Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 23:00, реферат
Автоматы түрде реттеу дегеніміз адамның тікелей қатысуынсыз агрегаттың жұмысын немесе процесстің берілген режимін демеу. Автоматы түрде реттеу кезінде Адам рөлі проэкциялаумен, монтажбен, жүйені реттеумен және де оның іс-әрекетін бақылаумен шектеледі. Адам автоматтандырылған реттеу кезінде тікелей процесті басқарудан босайды және бұл бөліктегі оның функцияларын автоматтандырылған реттегіштер деп аталатын арнайы қондырғылар іске асырады.
Автоматы түрде реттеу ескі технологиялық процестерді түбегейлі түрде жетілдіріп және қарқындатып қана қоймай, сонымен қатар қолмен реттеу кезінде мүмкін болмаған, жаңа процестерді іске асыруға мүмкіндік берді.
Технология процестерін автоматтандыру
Автоматы түрде реттеу дегеніміз адамның
тікелей қатысуынсыз агрегаттың жұмысын
немесе процесстің берілген режимін демеу.
Автоматы түрде реттеу кезінде Адам рөлі
проэкциялаумен, монтажбен, жүйені реттеумен
және де оның іс-әрекетін бақылаумен шектеледі.
Адам автоматтандырылған реттеу кезінде
тікелей процесті басқарудан босайды
және бұл бөліктегі оның функцияларын
автоматтандырылған реттегіштер деп аталатын
арнайы қондырғылар іске асырады.
Автоматы түрде реттеу ескі технологиялық
процестерді түбегейлі түрде жетілдіріп
және қарқындатып қана қоймай, сонымен
қатар қолмен реттеу кезінде мүмкін болмаған,
жаңа процестерді іске асыруға мүмкіндік
берді.
Бұл реттеу түрі адам еңбегін жеңілдетіп,
оның өнімділігін арттырады және денсаулыққа
қауіпсіз болады.
Өндірісті автоматтандыру адамның өндірістік
процестерді басқару функцияларын тікелей
орындаудан босап, бұл фукциялардың арнайы
қондырғыларға берілуімен сипатталатын
машина өндірісінің жаңа кезеңі.
Реттеу параметрі деп агрегат жұмысын
немесе технологиялық процесс жүрісін
анықтайтын физикалық-химиялық немесе
басқа айнымалыларды айтамыз.
Автоматтандырылған реттегіш деп реттеу
процесін іске асыратын қондырғылар шоғырын
атайды.
Технологиялық режимді басқарудың мәселесі
жекеленген технологиялық параметрлердің
(су шығыны, температурасы, қысымы) автоматтанған
реттеудің жергілікті жүйесінің (САР)
көмегімен шешіледі.
Реттеу объектісі – бұл, анықталушы параметрін
тұрақты түрде қолдауды немесе белгіленген
заң бойынша өзгертіп отыруды қажет ететін
технологиялық агрегат.
Тапсырушы жабдық жүйенің кіруіне басқарушы
(тапсырушы) әсер етеді. Басқарушы әсер
тұрақты тапсырылған шама болуы мүмкін
немесе белгіленген заң бойынша қолданылуы
мүмкін, егер бұл заң бойынша реттелетін
шама қолданылатын болса.
Өлшегіш жабдықтың көмегімен өлшенген
реттелетін шаманың нақты мәні ауытқушы
ықпалының берілген мәнімен салыстырылатын
салыстыру элементіне түседі. Реттелетін
шама өзінің берілген мәнінен ауытқиды
да, қате пайда болады. Келісілген дабыл
күшейткіш арқылы күшейеді де, жаңарту
элементіне келіп түседі. Жаңартылған
дабыл объектіге реттеуші ықпал ете отырып,
өз кезегінде заттың немесе энергияның
құйылуын өзгертетін реттеуші органды
қозғалысқа келтіретін атқарушы механизмге
барады. Соның нәтижесінде бұзылған тепе-теңдік
қалпына келеді де, реттелетін шама берілген
мәніне қайта оралады.
Автоматтандыруға ұсату, ұнтақтау, флотация,
фильтрлеу, қойылдыру және құрғатып, кептіру
үрдістерін жатқызуға болады.
