Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 18:38, реферат
Алла тағаланың Жəбірейіл періште арқылы сүйікті жəне соңғыпайғамбары Мұхаммедке жіберген діні Ислам деп аталады. Ислам –адамдардың осы дүниеде тыныштық пен еркіндікте өмір сүрулерін,ахиретте мəңгілік бақытқа қауышуларын қамтамасыз ететін қағидаларжиынтығы. Ескі діндердегі барлық жақсы қасиеттерді Ислам өз бойынажинаған. Барлық бақыт пен жақсылық та сонда. Ислам саналы адамбаласы сөзсіз қабыл ететін негіздер мен рухани құндылықтардантұрады. Ал біз Интернет материалдарын пайдаланып дайындағанмақалада Исламға қатысты осы және басқа да мәселелер жан-жақты сөзболады.
Буддизмнің адамдар арасында тез тарау себебін осы күнгі ғалымдар оның 2500 жыл бұрын солтүстік Үндістанда өркениеттің өрлеу кезіне дәлме-дәл туғанымен түсіндіреді. Дәл осы уақыттарда әдебиет пен жазу да Үндістанда қатты дамыған. Сол кезде қолданылатын санскрит жазуы б.д.д. ІV ғасырда пайда болып, әбден қалыптасқан болатын. Оны Үнді тайпаларының көбісі жақсы білген. Атақты «Махабхарата» мен «Рамаяна» поэмалары да санскрит жазуымен тараған-тын. Будда да 45 жыл бойы адамдарға ақыл-ойдың толық ашылу жолдарын осы жазуды қолдана отырып көрсеткен. Және оны әрқашан да мыңдаған шәкірттері қоршап жүретін болған. Өзі өлгеннен кейін жарық көрген Будданың сөздері 108 том болған. Онда 84 мың пайдалы кеңес бар екен. Ал кейін шәкірттерінің жазған түсініктерінің (комментарийлерінің) өзі әрқайсының қалыңдығы екі сантиметрден кем болмайтын 254 томды құраған. Оларды тенгьюр деп атайды. Бір өкініштісі – Үндістанда будданың алғашқы жазулары сақталмаған. Тек император Ашокидің тасқа қашатқан Будда ілімдері ғана аман қалған. Жасы 80-ге келіп, өлер шағына жеткенде Будда: «Мен бақытты өліммен ажал құшамын, өйткені, білетінімнің бәрін шәкірттеріме беріп үлгердім, уысымда еш нәрсе алып қалмадым. Олардың бәрі де сіздерге пайдалы болады», десе керек.
Осы сөздеріне қарағанда, ол адамзатқа күнделікті өмірге қажетті ақыл берген. Ал сіз адамдарды неге үйретесіз, іліміңіздің мақсаты қандай деген сұраққа Будда: «Барлық пенде бақытты болуға және аурудан аман болуға тырысады. Ал мен сіздерге қоршаған дүниенің не екенін және қандай екенін тануды үйреттім», деген екен. Оның осы сөздері артынан оның ілімін үйретумен айналысатын мектептердің негізі болады. Бұл мектептердің бәрін Будданың ілімін оқыту, яғни адамның ақыл-ойының, денесі мен тілінің дамуын қамтамасыз ету біріктіреді.
Буддизмнің таралуы
Буддизмнің Үндістаннан
Будданың философиялық жүйесі өте күрделі әрі өте мазмұнды. Осының өзі оның Үндістан топырағында ғана дүниеге келгенін паш етеді. Қытай, Жапония, Корея жерлеріне келіп, халық арасына сіңген буддизм оқуы осы елдердің терең және күрделі философиялық жүйелерді қазбаламай, тайыздан қалқитындығына орай жеңіл ілімді секталар түрінде қалыптасқан. Соның бірі Қытайда кеңінен тараған дзэн-буддизм ілімі. Конфуциандық пен даосизмнің отанында ол төмендегі төрт түрлі бағытпен орныққан:
• қасиетті жазулардың қатысуынсыз айрықша ашылу;
• сөз бен әріптен тәуелсіздік;
• адамның рухани әлемімен тура байланыс;
• адамның қастерлі құпияларына қол жеткізу және Будданың кемелділігіне жету.
