Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2013 в 17:52, реферат
Өмір.....Өмірдің шерін, мұңын, ащысын, тәттісін, қайғы-қасіретін, құлшынысын, құдіретін бастан кешетін жан-пида-адам баласы. Иә, ал сол адамның тағдырын қолына жазып, бойына қан жүгіртіп, көкірегіне күш-куат беретін қасиетті ұлы жаратушымыз-Аллаһ Тағала. Осы тағдыр туралы тағрифқа (түсіндіруге) тілім «қысқа да нұсқа» болып берілуіне талпынып көремін.
«Қыстың жайдары, аязды түсі. Бәріміз у-шу, дабұр-дұбұр түскі тамақтан ойнап, күліп келе жатқан едік. Интернатта бізбен бірге ер бала оқып жүрді.Оның өмірдегі жалғыз тірегі-әжесі болатын. Ойын бөлмесінде досым екеуіміз ойнап жатқан мезетте, есікті қаусыра ашып, қызыл бетті, өксей-өксей жылаған.
Менің ең сүйікті Пайғамбарым.
Өмір.....Өмірдің шерін, мұңын, ащысын, тәттісін, қайғы-қасіретін, құлшынысын, құдіретін бастан кешетін жан-пида-адам баласы. Иә, ал сол адамның тағдырын қолына жазып, бойына қан жүгіртіп, көкірегіне күш-куат беретін қасиетті ұлы жаратушымыз-Аллаһ Тағала. Осы тағдыр туралы тағрифқа (түсіндіруге) тілім «қысқа да нұсқа» болып берілуіне талпынып көремін.
«Қыстың жайдары, аязды түсі. Бәріміз у-шу, дабұр-дұбұр түскі тамақтан ойнап, күліп келе жатқан едік. Интернатта бізбен бірге ер бала оқып жүрді.Оның өмірдегі жалғыз тірегі-әжесі болатын. Ойын бөлмесінде досым екеуіміз ойнап жатқан мезетте, есікті қаусыра ашып, қызыл бетті, өксей-өксей жылаған Маржан кіріп келіп, диванға етпесінен жата қалып, жылай бастады. Біз абыржып, асыр салуымызды қойдық.. Сенекке шықсақ, бәрінің беттерінен кетпейтін мұң, бітпейтін жас тамшылары. Қобалжығаннан, сұрасам, ешкім үндемейді. Енді бөлмеге кірсем, бет-ауызы қанға боялған, қолындағы ата-анасының суретіне үміт артқан көзімен: «Неге осы өмірге мені тастап кеттіңдер? Тағдыр неге осылай бұйырылды маған? Не үшін? Не жазығым бар еді? О, алла тағала, қайта қайтаршы ыстық жан ұямды» деп анасынан айырылған ботадай құлазып, еңіреп отырған баланы көрдім. Тәніме у сепкендей, жүрегімнің бөлігін жұлып алғандай сезімде болдым. Сол аязды, ызғарлы күн ешқашан ойымнан кетер емес...»
Не себептен адам баласын жаратушымыз
да-Аллаһ,жан алушымыз да-Аллаһ? Неліктен
өмірге кесапаттылар да,періштедей асылдар
да келеді? Қалай және не үшін «жұмақ
пен тозақ» жаратылған? Неліктен бүгінгісі-болмыс,кешегісі-
Басқа жандармен қарым-қатынасы. Адал достары, жан ұясы, туыстары, жақындастары. Міне, өмірдің тізбегі-өмірдің қақпаны. Ал, сол өмірдің қақпаның тағдыр етіп шешуін қарастыратын бір табынушы адамымыз-Аллаһ Тағала. «Аллаһтан қорқып жылаған адам, сауылған сүт қайтадан желініне кірмейінше, ол да отқа кірмейді (яғни сауылған сүттің желініне қайта кірмеуі мүмкін болғандай, оның да отқа түспеуі мүмкін емес) және Аллаһ жолындағы шаң мен тозақ отының түтінің бір-бірімен қосылуы мүмкін емес. (бұл хадисті ат-Тирмизи «жақсы әрі сенімді хадис»,деп келтіреді). Міне, Аллаһ Тағаланы құрметтеуіміз, оған сенуімізді қажетін көрсетеді. Бәрі Аллаһ Тағаланың қолында және жеке тұлғаның өз қолымен істеген істеріне байланысты. Қиямет күні тақуалдардың кей беттері ағарып, кей беттері қараяды. Адам-жеке бас тұлға болғанымен, бойындағы бар қасиетін дарыта алады. Бойындағы күнәләрін ақтай алады (Аллаһ Тағалаға сенсе). Сенім- адамның бағыттаушы күші.
