Дінтану негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 19:56, реферат

Краткое описание

Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мүсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология қүдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық түрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда. Сондықтан Қүдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

динтану реферат док.docx

— 28.51 Кб (Скачать документ)

Ертедегі  грек діндері. Діни мифологиялық көзқарас бойынша: алғашқы кезде Хаос (түпсіз түң-ғиық) өмір сүрді, одан жер күдайы Гея және жерасты қүдайы Тартар шықты. Гея аспан қүдайы, әрі баласы, әрі әйелі Уранды туды.

Екінші  қатар күдайлары, Гея мен Уранның балалары - Титандар туды. Уран қауіптеніп, орнымды тартып алады деп, өз балаларынан қорқып, оларды жер астына Тартар күдайына беріп қамап қояды. Бірақ Титандар жер астынан күтылып шығып, әкесінің тағын тартып алады. Олардың ішінен Кронос, уақыт күдайы, өз балаларын жеңіп, барлық әлемге тыныштық орнатады.

Үшінші  қатарлық қүдайлар басталады. Кроностың  ең кіші баласы Зевс - найзағай және жауын қүдайы, өзінің әкесін жеңіп бас күдайға айналады. Оның әйелі Гера - аспан қүдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары Посейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын береді. Сүлулық пен сүйіспеншілік күдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған. Үшінші қабатты қүдайлар Олимп тауында орналасады.

Ертедегі  Рим діндері. Ежелгі Рим діндерінде Грек дініндей айқындық миф жоқ. Олардың діні қарапайым, сөзге сараң болды. Керек болса ертедегі Рим діндерінде күдайлардың суреттері мен образдары болмады.

Рим қүдайлары үзақ уақыт антропоморфтық түрде, Юпитер болса, шақпақ тас түрде, Map күдайы найза түрде, Веста қүдайы от-жалын түрде бейленді. Римдіктер жай ғана Юпитерге сенсе жеткілікті деп түсінді. Пуникалық соғыстан кейін Рим мен Греция елдері тығыз байланыс жүргізді. Рим Эллада мәдениетін қабылдап, оның дінін өздеріне таратты. Гректердің қүдайлық түсінігінен, Римдік қүдайлар шықты.

Ертедегі  славян діндері

Ертедегі  славяндарда 9 табиғаттың күшіне табыну үлкен орын алып отырды. Ең жоғарғы қүдай Перун - күн күркірейтін және найзағай қүдайы. Перун қүдайына екі жақты көзқарас болды. Біріншіден, ол өзінің жауын және найзағайымен жерді көгертеді. Екіншіден, қиратушы және жазалаушы қүдай болып көрінеді. Одан кейінгі қүдайлар, Сварог - жарық пен аспан қүдайы, Әке Дажбога - Күн мен от қүдайы, Хоре - жел, Стрибог - мал қүдайы жэне т.е.с Көптеген мейрамдар табиғаттық қүбылыстарға байланысты болды. Қыстың уақы-тында күннің үзаруына, масленица, Купала, егін тойы өткізілді. Олар-дың барлығы магиялық түрғыда өтіп жатты.Русьтің Византиядан Христиан дінін (988ж.) қабылдауы орыс өміріне, тарихына бетбүрыс алып келді.

Ежелгі  Қазақстандағы діни сенімдер.

Кең байтақ Қазақстанның ұлы даласында  ерте заманнан бастап көптеген діндер шығып, көптеген діндер таралып, өмір сүріп  жатты. Олардың түрлеріне келетін  болсақ, осы кездегі археологиялық, этнографиялық ғылымдарға сүйене отырып мынандай діндердің шығып таралғанын айта аламыз: Көк тәңірі (Теңрізм), Жер-Су, ¥май, Шаманизм, Митрайзм, Буддизм, Манихейшілік, Христиандық (несториандық) және Зороастризм. Ежелгі қазақ хандығының тікелей ата-тегі түріктерден таралды дейтін болсақ, ежелгі түріктердің басты Қүдайы Көк Тәңіріне сенгендіктен, қазақ халқының да алғагпқы сенімділігін «Тәңірлік» деп айта аламыз. Олай деп айту себебіміз, көшпенді түрік халқы үшін табиғат, оның ішінде Аспан, олардың өмір сүруіне тікелей байланысты болды. Көгілдір Аспан - ең жоғарғы әлемнің тірегі, тіршіліктің тірегі. Тіршіліктің тірегі Жер мен Су. Сонымен әлемді үстап, басқарушы – Тэңір.

Сонымен, табиғи күштерді пір түтудан, тәңірлік көп түсініктіктен бас Қүдайына айналуы.

Түрік халықтарының мифологиясының өзіндік  ерекшелігі - Жер мен Аспанның тығыз байланыстығы. Ондай байланыстырушының дәнекері - алып Бәйтерек. Осы биік Бәйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Аспан денелері сакралды киелі ретінде қарастырып қадірленген. Мысалы, «Оғызнама» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз деп койған екен. Қазіргі қазақ халықтары балаларында Күнсұлу, Айсүлу, Жүлдыз, Шолпан деген аттар кеңінен колданылуда. Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш.Уэлихановтың жазғанына тоқталсақ: «Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астына белбеу буынады. Біз ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің ортасынан буамыз, ал күні, айы және жұлдыздары бар жер асты адамдарды белбеуді аяғына буалы».

Алғашқы дүниетанымдықта, адам өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастыра  отырып, өздерін ғарыштық күшпен жасағандығын мойындады. Кеңістік пен Уақытты жакындастырып, мифологиялық көзқараспен дамыды.


Информация о работе Дінтану негіздері