Ұнтақтау үрдісі кен түйіршіктерін тиісті
мөлшерге дейін ұнтақтап, ашылуын қамтамасыз
етеді. Бірақ ұнтақтау барысында кеннің
ірілігі тиісті деңгейде сақталғаны жөн,
себебі қатты ұнтақталған кен флотациялауды
қиындатады. Кенді ұнтақтау үрдісі МШР
3,6×5,0 шарлы диірменінде және ГЦ-500 гидроциклондарында
іске асырылады. Осындай күрделі объектіні
басқару үшін автоматтанған бақылауды,
нақты дәрежеде кіретін және шығатын материалдық,
энергетикалық ағыстарды тұрақтандыруды
қамтамасыз ету қажет. Автоматты бақылауға
жататын негізгі параметрлер төмендегідей:
- кеннің шығыны;
- диірменнің сумен қамтылуы;
- пульпаның тығыздығы;
- диірмен подшипниктерінің температурасы;
- зумпфтағы судың деңгейі.
Диірменді кенмен толтыру кеннің көлемін
тұрақтандыру арқылы жүзеге асырылады.
Конвейер таразыларынан келіп түскен
сигнал питатель қозғалқышынынң жылдамдығын
реттейді. Сонымен қоса су шығыны арқылы
Қз:С қатынасымен реттеледі.
Фабрикаларда жаппай электр есептеуіш
машиналарын, соның ішінде тікелей сандық
басқару (НЦУ) автаматтандыру жүйесін
еңгізуде. Себебі осы басқару құралдары
аналогтіге қарағанда сенімділігі жоғары,
әрі шығыны салыстырмалы түрде аз және
басқару тиімділігі жоғарылайды.
Кен бункерден конвейерге түседі, конвейерде
кен шығынын өлшеуіш (1а) орналасқан, шығын
өлшегіштен шыққан сигнал түрлендірушіге
(1б) беріліп, ары қарай көрсететін және
тіркейтін аспапқа (1в), одан тапсырма берушіге
(1д) қосылған реттеуішке (1г) өтеді, сигнал
түрлендіргіштен (1е) өтіп конвейер қозғалтқышына
әсер етеді.
Су шығынын реттеу мақсатында құбырға
орналасқан алғашқы шығынын өлшейтін
түрлендірушіден (2а) келген сигнал түрлендірушіге
(2б) беріліп, ары қарай көрсететін және
тіркейтін аспапқа (2в), одан тапсырма берушіге
(2д) қосылған реттеуішке (2г) өтеді, сигнал
түрлендіргіштен (2е) өтіп атқарушы механизмге
(2ж) әсер етеді, атқарушы механизм су шығынын
реттейді.
Зумпфтағы пульпаның деңгейін реттеу
үшін зумпф бетінде орналасқан алғашқы
деңгей өлшейтін алғашқы түрлендірушіден
(3а) келген сигнал түрлендірушіге (3б) беріліп,
ары қарай көрсететін және тіркейтін аспапқа
(3в), одан реттеуішке (3г) өтеді, сигнал
автомат немесе қолмен ажырататын (3д)
аспап арқылы күштік реттеуіш жетекке
беріледі (3е) өтіп насосты іске қосады.
Гидроциклоннан шыққан құбырға орналасқан
алғашқы түрлендіруші аспап (4а) сигналы
пульпаның тығыздығын өлшеп, түрлендірушіге
(4б) береді, ары қарай көрсететін және
тіркейтін аспапқа (4в), реттегіштен (4г)
өтіп, контактісіз іске қосушынымен (4д)
атқарушы механизмге (4е) әсер етеді, атқарушы
механизм су шығынын реттейді. Подшипниктер
температурасын өлшейтін алғашқы түрлендіргіштен
(5а, 5б) сигнал дабыл қағатын аспапқа (5в)
беріледі, мөлшерден асса шам жанады.
Осылайша, автоматтантдыру жүйесі мыналарды
қамтамасыз етуі тиіс:
- зумпфтағы судың тұрақты деңгейін қолдау;
- диірмен подшипниктерінің температурасы
мүмкін емес жоғарылауын бақылау және
дабыл беру;
- кеннің шығыны тұрақты түрде ұстау немесе
реттеу;
- диірменнің сумен қамтылуы бақылау және
реттеу;
- пульпаның тұрақты тығыздығын қамтамасыз
ету.
Осы таңдалған автоматтандыру шаралары
заманауи фабрикаларда қарапайымдылығына
әрі аз шығындарына байланысты жиі қолданылады.
Реттеуіш әр түрлі машиналар мен қондырғыларда
берілген сипаттамаларды автоматты түрде
тұрақты ұстауға немесе оларды белгілі
заңдылық бойынша өзгертуге арналған
құрылғы (не құрылғылар жиынтығы). Пайдалану
мақсатына сәйкес Реттеуіштер: қысым, температур