Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июля 2014 в 16:28, реферат
Пульгукса-Кенсан Намдо провинциясында Кенджу қаласынан 13 км оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан будда монастыры. Оның ескі ағаштан жасалған құрылысы осы күнге дейін сақталмаған. Жаңадан жасалған ғибадатхананың түрі, жасы көп емес жаңа құрылыстар, ғибадатханаға жаңа кейіп береді. Оның ішінде Кореяның ұлттық қазынасының құрамына кіретін ,Таботхап пен Соккатхап таспагодаларды,Чхонгунге көпір мен алтынмен қапталған қола Будда мүсінін қосқанда 7 ескерткіш бар.Олар Силла дәуіріндегі Будда өнерінің асқан шеберлігімен жасалған тамаша туындылар.Монастырьдың салыну тарихы авторы будда монахы Ирен болып табылатын «Самгук Юса» деп аталатын дерекнамасында жазылған.Бұл монастырьды 751 жылы Силла патшасы Кендоктың билік құрған кезіндегі бірінші министр Ким Дэ Сон өзінің ата-баба рұхына арнап, салдыруға бұйрық берген.
Үш мемлекет дәуірі. Ерте темір дәуірінің аяғы (б.з. ІІІ ғ.) – Корея түбегіндегі үш мемлекет кезеңіндегі ерте феодалдық мемлекеттілігінің нығайтылуы. Когурё, Пэкче, Силланың мәдени кешені дамыған темірге негізделген. Жазбаша деректерде бұл мемлекеттер б.з.б. І ғасырда пайда болды, дегенмен тарихи деректер бойынша б.з.б. І ғасырда ірі тайпалық құрылымдар ғана қалыптасты, ал мемлекеттердің түбектің түрлі бөліктерінде қалыптасуы б.з. III – VI ғ. аяқталды. Когуре, Пэкче және Силла- корей түбегіндегі алғашқы үш мемлекет тарихынан, корейлік мәдениеттің шексіз тарихы басталды. Үш мемлекеттің қалыптасқанынан кейін Корея экономикалық, мәдени, қоғамдық дамудың жаңа деңгейіне өтті. Бірдей уақытта пайда болып, үш мемлекет үстемдік билікке күресті, нәтижесінде Силла мемлекеті жеңіп, барлығын бір ту астына біріктірді. Бұл жазудың, бірінші әдеби шығармалардың, архитектураның жаңа түрлерінің пайда болу кезеңі.
Когуре мемлекеті. Когуре өзінің құрылыс саласында- тасты,топырақ, ағаштан және аралас(тас, ағаш, топырақ)табысымен ерекшеленеді. Әсіресе, когурелықтар қаланы қоршайтын қабырға салуды жақсы меңгерген. Мысалы, когуреның астанасы Куннэсонның алғашқы қабырғасы 6 м биікте болған. Қабырғаның материалы-табиғи өңделмеген, бір-біріне тығыз салынған тастар. Бұл құрылыстың ерекшелегі- қабырғаның негізі ірі тастар, жоғарғы бөлігі кіші тастар қойылған. Осы дәуірде қытайда мұндай қабырғалар бірдей көлемді тастардан салынған. Когурелық қабырға салу техникасы, қытай техникасынан қарапайым. Бірақ құрылыс уақыт және шығын жағынан тиімдірек, ал бекініс жағынан когурелық қабырғалар қытайлықтардан қалыспайды. Когуреның өзге техникада табысын, когурелық жоғарғы шенді ақсүйектердің мазарларының IV-VIғғ. қабырғада жазуларда білеміз. Жаңа аталған мазарлардың ең әйгілісі «Анак(уездінің) №3 обасы». Фрескалардан аяқ диірменнің, тігін станогы бейнелері басқаша құрылымда көрсетілген.
Пэкче. Пэкче мемлекеті кейде эпиграфикалық суық қару өндіру жоғары деңгейде дамыған. Оның ең әйгілі данасы болып 369 жылы жасалған, екі жағынан 61 белгісі бар, «Чхилъчжидо» қылышы есептелінеді. Сонымен қатар, пэкче суқұбырын салумен әйгілі. Оның қалдықтары Иксан уездіндегі Огыысан тауының аймағында табылды. .
Силла. Силла жартылайқұнды тастар, шыны, алтын бұйымдарымен әйгілі. Силлалық керамика 1000°С.-қа баратын пештерде өндірілген. Силлада маңызды түрде астрономия ғылымы дамыды. Оның дәлелі, VII ғасырда Кенджу қаласында цилиндр тәріздес, 9 м биіктікті құрайтын астрономиялық мұнара салынды. Осы кейінгі анықтамаларға қарап, барлық Үш мемлекетте география және медецина жақсы дамыған.