Аль-Барьа Азиб, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кірді де: «Сен кімсің?»,-деп сұрады. Ол: « Пайғамбармын»,-деп жауап береді. Ол: «Пайғамбар деген кім ол?»,-деп сұрады. Ол: «Ол мені адамдарға мына әмірларін: ата-анана құрметсіздік көрсетуге рұқсат жоқтығы, туған-туыстарымен байланысты үзбеулерін, бұттарды жаруларын және тек қана Аллаһқа құлшылық етулерін, баянда, деп жіберді»,-деді. (Ал-Тирмизи «Сенімді хадис»). Аллаһтың көмекшілері,Пайғамбарлар, адамға жақсылық туралы жеткізуге талпынғын.
Пайғамбарлық екі түрлі болады: нәби және расул. Нәби-періште арқылы уәһи (арнайы хабар) түсірілген немесе жүрегіне илһам арқылы білдірілген яки аян түс арқылы хабар алып отырған Құдай Тағала тарапынан тандалған ерекше пенделер. Ал расул-пайғамбарлық хабарын қабылдап, Жәбірейіл періште арқылы арнайы кітап түсірілген. Аллаһ Тағала үкімдерін халыққа жеткізуші ретінде жіберілген, кемелікке жеткен адам. Пайғамбарлардың сипаттары мен ерекшіліктері мыналар:Пайғамбарлардың бәрі ер кісілерден болған. Олар күнәдән пәк,бірақ қателіктері болған. Аллаһ Тағаланың үкімін адамдарға жеткізетін кезде жанқиярлық ерлікпен, аса шыншыл әрі турашылдығымен ерекшелінген.
Алғашқы Пайғамбар Адам-Ата туралы ең соңғы Пайғамбардың сахабаларының бірі болған Әбу Зәр әл-Ғифари былай деді, мен Пайғамбардан: «Я рассулаһ!» Ең алғашқы Пайғамбар кім болған?» деп сұрадым. Пайғамбарымыз: «Әзіреті Адам»,- деп жауап қайырды. « Ол кісі де Пайғамбар болған ба?»,- деп сұрадым. Ол: «Әрине толық Пайғамбар болған»,- деді. Тағы да мен: «Рассулаһ Пайғамбарлардың саны қанша болған»,- дедім. Ол кісі: « Жүз жиырма төрт мың»,- деп жауап қайырды. «Я рассулаһ!Олардың қаншасы расул?»,- деп сұрадым. Ол кісі: «Үш жүз он бес кісілік бір жамағаты»,- деді. (Ибн Сад «Табақат»).
Құран Кәрімде жиырма
сегіз Пайғамбардың аты кездеседі.
Олардың үшеуі Лұқман,
Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа анасы Әминаның атасы Охәб тау басында Яхия жебесінен қам тамғанын көріп, Ғабділмүтәлибұлы Ғабдолланың жақындығын білді. Күндердің бір күнінде Охәб өзінің қатыны Бәрәғә: «Әминані Абдоллаға жұптыққа бересіз бе?»-деді. Бәрә: «Беремін»-деді. Ережеп айының жұма күнгі кешінде той жасады. Сол кештен соң Әминә Мұхаммед Мұстафа жүкті болды. Ібіліс Әбуқабис тауына шығып шыңғырғанда, шайтан: «Не болды?»-деп сұрады. Сонда Ібіліс: «Әй,біздің қожайынымыз!»-деп жанына келіп; «Менің неше жыл шеккен мәшәқатымның иесі Мұхаммед бүгін ана құрсағына түсті. Аллаһ Тағала оны өткір қылышпен жіберер. Сонан соң ол діндерді өзгертер,пұттарды сындырар»,-деді. Сол кеште, Яхуделер де айтты: «Бүгін Мұхаммед жұлдызы туды»,-деп шыңғырды. Әмина айтты: «Ұлым Мұхаммедке жүкті болғанымды сезбедім. Басқа жүкті әйелдердей ауырлық та көрмедім. Хайыз (әйелден келетін қан) көрмегім таоқталып, ұлым Мұхаммедке жүкті болғаннан кейін түсімде бір нұр көрдім. Басра шаһарының сарайларын көрдім.Тағы бір түсімде ұзын бойлы бір кісіні көрдім. Ол: «Сүйінші сен ақырғы қауымның,пайғамбар анасысың.»,-деді. Сонда мен: «Сен кімсің?»-деп сұрадым. Ол: «Мен Атаң Адам пайғамбармын»,-деді. Екінші, үшінші, солай тоғыз айда Шіш, Нұһ ғалайһи-уәссәләм, Ыдырыс, Хұд, Ібрәһим, Мұса, Ғайса
сүйіншілерін білдіріп жатты. Мұхаммед туғанда Ай ұқсас бір кісі алып кетіп, бір сағат мөлшеріндей жоқ болды. Мұнаң соң қасыма келіп: «Ал,ұлыңды. Ұлың бір сағат Шығыс пен Батысқа тәуәп қылды.»,-деді.
