Діннің таралу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 23:08, реферат

Краткое описание

Діннің шығуы туралы. Әлемдік діндер. Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы – мейілінше аумақты, көп нәрселерді қамтитың кең ұғым. Жаратылыстан тыс бір кереметке сену (құдай, тәңір), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп түсініп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда, табиғатта жоқ қасиеттер бар деп түсініп, оларды кие тұту (фетшизм). Тотемге табыну – діннің ең ертедегі формаларының бірі. Алайда, оның арғы тегінде діндік ұғымнан гөрі, «нысандық» (нышандық) сипаты басымдау. Бұл сөз (тотем) – «төркінім» және «белгі» (нышан) деген мағаналарды беретін, үндіс тілінің дыбыстық аудармасы. Рулық қоғамда санасы толыспаған әлеумет әр тайпа өз алдына белгілі нәрседен пайда болған деген нанымды қалыптастырған. Сол «нысаналы нәрсенің» көбі хайуанаттар (аң, құс, балық …) болып келеді, одан қалса, өсімдік (мұнда аздаған басқа заттар да бар) болады. Әрбір тайпа өзінің тотемдік нәрселерін ерекше қорғап, басына көтере қадірлейді. Қазақ халқы арасындағы көне көз адамдардан бүгінде ағаш тотемнің құбылыстарын кезіктіруге болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДІННІҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДА АТҚАРАТЫН РӨЛІ.docx

— 34.17 Кб (Скачать документ)

ДІННІҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДА  АТҚАРАТЫН РӨЛІ

Діннің шығуы туралы. Әлемдік діндер. Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы – мейілінше аумақты, көп нәрселерді қамтитың кең ұғым. Жаратылыстан тыс бір кереметке сену (құдай, тәңір), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп түсініп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда, табиғатта жоқ қасиеттер бар деп түсініп, оларды кие тұту (фетшизм). Тотемге табыну – діннің ең ертедегі формаларының бірі. Алайда, оның арғы тегінде діндік ұғымнан гөрі, «нысандық» (нышандық) сипаты басымдау. Бұл сөз (тотем) – «төркінім» және «белгі» (нышан) деген мағаналарды беретін, үндіс тілінің дыбыстық аудармасы. Рулық қоғамда санасы толыспаған әлеумет әр тайпа өз алдына белгілі нәрседен пайда болған деген нанымды қалыптастырған. Сол «нысаналы нәрсенің» көбі хайуанаттар (аң, құс, балық …) болып келеді, одан қалса, өсімдік (мұнда аздаған басқа заттар да бар) болады. Әрбір тайпа өзінің тотемдік нәрселерін ерекше қорғап, басына көтере қадірлейді. Қазақ халқы арасындағы көне көз адамдардан бүгінде ағаш тотемнің құбылыстарын кезіктіруге болады. Осындай бір мифте: «Қазақ халқының ұғымындағы 18 мың ғаламды жаратушы «жасаған» бір «ғұмыр ағашын» егеді. Ағаш басындағы әрбір жапырақ тіршіліктегі бір адамның жанына, рухына «уәкілдік» етеді. Дүниеге бір адам келсе, бір жапырақ өніп шығады. Ал бір адам өлсе, бір жапырақ үзіліп жерге түседі. Үзілген жапырақ түсіп бара жатып, басқа бір жапыраққа соғылса, бұл жапырақ «уәкілдік еткен адам бір адамның өлгендігін естиді». Кейде, қазақ халқы: «орманаға сыйыну жөнінде, тәңірінің шапағаты ағашқа түсіп, ағашты биязы да сұлу бір қыз етіп жаратқан екен дейді. Енді бірде ағаш 9 бала туып, тоғызы тоғыз рулы ел болған екен» дегенді айтады. Қазақ халқынан өзге ұлттарда ағаш тотемінің құдірет-характері біртіндеп өзгеріске түсе бастаған. Біреулерінде жалпы қорғаушы ретінде қаралса, енді біреулерінде шаруашылықты, тіршілікті меңгеруші ретінде қаралады. Ал, қазақ халқында ағаш тотемі