Дін әлеуметтануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 14:10, реферат

Краткое описание

1.Қоғамдық өмірдегі дін және діннің құрылымы.
2. Діншілдік типологиясы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дін.docx

— 36.22 Кб (Скачать документ)

Мұндай көзқарас былай деп ұйғарады: біріншіден діннің қызметі кез келген әлеуметтік әрекет белгілі бір құндылықтарға бағыт ұстанған субъективті ойдан өткізетін әрекет болып табылады деген негізгі фактілермен арақатынасы белгіленуі керек. "Қоғам” ұғымы қатаң социологиялық мағынада топ мүшелері мен топтар арасындағы көп бейнелі әлеуметтік қатынастардың етене араласып кеткенін білдіреді. Бұл қатынастардың күрделілігі дін мен мәдениеттің әрекеттесуінде көрінеді. Егер Вебермен келісе отырып қоғамды индивидтердің әлеуметтік әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда ол олардың әрекетінің аумағы мен өнімі ретінде елестетіледі. Индивид әрекетті бастама ретінде көреді, әрекеттілік оның тарапынан келіп шығады. Мәдениет болса, мәжбүрлі түрде әрекет етушіні реттеу нормалары ретінде өмір саласының қалыптасып қалған амалдарын белгілейді, ол индивидке сырттан берілгендей болады. Осы тұрғыда дін, адамның әрекеті және әлеуметтік феномен болады. Яғни, қоғамның өмірлік әрекетінің туындысы, одан кейін адамға сырттан берілген және міндетті түрдегі қарсы тұратын секілді. Дін бұл тұрғыда мәдениет түсінігімен арақатынасын белгілейді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде "дін және қоғам” мәселесі көбінесе "дін мен мәдениеттің” бір бөлігі болып табылады.

 


Информация о работе Дін әлеуметтануы