталады. Республиканың топырақ-климат жағдайына байланысты Қазақстанда аймақтық Егіншілік жүйесі енгізілуде. Белгілі бір аймақтың ерекшеліктеріне қарай осы жүйенің өзі топырақ қорғау жүйесі, суғармалы жүйе және тау жүйесі, т.б. болып бөлінеді. Топырақ қорғау жүйесі Қазақстанныңсолтүстік, батыс және орталық аудандарындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жыртылады, оған көбіне жаздық дақылдар егіледі. Суғармалы жүйе республиканың оңт.-шығысындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда арнайы ауыспалы егіс игерілген, көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар алмастырылып отырылады. Тау Егіншілік жүйесін Алматы облысының шаруашылықтары пайдаланады. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жырту ауыспалы егістігі игерілген. Дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдар егіледі.

2. Сүрі жерлердің  түрлері: олардың Солтүстік Қазақстанның  жағдайында

технологиясы жəне тиімділігі

Егіншілік мәдениетін арттыру өсірілетін дақылдардан сапалы және мол өнім алудың негізгі кепілі болып саналады. Осы күрделі мәселенің оңтайлы шешімін табу ауыспалы егіс жүйесін кеңінен игерудің арқасында іске асырылмақ. Нәтижесінде біз егістік жерлерді тиімді пайдаланып, топырақтың құнарлылығын сақтап әрі қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға толық мүмкіндік аламыз. Тәлімі жерлерде енгізілген ауыспалы егістердің негізі сүрі жыртылған танап болып есептеледі. Себебі ол жерде қыста-көктемде жауған жауын-шашын және қоректік заттар жиналып, арамшөптер, өсімдіктер зиянкестері және ауруларымен күресудің агртехникалық тәсілдері сәтті жүргізіледі.

Ал енді сүрі жыртылған танаптан кейін қандай дақылдың орналасуы тұрғысында ғалымдар арасында әртүрлі пікір қалыптасқан. Кейбіреулері сүрі жерден кейін екінші дақыл ретінде күздік бидай орналастыруды жөн көрсе, ал қалғандары тәлімі жерге жақсы бейімделген, ауа райының қолайсыз өзгерістеріне төзімді, жоғары өнім түзетін арпа дақылын себуді ұсынады. Біз осы ұсынысты қолдай отырып, аталған мәселені ғылыми тұрғыда анықтау үшін Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтына қарасты тәлімі егіншілік бөлімінің ғалымдарымен бірлесіп, тәлімі жерде орналасқан ауыспалы егістердегі арпаның орнын және оның егіс көлемін анықтау мақсатында бірсыпыра жұмыстар жүргізгенбіз. Зерттеулерге тиісті бағасын беріп, нақты қорытынды жасау үшін 1-тәжірибедегі ауыспалы егістің үлгілерін пайдаландық.

Осы үлгілер бойынша жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижелеріне сүйенсек, тәлімі егіншілік жағдайында шектеулі фактор топырақ ылғалы болғандықтан, оның қоры біз орналастырып отырған дақылдардың арасында айтарлықтай айырмашылық байқалтпады. Тек, ылғал көлемі сүрі танаппен салыстырғанда ауыспайтын арпа егістігінде 78 мм, ал сүрі жерден кейін орналасқан арпада 32 мм кем болды. Жиналған өнім мөлшеріне келетін болсақ, ол әр танаптағы топырақтың құнарлылығына және жауын-шашынның түсу мерзіміне қарай қалыптасқан. Мысалы, күздік бидай күздегі-көктемдегі ылғалдыққа байланысты өсіп-өнсе, жаздық арпа мамыр айындағы топырақ ылғалына сәйкес өнім құрайды. Әрине, бұл құбылыс өсу кезеңіндегі ауа райымен тығыз байланысты болғандықтан, бірінші кезекте жалпы ылғал қорын тиімді пайдалану мәселесіне көңіл бөлген жөн. Осы тұрғыда дәлірек айтсақ, сүрі айдалған танапта өсірілген күздік бидайдың 1 кг дәнін құрау үшін жұмсалған ылғал шығыны 14,4 мм болса, арпа дақылы – 13,2 мм, ал ауыспайтын егістікте – 18,1 мм-ге жетті. Осыған қарағанда арпаның ылғал пайдалану қабілеті күздік бидаймен салыстырғанда біршама аз мөлшерді көрсетеді.

Арпаны сүрі жерден кейін үшінші дақыл ретінде орналастырған жағдайда егістіктің арамшөппен ластануы аз-маз көбейеді, бірақ олардың арпа өніміне аса кері әсер ете алмағаны байқалады. Бұл құбылысты арпа дақылының арамшөптерге қарағанда тез өсіп-жетіліп кетуімен түсіндіруге болады. Сонымен тікелей сүрі айдалған танапта өсірілген күздік бидайдың 3 жылдық орташа өнімі әр гектардан 17,8 ц құраса, арпа дақылы – 16,8 ц, оны екінші-үшінші танаптарда ораналастырғанда тиісінше – 15,2 және 14,0 ц, ал ауыспайтын арпа егістігінен 11,8 ц дән жиналды.