бұрынғы мәнін, ежелден келе жатқан рөлін жойған емес. Түрік тектес халықтардың барлығы да ортақ табынған киелі, тотем жануарлары әсем марал, көк бөрі, бүркіт екендігі бұрыннан белгілі. Көк түріктер мемлекетінің туында көк бөрінің, қият Шыңғысхан құрған монғол мемлекетінің байрағында сұңқардың суретінің болуы кездейсоқ емес. Байбөрі, (Алпамыс батырдың әкесі, Құртқа қасқыр деген сөз. Қобыландының зайыбы) секілді аттар қазақтың әдеби мұраларында көп кездеседі. «Моңғолдың құпия шежіресінде» түрік монғолдар өздерінің шығу тегін әсем Марал, Бөрте Шонадан таралғанбыз деп есептейді. Шона қасқыр деген сөз. Бұл әпсананы – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында Сарыбай досы Қарабайдың көңілін қимай буаз маралды атып, киелі аңның зауалына ұшыраған. Ол сол жерде дереу дүние салып, жалғыз ұлы Қозының тағдыр қасыретпен тамамдалатынын хиқая сюжеті айқындап, маңызын аша, әрлендіре түседі. Көшпенділер сол себепті де Ақмарал, Шона, Қасқырбай, Маралхан, Бүркіт секілді есімдерді көп қолданған. Осымен қатар, бұған ертеден қалыптасып қалған діни салт – сана, әдет-ғұрыптар (культ), мешіт, шіркеу сияқты діни мекемелер мен молда, қожа, бақсы, ишан, поп дейтін дін иелері, тарихи діндерде адамдар орындауға міндетті деп есептелетін моральдық, этикалық қағидалар жатады. Көне замандардан бастап-ақ небір ғұлама ойшылдар, көреген елбасылары бір отаға бірігіп, өмір сүрген адамдардың өзара жақсы қарым-қатынаста болуына және түсінікпен тіршілік етуіне кедергі болатын жәйттердің алдын алып отырған. Тыныштық, бейбітшілік үшін көп нәрселерге шек қоюға мәжбүр болған. Оны бұзғандарға түрлі жазалар белгіленген. Сонымен қатар, жаратушымыз мұндай бір ортаға бірігіп өмір сүруші адамдарға өзінің нағыз өміршең қағидаларын алға тартты. Оның аты бәрімізге аян – дін болатын. Дін – адам өміріне қажетті рухани байлықтарды реттеу үшін түрлі заңдар мен ереже – қағидалар белгіледі. Ислам дініндегі қағидалармен тәрбиленбеген адам біреуге жаманшылық тілемейді және міндетті адалдықпен орындайды. Осы орайда, Мұхаммед пайғамбардың мына сөзін әр уақытта жадымызда ұстаған жөн: «Өз нәпсіңіз қалаған нәрсені басқалар үшін қаламаған тұста және өзіңіз жаман көрген нәрселерді басқалар үшін де жаман деп білмеген тұста сіз нағыз иманды жан бола алмайсыз». Осылайша хазырет Мұхаммед пайғамбар өзі өмір сүрген қоғамын шапағаттықа шақыра отырып, өзі де оның нұрына бөленген. Осы орайда, жалпы адамзат өркениетіндегі әйгілі мәдени ошақтардың ұдай көшпелілер мекенімен жапсар өңірлерде дүниеге келіп отырғанын кездейсоқтық деуге болмас. Басқасын былай қойғанда, Зәрдеш (зороастризм), Будда (буддизм), Яхуда (иудаизм), Мұхаммед (ислам) бастаған әлемдік діндердің көшпелілер мекенімен шекаралас өңірлерде дүниеге келгенін қалайша кездейсоқтық деуге болар? Және, осынау әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің (Тенгирианство) өзекті қағидаларының арқау болғанын қайтерсіз? Ал, Тәңірлік дін дегеніміз, түптеп келгенде, уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным – түсінігі еді. Бұл орайда Тәңірдік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі болды, өмір салтына айналды. Үнді, Парсы, Ислам, Қытай, т.б. мәдениеттердің түркі халқының мәдениетіне әр түрлі жолмен іргелінді-кейінді ықпал етіп келгені белгілі. