Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2015 в 23:38, реферат
1. Жеткеншектер кезеңі.
2. Жеткіншек пен ересек арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
3. Жеткіншек пен ересек арасындағы талас-тартыс, оның себептері.
4. Жасөспіріммен тұлғааралық қарым-қатынас орнатуда ұсынылатын кеңестер.
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Бұл талаптар орындалмауымен байланысты жеткіншектерде мінез акцентуациясының көптеген түрлері орын алады. Мінездің акцентуациясы дегеніміз мінездің жеке көріністерінің күшейтіп, норманың шегіне шығу нәтижесі. Адамға мінездеме бергенде оның не істегенін ғана айтып қоймай жұмысының сапасын, басқа адамдармен қарым-қатынасын ерекше көрсетеді. (қалай орындағаны үлкен роль атқарады). Біреулер жалқау, ұяң, бірақ сиысымды, көпшілікті сыйлайды, ізеттілік көрсетеді. Ал біреулер іскер, қатал, тілектестік білдіреді, бірақ жұмысты сапалы орындауды талап етеді. Үшіншілер аз нәрсені шала істеп оны жұртқа түгел мәліметтеп шығады, басқалардың табысын көре алмайды, ашушаң, ызақор, сыйымсыз болады.
Жеткіншектермен қарым-қатынас жасауда кездесетін қиыншылықтар осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен байланысты: қозудың жоғары болуы, нерв жүйесінің тұрақсыздығы, организмде болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы, талап дәрежесінің, өзін-өзі бағалауының жоғары болуы, өзіне сенімділігін т.б.
Жеткіншектердің бір-бірімен қарым-қатынасында мына жағдайлар дамиды:
- идентификация (ұқсату);
- бір-бірін түсіну қабілеті;
- бір-біріне қажет екендігін сезіну.
Бір-бірімен қарым-қатынас орнату келесі қажеттіліктерді жүзеге асыруға ықпал етеді:
- өзін таныта білу (ересектер өміріне қатынасып сезіну, өзіне сенімділігі);
- өзімен-өзі қатынас орнату (нақты «мен» және қиялдағы «мен»);
- жауапкершілік;
- сезімді қорғаныс.
Жеткіншектердің өз құрдастарымен қарым-қатынас жасау мотивтері де өзгереді:
- 4
сыныпта өз құрдастарымен
- 5-6
сыныптарда қарым-қатынас
- 7-8
сыныптарда негізгі мотив
Жеткіншектер мына жағдайларды меңгереді:
- 5-6
сыныптағы жеткіншектер –
- 7-8 сыныптағы жеткіншектер - кішілерге қамқорлық жасау, ілтипаттылық, лидер болуға ұмтылыс.
Жеткіншектер сенімді қарым-қатынасты мұқтажданады, содан кейбір қыздар күнделік арнай бастайды. Зертеулерге қарағанда, күнделік жазу стрессті түсіруге ықпал етеді, эмоциялық дискомфорттан құтылуға көмектеседі.
Жеткіншек жасындағы жаңа құрылым бұл өзін-өзі бағалауы. Адамның өз дене күшін, ақыл-ой қабілетін, іс-әрекет мотивтері мен мақсатын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын сезінуі өзін-дік бағалау арқылы жүзеге асырылады. Өзіндік бағалаудың ерекшелігі көптеген сезімдердің ерекшеліктеріне, жеке тұлғаны тәрбиелеу қарым-қатынасы мен талаптану деңгейіне тәуелді.
Ересектер жеткіншектерді мына жағдайларға үйретулері қажет:
- өзін-өзі
тәрбиелеу мақсатына байла-
- өзбетінше мақсатты тұжырымдап, оны шешу жолын елестету;
- нақты жағдайларда мақсатты түсі-ніп, сезе білу;
- перспективті
мақсаттардың жүйелі-лігін
- мақсат қойғанда оған жету дәре-жесін ескеру;
- мақсатты жүзеге асыруда, тәсілдер мен жолдарды таңдай білу;
- мақсатқа
жетуде кездесетін қиын-
Мақсатты қоюдағы осындай епті-ліктер жеткіншектердің ерікті әрекетін дұрыс бағытта дамытады.
Өте жиі ата-аналар жеткіншектер тарапынан дөрекілікті көреді. Дөрекілік ата-аналардың ойланбай қойған талап-тарынан шығады:
а) жеткіншектің қызығуы мен ынтасы ескерілмейді (мысалы, бала бір нәрсені құрастырып жасады, ол балаға өте маңыз-ды. Ал, ата-ана жасалған іс-әрекетті ақыл-сыздық деп, балаға маңызды, қажетті іс-әрекетпен айналысуды ұсынады).
ә) ата-ананың жеткіншектен тез арада іс-әрекетті орындауын талап етуі (қандай да болмасын іс-әрекетті орындау үшін адам соған алдын-ала икемделуі қажет. Ең дұ-рысы, жеткіншектің қай тапсырманы бас-тап орындау қажет екендігін өзі анықтап алуы).