Келтірілген мәліметтерді сараптай келіп айтарымыз, біздер орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстар тәлімі жерде игерілген 4-танапты сүрі жерлі-арпаланған ауыспалы егістерінде жүргізілді

3. Арамшөптердің  биологиялық ерекшеліктері

4. Агробиологиялық  топтарының жіктелуі, заңдылық шектері  жəне егістердің

ластануың бақылайтың əдістері.

Арамшөптер, арамшөп қоспасы немесе ластаушылар, маманданған және қоқыстық (рудералдық) арамшөптер туралы түсініктер. 
Арамшөптердің егіншілікке келтіретін негізгі зияндары: ылғалды, қоректік заттарды мәдени өсімдіктерге қарағанда көп мөлшерде пайдалануы, ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерін тарататын орта болуы, улылығы және басқа зиянды жақтары. 
Агрофитоценоздың қалыптасуы, оның табиғи фитоценоздан айырмашылығы, түрлік құрамы мен құрылымы. 
Арамшөптердің фитоценотикалық статистикалық, экономикалық шектері. Ауылшаруашылық дақылдарының арамшөптерге ең төзімсіз кезеңдері. 
Арамшөптердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері. Арамшөптердің тұқымдық өсімталдығы, олардың кеңістікте таралу жолдары. 
Тұқымның биологиялық қасиеттері: дем алуы, тіршілік қабілетін ұзақ сақтауы, түрлі жемістілігі, арамшөп тұқымдары мен жемістерінің бір мезгілде көктеп шықпауы, әр уақытылы пісуі. 
Арамшөптердің вегетативтік жолмен: тамырсабақтары, атпатамырлары, баданалары, түйнектері және басқада вегетативтік мүшелері арқылы көбеюі. 
Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу: қоректену тәсілі, өмір сүру ұзақтығы,өсіп-даму мерзімі, көбеюінің ерекшеліктері бойынша топтарға бөлу. 
Егіншілік алқаптарында жиі кездесетін арамшөптердің сипаттамасы. Аз жылдық (раңтәріздес, жаздық, күздік, қыстап шығатын, екі жылдық), көп жылдық (көгентамырлы, атпатамырлы, кіндіктамырлы, түйнектамырлы, өрмелегіштер) арамшөптер өкілдеріне қысқаша сипаттама. 
Егістіктің және топырақтың арамшөптенуін есепке алу әдістері: көзбен шамалау (визуалды), сандық-салмақтық, сандық, лабораториялық. Танаптың арамшөптену картасын жасау. Картаға түсіру техникасы, жиілігі. Арамшөптену картасын ауыспалы егістерде арамшөптерді жою үшін пайдалану.  
Арамшөптермен күрес әдістерін топтау принциптері мен белгілері: алдын ала сақтандыру шаралары, арамшөптерді әртүрлі тәсілдер (физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық, фитоценотикалық, экологиялұйымдастырушылық, кешенді) арқылы жою. 
Арамшөптермен алдын ала күрес шаралары: карантиндік шаралар, тұқымды тазалау, органикалық тыңайтқыштарды дұрыс дайындау және сақтау, суару суының тазалығы. 
Арамшөптермен агротехникалық жолмен күрес: арамшөптердің топырақтағы тұқымдарын, вегетативтік көбею мүшелерін жою әдістері, көктеп шыққан арамшөптерді отау. Арамшөптермен күресутің биологиялық әдісі. Оның бүгінгі жағдайы мен келешегі. 
Арамшөптермен күрестің химиялық әдістері. Гербицидтердің арамшөптерге әсерінің механизмі, оларды жіктеу, қолдану тәсілдері, мерзімі және қолданудың тиімділігін анықтайтын жағдайлар. Негізгі ауылшаруашылық дақылдары егістіктерінде, жайылымдықтар мен шабындықтарда гербицидтерді қолдану. Гербицидтерді қолдану техникасы, олармен жұмыс істегендегі сақтандыру шаралары. Гербицид қолданудың экологиялық тәртібі. Арамшөптермен күрестің кешенді шаралары

5.Өсімдіктердің  тіршілігіндегі факторлары жəне  олардың ара қатынасы

Ауылшаруашылық дақылдарының - өсімдік тіршілігі факторларымен қамтамасыз етілуі – жоғары өнім алудың кепілі. Өсімдіктердің осы факторларға қоятын талаптары. 
 
Өсімдік тіршілігінің ғарыштық және жер бетіндегі факторлары. Өсімдік тіршілігі факторларын оптималдау. Топырақ құнарлылығын арттырудың және оны егіншілкте қолданудың теориялық негізі. 
 
Егіншілік заңдары: өсімдік тіршілік факторларының физиологиялық жағынан тепе-теңдігі және бір-бірімен алмастыруға болмайтындығы, минимум, оптимум, максимум, өсімдік тіршілігі факторларының бір мезгілде және бірлесіп әрекет ету, қайтарым заңдары. Оларды Қазақстанның аймақтары бойынша жоғары және сапалы өнім алу үшін пайдалану

 


Информация о работе Арамшөптермен күресу әдістерін топтау