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын парсылар мен сақтар тайпалары түрлі мәдени байланыста болғаны ғылымда анықталған. «Парсының» Зороастр діні Қазақстан қалаларында VI – VII ғасырларда соғдырлар арқылы енеді. Алайда оның элементтері Оңтүстік Қазақстанда бұдан да көп бұрын сақ-массагет тайпалары кезінде-ақ қалыптаса бастаған болатын. Ал, қытай жазбаларында жыл санауымыздың ІІ ғасырында Будда діні қазақ халқының негізін құрушы үлкен рулардың бірі қаңлылар ішінде таралап қана қоймай, сонымен оны қаңлылардың монахтары қытайларға таратқаны туралы мәліметтер бар. Христиан дінінің де өте ерте кезден бастап түркілерге ықпал көрсеткендігі белгілі. Керей, Найман қатарлы қазақ тайпалары христиан дінін бір мезетте қабылдағандығы туралы парсы тарихшысы Рашид-Эддин өзінің «Жамихаттауарих» деген еңбегінде мол деректер жазады. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан да оны «Таңбалы тас жазуы» деген еңбегінде дәлелдейді. Шыңғыстау алыбы В.Бартольд те оны өз еңбегінде айтып Еуразияның көшпелілерінің соңғы тұяғы болып табылатын қазақтар күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінге уақытты беске бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. Осы дәстүр Сырдария бойында туған Зәрдеш діні арқылы Яхуда дініне ауысты, одан ислам дініндегі бес уақыт намаздың орнығуына себепші болды. Уақыт пен кеңістік туралы белгілі бір таным-түсінік қалыптастырмай тұрып, көшпелілер өмір салтына ойысу мүмкін емес еді. Бір жыл ішінде күн мен түннің теңелетін мерзімдерін білу, сол бір жылдың төрт маусымының ерекшеліктерімен санасу көшпелілер үшін өмір сүрудің қажеттілігі болған. Осы орайда, отырықшылардың негізінен жаз бен күзге тәуелді екенін айта кетуге болады. Күні бүгінге дейін қазақтар әрбір маусымды өз ішінде үшке бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе қыстың басы, қыстың ортасы, қыстың аяғы т.б. Осынау өмір салттың өзегінен бір жылды 12 айға бөлетін таным – түсініктің бастау тегі аңғарылады. Қазақ қауымы осы күнге дейін қалыптасып үлгерген өзінің рухани қазыналарын түгелдеп, бір жүйеге салып, оның шынайы құндылығын әлі анықтай қойған жоқ. Коммунистік идеологияның көлеңкесінде қалып қойған қазақ халқының іргелі дүниелерінің ішіндегі діни болмысымызға жаңаша мән беріп, оның бір тұтас жүйесін жасап шығару үлкен қоғамдық-ғылыми жетістік болар еді. Соңғы жылдары республикамызда ислам дінінің жанданып, мәдени-рухани өмірімізге ықпал етіп, тіпті саяси-әлуметтік мәселелерге араласа бастағаны белгілі. Осынау әрекет-тірліктеріміздің мәні неде? Мәселенің мәні – қоғамдық санадағы болмашы өзгерісінің ұлт тағдырына қарай ықпал ететінін бажайлап отыруда болса керек. Себебі, ұлттық болмысқа қоғамдық-әлеуметтік күштердің әсер ететінін, нендей үрдістердің күшейіп бара жатқанын тап басып біліп отыру арқылы және нақты әрекетке көшу арқалы ғана рухани шыңдалуға болатыны ақиқат. Діннің пайда болуы адам өмірінде, қоғамда болып жатқан әртүрлі өзгерістерден туындайтыны тарихи анықталған жай. Дін шыққан уақытынан бері қарай адамның бүкіл өмірінде реттеуші күшке айналуына көптеген тарихи деректер куә. Сонымен бірге, діннің қоғамдық сананың белсенді формасы ретінде сақталып отырғандығы да рас. Қазір дін көптеген жылдар бойы насихатталып келген адамгершілік ережелерінің әділетсіздіктің жетегінде кеткенін сынау үстінде күшейіп отыр. Өйткені, дін қоғам өмірінде жіберілген саяси экномикалық қателерге, рухани адасушылыққа жауапты емес. Дін тарихын тиянақты зерделеуші оны алдамшы деп бағалаудың қате пікір екендігін біледі. Діннің мәдени