Дзэн-буддизмнің ерекшелігін білдіретін осы төрт бағытты кімнің және қашан айқындағаны белгісіз. Әйтеуір, Қытайдағы Тан династиясының басқаруы кезінде Будда осы іліммен Қытайда кеңінен тарай бастағаны белгілі. Дзэн ілімі қасиетті жазулардағы сөздерді және оған сүйеніп шығарылған түсініктер мен қорытындыларды жоққа шығарады. Ол адамзат жаратылған кезінен бастап, ақыл-ойды көп қуу сияқты қате жолға түскен. Біз ешқашан іске аспайтын көп ойлар мен көп сөздерді қуамыз. Олардың біздің санамызға әбден сіңіп кеткені сондай, біз оларсыз өмір сүру мүмкін емес дейтін болдық. Біз бәрі сөзде, ал істе ешнәрсе жоқ немесе оны екінші қатардағы дүние деп есептейміз. Осыдан арылу керек, дейді. Қытай халқының көп ойлап, көп сөйлемей, тек іспен көбірек айналысатыны осындай дінде болғандығының әсері секілді.
Буддизмнің Жапонияда
Әрине, Буддизмнің дамуына жергілікті діндердің кесірі аз тиген жоқ. Ондай әрекеттер Жапонияда да болды. Әсіресе, Хэйнан дәуіріндегі ребусинто атты жергілікті діннің кедергісі көп болса керек. Бірақ елдің даму болашағына идеологиялық негіз қалайтындығы белгілі болған соң, билік Буддизмнің дамуына еркін жол ашады. Сонымен қатар, Буддизм VІІ – VІІІ ғасырларда Жапонияға келген конфуциандық пен даосизм ілімдерімен бейбіт қарым-қатынас орнату проблемаларына ұшырайды. Бірақ бұл уақыттарда Буддизмнің қоғам мен мемлекеттегі ықпалы оны ығыстырып шығаруға болмайтын дәрежеге жеткен екен.
Жапониядағы Буддизм тарихын зерттеушілер мыңдаған дерек көздеріне тап болады. Мұндағы будда храмдарының ежелгі архитектурасы, қылқалам өнімдерінің стильдері, сонымен бірге, діни рәсімдердің сақталған бұйымдары Жапониядағы Буддизмнің даму генезисінен мол ақпараттар береді. Сонымен бірге, оның материктік Буддизмге қарағандағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқын сезіліп тұрады. Будданың рәсімдері, діни мейрамдарын атап өту салты да осы тұрғыда көптеген ақпараттар бере алады.
Буддизмнің ең жақсы тараған және дамыған өлкелерінің бірі – Тибет. Мұндағы Буддизмге бұрын ламаизм деп қате баға беріліп келген. Буддизмнің мұндағы ерекшелігінің бірі – іліммен қатар, рухани және зайырлылықтың қайта туу деп аталатын өлшем арқылы көрнекті буддист тұлғалардан кейінгілерге берілу салтының ХІІІ ғасырдан бастап өмірге келуі. Бұл – Тибет өркениетін басқа әлемнен қатты ажырататын әрекет. Осы әрекет рухани және зайырлы билікті Далай-ламаның төңірегіне топтастырған.
Буддизмді қабылдаған алғашқы тибеттіктер ІV ғасырдағы цяндар болып табылады. Бірақ түрлі себептермен ол кезде Будда ілімі кеңінен тарай алған жоқ, тек VІІ ғасырдан бастап қана Тибетте махаян ағымы қатты дами бастады. Ол уақытта Тибеттің билігі Шығыс Түркістан жазығындағы оазис – мемлекеттерге де жайылған болатын. Ал Батыс Түркістанда Буддизм Самарқандқа дейін тарады. Қазіргі Қырғызстан аумағында да будда храмдарының қалдықтары табылған. Сондай-ақ мұнда Будданың тасқа қашалған ілімдерінің сілемдері қалған. Бірақ Орталық Азия мен Қазақстанда тараған шаманизм Буддизмнің еркін тарауына кедергі келтірген. Бұл екі діннің ортақтас тіректері көп, әсіресе, Буддизмге шаманизмнен енген салттар көптеп саналады.