Жеті күнен соң Мұхаммед деп атын қойып, Мекке халқын тұтас силап, қадір құрмет етті. Мұхаммед деп есім беруінің себебі,Әминәға түсінде бір періште келіп: « Әй,Әминә! Сен барша мақұлықтар қожасына жүкті болдың. Оны тусаң Мұхаммед деп есім қой. Оның үшін ол Сәйделғаламин пайғамбарлықта бек мақталмақ болар. Әй,Әминә!Мұхаммед туғаннан көп ғажайып көресің. Оны адамдарға силама.».-деген. Әминә: «Сол заманда ояныпкетсем басымның астында алтыннын жазылған бір қағаз таптым. Онда жаңағы ескертпелер жазылған екен»,-деген.
Әминә түсіндегі періштенің: «Балаңызға Мұхаммед есімін қойыңыз»,-деген сөзін Ғабдүлмүтәлибке айтты. Ғабдүлмүтәлиб «Мұхаммед»есім берді. Мұхаммед омырауының сүтін бергн Меккедегі Халима атты кедей әйел еді. Мұхаммед емізгеннен кейін кедей әйелдің ырыздығы көбейіп хал-ахуалы жақсара түсті. Пайғамбар бір күнде бір апталықтай өсіп жетіліп отырды. Бір айда бір жылдық болып есейді. Ақылына ақыл қосып,ер жетеді. Бір күні Мұхаммед: «Адамдарға: ата-анасына қайырласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік(көтергені) үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет.....» (Лұқман сүресі,14 аят).
Адамның өмірге деген қызуғышылығын татқызатын, өмірге арқау-сүйеу болатын жалғыз перзенттеріміз-ата-ана...
Төрдің төрінде, күннің шапағатына жылынып отырған, ақ жаулықты, жылы жүзді-әжем мені шақырып алып: «Ертеде дүниенің төрт бұрышын аңыз шарпыған. Дүниеге шыр етіп тоғыз ай анасының құрсағында жатқан ер бала туады. Бала өсе келе бойы шымыр, рухы кушті бола бастайды. Арада көп уақыт жылдар зуылдап өтіп шығады. Таудың беткейінде бір күні ат мініп келе жатқанда алдынан айдың жүзіндей керемет сұлу бейтаныс аруды көріп қалып ғашық болады. Сонда жігіт: «Ұнаттым тек сені жалғыз жұлдызым», -деп таңғаларлық көзімен қызға қарады. Қыз (күліп жіберіп): Шың ғашық болсаң, ананың жүрегін кесіп алып кел», - дейді. Абыржығаннан жігіт не істерін білмей үйге қарай беттейді. Қасірет шегіп, қызға асығып келе жатқанда тайып түсіп жүректі түсіріп алады. Сонда жүрек ағашқа ілініп қалып: «Сүрініп қалдың ғой, балам... Ботақаным жығылмай жүр!»,- деп тынығады. Опасыздық жасағанын түсінген жігіт, еңірей-еңірей құмға жығылады... Балам, күнім ешқашан ешуақытта ата-анана қатты сөз айтпа. Аллаһ тағала алдында олар сенен биігірек! »,-деп түсіндірді әжей.
Ата-анаңды арқалап Меккеге апарсаң да, олардың алдында мәңгілік борыштар болып қаласың. Түн ұйқысын төрт бөліп, емшектегі сүтін бөпесіне тойғызып, қай жерде жүрсең де, жайынды ойлайтын жалғыз адамын-ана. Шаңыраққа құт береке әкеліп, өмірде тірек болатын әке. Міне, бұл адамдар әрқашан сенен Құдай алдында биік. Қай жерде жүрсең де ата-анаң туралы ешқашан ұмытпа. Олардың алдында борышынды өте. Сенім арт, көңіл бөл, қол ұшынан келген жақсылықты аңғарт. Ата-ананы құрметтеу-көгершін құсты қолына қондырумен тең. Ата-анаңа деген көзқарас дұрыс тораптың жолын құғанмен тең. Жаны ашып ойлайтын ана. «Өмірде шалынба, алдыңғы болашағына үдеуімен қара»,- деп әрқашан рухани күш беретін ата-ана. Ата-анаң қасында болса, нағыз бақытты адам сен боласың....