Архитектура. Үш мемлекеттегі тұрғын үйлерден ешнарсе қалмаған. Ал, европалық стильден ерекшеленген «патша сарайларынан», буддалық ғибадатханалардан тек фундаменттері қалған. Бірақ, біздің күндерге патшалардың, жоғарғы шеңді ақсүйектердің мазарлары және тас ғибадатханалар сақталған.
Когуре мазарлары «дөңгелек»
және «төртбұрышты» болып жіктеледі. Бұл
мазарлар тастан жасалған.Когурелық мазарлардың
көбі Когуреныі екінші астанасы Пхеньян
аймағында орналасқан. Пэкченің мазарларының
көбі сақталмаған. Оларда бұрынғы астаналық
қалалард( қазіргі Кончжу және Пуё)а орналасқан.
60 пэкчелік топырақты төбелі мазарлардың
пішіні- дөңгеле немесе төртбұрышты болып
табылады. Бұл мазарлардың когурелықтан
ерекшелігі, көбінісе тастан емес, кірпіштен
жасалған. Кончжу қаласының маңайынан
табылған Пэкчелік Мунён-ванның (501-522)
мазары жатады. Силлалық мазарлардың
пішіні көбінесе дөңгелек немесе асқабақ
тәрізді, әдетте, екі мазарды қатар салғанда
осындай пішінге ие болады. Олардың көбі
силланың астаналық қаласы Кенчжу аймағында
орналасқан. Силлалық мазарлардың жерлеу
бөлмелері тастан немесе ағаштан салынған.
Силлалықтар жерлеу әдістің қарапайым
түрімен қолданған. Яғни, жерлеуге арналған
орында табыт, оның қасында- о дүниеде
қажет болатын барлық мүмкінді заттар
қойылған.Буддалық ғибадатханалардың
орындары көбінесе Когуре және Пэкче жерлерінде
табылған. Силлада, VII ғасырға дейін
8 ғибадатхана болған, алайда екі ғибадатхананың
орындары ғана табылған. Фундаментерге
қарап, ғибадатханалардыңм үш мемлекетке
ортақ құрылысты байқауға болады. Оған
мысал ретінде, 1938 жылы Чхо-намин елдімекенінде
табылған есімі белгісіз когурелық ғибадатхана,
Кунсури елдемекенінен табылған пэкчелық
ғибадатхана және силлалық Хванъенса
ғибадатханасы болады. Үш мемлекеттеде
бастапқы кезде ғибадатханалар ағаштан
салынған, тек кейінгі уақытта тастан
салына бастаған. Ерте кореяның ағаштан
жасалған ғибадатханаларынан фундаменттен
басқа ешнарсе сақталмаған. Сондықтан
олардың нақты пішінін және көлемін анықтауға
қиын. Ең үлкен және қиын архитектуралық
ғибадатханалар Біріккен Силла мемлекеті
кезінде УІІ-Х ғ.ғ салынған. Біріккен Силла
мемлекеті кезеңінде буддизм жандауы,
елдің буддалық архитектуранын және
мүсін өнерінің дамуына алып келді. Силлалық
архитектурасының өркендеуі үш мемлекет
кезіндегі архитектуралық дәстүрлердің
арқасында ғана емес, сонымен қатар орталықтанған
мемлекеттің ұлылығы мен күшін көрсететін
ірі құрылыстардың қажеттілігінен туындады.Силла
кезінде ірі сарайлар салынбай,олар тек
кеңейтіліп,қайта салынып,реконструкцияға
ұшырады.Бірақ олардың храмдар мен монастырьларға
қатысы жоқ.Өйткені дәл осы уақытта буддалық
храмдар мен монастырьлардың салынуы
кең етек жайды.Оның алдында, IV ғ. аяғынан
бастап буддалық пантеон құдайларының
мүсіндерін дайындау туралы мәліметтер
сақталған. Бұл жөнінде 397 жылы Когурёден,
530 жылы Пэкчеден кездестіреміз. 563 жылы
Пэкчеде үш буддалық бейне дайындалған;
571 жылы Когуреде алтындатылған қоладан Амитабхи мүсіні
құйылды, ал Силлада 574 жылы Хуаннёнса монастыры
үшін биіктігі 6 чан (өлшем) Будданың мүсіні
дайындалды, ол Силлада буддалық үш қазынаның
бірі деп есептеледі. VIII- X ғғ. көптеген
монастырьлар мен храмдар ансабльдары
құрылып,олардың көбісі сол кездегі Силланың