ІХ ғасырда Тибетте Буддизм қуғынға ұшыраған. Ол тек Х ғасырда тоқтап, Үндістаннан дінді таратуға жаңа миссионерлер шақыртылған. Тибет Буддизміндегі ұлы тұлға Далай-лама болып табылады. «Далай» деген сөздің өзі моңғол тілінен аударғанда «мұхит» деген мағынаны білдіреді. Демек, Далай-лама мұхиттай мол білімді буддист деген ұғымды танытады.
Тибет Буддизмін дәстүрлі Буддизммен салыстыра отырып, зерттеген оқымыстылар олардың 85 пайызы бір екенін анықтаған. Будданың мәтіндері тибет тіліне санскриттен аударылса, тек аз ғана бөлігі қытай тілінен жеткен екен. Сондықтан да оның дәстүрлі Буддизмнен айырмашылығы шамалы. Тибетте Буддизмнің мәтіндерін, Будданың өз сөздерін сақтаған канджур және үнділік түсініктерді топтастырған танджур атты алып жинақтар бар. Бұлар буддалық әдебиеттің әлемдегі ең үлкен жинағы деп саналады. Өйткені, Үндістанның өзінде буддалық дәстүрлер түркілер жорығынан кейін шеттетіліп, басқа діндерге, соның ішінде Ислам мен Индуизмге жол бере бастаған еді. Буддизмнің кейінгі тарихтағы дамуына Тибеттің қосқан үлесі зор.
Моңғолия буддизм дәстүрімен ХІІІ ғасырдан бері таныс болып келеді. Үгедей ханның баласы Қодан буддизмнің Тибетте пайда болған тармақтарының бірі – Сакья мектебінің басшысы Кунг Гьелценді өзіне шақырып, рухани көсем еткен. Бұл дәстүрді Хубилай хан да жалғастырып, Буддизмнің Моңғолияда тарай түсуіне үлесін қосқан. Оның кезінде Буддизмнің мәтіндерін моңғол тіліне жеңіл аудару үшін жаңа әліпби де енгізілген. Шыңғыс ханның Хубилайдан басқа ұрпақтары да Буддизмге енген. Соның ішінде Шығыс және Батыс Түркістанды билеген Шағатай ұлысының кейінгі хандары, парсы жұртын басқарған Ильхан ұрпақтары Буддизмді қабылдаған. ХVІ ғасырдың аяғында Моңғолияда будда храмдарын салудың жаңа архитектурасы енгізілді. Соның ішінде моңғолдың алғашқы астанасы Қарақорымның орнына салынған Эрдени-дзу монастырын айтуға болады. Мұнда оқымыстылар будда шығармаларына моңғол тілінде түсінік берумен айналысқан. Сондай-ақ Тибеттен келген монахтық дәстүр қалыптасқан. Бір сөзбен айтқанда, тибеттік Буддизм Моңғолияда жергілікті жағдайға икемделіп, берік орын тепкен.
Буддизм Маньчжурияға ХVІІ ғасырда енді. Ал Қытайды қосып алған соң Бейжіңде тибет храмы салынды. Сондай-ақ басқа қалаларда да Будда монастырлары салынды. Тибет тіліндегі Канджур де толығымен маньчжур тіліне аударылды.
Бұрынғы КСРО аумағында буддизм Бурятия мен Тывада тараған. Соның ішінде ол Бурятияға ХVІІ ғасырда Моңғолия арқылы еніп, Байкөл бойындағы тұрғындар арасына жайылған. Ал екінші жол Тибеттің өзінен жеткен. Орыс патшасы буряттардың моңғол Далай-ламасына бағынуын тоқтату үшін бурят буддистерінің көсеміне Хомба-лама деген титул береді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында бурят буддистері қызылдардан қашып, ішкі Моңғолияға өтіп кетеді.
Туваның түркітілдес тұрғындары арасына Буддизм ХVІІІ ғасырда тарады. Сондай-ақ Буддизм Еділдегі қалмақ жұртының арасында жақсы жайылған.
Міне, Буддизмнің қысқаша айтқандағы таралу тарихы мен географиясы осындай.