Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 13:26, реферат
Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту. Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін
қалыптастыру. Мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа.
Шаттық шеңбері: -Балалар, барлығымыз ортаға шығып, «жақсылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтерінкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізейік:
- Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың, мейірімдісің, өте ұқыпты баласың, еңбекқорсың, ақкөңілсің, жақсы оқитын оқушысың.
- Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жүректеріңнен шыққан жылы тілектеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.
1 сынып -өзін-өзі тану сабағы
Тақырыбы: Жылы жүрек, жылы тілек.
Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту. Жақсы
қалыптастыру. Мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа.
Шаттық шеңбері: -Балалар, барлығымыз ортаға шығып, «жақсылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтерінкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізейік:
Ал, балалар, енді мына өлеңді бірге қайталайық:
Қуанамын мен де, ( өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де ( жаңындағы досын көрсетеді)
Қуанайық, достарым, (бір-бірінің қолдарынан ұстайды)
Арайлап атқан күнге! ( қолдарын жоғары көтереді)
Тыныштық сәті:
-Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей жақсы тілектер тілейік.
Ризашылық әнін орындау.
Ризаміз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризаміз бүгінге,
Ризаміз қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!
Әңгімелеу.
Адамның мейірімділігі оның жылы жүрегі мен жақсы ойларынан танылатындығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады. Мұғалім әңгімелеп береді.
Неше мен Айша.
Бар екен де жоқ екен. Ертеде бір патшаның Неше, Айша есімді қыздары болыпты. Патша қыздырын жақсы көріп, қолынан келгенінше олардың бір дегенін екі етпейді екен. Неше мен Айша өсе келе мінездері өзгере бастапты. Неше қаншалықты көңілді болса, Айша соншалықты көңілсіз болыпты. Әр нәрсені, өзіне дерт етіп жылап: « Мені ешкім жақсы көрмейді. Барлығыңыз Нешені жақсы көресіздер» деп мұңын шағады екен. Патша Айшаның бұл мінезінен айырылу үшін, жан-жақты ақылды адамдарбы шақырып ақыл сұрапты. Бірақ ешқайсысы Айшаны күлдіре алмапты. Соңында патша сарайдағыларға:
« Бұдан
былай Айша мен Нешеге бірдей қарайтын
болыңдар » деп әмір беріпті. Патшаның
бұл бұйрығына кім қарсы
Патша қуаныпты. Сол күннен бастапсаяхатшы Неше мен Айшаны жасырын аңди бастапты. Қараса, екеуі де жаипай тұрып, жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып, тұрады екен. Саяхатшы бір түні Неше мен Айша ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыпты. Неше өзіне жасаған жақсылықтырды жазса, Айша өзіне жасалған әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы Нешеден рұқсат сұрап алып, дәптерін Айшаның жастығының астына қойыпты. Таң атысымен Айша жастықтың астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдадағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан Айша жазылғандарды жатырқамапты. Өзіне жасалған жақсылықтарды есіне түсірісімен жүзі күліп, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша Айшаның ән салғаның
естіп, өз құлағына өзі
Сол күннен бастап Айша да Неше сияқты мейірімді, бақытты болыпты.
Әңгімелесу.
Айшаның көңілсіз,Нешенің көңілді жүруінің себебі неде?
Нешенің күнделігінде қандай сөздер болуы мүмкін?
« Өмір – айна » дегенді қалай түсінесіңдер?
Сендер кімдердің жақсы
Дәйексөз. « Жақсы сөз – жан семіртер»
Дәйексөз. « Қайырымдылық – жылы жүректен»
Қиналған, сырқаттанған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол үшін беру, жәрдем ету, жанашарлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді. Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық қайырымдылық болып табылады.
Тақтаға назар аударыңдар. Сендер екі жүректің суреттерін көріп тұрсыңдар. Бір жүрек қара түсті, ал екінші қызыл түсті. Балалар, мына жүрек неге қара түсті. Кім өз ойын айтып береді. Ал екінші жүрек – қызыл , яғни жүректің жылуы мол.
Жүрек жылуы.
Жер бетіндегі ең әдемі сөз – Ана. Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды. Біздің анамыздың ақ сүтін қадірлеп, еңбегін ұмытпауымыз керек. Ана әрқашан балам таза жүрсін деп, кір көйлек кигізбейді.
« Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы жылы!» - дегендей, барлық үйдің жылуы – ана емес пе? Бізге ананың аясы, мейрімі қажет. Ананы сыйлап, сүйіспеншілігіміз зор болса, ол әрқашан қуанып жүреді.
Ана.
« Арайлы таңың атты»,- деп,
Жүректен айтар ақ тілек.
Күлімдеп саған, қашанда
Тұратын бақыт, бақ тілеп,
Анадан арық жан бар ма?
Ата ақылы.
-Жата бермей еркелеп,
Тұр азанда ертерек.
Ата-анаңд сыйлағын,
Төсегіңді жинағын.
Қажет емес аптығу,
Жаса түрлі жаттығу.
Тырыса біл намысқа,
Киімді таза ұста.
Тұзу отыр партада,
Салмақ салма арқаға.
Салақтардан жиренгін,
Ұқыптыдан үйренгін,-
Атам айтқан ақылды
Көкейіме түйгенмін.
Сәби тілеуі.
Күн дегенім – Анам,
Ай дегенім- Атам.
Амандығын олардың,
Күнде тілеп жатамын.
Шығармашылық , топтық жұмыс. Аналарға сыйлық жасау.
Ана
Біздің өміріміздегі ардақты, аяулы адам – ол біздің анамыз. Адам өмірге келгенде ең бірінші ананың құшағына еніп, ана сүтінен нәр алады. Ана өз баласы үшін тәтті ұйқысын бөліп, бар жан-тәнімен баласын қорғаштайды. Егер маған « бұл өмірде ең ыстық, ең жұмсақ, ең тәтті не?» десе, мен « ең ыстық – ана құшағы, ең жұмсақ – ана алақаны, ең тәтті- ана сүті», дер едім.
Ән айту. « Әрқашан күн сөнбесін»