астанасы Кенджу қаласының маңында орналасты.Оларға
Камынса,Пондокса,Пульгукса,
Пульгукса ғибадатханасы
Пульгукса-Кенсан Намдо провинциясында Кенджу қаласынан 13 км оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан будда монастыры. Оның ескі ағаштан жасалған құрылысы осы күнге дейін сақталмаған. Жаңадан жасалған ғибадатхананың түрі, жасы көп емес жаңа құрылыстар, ғибадатханаға жаңа кейіп береді. Оның ішінде Кореяның ұлттық қазынасының құрамына кіретін ,Таботхап пен Соккатхап таспагодаларды,Чхонгунге көпір мен алтынмен қапталған қола Будда мүсінін қосқанда 7 ескерткіш бар.Олар Силла дәуіріндегі Будда өнерінің асқан шеберлігімен жасалған тамаша туындылар.Монастырьдың салыну тарихы авторы будда монахы Ирен болып табылатын «Самгук Юса» деп аталатын дерекнамасында жазылған.Бұл монастырьды 751 жылы Силла патшасы Кендоктың билік құрған кезіндегі бірінші министр Ким Дэ Сон өзінің ата-баба рұхына арнап, салдыруға бұйрық берген.Құрылыс ол қайтыс болғаннан кейін 774 жылы аяқталды. Осы кезде монастырь Пульгукса( яғни Будда жерінің храмы)деген атқа ие болды.Коре және Чосон мемлекеттері өмір сүрген дәуірінде монастырьдың біраз жері қайта салынып отырдыю Монастырьға кіре беріс жерінде(Соккемун) ұлттық қазынаның құрамына енгізілген екі баспалдақ пен көпір орналасқан .Бұл баспалдақ сатылардан тұрып,рухани тазаруға апаратын 33 қадамды білдіреді.Оның төменгі бөлігі Чхонгунге,ұзындығы 6,3 м тұратын 17 баспалдақ сатысынан тұрса,жоғарғы бөлігі Пэгунге,ұзындығы 5,4 м болатын 16 баспалдақ сатысынан тұрады.Бұл баспалдақтар Чохамун қақпасына алып келеді.Монастырьда,айтып кеткендей, екі пагода орналасқан.Олардың монастырьда орналасуы Кореядағы Будда монастырьларына тән емес белгі.Биіктігі 8,2 м болатын 3 қабатты Сокатхап пагода дәстүрлі корейлік үлгісінде қарапайым түрде әшекейленген. Ол 13 ғ бойы осы жерде орналасқан. Таботхап (қазыналар пагодасы) 10,4 м-ді құрайды.Ол Сокатхапқа қарағанда өзіндік ерекше орнаментімен белгілі. Таботхап пагоданың суретін Оңтүстік Кореяның 10 вон ақшасынан кездестіре аламыз. Бұл екі пагода монастырьдың бас залы-Тэуджонның дәл алдында орналасқан. 681 жылы салынған бұл зал Будда Сакьямунидің қасиетті орны болып есептеледі. Залдың артында Мусольджон(Тыныштық залы) орналасқан. Бұл залды Будда ілімі тек сөз арқылы тарала алмайды деген сенімнен осылай деп атаған.Ол Пульгукса монастырьдың 670 ж салынған ең ежелгі құрылысы болып табылады.
Соккурам
Пульгукса монастырьдың құрамына
кіретін, бірақ өз кезегінде жеке храм
болып есептелетін Соккурам атты үңгір
Кореяның материалдық мәдениетінің тамаша
ескерткіші. Екі негізгі ішкі бөлмеден
тұратын ғибадатхананың ерекшелігі, ол
толығымен жасанды құрылыс болып табылады.
Жоғарыдан қалың топырақпен жабылғандықтан
үңгірге ұқсайды.Ол монастырьдан шығысқа
қарай 4 км жердегі Тохамсан тауында орналасқан.Теңіз
деңгейінен 750 м биіктікте тұрған бұл храм
Жапон теңізіне қаратылып салынған.1962
ж Кореяның ұлттық қзынасының құрамына
жатқызылды. 1995 ж болса,ЮНЕСКО Пульгукса
монастырьмен қоса Соккурамды Дүние жүзінің
мәдени мұрасының қатарына қосты.Бұл Соккурам
храмы да Бірінші министр Ким Дэ Сон ның
бұйрығымен салынып,бастапқыдаСокпульса(
Информация о работе Кореядағы Пульгукса, Соккурам ғибадатханалары