б) құрбы-құрдастарының көзінше нұсқаудың берілуі (мысалы, шарфты байла, әйтпесе ауырып қаласың!).
в) баланы мазақтау, келеке ету.
г) ата-ананың баладан үзілді-кесілді тапсырманы орындауын талап етуі (оның есейіп қалағанын ескермеу).
д) баланың намысына тисетін сөздерді қолдану, жеткіншекте қорғаныс реакциясы пайда болады (баланың дөрекі түрде сөз қайтаруы).
Қорыта айтқанда, баланың өсіп жетілуінде жеткіншек жасының алатын орны ерекше. Осы жас кезеңінде балаларға арнайы көңіл бөлу қажет. Өйткені осы жеткіншек жас шағында бала ағзасында жүретін күрделі өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертеді.
Жасөспіріммен тұлғааралық қарым-қатынас орнатуда ұсынылатын кеңестер:
1.Шыдамдылық танытыңыздар.
Балаға әр уақытта қолдау көрсетіп, шыдамдылық, сабырлық танытыңыз. Егер ұрса берсеңіз, араларыңыздағы сенімділіктің жоғалатынын ұмытпағаныз абзал.
2.Сенімділік қарым-қатынасын орнату
Сенімділік таныту – жасөспіріммен қарым – қатынастағы ең маңызды аспект. Бала жасөспірім шақта ата- анасынан алшақтай түседі. Оның өз сырлары, жеке істері пайда болуы мүмкін. Ол оған ересектерді араластырмайды. Балаңыздың есейіп келе жатқанын ұмытпаңыз. Оның өз өміріне құқығы бар екенін естен шығармаңыз.
3.Эмоцияңызға еркіндік бермеңіз.
Сіздің балаларға әсерініз, ықпалыңыз көбінесе өз көңіл - күйінізге байланысты болады. Сондықтан ашуланбай, өзіңізге қолға ашып, сабырлықпен тыңдаңыз.
4.Себебін анықтамай жатып, қатты ұрыспаңыз
Мінез – құлықтағы өзгерістердің өз алдына себептері болады. Сондықтан әрбір әрекеттің түрткісін анықтап, себебін біліп алған жөн.
5.Өз әрекеттеріңізді қадағалап, тұрақтылық танытыңыз.Егер мақсатқа қол жеткіземін десеңіз, әрекеттеріңізде ретттелік, тұрақтылық танытыңыз. Уәделеріңізге берік болыңыз.
6.Баланың өз бетімен өзгеруіне қызықтырыңыз.
Өзінің жақсы жаққа өзгеруіне қызығушылық білдірген балаға ғана көмектесуге болады. Сонда ғана ол өзіне осындай мүмкіндік беретін адамдармен ғана қарым- қатына жасалады.
7. Мәмілеге (компромис) келуге дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз
Әрбір өзгерістің қуаныш әкелетінін естен шығармаған жөн. Шешім қабылдағанда оның да пікірін ескерту қажет.
8.Мадақтау және жазалау жасалған әрекетіне сай болуы керек
Егер себепсіз жаза қолдансаңыз, балаға үлкен реніш әкелесіз.Кез келген мадақтау немесе жазалау баланаң іс- әрекетіне сай болуы керек.
9. «Бәрін түсінуге» тырыспаңыз
Кейде балаға түсіністік емес, тек қолдау қажет.
10.Баланы түсінуге оның мінез-құлығын, тәртібін қолдауды білдірмейді.
Баланың міңез – құлқына деген қарым –қатынасыңызды сыпайы, дұрыс жеткізе біліңіз.
11.Жасөспірімнің ар-намысына және оның «жанды жеріне» аяушылық танытыңыз.Өз балаңыздың құқығын сыйлаңыз. Жасөспірімді келеңсіз жағдайға қалдырмаңыз.
12.Балаға орынсыз көп сөйлемеңіз
Біз өз балаларымыз үшін тірек болып, қолдау көрсетуіміз қажет.
13. Барлық мәселені уақытында шешіп алыңыз.
Барлығын сабырлықпен шешуге тырысыңыз.
14.Өз кемшіліктеріңді балаға жүктеме.
Өз бойыңыздағы кемшіліктерді көріп, түзетуге тырысыңыз.
15.Сәтсіздікті болжамаңыз
Тек жақсылықты болжаңыз.
16.Баланың ересек досы болуға ұмтылыңыз.
Дос ата –ана – бұл көмекші, ақылшы тірек, қорғаушы.
Интернет ресурстар:
http://kargoo.gov.kz/content/
http://kk.convdocs.org/docs/
http://kzbydocs.com/docs/108/
http://www.rusnauka.com/19_
http://www.vestnik-kafu.info/
Информация о работе Жеткіншектердің ересектермен арақатынасы