дамуының жемісі екендігін оның тарихи, танымды, психологиялық тамырлары шыққандығын мойындау қажет. Діни шешімдер адамдардың күнделікті өмір салтын, қоғамдық заңдарды ескере отырып уағыздалады. Ислам дінінің моральдық-этикалық нормалары және Қазақстандағы даму ерекшеліктері. Кез келген дін сияқты ислам діні де адам қоғамына тән моральдық-этикалық, кісілікті нормаларға сүйінген. Оған қоса, ислам діні өзі дүниеге келген ортаның сұранымымен үндесіп жатады. Ислам діні тек қана наным – сенім аясымен шектелмей, сол діндегі елдердің өмір салтына, моральдық-этикалық нормаларына, дәстүріне айналып отыр. Сондықтан біз бүгінгі таңда жер бетінде миллиардқа тарта адамның зейінін өзіне тартқан ислам дінін ең алдымен рухани құбылыс ретінде құрмет тұтамыс. Ал, қазақ халқының тарихында ислам дінінің толық дами алмағанына көшпенділік тұрмысының салты мен ғұрпы кедергі болса керек. Қазақ исламы, қазақ мұсылманшылдығы догмалық исламнан әлде қайда өзгеше, тұрмыс ауқымынан алысқа бармайтын діни наным. Егер халқымыздың барша өмір салты ғылыми зерде сүзгісімен өтер болса, қазақ халқының тарихи-әлеуметтік болмысында ислам дінінен әлдеқайда басым екеніне көзіміз жетер еді. Тәңірлік дін әлі түбегейлі зерттеліп, адам қоғамындағы орны жете анықталған жоқ. Біздегі «бақсылық» деп аталған шамандық та түптен келгенде тәңірлік діннің бір тарау көрінісі ғана. Қазақ халқының өмір салты мен дүние танымында, басқа тіршілік – тынысымыздың баршасы тәңірлік дінмен қойындасып жатыр. Адам баласының туғаннан өлгенге дейінгі қазақ қоғамындағы тіршілігінің бәрінде ислам дінінің нышаны өте аз. Дәстүрлі наным-сеніміміз бойынша халқымыз не аспан-көкті, не айды, не отты, не жерді, не суды, не әрбір құбылыс пен заттың пірлерін кие тұтып, соған сәйкес жөн-жоалығы мен ырымын жасаған. Дүниеге келген нәрестенің жататын орнын отпен аластаудан бастап, дүниеден өткен адамға ас беруге дейінгі жөн-жоралығының баршасы тәңірлік наным-сеніммен астасып жатыр. Сондықтан да саналы тіршілік иесінің табиғи аяқталуы болып саналатын адам өлімін дін мен ілім жан-жақты қарастырып келді. Мәселен, ертедегі египеттіктер адамның пәнилік ғұмырын, бар болғаны бақилық ғұмырға барар алдындағы дайындық қана деп ұққан. Олардың өліп қалған перғауындарға көбірек құлшылық етіп, оларға арнап алып пирамидалар салып, денелерін бұзылмайтындай бальзамдаулары сондықтан. Ал, ертедегі жапондықтар адам өлгеннен кейін оның жаны ұрпақтарының жанына кіріп, әрі қарай өмір сүре береді деп сенген … Сондай-ақ буддизм, зороастризм, иудаизм және басқа діни ілімдер де өлім табиғитын өздерінше түсіндіріп бағады. Бірақ бұл діни ілімдердің бәрі де бір мәселеде - өлімді қорқынышты, жат құбылыс етіп көрсетуде бір –бірімен үндес болып келеді. Ал, өлімді заңды табиғи құбылыс деп пікір айтқан Сократ, Платон, Аристотель ілімі болғаны аян. Бұл ілім бойынша, өлім деген – тәннен жанның бөліміп шығуы. Яғни, тән ғана өледі, ал жан мәңгілік. Сократтың, Платон мен Арестотельдің өлімнің аса зор қайғылы ауыр қасіретін жеңілдететін осы ілімін данышпан Абай қатты сезініп, терең ұғынған. Сондықтан да ол: Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі, «Мені» мен «менікінің» мағанасы – екі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі. Мінеки, өлеңнің бүкіл тұла бойы ақыл мен жан (мен) өлмейді, тән (менікі) ғана өледі деп тұр ғой. Абайдың осы төрт жол өлеңі Сократ, Платон, Аристотель ілімдерінің алтын арқауымен жалғасып жатқан жоқ па? Абай ұғымынша, адам баласы өлімнен үрейі ұшып қарықпау керек, өлім деген де өмір сияқты заңды құбылыс. Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ. Ертең өзің қандайсың, білемісің, өлмек үшін туғансың, ойла шырақ. Сондықтан да Абай «тұла бойы ұят пен ар», «жасқа жас, ойға кәрі» сүйікті ұлы Әбдірахман өлген кезде жазған бірнеше өлеңін «сабырлық қылсақ керек-ті» деп туған-туыстары мен өзіне басу айтып аяқтайды. Сондықтан да Абай өзінің ең жақсы көретін інісі Оспан өлгенде «жан біткенге жалынбай, жақсы өліпсің, апырмай» дейді. Егер Абай өлім табиғитын соншалықты терең түсінбесе, жас кеткен өзінің ең жақсы көретін інісіне «жақсы өліпсің, апырмай» деп айтар ма еді? Тіпті, керек десеңіз, Абай өлімді адам баласын зорлық пен зомбылықтан, қорлықтан құтқарушы деп ұғады. Мен – мақтанның құлы емес, Шын ақылға зорлық жоқ. Антұрған көп пұл емес, Өлім бар да қорлық жоқ. Өлім бар да қорлық жоқ. Бұл – Сократ, Платон, Аристотель философиясының Абай арқылы одан әрі тереңдеуі. Жаңа мәнінің тосын мағынаға ие болуы. Жалпы Абайды дүниетанымдық көзқарасы жағынан исламды насихаттаушы деп атауға болады. Басты көзқарасы қарапайым; алла – дүниені жаратушы, адамды жасаушы, ол имандылықтың негізі. Абай исламды қазақ халқын имандылыққа тәрбиелеу құралына айналдырмақшы болды. Ол өз туыстарын адам өмірінің бағасын оның рухани дүниесінің қасиетінен көре білу керек дейді. (6 – сөзі). Зороастризмде айтылатын өлімді жауыздықтың түрі деп есептеу шаманды тұтынған халықтар аңыздарындағы өлімнен қашу түрінде көрсетіледі. Мысалы, Қорқыттың өлімнен қашу туралы аңызы. Күлтегін ескерткіштерінде Отан туралы салтанатты сөздер, «түркілер суы» туралы, «шындық жолы» туралы сөздер бар. Олардың тегі, - сөз жоқ, зороастралық. Тәңірлік-зороастралық ұғымдар біздің дәстүрімізде, әдет-ғұрпымызда, сенімдерімізде, түсті жоруларымызда сақталған. Қазақстанда ислам діні мен шамандықтың араласып келуі мен тәңірін алламен, жер рухын шайтан, аруақ, әулиелермен, Әзірейл, Жебрейілдерді шамандық өліммен ұқсастырудан көрніс тапқан. Ертеден келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сананың қайнар көзі, қазіргі біз шамандық – ескі наным деп атап жүрген, кезінде бүкіл халық табынған дін еді. Ислам діні арадан ғасыр өткенде республикада қайта жанданса, біздің ұлттық мәдениетімізбен қай тұрғыда тіл табысады деген мәселе туады. Соңғы жылдары Наурыз мерекесі аталып өте бастады. Көк жүзін тәңірі тұта телміріп, ондағы аспан денелерін өмір тіршілігінің бағдаршысы ете білген көшпенділер күн менен түннің теңесер сәтін алдымен болжауы заңды еді. Ислам діні белең алған заманда «наурыз» сөзінің парсылардан ауысқаны болмаса, бұл мереке қазақ арасында «ұлыстың ұлы күні» деп аталады. Демек, Мұхаммед пайғамбар дүниеге келмей тұрғанда тойлана бастаған осы тарихи мәдени айғағымызды ислам дінінің нәтижесі деуімізге болмайды. Неғұрлым тереңнен тамыр алатын қазыналарға сенетін болсақ, болашақта ұлттың мықтылығы мен өміршеңдігі солғұрлым анық көрінетін болады. Қазіргі кезде қазақ зиялы өкілдерінің бір тобы «қазаққа жаңа дін керек» деп жүр. Қолдан құдай жасап, немесе алыстан келер әлдеқандай миссияны күтетін дәуір өткен сияқты. Бұрынғы Кеңес Одағында ресми идеология ислам дінін жоққа шығарса, соңғы жылдары орын алған оқиғалар мұсылман дінінің дүние жүзінде аса ықпалды күш екенін көрсетті. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай – «Қазақстан халқының 60 процентінен астамы мұсылман дінін ұстанатыны белгілі. Мұны біз ескеруіміз керек. Кеңес үкіметі кезінде біздің рухани, діни мұрамыздан аулақтатқысы келді. Көп ретте солай болды да. Сондықтан қазақтар үшін, республика халқының мұсылмандық бөлігі үшін рухани, мәдени қазыналарға қайтып оралу маңызды дүние болып саналады. Сондықтан біз исламды өмірге қайта келтірдік деп қунышымыз қойнымызға сыймай жүр. Ал, ойлап қарасақ, исламға дейін де қазақ халқы өмір сүрген, өзіндік рухани байлықтарға ие болған. Қазақ аруаққа сенген, отқа сыйынған, тәңірге бағынған. Иә, даланың өз дүниетанымы, өзіндік қайталанбас әлеуметтік тәжірибесі болған емес пе … Тәңір, Жасаған ием. Осы шексіз де шетсіз ұғымдардың мазмұны мен мәніне тоқалмай – ақ қоялық. Олар қазақтың ұлттық санасынан ешқашан сарқылар емес. Рас, анилизм (қазақта ол ата-баба аруағына табыну) әлемдік діндердің әлдеқайда төменгі сатыда, әрі олармен бәсекелесе де алмайды. Бірақ ол халықтың тұрмысында әлуметтік қатынастарында мәңгі қалыптасып қалды. Әруаққа сыйыну, оны қастерлеу қазақ үшін имандылық жолы. Бәлкім, бұл жаңа ұлттық идеологияның қарапайым бір элементі ретінде бағаланар. Алайда мұндайда неғұрлым тереңнен тамыр алатын қазыналарға сенетін болсақ, болашақта ұлттың мықтылығы мен өміршеңдігі соғұрлым анық көрніс беретін болады. Сондықтан осындай қиын-қыстау кезеңдерде қазіргі толық қалытасқан халықтың дәстүрлі қазыналарына, әдет-ғұрып мен салт-санасына, діні мен өркениетіне, әлеуметтік тәжірбиесі мен әлеуметтік қатынастарына сүйену қажет. Ислам қазір қазақ жерінде екі бағыттағы қазметімен көрінеді. Бірінші – мәдени-ағартушылық, екіншісі – саяси-әлеуметтік. Бірінші бағыт: халықты жалпы мұсылмандыққа насихаттау, халық дәстүрлерімен ұштасқан исламның рухани мәнін түсіндіру. Екінші бағыт: саясаттанған ислам. Бірақ исламның саяси мақсаттары және оған жетудің әдіс-тәсілдерін қазақ қауымы қолдамайды. Әрине, отаршылықтың шеңберінен босаған қазақ үшін өзінің Орта Азия аймағындағы тегі бір туыстарымен тіл табысып, бір тұтас өмір кешуіне себеп болатын аса маңызды фактор – мұсылман діні. Осындай қиын-қыстау кезінде осыларға сүйену ешқандай көптік етпесе керек. Сонымен бірге, ислам дініне бой ұсынуымыз дәстүрлі мәдениетіміз бен дүние танамымызды ығыстырып, схоластика мен мистиканың бел алуына ұрындырғанынан сақтануымыз керек. Сөйте тұра, республикамызда мешіттер болғанын, медреселердің ашылғанын қалаймыз. Өйткені, ислам дінінің де исламдыққа, сауапшылыққа, биік адамгершілікке насихаттайтын ықпалы қасиетін, сонымен бірге ұлтаралық ынтымаққа дәнекер бола алатын қасиетін мейлінше икемділікпен бүгінгі өмірімізге жарата білуіміз қажет. Сонда ғана ұлттық рухты, этникалық ерекшелік пен рухани қазыналар жүйесін сақтап қалуға, оны келесі тарихи кезеңдерге өркендетуге мүмкіндіктер туады. Қоғам дамуындағы дағдарыс әлеуметтік саланың барлық буындарына дін әсерінің күшеюін жылдамдатады. Бұл – тарихта талай рет орын алған құбылыс. Егер саясаткерлер сол дағдарыстан шығу жолын таба алмай, әлсіздігін дін арқылы демегісі келсе, дін мемлекеттік идеологияға айналады. Қазақ ұлты исламға толық орнықпағанын және тез қабылдағыштығын ескерсек, біз бұл салаға көңіл бөлуге тиістіміз. Ендеше, тұрмыстық деңгейде болсын қазақтар исламға көңіл бөлгені жөн. Бір ұлттың бірнеше дінге бас ұруының салдарын тек өзге елдің тәжірбиесінен көрсек деймін. 


Информация о работе Діннің таралу тарихы